Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Мәліметтерге сүйенсек, "ҚазГидроСпас" ЖШС күшімен Алматы облысы Бесағаш ауылындағы еңістің жоғарғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйді бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қабылданған шаралармен үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды. Кранның көмегімен иілген контейнерді алып тастау және одан әрі тау баурайын нығайта отырып, кірген топырақты тазарту жоспарланған.

Облыс әкімінің төрағалығымен жоспардан тыс отырыс өткізілді және табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берілді.

  • Алматыдағы лай көшкіні: Қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқаны айтылды
  • Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан отбасының көршілері оқиғаға коттедж тұрғындарын кінәлап отыр

Төтенше жағдайды жоюға ТЖД, "Қазселденқорғау", ЖАО, ПД, "Қазгидроспас" ЖШС 70-ке жуық адам, 25-ке жуық техника жұмылдырылды.

Еске салайық, 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жаууы салдарынан топырақтың батпақтанып, тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.