Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Кенияның астанасы Найробиде газ тасымалдайтын көлік жарылып, киім-кешек пен тоқыма бұйымдарын сататын Oriental Godown қоймасы мен бірнеше тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тауып, зардап шеккендер саны 271-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: apnews.com

Қаза тапқандар саны әлі де өседі деп болжанып отыр. Ведомствоның түсіндіруінше, жарылыс 1 ақпанда жергілікті уақытпен 23:30 шамасында (Мәскеу уақытымен бірдей) болған. Қойма, үйлер мен жүк көлігінен басқа бірнеше көлік, кәсіпорындар мен дүкендерге зақым келді.

Фото: apnews.com

Жарылыс кезінде жүк көлігінен газ баллоны ұшып, көліктен 200 метр қашықтықтағы төрт қабатты тұрғын үйдің шатырын тесіп өткен. Өртенген қоймада бірнеше жүк көлігінің қаңқасынан басқа ештеңе қалмаған. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.