Кіріспе І –Тарау. М. Тынышбаевтың өскен ортасы және қоғамдық көзқарасының қалыптасуы



жүктеу 1.01 Mb.
бет4/4
Дата26.08.2018
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4

Қорытынды

Ұзақ жылдар бойы ұлттық қозғалыстар тарихы "беттері" және оны бастаушы ірі тұлғалар кеңестік тарихнамада бұрмаланып келді немесе назардан тыс қалдырылды. Орыстандыру бағытын ұстанған тоталитарлық жүйе, өзінің қол астындағы отар халықтардың тәуелсіздікке ұмтылу жолындағы күресін көрсететін, сөйтіп олардың санасында ұлттық патриотизмді оятатын саяси және тарихи еңбектерді қажет ете қоймағаны белгілі. Сондықтан да тарихтың мұндай кезеңдері халық санасынан қасақана өшірілді. Ұлттық қозғалыстар және тұлға туралы тарихи шындықты әйгілейтін деректерді жойып жіберу немесе оларды архивтің құпия қорларында жасырын ұстау әдетке айналды. Сөйтіп, коммунистік қияли соқыр сенімге есссіз берілген, біртұтас совет халқын "жасап шығару" идеологиясына қызмет ететін, біржақты тарих ғылымы қалыптасты.

Халқымыздың "айға қол созған" - азаттық қозғалысының ең биік шыңы - Алаш тарихы ақиқаты жөне оның жалпыұлттық қасіреті жоғарыдағы пікірдің негізсіз еместігіне нақты дәлел бола алады.

Аласапыран дауылды оқиғаларға толы XX ғасырдың басында тарих сахнасына шығып, өмірдің өзі ұсынған озық, көкейтесті идеялармен қаруланып, саналы түрде қасиетті де, ұлы мұрат-туған елдің тәуелсіздігі үшін күресуді өздерінің азаматтық парызы санаған ұлтымыздың ұлтжанды перзенттері - бұл қозғалыстың негізгі ұйтқысы болған еді.

Біздің зерттеуіміздің арнайы объектісі - осы қозғалыстың көрнекті жетекшілерінің бірі - Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі Алаш қозғалысы төңірегіндегі қою бұлтты мүлдем сейілтіп, тарихымыздың осынау кұрделі кезеңі туралы ащы шындықты толығырақ білуге жол ашады.

Болашақ патриот қайраткердің оңы мен солын танып есейе бастаған шағы, Ресей империясының қазақ елі тәрізді бағынышты отарларына жүргізіп отырған шовинистік саясатының күшейген кезіне тұстас келді. Жергілікті халыққа қарсы жаулық көзқарастағы мемлекеттік басқару жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, оқу-ағарту саласының отаршыл билік мақсатына сәйкес шешілуі, мәселен, миссионерлер, тілмәштар дайындау, жер мәселесі, Полиция Департаментінің Ерекше Бөлімінің өте құпия, әккі қызметінің нәтижесінде "бұратана" халықтардың ой-санасын түмшалап, надандықта ұстауға қол жеткізуі және т.б. факторлармен сипатталынатын зорлықшыл, озбыр саясаттың жемісі саналы жастың көз алдында өтіп жатты. Бұл қазақ халқының, кезінде М.Тынышбаевтың ашына жазғанындай, күнделікті күйкі тіршіліктен басқаны ойлай алмайтын, адам кейпіндегі тағы тобырға айналудың алдындағы сәті болатын.

Ол студенттік кезінде де түрлі тарихи жағдайлардың куәсі болды. Бұл жылдар (1900-1906 жж.) монархиялық биікке қарсы саяси, әле-уметтік-экономикалық талаптағы наразылықтардың, халық толқула рының жандануымен ерекшеленеді. Осы көріністердің барлығы М.Тынышбаевқа өз дәрежесінде әсер етіп, оны толғандырған қалың ойдың жауабы табылуына, біртіндеп қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптаса бастауына жол ашқан еді. Өзі де осыған байланысты "жоғарғы кластың гимназисі және студенттік кезімде-ақ қырғыз (қазақ) халқының мұң-мұқтажын түсіндім, біртіндеп орыс үкіметі әкімшіліктері мен қырғыздардың ара қатынасының байыбына барып, қырғыздардың бұрынғы, бүгінгі тұрмыстары қандай екенін, олардың өмір сүру салтының бұрынғыдан өзгергенін салыстыра алдым"- деп жазған болатын.

Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлеріне тән - Мұхамеджан Тынышбаевтың да туған еліне қызмет етудегі нақты іс-әрекеті, бірінші орыс революциясы жылдарында басталды. Ол баспасөз беттерінде отарлық билікті аяусыз сынайтын уытты мақалалар жазып, ел ішінде үкіметке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. Сонымен бірге, М.Тынышбаев патша билігіне оппозициядағы орыстың түрлі партияларына (конституциялық - демократиялық және социалист-революционерлер партиялары), түрікшілдік және мұсылмандық қозғалыстарға да қатысып, мемлекеттік Думаға мүше болып, ұлттық қозғалыстың дамуындағы маңызды кезең - "Қазақ" газетін шығару ісіне ат салысып, қоғамдық-саяси қызметінің алғашқы белесінен өтті.

Оның шын мәнінде, халықтың қамын ойлаған қайраткер ретінде жарқырай көрінген кезі - 1916-1917 жылдар еншісіне жатады. Ол 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын (Жетісу облысындағы қазақ-қырғызға жасалған қанды қырғын, халықтың босқындыққа ұшырап, бұрынғы жұпыны күйлерінен де айрылуы және т.б.) күні бұрын-ақ болжап, көтерілісті болдырмауға тырысты. М.Тынышбаев күші басым империялық билікке қарсы шығудың, қарусыз халыққа тек қайғы-қасірет әкелетінін алдын-ала түсініп, елді сабырға шақырған "Қазақ" газеті төңірегіндегі зиялылармен бір пікірде болды. Кейін осы көтерілістің зардабын жою ісі де М.Тынышбаевтың үлесіне тиді.

Оның бұл кезеңдегі жанқиярлық қызметі Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитеті құрамына мүше болған шағымен тығыз байланысты. Әлсіз билік болса да, алғашқы кезде демократиялық бастауларымен (езілген халықтарға тендік, амнистия, ар-ұждан, баспасөз бостандығы, дін тұту еркіндігі, халық сайлаған өкілдер қатысқан Құрылтай Жиналысы арқылы жаңарған Ресейді басқару және т.б.) халық сеніміне ие болған жаңа үкіметтегі тым шектеулі, шағын билігін пайдалана отырып М.Тынышбаев босқын қырғыз-қазақты Қытайдан ата мекендеріне оралтуға үлкен еңбек сіңірді. Шиеленіскен ұлтаралық дағдарысты салиқалы шешіп, Жетісу өңіріне әскери жағдай енгізу арқылы, келімсектердің қарусыз қазақ-қырғыздарды қырып тастауын болдырмай тәртіп орнатуға тырысты. Жетісу оқиғасына көңіл бөлмеген орталық билік алдында аш-жалаңаш елге қаржылай көмек беру туралы мәселе көтерген де осы М.Тынышбаев. Бөлінген аз ғана жәрдем қаражаттың босқын елдің мұқтажына ретімен жұмсалуы да тікелей оның басшылығымен жүзеге асқан аді. Сонымен бірге, М.Тынышбаев 1916 жылғы көтерілістің ең басты себебі - жер мәселесі болып табылатындығын, оны туындатқан отарлық биліктің әділетсіз саясаты екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп және босқындыққа ұшыраған халық туралы кейінгі тарихқа өте құнды деректер жазып қалдырды. Мүның өзі қайраткер-ғалымның кеңестік тарихнаманың бүркемелеуіне қарамастан, осы көтеріліс тарихын шынайы жазған тұңғыш қазақ зерттеушісі болғанын көрсетеді.

Осының бәрі - М.Тынышбаевтың 1916-1917 жылдардағы қызметі бүгінде қайта жазылуға тиісті егемен тарихымызда іргелі де, берік орын алуға лайықты деген ойға жетелейді.

М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметінің келесі бір өте маңызды кезеңі - Алашорда үкіметі тарихынан табылады. 1917 жыл-дың аяғына таман Ресей мемлекетінің құлауы Алаш қозғалысы жетекшілерін қазақ жерінде ұлттық автономия құру туралы шешім қабылдауға алып келді. Бірақ басталып кеткен азамат соғысы бұл шешімнің орындалуына қолайлы жағдай туғыза қойған жоқ. Алаш орда Ақпан төңкерісі әкелген жалпы демократиялық жеңістерді қайтарып алуды көздеді. Сөйтіп, демократиялық федерация мен Құрылтай Жиналысын қолдаушылармен бірге, ел ішіне бүлік салған большвиктерге қарсы күреске шықты. Олардың кеңестік билікпен жүргізген келіссөзі сәтті болмағаны белгілі. Қалыптасқан әскери-саяси жағдайды ескере отырып, сол кезеңдегі қазақ қоғамының даму барысы жеке дара әрекет етуге әзір еместігін дұрыс таразылаған құрамында М.Тынышбаев бар Алашорда үкіметі, антибольшевиктік күштердің қолдауы арқылы, ең алдымен халықтың амандығын, бүтіндігін сақтауға тырысты. 1918-1920 жылдарды қамтитын осынау шиеленіске толы кезеңде, қазақ автономистері екі жаққа бірдей соғыс алаңы болған туған жерді қантөгісден құтқаруға, қазақ елі дербестігін қамтамасыз етуге бар мүмкіндікті пайдаланып бақты. Алашорданың басшы жетекшілерінің бірі болған М.Тынышбаев, осы мақсатты ту етіп, бірін-бірі күшпен алмастырған, әртүрлі орыс үкіметтерімен жүргізілген келіссөздерге белсене қатысты. Оның осы бағыттағы қажырлы еңбегі, әсіресе "Николайдың заманы мен тәртібін" қайтаруға тырысқан Колчак билігі кезінде, аш-жалаңаш, әбден күйзелген туған халқының мүддесін қорғап, мүңын жоқтап, көмек сұраған әрекетінен аса айқын көрінді. Бірақ күн тәртібіне алғашқы кезекке ұлттық мәселе емес, таптық мүдделер қойылған мезгіл - Алашорда көздеген арманды аяқасты етті. Ұлттық қозғалыстар атаулыға жауыға қарайтын саны көп Ресей үкіметтері, автономия күшін тек өз мақсаттарына пайдалануды көздеді. Азамат соғысының өн бойында бой көтерген орыстық шовинизм, "бұратана" халықтарға деген сенімсіздік, күдік Алашорда үкіметінің қыр соңынан қалмады, және ақыры оған, күннен-күнге күш алып келе жатқан кеңестік билікке берілуден басқа жол да қалдырмады. Әсіреқызыл тапшылдық идеяның жетегіндегі Кеңес үкіметі, негізі сонау бірінші орыс революциясы жылдарында қаланған, нақты көрінісі Алашорда атты үкіметтің өмірге келуі болған, тұңғыш қазақ автономиясын тарих сахнасынан күштеп кетіріп тынды.

Айта кеткен жөн, Ресей империясының қол астына қарағаннан бергі Түркістан халықтарының өзінің тарихында, алғашқы демократиялық мемлекеттікке ұмтылған, бастауында М.Тынышбаев тұрған Түркістан автономиясы да осындай қаныпезер большевиктік саясаттың құрбаны болған еді.

Идеалдары туған халқын өркениетті елдер қатарына қосу болған, сол үшін өмірлерін құрбандыққа шалған М.Тынышбаев және оның серіктері кеңестік биліктің қайшылықты қуғын-сүргін саясаты жылдарында, қазақ халқының тұрмыс жағдайын, экономикасын, мәдениетін көтеруге зор үлес қосты. Мұхамеджан Тынышбаевқа жеке тоқталар болсақ, ол өзін осы тұста тарихшы-ғалым ретінде көрсетті. Қазақ халқы тарихының қилы кезендерін ғылыми тұрғыдан негіздейтін, дерек көздері бай, туған ұлты тарихының күрделі түстарын айқындайтын іргелі еңбектер жазды. Олардың ішінде өлкетанушылық сипатта және экспедициялар зерттеулері негізінде жазылған Қазақстанның ежелгі дәуірлеріне қатыстылары да баршылық.

Ғылыми еңбектері арасында оның қазақ халқының рулық және тайпалық құрамын, тарихи бастауларын зерттеуге берік негіздер жасайтын туындыларының орны ерекше. Сондай-ақ ғалымның, халқымыздың жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресіне арналған "Ақтабан шұбырынды" деп аталатын көлемді еңбегінің үлкен маңызын айтпай кетуге болмайды. Бұл еңбектер бүгінгі күні егеменді еліміздің өткенін зерттеу ісіне үлкен қызмет көрсетіп, қайта жазылып жатқан тарихымыздың игілігіне жарауда.

Біздің ойымызша, Мұхамеджан Тынышбаевтың осынау еңбектеріне, тарихшылардың жаңа ұрпағы әлі талай рет, үлкен разылық сезіммен назар аударады және оларды жаңа тың зерттеулер кәдесіне жаратады. М.Тынышбаевты тарихшы-ғалым ретінде жеке қарастырып, оның тарихи көзқарасына лайықты баға беретін зерттеулердің де өмірге келері күмәнсіз,

Сондай-ақ біздің зерттеу жұмысымыз М.Тынышбаевтың негізгі қырын оның техникалық маман ретінде еліміз тарихындағы ролін едәуір аша алды деген ойдамыз. Ол өзінің кәсіби қызметінде ірі техникалық туындыларын (Жетісу жол құрылысын, Қызылорда, Алматы қалаларын, Түркістан-Сібір темір жолын және т.б. салуды) қысқа тарихи мерзімде, бас-аяғы 10 жылға жетпейтін уақыт ішінде жүзеге асырды. Инженер - құрылысшы, жолшы, ірі техникалық маман М.Тынышбаевты тарихшылар ғана емес, құрылысшылар, сәулетшілер, теміржолшылар алда тереңірек, жан-жақты және осы мамандықтар биігінен зерттей түсулері қажет.

Өкінішке орай, саяси көзқарасты алғашқы орынға қойған Кеңес билігі М.Тынышбаевтың техникалық мұраларына менсінбей қарады, осылайша қазақтың алғашқы аса талантты инженерінің қажырлы қызметі қасақана назардан тыс қалдырылды. М.Тынышбаевтың қолтаңбасы қалған құрылыстардың қазіргі егемен Қазақстанның игілігіне жарап отырғанын ескерер болсақ, әділдікке жүгініп, тарихи шындыққа орын беруіміз керек.

Кеңес үкіметі Алашорда қайраткерлерінің өткенін ешқашан ұмыта да, кешіре де алмады. Тоталитарлық жүйенің 20 жылдардың ішіндегі жеңілістерінің бәрі М.Тынышбаев тәрізді "тап жауларының", "қазақ еңбекшілерінің қас дұшпандарының", тонын теріс айналдырған зиянкестердің - Алаш қозғалысына қатысушы "буржуазиялық ұлтшылдардың" кінәсінен деп түсіндірілді. Мұндай біржақты идеологиялық көзқарас ұлттық апатқа - саяси репрессияның қанды шеңгелінің Алаш қайраткерлерін түгелдей үрім-бұтақтарымен, туған-туысқандарымен қоса құртып жіберуге, және қуғын-сүргінге ұшыратуға алып келді. Сөйтіп, 80 -жылдардың соңына дейін Алаш деген атаудан шошына үріккен, тыжырынған ұрпақ қалыптасты

Мұхамеджан Тынышбаевқа және оның серіктеріне жабылған саяси жаланың арсыздығын бүгінгі тарих дәлелдеп берді, енді оларды қалай ардақтаймыз және қастерлейміз десекте жол ашық. Күллі қызметі тек туған халқының игілігіне жұмсалған М.Тыныш-баевтың өмірі мен сан-салалы еңбегі туралы, яғни Алаш қозғалысының тағы бір ірі тұлғасы туралы зерттеуіміздің қорытындысын аяқтай келе, қайраткерлердің осынау жанқиярлық ерлік күресі, қазақ деп аталатын халықтың жер бетінде дербес тіршілік етуге, ғасырлар ағымында қалыптасқан атамекен жерінде өмір сүруге толық қүқысы бар ұлт екенін, бүгінгі жас ұрпақ санасына орнықтыра алады деп берік, нық сеніммен айтар едік. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі жүргізіп отырған саясатын, М.Тынышбаев тәрізді қайраткерлік қызметі ұрпаққа өнегелі бабаларымыздың, ерлік ісінің занды жалғасы деуге де толық негіз бар.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы.//Егемен Қазақстан. 1996. - 30-желтоқсан.

2.1998 жылды Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбасвтың жарлығы. //Егемен Қазақстан. - 1997. - 11-желтоқсан.

3. Қазақ ССР тарихы. - Алматы: Қазақстан Мемлекеттік баспасы,1957. - Т. 1. - 340 б.

4. Егемен Қазақстан 200ж 15 қаңтар.

5.Қазақ тарихы 2000ж №1 49-53б

6. Коммунистическая мысыль кн.№2 с 41

7. Турекулов Н. Кокандская автономия. / Сборник к 3-ей годов-щине Октябрьской революции в. Туркестане. - Ташкент, - 1920. - 150 б./62-63/.

8. Брайнин С, Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды. - Алма-Ата: Казкрайиздат, 1935. - 148б. Алаш-Орда. Сборник документов./Составитель Мартыненко Н. Алма-Ата: Айқап, 1992. - 192 б; Рыскулов Т. Из прошлого казахской национальной интеллигенции. О контрреволюционной Алаш-Орде и ее осколках./Избранные труды. - Алма-Ата: Казахстан, 1984. - 259 б. /148-153, 206-213/; Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. / Шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 1988. -Т. 4. - 448 б

9. Асфендияров С.Д. История Казахстана /с древнейших времен/, 2-ое изд. /под ред. проф. А.С.Такенова. - Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. - 304 6. /11/.

10. Қазақ ССР тарихы 2-ші басылым. А, 1949ж 510б. История Узбекской ССР. - Ташкент: Фан, 1957. - 260 б.

11. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмағанбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. - Алматы: Институт развития Казахстана, 1996. - 396 б; Ахмедов Ғ. Алаш "Алаш" болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. - Алматы: Жалын, 1996.-224 б.;. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? - Алматы: Ана тілі, 1993.-203б.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- Алматы: Қазақ университеті,1992.-272б

12. Дүзбаев Ж. Аққа қара жұқпайды //Октябрь туы.- 1989.- 11-тамыз; Осадчий Ф. Қазақтың тұңғыш темір жол инженері//Өркен.-1989.- 4-10-сәуір; Байғалиев Б. Тозаң тұтпас тұлға //Дала дидары.-1991.- 4-10-сәуір; Қойгелдиев М. Панасызға араша түскендер//Қазақ әдебиеті.- 1992.- 22-мамыр; Сонікі. Алашты бүғаудан қашан босатамыз?//Арай.- 1990.- N8-9, -Б. 6-8; Мектептегі А., Тақарұлы Б. Мұхамеджан Тынышбаев. Отарбадай ағып өткен ғұмыр// Ана тілі.-1992.-9-сәуір; Тәкенов Ә.С. Тынышбаевтың екінші ұлы табылды/ Белгілі қазақ қайраткері, инженер әрі тарихшы М.Тынышбаевтың ұлы Дәулет Тынышбаев туралы// Түркістан.- 1996.- 28-ақпан; Қойгелдиев М., Құлмақанова Л. Мұхамеджан Тынышбаев және қырғыз трагедиясы.//Ақиқат.- 1996.- N5. -б.85-90.

13. Тынышбаев М. Ұлы мәртебелі мырзаға//Қазақ әдебиеті.- 1990.-26-қазан; Сонікі. Қазақ руларының шежіресі//Ана тілі.- 1990.-26-шілде; Сонікі. 17-18-ғасырлардағы қазақтар// Қазақстан коммунисі.- 1990.-№11; Тынышбаев М. Қазақ даласындағы көшпелі халықтың мұқтаждарына орай//Дала дидары.- 1992.- 3-9-шілде;

14. М.Тынышбаевты еске алу кеші //Қазақ әдебиеті.-1997-21-мамыр; М.Тынышбаевты еске алу. //Егемен Қазақстан.- 1997.-28 мамыр; М.Тынышбаевты еске алу. //Жас Алаш.- 1997.- 22 мамыр; Қойгелдиев М. Өткінші шаралардан сақтанайық//Қазақ тарихы.- 1998.- №3.-б.28-31.

15. Тынышбаев М. История казахского народа.- Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993.- 224 б.

16. Такенов А.С., Байгалиев Б. Инженер и историк (о М.Тыныпшаеве) //История казахского народа.- Б.3-14.

17.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, 1995.- б.264-292.

18.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы: Ататек, 1995.- 256 б.

19.Бөкейханов Ә. Шығармалар. Құрастырып, кіріспесін және өмірбаяндық ғылыми мақаласын жазған М.Қойгелдиев.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 384 б. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұ-лов. Қоғамдық-саяси және мемлекетгік қызметі. Түркістан кезеңі. Алматы: Қазақстан, 1994.-448 б Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.- 478 б. Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы жөне оның өмірі мен шығармашылығы.- Алматы: Санат, 1996.- 176 б. Құл-Мұхаммед. Алаш ардагері. Жақып Ақбаев. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 224 б..

20.Жұртбаев Т. Талқы. - Алматы: Қазақстан, 1997.- 368 б.

21. Панфилов А. Тынышпаев Мухамеджан // Политические деятели России. Биографический словарь-М.:Большая Российская энциклопедия, 1993.-432 б.

22.Шоқай М. Түркістанның қилы тарихы А:,Жалын,1992.-184б.

23.Шоқай М., Моқай М. Естеліктер. Атажұрт,1997.-217б.

24.Заки Валиди Тоган. Воспоминания. Кн.1.1997.400б.

25.Құл-Мұхаммед. Алаш ардагері. Жақып Ақбаев. Б-119

26.Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана. А:, Наука, 1969.-191б.

27.Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. –А:, Ғылым, 1990 -270б.

28.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. А:,Атамұра,1998. Т.2. -640б.

29.Дахшлейгер Г.Ф. Турксиб-первенец социалистической индустриализации. А:, АН КазССР, 1953.-131б. Ахмеджанова З.К Железнодорожное строительство в Средней Азии и Казахстана (конце ХІХ-нач. ХХвв) - Ташкент: Фан,1984.-127б.

30.Тақаров Б. Мектептегі А. - М.Тынышбаев. Отарбадай ағып өткен ғұмыр.// Ана тілі-1992.-9 сәуір.

31.Сонда


32. Бутина- Тынышбаева Д. Әкем туралы естеліктер б.2

33. Тынышбаев М. История казахского народа б.-34-35.

34.Шонанұлы Т. Жер тағдыры- ел тағдыры А:, Санат, 1995- 224б.

35.ӨРОМА И-І-қ. 10-т.99-іс,3-п.

36. Сонда

37.Әлмұханова Халел Досмұхамедов басқарған «Талап» қауымы //Ақиқат -1998.№3 б62-64.

38. Тынышбаев М. История казахского народа б.-29.

39.Дахшлейгер Г.Ф. Турксиб-первенец социалистической индустриализации –б.-7

40.Сонда б.-8

41. Тақаров Б. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы

// Түрксиб тынысы-1994. -15 желтоқсан.

42. Сонда.

43. Тақаров Б., Мектептегі А. М.Тынышбаев. Отарбадай ағып өткен ғұмыр.// Ана тілі-1992.-9 сәуір

44. Осадчий Ф. Болашақты болжай білген... Қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы - инженер М.Тынышбаев өмірінен// Түрксиб тынысы. 1994.-3 маусым

45. Қазақстан тарихы. (Очерк). -Алматы: Дәуір, 1993.-416 б.

46. Зевелев А.И. Историография Советского Туркестана /историография и источники гражданской войны в Туркестане/. - Ташкент; Узбекистан, 1968. - 276 6

47. Қойгелдиев М. Алашорда //Егемен Қазақстан.- 1992.-18-қаңтар.

48.Нұрпейісов К. Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хақында //Қазақ тарихы. - 1994.- №1.- б.7-15.

49.Қаратаев Т. "Алаш" және "Алашорда". -Алматы: КазГУ, 1990.-41 б

50. Заки Валиди Тоган. Воспоминания. Б.22.

51.Сафаров Г.И. Колониальная революция /Опыт Туркестана/. -Алматы: Жалын, 1996. - 200 б.

52. Қазақтар және Азаттық қозғалысы //Жұлдыз.- 1992.

53. Годы работы Каз Пед ВУЗ в Ташкенте. Ташкент 1928. 34б.

54. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-б.45

55.Тақаров Б. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы// Түрксиб тынысы. - 1994.-15-желтоқсан

56. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Б.-26.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет