Кітап- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!



жүктеу 16.05 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі16.05 Kb.

Менің сүйікті авторым.

Кітап- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, және де кітап туралы нақыл сөздер.

Кіріспе:

Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты ұстаздар, оқушылар бүгін біздер мектепішілік 5-9 сыныптар арасындағы өткізілгелі отырған «Менің сүйікті авторым» атты танымдық сайысқа жиналып отырмыз. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Ата-бабаларымыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. Қанатты сөздерді қалдырған. (оқушыларды нақыл сөздермен таныстыру)

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденумен, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді, әрі бірнеше тілдерді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Кітап- сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жандүниелеріңді оятады, ақылшыларың болады. Осынау кітапханадан гөрі ғаламтормен және ұялы телефонмен көп уақытын өткізетін оқушылармыздың ішінен біздің мектепішілік кітапханамызға келіп, әдеби кітаптар алып оқып жүрген оқырман оқушыларымыз да бар. Ендеше сол оқушыларымыздың сүйікті жазушыларының оқыған кітаптары туралы айтуға кезек береміз.

1. Көшен Ақсындар 9 сынып оқушысы оқыған кітабы «Аққудың айрылуы»

2. Кендебай Асел 8 сынып Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа».

3. Жылқышы Перизат Джеймс Гринвуд «Өгей бала» 6 «А» сынып

4. Ізтұрған Динара 5 сынып Марк Твен «Том Соиердің басынан кешкендері» атты шетел шығармасы. Серікбол Қондыбаев «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары.

5. Мұрат Әсемгүл 5 сынып А. Құнанбаев « Қалың елім қазағым» «Ескілік киімі», «Қыздарға»

6. Жылқышы Перизат 6 сынып В. Обручев. «Жұмбақ жер» шетел шығармалары.

7. Бесінбай Шұғыла 6 сынып Д. Дефо. «Робинзон Крузо» шетел шығармалары.

8. Әбәбүкір Ләззат 5 сынып Д. Лондон. «Тектік сарын» Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын»


Қорытынды: «Білімдінің жүзі жарық, білімсіздің жүзі шарық» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Кітапты үзбей оқып, өзімізге сенімді дос ретінде қабылдайық. Кітап өмірімізге бағыт сілтеп тұратын шамшырағымыз деп білейік. Кітаптың Ұлы қасиетін бағалап, құрметтеп жүрейік.

Белсене қатысқан оқушыларымызға марапаттау ұсынылды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет