Кµкµністерде нитраттардыњ жинаќталуын экологиялыќ баѓалау



жүктеу 105.96 Kb.
Дата19.10.2017
өлшемі105.96 Kb.

КӨКӨНІСТЕРДЕ НИТРАТТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
Нурмуханова Г.Е., Тургенова О.М., Исламова К.И.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Көкөністер мен жеміс-жидектер адам ағзасын дәрумендер, микроэлементтер, пектиндер, органикалық қышқылдар сияқты қажетті заттармен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Алайда осы көкөністер мен жеміс – жидектер арқылы адам ағзасының қалыпты өмір сүруіне зиянын тигізетін нитраттар мөлшері де көп түседі. Табиғаттағы азот айналымының бір тармағы болып табылатын нитраттар дені сау адам ағзасында тез сіңіріліп, тез сыртқа шығарылады. Адам ағзасына рұқсат етілген тәуліктік мөлшері 1 кг адам массасына - 5 мг нитрат. Бірақ, нитраттардың адам ағзасына ұзақ әрі көп мөлшерде түсуі денсаулықта үлкен ақаулықтар туғызуы мүмкін [1].

Өсімдіктерде нитраттардың шоғырлануы топырақ құрамында көп мөлшерде азоттың болуына байланысты. Азотты тыңайтқыштардың көп мөлшерде қолданылуы өнімнің сандық көрсеткіштерін жоғарылатқанымен, оның қоректік, технологиялық және гигиеналық құндылықтарын төмендетеді. Өнімнің жиналуы мен сақталуына да көп зияндығын тигізеді. Сонымен қатар, топырақты азотпен құнарландыру жерасты суларының ластануына әкеп соғады. Бұл қазіргі кезде бүкіл әлемдегі ушыққан мәселелердің бірі. Өсімдіктер көп мөлшерде азотты пайдаланған жағдайда бірден жағымсыз әсерлерді байқауға болады. Бұл өсімдіктердің генетикалық ерекшеліктері мен азотты қалыпты физиологиялық тұрғыда пайдалана алмауына байланысты. Сол себепті жүйелі түрде топырақтағы азот мөлшерін қадағалап, әртүрлі технологиялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінде оны қалыпты күйде сақтау қажет. Ол өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуының негізгі критерийлерінің бірі болып отыр. Өсімдіктер өндірісінде ең біріншіден қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерін, қолдану уақыты мен пайдалану тәсілдерін оптимизациялау керек. Нитраттар өсімдіктердің тамырларында, тамыржемістерінде, сабақтарында, жапырақтарының үлкен сағақтары мен жүйкелерінде көп кездесіп, жемістерінде біраз аз кездеседі. Әртүрлі ауылшаруашылық өсімдіктерінің ішінде нитраттар көбінесе салатта (әсіресе көшеткілікте), шалқан, аскөк, қызылша, қырыққабат, сәбіз, шалғамда көп шоғырланады. Әсіресе, қызылша мен сәбізде нитраттар тамыржемісінің жоғарғы бөлігінде, ал сәбізде өзегінде көп болады. Қырыққабатта түбінде және сыртқы жапырақтарында көп кездеседі. Өсімдік түрлерінің көбінде нитраттар қабығында шоғырланатыны анықталған .

Көкөністер алуан түрлі болғандықтан, олар нитраттарды әр түрлі деңгейде жинақтайды: біреулері оларды ұлпаларында жақсы концентрациялай алса, екіншілерінің ондай қабілеті жоқ. Сонымен қатар, нитраттардың өсімдікте шоғырлануы олардың жеке-дара биологиялық ерекшеліктері мен қатар өсірілетін топырағының құнарлық деңгейі, ауа және топырағының температурасы, ылғалдылығы, жарықтану интенсивтілігі мен ұзақтығы және өсірілу технологиясы сияқты факторлар да әсер етеді. Нитраттарды көп қабылдаушыларға патисондар мен асқабақтарды да жатқызуға болады. Аталған өсімдіктердегі азот қосылыстары 1200 мг/кг-нан 5000 мг/кг-ға дейін жетеді. Азотты қосылыстардың орташа мөлшері ақ қауданды және түсті қырыққабатта, қиярда, сәбізде (100 – 1500 мг/кг) анықталған [2,3].

Нитраттар – азот қышқылының (HNO3) тұздары мен эфирлері, кез келген өсімдіктердің өсуіне қажетті табиғи компонент. Сілтілік металдар мен нитраттары II топ негізгі топшасы металдары – кальций және басқалары –көбіне селитралар деп аталады

Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың әсерінен жеңіл нитриттерге (NO2) әрекеттесіп, нитрозааминдер түзеді. Нитрозааминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әректтесіп, екі валентті темірді үш валентті темірге айналдырады. Өмірге деген қауіп қандағы метгемоглобиннің мөлшері 20 пайыз және одан асса туындайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, бауыр функциясы бұзылады, күш қуаты мен ақыл-ой белсенділігі төмендейді Көкөністер мен жемістер арқылы адам ағзасына 70-80 пайыз нитраттар түседі. Жалпы жеке-дара олар адам ағзасына еш қауіпсіз, себебі бұл қосылыстардың көп бөлігі зәр арқылы сыртқа шығарылып отырады (65-90пайыз күніне). Бірақ, пайдаланылатын жемістер мен көкеністерде нитраттар мөлшері көп болса, олардың біраз бөлігі (5-7пайыз) ас-қорыту жүйесінде аминдер және амидтермен өзара әсерлесуге түсіп, адам ағзасына қауіпті нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына) айналып кетуі мүмкін. Қанға түскен нитриттер II валентті темірді III валенттіге дейін тотықтырады. Соның нәтижесінде оттегіні ұлпалар мен мүшелерге тасымалдай алмай, тұншықтыруға әкелетін метгемоглобин түзіледі. Өмірге деген қауіп қандағы метгемоглобиннің мөлшері 20 пайыз және одан асса туындайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, бауыр функциясы бұзылады, күш қуаты мен ақыл-ой белсенділігі төмендейді. Мүшелердің жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тыныс алуы бұзылады (ұлпалық гипоксия) соның нәтижесінде сүт қышқылы, холестерин түзіліп, ақуыз мөлшері күрт төмендейді. Нитраттарға деген сезімталдықты барлық оттегі жетіспеушілігін тудыратын факторлар: биік таулылық, ауада азот тотығының, угар газының, көміртегінің болуы, спирттік өнімдерді пайдалану қарқындатады [4,5].

Жоғары нитратты өнімдермен улану кезінде ас қорыту жүйесі, жүрек қан тамыр және орталық жүйке жүйесі, ал нитратты суды пайдаланғанда жүрек қан тамыр, тыныс алу және орталық жүйке жүйелері зақымданады.

Улану белгілері нитраттар ағзаға түскеннен кейін 1-6 сағат аралығында байқалады. Өткір улану құсу, лоқсу, іш өтумен басталады. Кейіннен күрделене түсіп, бауыр пальпациясына әсер етеді. Қан қысымы төмендеп, пульсі ақырын, әрі тұрақсыз соғып, қол-аяқ суи түседі. Синусоидтық аритмия да көрініс табады. Тыныс алу жиілейді. Бас ауруы, құлақтың дыңылдауы, әлсіздік, бет бұлшықеттерінің тартылуы, жүріс-тұрысқа жауап бере алмаушылық, естен тану, кома байқалады. Уланудың жеңіл түрлерінде ұйқы тартып, жалпы күйзеліс басталады .

Нитраттардың қазіргі негізгі көзі болып - NO3 ионы бар минералдық тыңайтқыштар болып отыр. Өзіндік тәуліктік мөлшерді білу үшін әр адам өз дене массасын 5 мг/кг-ға мектепке дейінгі балалар үшін 0,2-көбейтуі қажет (кесте 1).


Кесте 1 Нитраттардың рұқсат етілген тәуліктік мөлшері


Салмағы,кг

Қауіпсіз тәуліктік пайдалану, мг/тәулік

10 кг-ға дейін (6 айға дейінгі бала)

рұқсат етілмейді

10 кг (1жасқа дейінгі бала)

2

20кг (5жасқа дейінгі бала)

4

30

120

50

20

60

240

80

320

Қаламызға сырттан әкелінетін және Ақтөбе облысында өсірілетін көкеністер құрамындағы нитраттар мөлшері әр түрлі әдіс – тәсіл арқылы анықталады. Зерттеуге: картоп, қызанақ, қырыққабат, қияр әртүрлі аудандар мен сыртқы шет мемлекеттерден әкелінген сұрыптары қолданылды. Бұл көкөністер мен өсімдіктер түрлері Ақтөбе тұрғындары тарапынан жиі қолданыста.

Өсімдік шырынындағы нитраттарды анықтау [5, 6].

Қажетті құрал – жабдықтар, реактивтер, материалдар.

  1. заттық әйнектер

  2. марлі сүрткіштер

  3. кішкентай сыйымдылықты ыдыстар – қақпақшасымен пенициллин банкілері

  4. химиялық тамызғыштар

  5. медициналық тамызғыштар

  6. концентрленген күкірт қышқылындағы 1% - қ дифениламин ерітіндісі

Жұмыс барысы:

Зерттелетін көкөніс пен жемістерді алдын ала жуып, кептіріп алады. Содан бір көкөніс немесе жемісті алып, үш бөлікке бөледі:

1 – сыртқы қабығы

2 – дәл ортасы

3 – дәл ортасы мен қабығының ортасы

Үш бөлікті үш түрлі ыдыстарға үккіштен өткізеді. Үккіштен өткен қоспаны екі қабат дәкеден өткізіп сығып, шырынын шығарады. Үшеуін үш түрлі пенициллин банкілеріне құйып қояды.

Заттық әйнек астына бір ақ қағаз беті салынады, әйнекке екі тамшы зерттелетін ерітіндіні және сонымен қатар дәл осындай үш қайталатып дифениламин ерітіндісін тамызады.

Нитраттарды анықтау қыркүйек, қараша, ақпан айларында жүргізілді. 3 кезеңде жүргізілген зерттеу жұмысынан көкөністер құрамындағы нитраттардың өзгеріске ұшырауын бақыладық. Жаңа піскен көкөністердегі нитрат мөлшері ұзақ сақталған көкөністерге қарағанда аз, яғни, сақталу барысында нитраттар мөлшері үлкен өзгеріске ұшырайды (кесте 2).

Кесте 2 Көкөністердің құрамындағы нитраттар мөлшері


Талдау жасалған мерзім

(2016ж)

Дақыл аты

Ақтөбе облысында өсірілген

Сырттан әкелінгені

Рұқсат етілген мөлшер,

мг/кг

Анықталғаны, мг/кг

ШМК-дан асу

Анықтал

ғаны, мг/кг

ШМК-дан асу

Қыркүйек айы




Қияр

82

-

220

-

300

Картоп

90

-

500-1000

4

250

Қырыққабат

2000

2

1000

1,1

900

Қызанақ

100

-

500

1,7

300

Қараша айы



Қияр

90

-

231

-

300

Картоп

94

-

700

2,8

250

Қырықабат

2000

2

1100

1,2

900

Қызанақ

110

-

700

2,3

300

Ақпан айы

Қияр

-

-

259

-

300

Картоп

100

-

800

3,4

250

Қырыққабат

2200

2,4

1200

1,3

900

Қызанақ

-

-

500

1,7

300

Кестеге қарап зерттеуге алынған көкөністердің құрамындағы нитраттар мөлшерінің, әсіресе, қараша және ақпан айларында рұқсат етілген мөлшерден асуын байқаймыз. Бұл нитраттардың көбеюі аталған өсімдік түрлерінің ұзақ мерзімде сақталуына байланысты. Егер ұзақ мерзіммен қатар көкөністер мен жеміс-жидектер қолайсыз жағдайда сақталатын болса ондағы нитраттардың мөлшері еселене түседі.

Көкөністердегі нитрат мөлшерін иономерлік әдіс арқылы да анықтау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында И-160МИ лабораториялық иономер және электроселективті «ЭКОМ - NO3» электроды қолданылды.Зерттеу нәтижесі (кесте 3).
Кесте 3 Иономерлік зерттеу кезінде алынған мәліметтер


р/с

Сынама алынған күн

Сынама

аты


Сынама

мөлшері


Сынама

алынған жер



Нитрат мөлшерінің болуы

(Анықталғаны)



ШМК

1

01.04.2016

Картоп

10,0г

п.Петропавловка

243 мг/кг

250 мг/кг

2

01.04.2016

Сәбіз

10,0г

Тәжірибе станциясы

175 мг/кг

250 мг/кг

3

01.04.2016

Қызанақ

10,0г

п.Қарғалы

100 мг/кг

150 мг/кг

Картопта және басқа да көкеністердің құрамындағы нитраттардың шоғырлануына олардың пісу ұзақтығы үлкен әсер етеді. Неғұрлым пісіп жетілген өсімдік болса, оның құрамындағы нитраттар мөлшері соғұрлым аз болады. Осыған орай өсімдіктердің тым ерте жинақталуына жол бермей, олардың дәл пісіп жетілу уақытын анықтау қажет. Күннің қалыпты түсуі нитраттар мөлшерін азайтады. Көшетхана өнімінің құрамындағы нитрат мөлшері ашық топырақтағы жемістерден 3 есе артатыны күннің дұрыс түсірілмеуімен түсіндіріледі [6,7].


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мурох В.И. Проблема нитратов в пищевых продуктах и некоторые пути ее решения // Здравохранение Белоруссии.-1989г.- № 1.

  2. Назарюк В. М., Якименко В.Н. Пути снижения содержания нитратов в овощной продукции // Экологические проблемы накопления нитратов в окружающей среде.-Пущино,1989г.

  3. Опополь Н.И, Добрянская Е.В., Чернокан В.Ф., Опинка И.М. Определение допустимой суточной дозы нитратов в рационе питания человека// Проблема гигиены труда и окружающей среды.- Кишинев,1987г.

  4. Саноцкий И.В., Фоменко В.И. Отдаленные последствия влияния химических соединений на организм.-М,1979

  5. Фадеев В.М. Быстрое обнаружение нитратов в овощах, кормах и воде.-Новосибирск,1987г.

  6. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. – Москва «Владос» 2001г.

  7. Широков Е.П., Полегаев В.И. Хранение и переработка плодов и овощей.- М,1989г.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет