Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі



жүктеу 1.08 Mb.
бет1/5
Дата08.05.2018
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітіліп, міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту».

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан басталады. Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Онда: «Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады... әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор.



Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі.
Әрбір пәнді басқа пәнмен байланыстыра отырып өткізудің үлкен мәні бар. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет.

Бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейлерге кӛтерілуіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқу- танымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.

Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше. Мектеп курсындағы математиканың бастауыш сыныптарды пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көзқарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді. Бұл зерттеудің көкейкестілі.

Оқушыларды математикадан терең және тиянақты білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін талабы. Ондай талаптардың бірі - оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы – пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру.

Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде жетілдіру/дамыту мәселесі педагогикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Бастауыш сынып оқу пәндерін байланыстыру негізінде оқушылардың оқуға деген белсенділігін оятып, білім сапасын арттыруға қатысты ғылыми зерттеулерді және әдебиеттер мен бастауыш сыныпта оқыту үдерісінің нақты тәжірибесін талдау барысында:

- қазіргі қоғам, жетілдірілген білім беру сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының жоғары деңгейін меңгеру қажеттілігі мен оны бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық негізделуінің жеткіліксіздігі;

- бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде арттырудың қажеттілігі мен оны бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру әдістемесінің болмауы;

- оқытудың қазіргі жағдайы мен бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пәндерді интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасында қарама – қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: «Математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру» деп таңдауға себеп болды.

Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындaйды.

Зерттеудің мақсаты: математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыруда пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы мектептегі бастауыш сыныптарының математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде оқушщылардың белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалса, «Математика» пәнін оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталса, пәнаралық байланыс негізінде құрылған тапсырмалар жүйелі жүргізілсе, онда бұл оқушылардың оқу үрдісіне белсенді араласуына, қызығушылығының артуына жағдай жасайды, танымдық белсенділікті жоғары дәрежеге жеткізеді деп ойлаймыз.

Дипломдық зерттеудің мақсаты мен болжамы төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік берді:



  • Пәнаралық байланысты математиканың бастауыш курсының теориясын-

да және практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын талдау; бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

  • Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі

бағыттарын көрсету;

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабақтарында пәнаралық

байланысты пайдалану негізінде оқушылардың белсенділігін дамытуды жүзеге асыру жолдарының аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға көмектесу.

  • Жалпы білім беру жүйелерінде бастауыш сыныптардағы математика

сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сыныптың математика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыратын пәнаралық байланысты қалыптастыру.

Зерттеу пәні: бастауышта математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесін қолдану үрдісі.

Жетекші идея: математиканы оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс негізінде жасалған әдістемеге сай жүйелі жүргізілсе, ол оқушы белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздемесі. Қазіргі психология, педагогика ғылымдарында пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оқушылардың таным үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды мәселенің психологиялық негізін В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, А.М.Лурье, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Эльконин, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, педагогикалық жақтарын Н.А.Данилов, Л.В.Занков, П.И.Пидкасистый, Ж.Б.Қоянбаев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдиярова және т.б. ғалымдар зерттеді.

Белсенділіктің теориялық негіздері жетекші философ, психолог, педагогтардың (К.А.Абулханова-Славская, М.И.Лисина, А.М.Матюшкин, Я.А.Пономарев, С.В.Герасимов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина) еңбектерінде берілген. К.А.Абулханова-Славская мен М.И.Лисина таным белсенділігі мен таным іс-әрекеті ұғымдарының арақатынасына талдау жасады.А.М.Матюшкин таным белсенділігі, оның құрылымын анықтады. Я.А.Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. С.В.Герасимов іс-әрекетпен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т.И.Шамова мен Г.И.Щукина таным белсенділігі таным әрекетінде пайда болатынына назар аударды.

Танымал педагогтар Я.А.Коменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде пәнаралық байланыс бағдарламасын педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.



Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері мыналар болып табылады:

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талқылау және оның толық жетілуінің негізгі бағыттарын анықтау. Тақырыпқа орай жаңашыл педагогтардың тәжірбиелерін жинақтау, сұрыптау, талдау.


Қазақ тілі, ана тілі, бейнелеу өнері, еңбек, айналамен таныстыру және дене шынықтыру сабақтарының элементтерін пайдаланған математика сабақтарындағы байқаулардың нәтижелерін жинақтап қорыту.

Зерттеу көздері. Философтардың, педагог-психологтардың, педагогтардың пәнаралық байланыс, белсенділік, танымдық іс-әрекетті дамыту жөніндегі еңбектері, «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, Білім беруді дамыту тұжырымдамалары, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, жеке іс-тәжірибелері.

Зерттеу негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері анықталды. Психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жан-жақты, жүйелі талданды. Нәтижеде зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, нысаны, болжамы, әдіснамасы, пәні анықталды.

Екінші кезеңде математикадан оқу жоспарлары, бағдарламалары, әдістемелік оқу құралдары мен көмекші материалдар талданып, мектептегі тәжірибелік жұмыстың мазмұны негізделді. Іздестіру тәжірибелері өткізілді.

Үшінші кезеңде математика сабақтарында пәнаралық байланыстың негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытудағы тиімділігін анықтау мақсатында қалыптастырушы тәжірибелер жүргізілді. Алынған нәтижелер сарапталып, қорытынды ұсыныстар берілді.

Диплом жұмысының практикалық құндылығы.

- пәнаралық байланыстарды пайдалану негізінде оқушы белсенділігін

дамыту мүмкіндігінің теориялық негізделуі;



  • ұсынылған әдістемені кез келген типтегі мектептің математика сабағында

пайдалану мүмкіндігінің болуы;

- жасалған тұжырымдармен, алынған нәтижелерді жаңа әдістемелік көмекші құралдармен нұсқаулар жазған кезде пайдалануға болатындығы.



Диплом жұмыс: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. «Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырудың теориялық негіздері»

1.1 “Пәнаралық байланыс және оның оқушы белсенділігін дамытудағы рөлі”

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:

- білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;

- оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау;

- оқыту процесін жеке тұлғаның мүдесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыру.

Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттырудың теориялық негіздерін айқындау «белсенділік» «танымдық белсенділік», ұғымдарын нақтылаумен тікелей байланысты. Бұл ұғымдардың мәні мен сипатын логикалық тұрғыдан талдауда ғылыми әдебиеттерде, сөздіктерде берілген анықтамаларға назар аударылды.

Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикада қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.

ХVІ ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я.А.Коменский (1592 - 1670), Л.Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж.Ж. Руссо (1712 – 1778), И.Г. Песталоцци (1746 – 1827) педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.

Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы: Я. А. Коменский «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керекң деп жазды.

Сондай-ақ, ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И. Герцен (1812 – 1870), Л. Н. Толстой (1828 – 1870), К. Г. Ушинский (1814 – 1820), Н. Г. Чернышевский (1828 – 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде «Балалар әлемі”, «Ана тілі», «Педагогикалық антропология», «Адам тәрбиенің жемісі» т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді.

Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың жеті түрін айқындайды; қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті жағынан еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс, өркендеу немесе ұғыну байланысы.

К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.

Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақтылы өмір жөнінде айқын, толық және біртұтас ұғымдар беріп қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың, көзқарастық үлкен ролін атап көрсетті.

Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан (1835 - 1865), Абай (1845 - 1904), Ыбырай (1841 - 1889) сол дәуірде қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін дәріптеген.

Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған халқымыздың адал перзенті Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясың және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылықң - деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай негіздеді. Оқулықтарда балалардың ойлауын сөз қорын, өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары айнала қоршаған тіршілік-тұрмыс көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттері тағы басқа материалдар алынған.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала.

Педагогикалық сөздікте – «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланыс» - деп аталған.

Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл – Фараби (870 – 968), Ибн Синаның (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың (1021) т.б. мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.

Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889 - 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М. Дулатов (1885 - 1935), М. Жұмабаев (1893 - 1938), Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) т.б. бұл мәселені қарастырған. Мысалы: М. Жұмабаев өзінің «Педагогикаң оқулығында психология, физиология, әдебиет, тарих, тәнтану ғылымдарының өзара байланысы негізінде, адамның тұлғалық дамуында тәрбие мәселелерін жан-жақты айқындаған.

Пәнаралық байланысты тапсырмалар оқушы белсенділігін дамытудың негізгі тәсілі деп ойлаймыз. Өйткенi, пәнаралық байланыстар шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және үдерістері арасындағы талдауға, біріктіруге ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін көп функционалды педагогикалық категория.

И.Д.Зверев пен В.Н.Максимова пәнаралық байланыс мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, пәнаралық байланыстың әдіснамалық негізін айқындап, «пәнаралық байланыс - әдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл-ой қызметінің ерекше түрі»-деп түсіндіреді.

Пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздері М.А.Данилов, Ю.А.Самарин, И.П. Павлов, И.М. Сеченов, Л.С.Выготский, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин, П.Г.Кулагин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Дипломдық жұмыста бұлардың еңбектеріне талдаулар жасалды.

Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін дамыту өзекті мәселе ретінде қарастырылып отыр. Олай болса, пәнаралық байланыс негізінде дамытуға негіз болған белсенділік ұғымының мәнін ашып көрелік.

Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше.

Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын.

Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті.

Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Педагогикалық тұрғыдан белсенділік ұғымына берілген бірнеше анықтамалар бар. Танымдық белсенділік - білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғалық қасиет (Т.Ш.Шамова), танымдық белсенділік – дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты және адамның сапасы (И.Я. Лернер), танымдық белсенділік -мектеп оқушыларының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысы (Н.А.Половникова)

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Белсенділік – философиялық, психологиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. Белсенділік күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді ізденімпаздықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс-әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады» - деген анықтама берілген. Олай болса, белсенділік адамның белгілі бір іске ықыласпен кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы болып табылады. Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйтқысы болып саналады. Бұл туа берілетін қажеттіліктер (жоғары жүйке қызметінің өзіндік ерекшеліктері және т.б.) мен қоғамдық өмірдің, оның ішінде, мәдени ортаның ықпалынан болатын қажеттіліктерге байланысты. Қажеттілік адам бойында қоғамның, қоршаған ортаның ықпалынан пайда болады. Ынта іс-әрекет кезінде қалыптасады. Оның ойынға, оқуға, еңбекке байланысты түрлері болады. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты. Зерттеу мәселеміз тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділікті арттыру үшін оқуға байланысты ынтаны қалыптастыру қажет деп санаймыз.

Таным белсенділігі мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап өту керек. Бұл мәселені зерттеуге маңызды үлес қосқан ғалымдар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).

Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).

С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда көрсетіледі:

1. Не үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды.

2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек.

3. Не арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін қолданатын бұрынғы тәжірибесі.

Қазіргі кезде республика көлемінде танымдық белсенділік жеке мәселе ретінде әрқырынан қарастырған ғалымдар: Б.Абыканова, Қ.А.Аймағамбетова, Х.Аренова, Қ.Б.Ахатаева, Т.М.Әбдікәрім, А.Е.Әбілқасымова, Ә.С.Әмірова, Ж.Т.Дәулетбекова, Ж.Ы.Сардарова, С.Р.Рахметова және т.б. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.

Адам баласы қоғамның дамуына әртүрлі сатысында білім беру мазмұны талқыланып келді. Білім мазмұны теориясы педагогика тарихында бірнеше бағытта қарастырылған. Мәселен: философиядағы рационалистер білімдердің көзі мен көрсеткіштері объективті шындық және қоғамдық тәрбие емес, оның көзі ақыл ғана деген. Сөйтіп олар білімді өмірден, ойлауды сезім қабылдауынан бөледі. Бұл формальдық білімді жақтаушылардың айтуынша жалпы білім берудегі негізгі міндет – оқушының білім танымдық қабілеттерін ғана дамытуға бағытталған ғылымдарды үйрету немесе оқу деген ақылдың «гимназиясың - жаттықтырылуы тұрғысынан түсіндіріледі.

Формальдық білім теориясын жақтаушылар осылай рационализм бағытында бола отыра, оқу жұмысының мазмұнына ең алдымен, сол білушілік қабілеттіктерді (латын, грек) ерте дүние әдебиетін, тарих, математиканы енгізген, осылар классикалық білімнің негізін құрайтынын дәлелдейді.

Классикалық білім қайта өркендеу дәуірінде ерте дүние мәдениетінде әуестенушілік күшею кезінде қалыптасқан. Бұл білім орта ғасыр мектебінің тар деңгейіндегі діни-схолостикалық оқу мен күрестің өрістеу дәуірінде дамыған. Сондықтан сол бастапқы кезде бұл оқудың сөзсіз прогресшіл мәні болды. Ал енді кейіннен бұл классикалық оқу бірбеткей формальдық-грамматикалық бағытта болды. Соның салдарынан шамадан тыс тілдерді оқу басқа оқу пәндерге зиянын тигізе бастады, әсіресе табиғат жөнінен білім кеми түсті.

Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында классикалық білім Ресейдегі орыс редакциясының білім берудегі демократияшыл бағыттарымен күресу құралына айналды. Ресейдегі классикалық білімнің мақсаты самодержавияның жастарды реалды шындықтан алшақтату, оларды прогресшіл материалистік көзқарастардың ықпалынан болды.

Білім берудегі классицизм осы кездің өзінде Батыс Европаның кейбір елдерінде Латын Америкасында, Испания, Партугалия т.б. елдердің мектептерінде сақталған. К. Д. Ушинский «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше, жалпы түрде ғана оқыуды дамыту деген ретсіз, болмайтын іс, себебі адамның ойлауы деректерді жиыстырып, соларды өңдеу арқылы ғана дамиды» - деген.

Жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі. Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық мәндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп,, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.

Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.

Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.

Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.

Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);

Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);

Спорттық икемділік пен дағды;

Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.

Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.

А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік» ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайдың. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.

Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:


  • пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;

  • өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;

  • байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;

  • пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.

Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.

Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабақтарында өте көптеп кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары.

«Математика ғылымы – барлық ғылымдардың патшасы» деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.

Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні (силуэті) сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш, ромб, дөңгелек, элипс, т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.

Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол заттарды, көріністерді көру және сезіну – дүниетанушылық және эстетикалық міндет.

Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте жоғары болып табылады. сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта жүргізу шартты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы және олардың міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі.

Ендеше бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды, әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет