Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері



жүктеу 0.79 Mb.
бет3/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5

2.2 Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері

Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы реформалар жасай бастады. «Жер реформасы туралы» және «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары «Кәсіпорындар туралы», «Жол туралы», 2003 жылы «Жер кодексі» заңы, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттар қабылданды. Мндай ресми құжаттар агро өндірістік, экономикалық және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады.

Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған заң құжаттарын іс-жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты.

Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары мен шағын, маманданбаған, шаруа(фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі түрлерінің бірі күйінде қалып келеді.

Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған. Мысалы, Батыс Еуропада ауыл шаруашылық кооперативтері төмендегі түрдегі қызметтермен шұғылданады:

-сүт өнімдерін өңдеу;

-ауыл шаруашылық товар өндірушілер үшін, материалды-техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, ішкі нарықта өнімді сату және экспортқа шығару;

-астықты жию және өңдеу;

-ет және ет өнімдерін өңдеу;

Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі және сыртқы нарықта ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырып қадағалайды.



  • Жеміс-жидек, жүзім өндіру және оларды өңдеу.

Ауыл шаруашылық коорперациясының өзіне тән ерекшеліктері төмендегі бағыттармен жүзеге асады:

  • өндірістік кооперативтерге мүше болу еркін және кооператив мүшелерінің экономикалық мүддесіне негізделінуі керек.

  • Шаруашылық кооперативтерін басқару жүйесі тұрғыдағы демократиялық келісушілікке қарай өзін-өзі басқару туындайды.

  • Коорперация мүшелері қажетті деңгейде табыспен қамтамасыз етіледі.

Тауар өндірушілердің кооперация негізінде бірлесуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұрмыс жағдайының тез арада жоғары деңгейге көтерілуіне, қолайлы жағдай туындайды. Мұндай бағыттар мен шаралар Дания елдері кооператив қозғалысындағы тәжірибеден көруге болады.

Алғашқы ауыл шаруашылық кооперативтері Данияда ХІХ ғасырдың соңында басталса, содан бері олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Оларда, кооперативтер арқылы өндіріс, жоғарғы деңгейде, тұрақты дамуы қалыптасты.

Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан басқа, өндіріске құрал-жабдық, саймандарды үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа қызметтерді атқарып келеді.

Ауыл шаруашылық кооперациясы Израил агроөнеркәсіп кешенінде де маңызды орында. Бұл елдің табиғи ресурстары, әсіресе су мен егін егетін жері тапшылықта болғанымен, олар агроөнеркәсіп өндірісін интенсивті жүйеде жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын, жоғары табысты салаға айналдырды. 80 пайыз ауыл шаруашылық өндірісі, бұл жерде, екі кооперативтік құрылым: Киббуца және Машаваларда жүргізілуде.

Біріншісі, жеке жанұяға қатысты шаруашылықтардың өндірістік, тұтынушылық, әлеуметтік, қоғамдық қызметтерін бірге ұйымдастыру мақсатында, толық коммуна түріндегі, кооперативтік бірлесу болса, екіншісі, бір топ жеке шаруашылық(фермер) қожалықтары өнімдерін сату және өндірістік құрал-жабдық, саймандарды сатып алу мақсатында, кооперация негізінде бірлескен. Израил агроөнеркәсіп өндірісінде, әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұлардың тәжірибесін үйрену Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер етеді.

Қазақстанның меншіктіктің көп түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын кооперация негізінде дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта қалыптасуына алып келеді.

Біздің пайымдауымызша өндірістік кооперативтер басқа да құқықтық ұйымдастыру түрлерімен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде немесе шаруа (фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде құрылуы, яғни көлбеу кооперациялық бірлесуі арқылы дамуы керек.

Қазақстанның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне тән кооперативтік шаруашылықтар арасында тік байланысты кооперация құрылымдарын (ауыл шаруашылық және тұтыну кооперативтерін) дамытуға болады.

Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін: астық, мақта, сүт, ет және тағы басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде, толық кешенді технология жүйелерін пайдалану бағытын өз уақытында ұйымдастыру керек. Олар кооперациялық бірігу негізінде, арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника, технологияларды өз уақытында сатып алып, өндіріске білікті ауыл шаруашылық мамандарды қатыстыру арқылы, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке жауап берерлік сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.

Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың қуатын толық және тиімді пайдалана алмауда. Себебі, шағын ұйымдардағы, техникаларды пайдаланатын жер және өндіріс көлемі өте төменгі дәрежеде және шағын аймақтарға орналасқан.

Бұның барлығы, өндірісте қол еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің өзіндік құны деңгейінің жоғары болып, сапасыз өнім өндірілуіне әкеп соқтырады. Олардың өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін, қаладағы тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін, үлкен шығын және қиыншылыққа айналуда, себебі алып-сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан өнім сататын, сенімді, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындармен жүргізгісі келеді.

Жоғарыда да айтылғандарды қорыта келгенде:



  • агроөнеркәсіп өндірісінде кооперациялау процесін дамыту, кең көлемде арнайы техника, технологияларды бірлесе пайдаланып, нарықтың сұраныс талабына сай, бәсекелік үстемділігі жоғары өнім өндіруге мүмкіншілік тудырады;

  • Тік байланысты өндірістік кооператив құрылымдары өндіріс айналасына тез түседі ауыл шаруашылық өнімдерін өз уақытында өңдеп, соңғы тұтынушыға қажетті дайын өнімдерді сатып, өнімдерді арнайы қондырғылар орнатылған көліктердің тасымалдауға, яғни, өнімнің төгіліп-шашылмауына, бұзылмауына қол жеткізеді;

  • Ауыл экономикасын дамыту бағдарламасына сай, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп өндірістеріне берілетін несие, кепілдікке қоятын өндірістік құрал-жабдықтары мен жері бар, сенімді, ірі кооперативтік кәсіпорындарға бірінші кезекте берілуі қарастырылады;

  • Ауыл шаруашылық кооператив құрылымдары, нарық жағдайында, тауар өндірушілерді, монополистерден және сенімсіз делдал сатып алушылардың кері іс - әрекетінен қорғайды;

  • Агро өнеркәсіп кооперативтік шаруашылықтар, айналасындағы өндірістік құрал-жабдықтарды, техника мен технологиялар қуатын толық өз уақытында пайдалануына, білікті ауыл мамандарының қызмет атқаруына мүмкіндік туғызады.

Келешекте Қазақстанның аграрлық саясатында ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамыту, стратегиялық басымды бағытқа айналуы қажет. Агро өнеркәсіп өндірісінің кооперация негізінде дамуы шаруашылықтарда өндіріс тиімділігін артыруға жаңа мүмкіншіліктер ашады және жалпы агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының барлығында да еліміздің ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері оның назарынан тыс қалған емес.

Бұл саланың дамуына ел Президентінің баса назар аударатыны түсінікті де. Елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске, қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі, әрине, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешені болды.

Президент жолдауында үстіміздегі жылы (2005 жыл) ауыл шаруашылығы өндірісінг дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінетіні атап көрсетілген және бұл редордтың сан делінген. Осыған байланысты Президентіміздің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен әкімдіктер ауыл шаруашылығын және тұтастай агроөнеркәсіп кешенінің алдағы уақытта одан әрі дамуын айқындайтын еліміздің аграрлық азық-түлік саясатын әзірлеуі қажет.

Президент жолдауында «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет делінген. Бұл өте орынды және дер кезінде үкімет алдына қойылған міндет.

Біздің пікірімізше Қазақстан Республикасының Парламенті аталған заңнан басқа тағы екі заң қабылдаса тіпті жол болар еді. Оның біріншісі «Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік өндірісті кооперациялау және интеграциялау (бірлестіру) туралы», екіншісі «Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтары, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары және агро фирмалар туралы» болса. Сонда Жер Кодексін басшылыққа ала отырып Республикада әртүрлі шаруашылық нысандарын өндіріс тиімділігін арттыруға себебі тиетіндей етіп ұйымдастыруға жеңілдік тауар еді.

Президент жолдауында бүкіл дүние жүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі айтылған. Бұл да толғағы жеткен мәселенің бірі екендігі даусыз. Осыған байланысты елімізде өнеркәсіптің ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін саласын шапшаң дамытудың маңызы ерекше және ол кезек күттірмейтін мәселе. Сапасы жоғары, бағасы төмен дайын өнім шығармай бәсекеге түсе алмайтынымыз белгілі. Қазақстанда астық, мақта, жүн, т.б. сияқты шикізаттар баршылық. Мәселе осы шикізаттардан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының басын ауыл шаруашылығымен біріктіре отырып сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті өнім шығара білуде бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін, олардың кәсіпорындарында жаңа техника мен озат технологияны енгізу үшін инвестиция табу қажеттігі туындайды. Бұл іске шетелдік компаниялар мен кәсіпорындарын тарту міндеті тұр.

Ауыл шаруашылығы құрылымын қайта құру мен аграрлық реформаның негізгі бағытының бірі – фермерлікті дамыту. Қазіргі кезде шаруа (фермер) қожалықтары ауылдағы негізгі азық-түлікпен қамтушы ғана емес, сондай-ақ, негізгі жұмыс орны, отбасы табысының қайнар көзі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласында шағын аграрлық бизнес шаруа қожалықтарының дамуымен сипатталады. Алматы облысында шаруа қожалықтары 90 жылддардан бастап белсенді дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша Алматы облысында шаруа қожалықтарының саны 1990 жылы 38 ғана болса, 2004 жыл басында 39374 болып отыр. Қазіргі кезде облыстағы шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5 мың гектарды (бөлінген жердің 86,5-і ) егістік жер

– 569,9 мың гектарды (23,4) алды. Фермерлердің үлесімі ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17 пайызы және егістіктің 53 пайызы тиесілі болды.

Облыс жұртшылығының 70 пайыздан астамы ауылдық жерлерде қоныстанған. Демек, облыстық әлеуметтік – экономикалық жағдайының дамуы ауыл шаруашылығы саласының тұрақтануы мен жандануына тікелей байланысты. Аграрлық сектордың дамуында мемлекеттік қолдаулармен қатар шаруашылықтардың арасындағы өзара интеграциялық байланыстардың қалыптасуымен дамуы елеулі роль атқарады. Экономикалық механизмдердің нарық қызметіндегі негізгі элементтері мен тетіктерінің жетілмеуі және тауарды тарату жүйесіндегі ірі интеграциялайтын субъектілердің дамымауының салдарынан салынған қор қайтарымы мен тауар қозғалысы бәсеңдейді және өндірісті кеңейтуді айтпағанның өзінде, жай ұдайы өндірісті тоқтатады. Қашанда біріккен өндіріс жүйесі, бытыраңқы ұсақ түріне қарағанда басым түсетіні белгілі. Яғни, өндірісті кооперативтік шоғырландыру жағдайы бұл орайда тиімдірек. «Кооперация» терминінің өзі латынның «cooperatio» сөзінен шыққан, «ынтымақтасу», «бірлесіп жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Кооперация теориясының негізін салушылардың бірі, экономист – ғалым А.В.Чаяновтың кооперация дегеніміз - шаруаның еңбегін жеңілдету және оның өмірін жақсарту деген-ді. Ол кооперацияның көмегімен шаруалардың жағдайын түзеу және жаңа ғылыми жетістіктерді шаруа игілігіне айналдыруды ұйымдастыру мәселесін басты нысан ретінде қарастырған. Бұл мәселе бүгін де маңызды болып отыр. Ауылды өркендетуде кооперативтік негіздерді қолдану осыған жауап бере алады.

Әлемдік тәжірибеде аграрлық өндірісті кооперация процесі арқылы дамыту кең өріс алуда.

Ауыл шаруашылығы кооперативінің кең тарауының мәні жеке жер меншігіне негізделген ұсақ фермерлік шаруашылықтармен әртүрлі қызмет түрлері жүйесінде ірі өндірісті коодинациялаудың тиімді формасы болып табылады.

Кооперацияның фермерлерді тарту себебі, еркін әріптестік жағдайында олар өздерінің толық шаруашылық дербестігін, басқарушылық шешім қабылдау үшін жауапкершілігін сақтайды. Кооперативтер фермерлердің қызығушылығын қорғау функциясын атқарады және агроөндіріс кешеніндегі экономикалық мықты әріптестермен нарықтық байланыс жүйесінде бәсекелестік қабілет деңгейін арттырады.

ЕО елдерінде фермерлік кооперативтер дайын азық-түлік өнімдерінің бүкіл көлемінің 60 пайызына дейін қамтамасыз етеді әрі фермер шаруашылықтарын өндіріс құралдарымен жабдықтайды, олар өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асырады. АҚШ-та кооперативтер елде өндірілген барлық тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерінің 30 пайызын рынокке шығарады және ауыл шаруашылығына өндіріс ұралдарының 25-ына дейін жеткізілім жасайды.

Алматы облысында ауыл шаруашылығы жер көлемі жағынан аз шаруа қожалықтарының саны басым, яғни ұсақ шаруашылықтардың өнім беру көлемі де шамалы болатыны белгілі. Кезінде ірі шаруашылықтар тартылғанда біреу үлкен, бәз біреулері алақандай ғана жерге ие болды. Ауылда – жермен, малмен шұғылданып өскенімен жеке шаруашылықтың иесі болып, оны дөңгелетіп кету оңай емес. Фермер – экономист, есепші, агроном, зоотехник сияқты бірқатар мамандардан хабардар болу керек. Әйтпесе шет елдердегідей фермерлер арнайы кеңес беретін немесе қызмет көрсететін кооперативтерге бірігуі қажет.

Осындай Шаруашылықаралық кооперативтерге шаруа (фермер) қожалық иелерінің көзқарастарын білу мақсатында, Алматы облысының жекелеген аудандарындағы )Балқаш, Қарасай, Райымбек, Іле, Кербұлақ т.б.) 40 шаруа (фермер) қожалықтарына 2005 жылдың сәуір-мамыр айларында кооперацияны дамыту туралы көзқарастарына сауалнама жүргізілген болатын.

Сауалнама жүргізілген шаруа қожалықтары иелерімен сұхбаттасқанда олар: «іріленіп, бірінің жоғын бірі толтырып, іс қылғанға не жетсін. Бір жағынан қорқыныш та жоқ емес, ол бірігуде – совхоздарды бөлген кездегідей момын шаруа тағы да ескісінен де айрылып қалмай ма? Жерін игере алмай жалға бергендердің алшақтаған алпауыттан ақысын ала алмай, басын соғып қалғанын көзіміз көрді. Осы орайда істің жөнін сұрап, мәселенің мәнін түсіндіретін бір орын – фермерлердің орталығы немесе ауылда бір маманы болса деп ойлайсың. Ауыл әкімі ондаған жүздеген фермерлермен бас қатырып отыра ма? Оған кейбіреулерінің уақыты, ұлқы жоқ. Кейбірі істің мән-жайын өздері де білмейді» - дейді шаруа адам.

Кооперацияға сұралған фермерлердің 81,8 пайызы оң көзқарас білдіреді, ал 18,3 пайызы бұл процеске қатысқысы келмейтіндер болып шығады. Шаруашылықаралық кооперативтерді құруға келісетіндершамалы және орташа жер үлестері бар фермерлер болып отыр. Яғни, фермерлерде жер учаскелерін ірілендіру қажеттілігі мен арнайы білімдерінің (бұл топтағылардың 87,7 орта және арнайы білім алғандар) жоқтығы фермерлік шаруашылықтар кооперациясын ұруға итермелейді. Фермер аралық кооперативтерге бірігуге келіспейтіндерге келетін болсақ, мүлде жас фермерлердің үлесі басым, жер үлесі үлкендеу шаруашылықтар, жалпы айтқанда тек өз күштеріне сенетіндер.

Әртүрлі шаруашылықаралық кооперацияның маңыздылығын шаруа (фермер) қожалықтарының иелерінің бағалауы бойынша жасалған талдауда фермерлер аса көңіл бөлген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша шаруашылық кооперациясы (70 сұралғандардың 5 балдық баға берген), ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша Шаруашылықаралық кооперация (64), техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша шаруашылықаралық кооперация (49), техниканы бірігіп пайдалану бойынша шаруашылықаралық кооперациясы (44) болды.

Әрине, өз жеке шаруашылығына өзі ие болғысы келетін шаруашылықтарға кооперативтерге бірігу сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бірақ жеке шаруаның үздіксіз өндіріс (өндіру, өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау) жүйесін жасауға шамасы келе бермейді. Сондықтан да шаруалар кооперацияға біріккені тиімді. Бұл ерікті бірлестік және ол біреудің күштеуімен ұйымдастырылмайды. Тек оның тиімді жақтарын дәлелдеп шаруа қожалықтарына түсіндіру қажет. А.В.Чаянов былай деп тұжырымдайды: «коорператив – ең алдымен одаққа кіргеннен кейін жойылып кетпейді, бұрынғысынша сақ шаруашылық ретінде қала береді. Олар тек өздерінің кейбір жұмыс бөлігін (өнімді өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау), бірлесіп атқаратын одақтық ұйымға бірігеді». Яғни, өнімді өндіру бір бағытта, бір жобамен, бір жерден ұйымдастырылады.

Ауыл шаруашылығы экономика мәселелері туралы әдебиеттерді талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады, атап айтар болсақ, кооперацияға соңғы кезде көп көңіл бөлінуінің себебі, бұл әріптестік өзара қарым-қатынастағы шаруашылықтандырудың ең әділетті жүйесі болып табылады. Шаруашылықтандырудың акционерлік принципінде лидердің реформасында мүліктің ең төмен бағалауының есебінен қомақты капиталды жекешелендіріп алуға мүмкіндігі бар. Бұл тенденция, әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші өндірістерінде және қызмет көрсету салаларында кездеседі. Соның нәтижесінде ауылдық тауар өндірушілер бұл объектілерді жоғалтып алды. Яғни, кооперация принциптері бойынша кооперативте ешкім ешқашан кооператив мүшелерінің есебінен байи алмайды.

Агроөнеркәсіп кешені салаларының арасындағы өзара координациялық байланысының ажырауының салдары еңбек нәтижесін бөлуде әділетсіздікке әкеп соқтырды, яғни ауылдық тауар өндірушілер өнім өндіру циклында 213 шығын жұмсап, тұтыну бағасы бойынша 113-і ғана пайда табады. Ал кооперацияда жұмсаған еңбегіне сәйкес экономикалық нәтижені бөлуді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кооперациясы – ұсақ тауар өндірісінің бөлінбейтін серігі болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы құқықтық дербестігін сақтай отырып, өздерінің материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын кооперациялағанда ғана жүзеге асады. Шаруашылықтандырудың кооперативтік жүйесі тұрақты жүйе. Мысалы, Германияда соңғы төрт жылда 20 мың әртүрлі коммерциялық құрылымдар банкроттыққа ұшыраған, бірақ олардың ішінде бірде бір кооперативтер болмаған. Ауыл шаруашылығы, агросервис, өңдеу және өткізу салаларының арасындағы өндірістік байланыстың бұзылуы салдарынан барлық агрөнеркәсіп кешенінің салаларына зор нұқсан келтірілді. Бұдан келіп баға диспаритеті, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне монополизм, кәсіпорындардың шығынмен жұмыс жасауы және тағы басқа негативті жағдайлар етек ала бастады.

Сондықтан да ауылдағы экономикалық проблемаларды шешуде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, агросервистік кәсіпорындардың, өңдеуші өнеркәсіптердің және сауда ұйымдарының күштерін біріктірудің маңызы зор. Әрине, «дала-дүкен» циклына бірден біріктірудің жағдайы келмес, бірақ бұл кешенде еңбектің соңғы нәтижесі – тұтыну бағасын қалыптастыратын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу қызметтері көрініс табады. Ғалым – экономистердің көзқарастарымен бөлісе отырып, көп укладты экономика жағдайында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін, оның нақты формаларын жасап, енгізу керек:



  • Ауыл шаруашылық несие коорперативтері туралы, ауылдық сақтандыру туралы, жеке қосалқы шаруашылық азаматтары туралы заңдар;

  • Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері және ауыл шаруашылық тұтыну кооперативтерінің үлгілік жарғысы;

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі аймақтық деңгейдегі кооперациялық және интеграциялық құрылымдардың дамуына қолдау жасау туралы заң;

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету, шикізаттарды аймақтық азық-түлік қорына сатып алу, осы сатып алғандарды кооперативтік және интеграциялық құрылымдар бойынша дер кезінде тарату және жеткізу мақсатында экономикалық және тағы басқа жеңілдіктерді ұсыну.

Еліміздегі кооперацияны дамытуда кооперациялық қайта құру жолымен өткен елдер тәжірибесіндегі жағымды және жағымсыз жақтарын ескеру керек. Осыны негізге ала отырып кооперативтік қозғалыстың жалпы шарттарын құруға болады:



  • Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік потенциалын және ауылдағы ірі өндіріс технологиясын сақтау;

  • Шаруаның рынокка шығуы бойынша шешімдік шаралар қолдану;

  • Әрбір кооператив мүшесінің жеке меншік (жер, мүлік және капитал меншігі) қызығушылығын таратуын қамтамасыз етуі;

  • Шаруашылықтандыру мен меншік формасынан тәуелсіз барлық кооператив мүшелері үшін экономикалық және тең құқықтық бәсекелестік жағдайы құрылуы керек;

  • Кооперативтерге кірген шаруаларға одан еркін шығуына кепілдік беруі қажет.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, ауыл шаруашылық кооперативтерінің облыстық және аудандық байланысында, кооперативтік жүйенің жоғары басқару органдарын құруға асықпаған дұрыс. Олардың құрылуы жоғарыдан емес, төменнен біріншілік кооперативтерден басталуы керек, сонда ғана оларда өмірлік қажеттілік пайда болады.

Кооперация – бұл қазіргі кездегі ауылдағы аграрлық реформаның маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар кооперациялық жүйе нарықтық экономика жағдайына толық сәйкес келеді.



Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын жер пайдаланушылар пайдаланатын жерлерді бөлу
Кесте 4 (миллион гектар)




1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1999

2001

2003

2004

2005

Жалпы жер көлемі

Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі

Одан:

Егістік:


Шабындықтар және жайыламдар

218,7

195,5
35,3

159,7

202,2

180,0
34,6

145,0

203,4

181,3
34,6

146,2

201,4

179,2
33,4

144,6

195,2

173,9
31,7

139,5


181,1

161,6
28,7

129,2

149,4

137,6
25,9

107,1

130,4

120,1
22,8

92,4

107,0

98,3
19,7

73,5

93,4

86,4
19,4

63,3

91,2

84,6
20,5

61,1

86,5

80,4
21,4

56,5



Ауыл шаруашылығы салалары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндіру көлемінің индекстері

Кесте 5 (Барлық санаттағы шаруашылықтар)






1992

1993

1994

1995

1997

1999

2000

2002

2004

2005

Өткен жылға пайызбен

Өсімдік шаруашылығы

Соның ішінде:

Дән(тазаланғаннаң кейінгі салмақпен)

Шитті мақта

Қантқызылшасы(фабри-калық)

Картоп

Көкөністер



Жемістер мен жидектер

Мал шаруашылығы

Соның ішінде:

Ет(сойыс салмағымен)

Сүт

Жұмыртқа



151

248


87
172

120


103

171


117
82

95

87


90

73



79
73

89

82



51

99,5
104

106

92



78

76

104


51

89

97



118

86
92

95

80



75

58

107


86

84

99,8



97

76
82

87

70



102

118


82
92

96

99,8



120

81
87

79

69



106

110


108
38

89

113



88

166


223

154
131

134

119


167

92

81



115
93

100


120

207

129

138


145
104

129


115

85

103

100,4


86
132

104


104

108




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет