Кіріспе Қазақстанның табиғат ресурстары


Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау



жүктеу 0.79 Mb.
бет4/5
Дата08.10.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5

3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау

Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.

Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.

Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.

Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары

3 трлн. Текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау – кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).( 13 сурет

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс рудаларын ,алтын , фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді.

Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын қорғау жөніндегі шаралар кешені сондай – ақ рельеф формасының сақталуын, геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.

Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді түрде өңдеу , минералды шикізатты өндіру , өңдеу , және тасымалдау кезінде шығынды жан–жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын эксплатациялаудың басты қағидасы болуға тиіс.Бұл шығындар неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым көп пайдалы қазбалар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер қойнауында қала береді .

Тау–кен өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаға жан–жақты әсерін тигізеді .бұл рельефтің өзгеріске ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың пайда болуынан және тау жыныстарының құлауынани көрінеді.Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ , атмосфера , су бөгендері мен жерасты суларының сулық режимінің жағдаййына әсер етеді.Мұның үстіне өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен өзгереді.Пайдалы қазбалардың кен орындарынөңдеу тікелей ландшафтардың геохмиялық жағдайына , техногендік аномалиялардың пайда болуына әсерін тигізеді.

Өндіру және қайта өңдеу процесінде пайдалы қазбаларды шала алу минералдарды–шикізат ресурстарын эксплутациялаудағы басты кемшілік болып табылады.Технологиялық дамымаудың нәтижесінде түсті металлургияда өндірілген рудаларды байыту кезінде алынған шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны ал80-90% лақтырылатынымәлім болды.

Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған түрін білдіреді.Концентраттарды балқыту процесінде материалдың пайызына жуығы шлаққа айналады.

Байыту фабрикаларында өңдеу процесінде минералды шикізат көп жұмсалады.Руданың гегізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы лақтырылып тасталады да , су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.Қосалқы пайдалы компоненттердің жалпы құны көбінесе негізгі түрдің құнынан жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік қалдықтарды қайтадан эксплутациялау үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады және барлық уақытта мүмкін бола бермейді.Нәтижесінде қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстар үлкен шығынға ұшырайды.

Қалдықсыз кен қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.

Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:


  • пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;

  • бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;

  • пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;

  • қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;

  • тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т.б.

Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар.Табиғатты қорғау аясындағы тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі.

3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау
Жердегі атмосфералық ауаның қорлары тұрақты және таусылмайды.Атмосфералық ауаның ластануы деп ауа құрамының қалыпты жағдайын ауытқуын айтады.Қалыпты жағдайда ауа құрамында азоттың 78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының 0,04 пайызы және сутегі мен инертті газдардың 1,0 пайызы болады

Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне ,атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті және жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді.Әсіресе атмосфералық ауаның ластануы адамдардың денсаулық жағдайына аса күшті әсерін тигізеді.

Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне , атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті мен жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді . Атмосфералық ауаның тазалығын қорғау мәселесінде 2 маңызды аспектіні бөліп көрсетуге болады:

1 гигиеналық– адамдардың денсаулығы үшін ауаның қалыпты құрамын сақтау

2 экономикалық – өндірілген шикізат пен оның өндірістік өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану процесінде ауаға ұшып жатқан пайдалы компоненттерді жоғалтудың алдын алу.

Атмосфераны ластаушы көздер:



  • атмосфераға жанартау атқылау, шаңды борандар, жергілікті өрттер нәтижесінде келіп түсетін бөлшектермен табиғи ластану;

  • тұрмыстық , өндірістік , трансрорттық мақсаттар үшін , соның ішінде автокөлік двигательдеріндегі отынның жану өнімдерімен ластану;

  • техногенез процесінің нәтижесінде өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарымен ластану;

  • техногендік авариялардың және т.б. нәтижесінде атмосфераның радиактивті ластануы;

Жердегі атмосфераның негізгі ластаушы көзі өнеркәсіптің , әсіресе энергетикалық құрылғылар мен көлік құралдарының қызметі болып табылады.Атмосфераға келіп түсетін барлық қалдықтардың жартысынан астамы соңғы аталғандардың үлесіне тиеді.Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік қалалар ауасының құрамында әрқашан CO, SO, HS, CI сияқты зиянды және улы газдар және т.б. бар.Олар адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етеді, соның өсуіне кедергі келтіреді, өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үйлердің,олардың құрылыстарының ерте бұзылуына әкеп соғады.

Қалалар,ірі тұрғылықты бөлімдер орналасқан ландшафттарды атмосфералық ауаның ластануына байланысты тікелей күн радиациясының интенсивтілігі азаяды, ол өз кезегінде ауаның орташа тәуліктік және жылдық температурасын төмендетуге әкеліп соғуы мүмкін еді , алайда ол отынның әртүрлі түрлерін жағу және басқа да факторлар арқылы ауаны жылыту нәтижесінде қалпына келтіріледі.Қалалық және индустриялдық ландшафттарда көптеген жерлері асфальтпен жабылған топырақ қабатының табиғи сулы режимінің бұзылуы нәтижесінде ауаның абсолютті және қатысты ылғалдылығы төмендегені байқалады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қала кварталдары дұрыс орналавстырмау нәтижесінде ауаның табиғи церкуляйиясы жиі байқалады,соның кесіріәнен атмосфера одан әрі ластанады.Басқа да литеорологиялық элементтерге , атап айтсақ , бұлттылық атмосфералық жауын–шашын ,тұманға да антропогендік факторлар әсер тигізеді.

Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы «Казгидролит» РГП –ның 2000 ж бақылауларының негізінде сипатталады.Бұл кезеңдегі Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттар өте жоғары дәрежеде деп бағаланады.Формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы 3 ПДК –ден , фенолдікі 2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен азот диоксидінікі 1ПДК –ден жоғары.

Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі оксиді , хлорлы сутек , күкіртті сутек және шаң–тозаң .Бұл заттардың орташа , кейде жоғарғы концентрациялары ПДК –ден 15 есе артық болып отырады.адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.

Азот диоксиді (NO2) –азто қышқылының жарықта ыдырау процесінде пайда болады, түсі–қызыл–қоңыр , тыныс алу жолдары мен көру органдарын тітіркендіреді.

Көміртегі оксиді,ыс газы (СО) –өнеркәсіптік кәсіпорындардың көптеген түрлерінің негізінде жатқан ,автокөлік құралдарын пайдаланукезінде де пайда болатын қосылыс.

Формальдегид, метанол( СН2О) –өткір иісті , жанғыш түссіз газ, смола және пластиктер , дәрілік заттар мен бояқтар өндіру кезінде қолданылады.Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді.

Фенол,карбол қышқылы (С6Н5ОН) –хош иісті спирт формальдегидтік смолаларды , әртүрлі бояғыштар мен пестициттерді өндіру кезінде қолданылады.Теріні күйдіреді,ішкі органдарды зақымдандырады.

Хлорлы сутек(НСI) –өткір иісті түссіз газ , тұз қышқылы деген атпен мәлім. Атмосфераға хлорлы металдар , органикалық бояғыштар өндіру , терілерді қаптау мен бояу кезінде келіп түседі.

Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді және теріні күйдіреді.

Күкіртті сутек (Н2S) –жүйкеге өте күшті әсер ететін газ.Күкірт қышқылын , ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы химикаттарды өндіру кезінде пайда болады.

Шаң–тозаң –дисперстік фазаның қатты бөлшекті аэрозольдары. Шаң–тозаң әртүрлі жағдайларда пайда болады, кәсіптік ауруларда туындайды.

Аталған заттар Қазақстан қалалары мен өндірістік орталықтарының атмосферасының неғұрлым зиянды ластаушылары болып табылады, олардың Қазақстанның бірқатар қалаларындағы атмосфералық ауасындағы концентрациясы ПДК жиілігін 1─5 есе арттырады. Түсті металлургия , көмір өндіру өнеркәсібі , құрылыс материалдары мен автокөлік құралдарын өндіру өнеркәсібі атмосфералық ауаны ластауда басты роль атқарады.

Қазақстан қалаларының ауа бассейнінің ластауы әртүрлілікпен сипатталады,ол қала көлемдерімен , оның табиғи климаттық жағдайларымен өнеркәсіп концентрациясының дәрежесімен , өнеркәсіптік өндірісі көлемімен анықталады. Бұл белгілер қалалар мен ірі елді мекендердегі ауа бассейндеріндегі қосылыстардың сипаты мен көлемін сипаттайды.

Қалалар мен елді мекендердің ауа бассейнінің ластану дәрежесін атмосфераның ластану индексі бойынша есептеу қабылданған. Атмосфераның экологиялық бұзылу дәрежесін сипаттайтын атмосфераның ластану индексі заттардың қауіптілік класын , атмосфераны ластаушылардың биологиялық әрекеті мен ПДК – дан асып кету жиілігін қосу арқылы ПДН –нен асып асып кету жиілігі бойынша анықталады.Әдетте ол бақылау орындарында жиі кездесетін 5 түрлі ластаушыларға арналған(АЛИ5)

Қазақстан территориялары бойынша Өскемен қаласында ауа бассейндерінің ластану дәрежесі жоғары болып табылады.Бұдан басқа өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарының нәтижесінде Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе қалаларында және автокөліктердің атмосфераны ластау нәтижесінде Алматы қаласында ауа бассеині ластанған.ауаның неғұрлым тозаңдануы Жезқазған қаласында , Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады.Қазақстанның көптеген қалаларында формальдегидридтің , азот диоксидінің фенолдың ПДК–дан орташа асқаны байқалады.

Тұтасымен алғанда , берілген мәліметтер Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталықтары бойынша АЛИ көрсеткішінің өсіп келе жатқандығын сипаттайды.Көптеген қалалар мен өнеркәсіп орталықтары ауа бассейнінің ластануының басты себебі автокөлік құралдарының қызметімен байланысты.

Атмосфера ластануының алдын алу көптеген шаралардың өткізілуімен байланысты. Олардың ішінде барлық өндірістік кәсіпорындарын тазалау құрылғыларымен жабдықтауды, атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын тастауды жоятын немесе төмендететін жаңа экологиялық құрылғыларды жетілдіру және оларды өндірістік кәсіпорындарға енгізуді атап өтсе болады.

Қалалар мен өндірістік орталықтардағы атмосфераны таза ұстауда жасыл өсімдіктер маңызды роль атқарады.Атмосфераның ластауына қарсы тұратын өсімдіктерге ақ акация , тал , американдық клею және т. б. Жатады. Бұл ағаштарды жасыл қорғаныш зоналарын жасау кезінде ұсынған жөн.

Атмосфералық ауаны қорғаудың міндеті Қазақстандағы климат глобальды өзгеру процестерімен тығыз байланысты үлкен мәселелерді шешу болып табылады.Оларға мыналар жатады:

–парник эффектісі мәселесі

–қышқылдық жауын–шашын мәселесі

–озоносфераның бұзылу мәселесі

–космостық апаттарды ұшырумен байланысты атмосфераның бұзылу мәселесі және т.б.

Парник эффектісі.Атмосфераның күн радиациясын жіберу және оның кері сәулеленуін космос кеңістігінде ұстап тұру құрылымымен сипатталады , соның нәтижесінде жер беті жылынып,климаттың өзгеруіне әкеп соғады.Атмосфераның жерге жақын қабатының шектен тыс қызып кетуіне өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметімен және көлік құралдарының жұмысымен байланысты көміртегі қышқылы , метан және парниктік газдардың концентрациясы ықпал етеді.

Жер атмосферасының техногенді ластануы жоғарылауына байланысты климат өзгеруініңтенденциялары бекітілді.Ғылыми тұрғыдан техногенезбен байланысты жердегі климаттың жылып кету мәселесі шешілген жоқ.

Қышқылдық жауын – шашын – сутегі көрсеткіші РН–3,5 –4,5 –мен сипатталатын атмосфералық жауын–шашын, отынның әртүрлі түрлерінің жану нәтижесінде пайда болатын күкірт және азот оксидтері (SO2NO) конденсацияларының атмосфераға келіп түсу нәтижесінде пайда болады.Химиялық реакциялардың нәтижесінде атмосферада күкірт және азот қышқылдары пайда болады,олар адамдардың денсаулығына , сондай–ақ биотаға өте күшті зиянды әсер етеді.

Ауаның ластануына аймақтық мониторинг жүргізу , өндірістік кәсіпорындардың жұмысын бақылау табиғатты қорғау шараларына жатады.

Атмосферадағы азон қабатының азаюы.Жердегі адамдардың өмірін сақтауда азондық экран өте маңызды роль атқарады.Ол жер бетіне ультракүлгін сәулелерінің өтуінің алдын алады. Озонның(О2)жоғарғы концентрациясы 20–25 шақырым биіктікте болады.Мұнда азот қышқылы(NO4) мен фреондардың әсерінен озонның экранының бұзылуы байқалады.Қазақстан территориясында озон қабатының техногенез бұзылуы байқалмайды.

Ғарыштық аппараттарды нәтижесінде атмосфераның ластануы.Ракета двигателдерін сынақтан өткізу және «Протон» сияқты ғарыштық аппараттарды ұшыру жер атмосферасының жоғарғы қабатының бұзылуына әкеп соғады.Ол жер режимінің ,ауа ылғалдылығының өзгеруі сияқты ауа –райы режимінің жекелеген параметрлерінің ракетаның ұшу траекториясына жақын жерде уақытша (2-3күн) бұзылуынан көрінеді.Алайда ,Қазақстан территориясындағы «Байқоңыр» космодромынан ластануында қандай да болмасын мәнді бұзылулар байқалмайды.

Қазақстанда жергілікті деңгейдегі климат өзгеруінің жағымсыз экологиялық салдарлары өндірістік технологияны жетілдіру және өндіріс пен көлік құралдары қалдықтарының көлемін қысқарту негізінде шешілуі тиіс.



3.3. Су ресурстарын қорғау
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады.табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі су ресурстары таусылмайды.Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары жеткіліксіз.бұған қазақстан Республикасы территориясының басым бөлігі кіредіжәне сондықтан аридтік және семаридтік климат жағдайларына су ресурстарының өте тапшылығымен сипатталады.

Қазақстан біздің планетамыздағы су ресурстары жетіспейтін азғана региондардың қатарына жатады. Ол тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.

Бұл территорияда су ресурстары әркеркі орналасқан және бастаулары республика шекарасынан тыс жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады.Оңтүстік –шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған.

Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады.

Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын.ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі. Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар.

Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.

Қазақстандағы жер беті суларының көлемі жылына 89,5 текше метр шақырымды құрайды.Соңғы жылдары оның көлемі көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден 9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.1

Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.

Жерасты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8 пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің 25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының 63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60 пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52 пайызы шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.4

Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың

7, 5пайызын құрайды.5

Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның қалдықтары су ресурстарына негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін тұрмыстық және техникалық мақсаттарға паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы өзгеріске ұшырыайды., жағымсыз дәм мен иіс пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді. Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді.

Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында «Қазақмыс» АҚ-на айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су бөгендеріне лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады.

Концентрациялардың шекті көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық көрсеткіштері басты критерийлер болып табылады. Мұның үстіне ПДК көрсеткіштері әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су бөгендеріне арналған. Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын талаптары да әртүрлі.

Өзендердің, көлдердің және су қоймаларының ластану дәрежесі көбінесе судың ластану индексінің (СЛИ) көрсеткіші бойынша бағаланады. Ол судың құрамында мынадай зататрдың болуын сипаттайды: оттегі, 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық пайдалану бойынша анықталған органикалық заттар және ПДК дәрежесінен біршама артып кеткен заттар.

Ластану индексі осылайша әртүрлі су бөгендерінің су сапасының жағдайын сипаттайды..Ол су бөгендерінің ластану динамикасын анықтауға , біріңғай көрсеткіштер бойынша әртүрлі су обьектілерінің ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. СЛИ көлемі бойынша жер беті сулары сапасының критерийлері су сапасының класын сипаттайды: өте тазадан бастап өте ластанғанға дейін . Жер беті суларының сапа класын анықтау үшін СЛИ көлемі көрсеткіші басты белгі болып табылады, ол су бөгендерін ластайтын заттардың ПДК дәрежесі бойынша есептеледі.

Қазақстан өзендерінің , көлдері мен су қоймаларының жер беті суларының құрамында біршама мөлшерде токсиканттар ,яғни улы заттар бар. Олардың ішінен адамдардың денсаулығына неғұрлым қауіптілігін сипаттайық.

Хром(CR) және оның қосылыстары.Бұл металдың үш алты валентті қосылыстары неғұрлым улы , олар адамдардың тыныс алу органдарын зақымдандырады.Концентрогендік және мутогендік ықпал ететін алты валентті хром қауіптірек . Тау –кен игеру , химия өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі процесінде қоршаған ортаға құрамында хромы бар ағын сулар және хромдық қосылыстардың газ қалдықтары келіп түседі.

Темір(FE) .Темірдің хлорлы және сульфатты қосылыстарды асқорыту органдарын жалпы уландырады.Қоршаған ортаға қауіп төндіру дәрежесі бойынша үшінші орында тұр.

Мырыш(ZN ) .Мырыш қосылыстары улы емес, алайда мырыш хроматы концероген болып табылады.Элемент адамдардың жануарлар мен өсімдіктердің денсаулықтары үшін маңызды. Сулы ортаға тау –кен игеру өнеркәсібі және түсті металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары қызметі процесінде тап болады.

Сынап (Hg) Сынап қосылыстары қауіптіліктің бір класына жатады , аурулардың өте күшті түрлерін туғызады.

Фунгициттерді өндіру, теріні өңдеу және жасау кезінде пайдаланатын органикалық сынап қосылыстары неғұрлым зиянды болып табылады.

Кадмий(Cd)- 2-класты қауіпті металл.Сулы ортада мырышпен бірге тау кен игеру және түсті металлургия өнеркәсібі кәсіпорындардың жұмысы кезінде келіп түседі . Сумен қосып пайдаланған кезде , ас қорыту органдарында улану процесі жүреді.

Мышяк(As). Бұл элементтің суда еріген барлық қосылыстары өте улы.Олар тератогендік өзгерістер және басқа да аурулар тудыруы мүмкін.Қауіптіліктің екі класына жатады.

Бор(3+).Бұл элементтің көптеген қосылыстары (бор оксиді , бор қышқылы , және т.б.) улы .Сулы ортада борлы тыңайтқыштар арқылы түзеді.Қауіптіліктің екі класына жатады.

Мыс(2+) Қауіптіліктің 3 класына жатады .Мыстың барлық қосылыстары ул, ас қорыту органдарын уландырады.Сулы ортада түсті металлургия ,тау- кен игеру ,химия өнеркәсібі кәсіпорындарының қалдықтарымен бірге келіп түседі.

БПК (оттегінің биохимиялық пайдаланылуы) оттегі мөлшерімен сипатталатын ластану көрсеткіші әдетте ол 5 тәулік ішінде анықталады.Оның жоғарғы көрсеткіштері табиғи сулардың ластанғандығын білдіреді(ағын судағы БПК5-тің қалыпты көрсеткіші 0,5 -2 мг /л-ге тең )

Фенол (карбон қышқылы) –хош иісті спирт,әртүрлі бояғыштарды, пестициттерді өндіру кезінде қолданылады.Ішкі органдарпды ауруға ұшыратады..Қауіптік класы-4.

Мұнай өнімдері.Сулы ортаға мұнай өнімдерін өндіру тасымалдау және қайта өңдеу кезінде келіп түседі.Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ихтифаунаға,грунттарға зиян келтіреді.Ауыз су сапасын нашарлатады. Қауіптік класы-4.

Фториттер(F) .Ауылшаруашылығы зиянкестерімен күресте ,бояғыштарды дайындау кезінде , ауызх суды фторлау (байыту) үшін қолданылады.Фторлы натрий() шамадан тыс артып кеткен жағдайда орталық жүйке жүйесіне залал келтіреді.

Нитриттер(NO2) .Азот қышқылының улы тұздары (HNO2) .Натрий нитраты (NaNO2) және калий нитраты (KNO2) қантамыр қызметін бұзады.

Нитрат (NO3) .Азот қышқылының тұздары өндірісте кеңінен қолданылады , ауылшаруашылығы тыңайтқыштары өндірісінің өнімі болып табылады.Суда , топырақта , азық түлікте жиналады, Улануға ұшыратады. Қауіптіліктің 3 класына жатады .

Тұзды аммоний(NH 4).азот қышқылы аммоний кристалдары ауылшаруашылығында тыңайтқыштар ретінде қолданылады.Улануға ұшыратады.

Гексахлоран ( C6H6Cl6) -омыртқасыздар үшін күшті органикалық ерітінділерде жәндіктермен күресу үшін инцекцитер ретінде қолданылады. Қауіптіліктің 4 класына жатады .

Линдон(гексахлорциклогексан) ( C6H6Cl6) .Пестицид,жәндіктер мен сүтқөоректілерге арналған күшті .Сулы ортада инсекцидтерді қолдану кезінде келіп түседі, Қауіптіліктің 1 класына жатады

Қазақстан өзендерінің жер беті суларының гидрохимиялық жағдайы әралукандылықпен сипатталады. Қазақстан өзен бассейндерінің шекарасынан келесідей маңызды геоэкологиялық айырмашылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ертіс өзенінің бассейні неғұрлым ластанған су обьектісі болып табылады. Ертіс өзенінің өзі және оның салалары Бұқтырма мен Оба суының сапасы бойынша 3 класқа жатады.Кенді Алтайдың тау –кен игеретін аудандары арқылы ағатын оң жақтағы салалары (Үлбі , Глубочанка , Красноярка ) «лас»судың 5 –класына жатады және СЛИ дәрежесі мен ПДК көрсеткіштерімен бірнеше есе асып түсетіндіктерімен сипатталады.Ертіс өзені бассейнінің өзендері су ластану дәрежесінің жоғарылылығымен , су құрамында ауыр металдар тұздарының болуымен сипатталады.

Орал өзенінің бассейнінде су таза ,бұған суы хроммен , бормен , фенолмен , өте ластанған Елек өзені қосылмайды(5 –класты су «лас»)

Сырдария өзенінің бассейнінде су сапасының 3 –класы басым.Іле өзенінің бассейніндегі су да 3 –класқа жатады.

Қазақстандағы ірі өзендер ,ішінен салыстырмалы түрде ластанған өзендерге –Ертіс,Нұра, Іле, Кіші Алматы,Сырдария өзендері, таза өзендерге (2 -класс) –Орал,Тобыл,Есіл,Үлкен алматы,Талас,Шу өзендері, лас өзендерге (5 -класс) –елек өзені ластанған өзендерге (4 -класс) –Үлбі,лас және тым лас өзендерге (5 - 6 -класс) –Кенді Алтайдағы Глубочанка, Красноярка , Тынық және Брекса өзендері жатады.

Ірі көлдердің және су қоймаларындағы су сапасының анализі белгілі бір қызығушылық туғызады.Казгидрометрдің 2000 ж мәліметтері бойыншы Балхаш көліндегі су ластанған (4 -класс),Вечеслав су қоймасындағы (Есіл өзеніндегі)су таза (2 -класс),Самарқанд су қоймасындағы (Теміртау қаласындағы) су ластанған (4 -класс) деп сипатталады.

Су ресурстарын региональды пайдалану мәселесі санитарлық –гигиеналық және экономикалық маңызды болып табылады.Ол өзара тығыз байланысты мынадай шаралар қатарын өткізу арқылы шешілуі тиіс:суды тұқрмыстық және өндірістік мақсаттыр үшін үнемді пайдалану , оны өнеркәсіпте бірнеше бет (жабық және айналымдық )пайдалану.Су үнемдеудің үлкен резерктері өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерін шығару кезінде су пайдалануды қысқарту мақсатында әртүрлі өндірістердің технологияларын жетілдірумен байланысты. Ауыз судың санитарлық -гигиеналық сапасына үлкен мән берілуі тиіс.

2000 жреспублика бойынша микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз су сапасы

4

-10 пайызды құрады . Алайда кейбір аудандарда (Қостанай, Павлодар облыстары) судың сапасы бұдан да төмен болады.



тәжірибеде өндірістік және тұрмыстық суларды механикалық ,химиялы, және биологиялық тазалау қолданылады.Өкінішке орай тазалау құрылғыларын жүйесін жетілдірілмегендігіне олардың қайтадан шығып қалуына және басқа да себептерге байланысты су бөгендеріне көп мөлшерде зиянды заттар келіп түседі.

Тұрмыстық ағын сулар суландыру және фильтрация егістіктерінде тазартылады.Мұнда олар микроағзалар мен күн радиациясының ықпалына ұшырайды.Су буланғаннан кейін егістіктер жыртылып, ол жерлерге ауылшаруашылығы дақылдарға егіледі. Су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау қағидалары:



  • өзендер мен көлдердің ағын сулармен ластанудың алдын алу

  • жер беті суларын прогрессивті су қорғау технологияларына негізделген үнемді пайдалану

  • айналымдық су пайдалану және сумен қамсыздандыру технологияларын енгізу

  • тазаланбаған өндірістік және комуникалдық-тұрмыстық ағын сулардың келіп түсуін болдырмау үшін прогрессивті технологиялар мен тазалау құрылғыларын енгізу

  • ауылшаруашылығында суды пайдалану нормаларын қысқарту

  • жерасты суларын үнемді пайдалану

  • термалды,минералды сулар мен батпақтарды өндірістік және радиациялық мақсаттарға кеңінен пайдалану.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет