Класы: 3 класс Пәні: математика Мұғалімі



жүктеу 114.18 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі114.18 Kb.





Мектебі: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2 орта мектеп

Класы: 3 класс

Пәні: математика

Мұғалімі. Дихамбаева Ғалия Амиржановна
Бастауышым-балбұлағым.
Мұғалім:

Құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер, оқушылар! Бүгін біз аздап қобалжып тұрмыз. Сіздер «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн. 4 жыл бойы білімге жол ашқан менің оқушыларым өздерінің бастауыш класымен қоштасқалы отыр. 4 жыл бойына ауыр да, ең қиын - Білім табалдырықтарымен бірге көтерілдік.Бір-бірімізбен дос болуды, сүйікті мектебіміздің заңымен жүруді үйрендік. Қанекей, сол жылдарды есімізге түсіріп көрейікші.

Қазір той иелерін ду қол соғып, ортаға шақырайық. Музыка әуенімен оқушыларды сахынаға шығару.

Қардың теріп қызғалдағын,

Жайраңдаған ұл мен қызым.

Қуанышқа бөлеп жанын,

Күлім қаққан қара көзің.

Алға сүйреп алға талай,

Кірді білім бесігіне.

Қыран құстай қаққан қанат,

Келдің міне орта буын мектебіне.

Бақытты елдің балғын жасы,

Оқы, үйрен, үлгілі бол,

Керегіңді таңдап алшы,

Сендер үшін қазына мол.

Талаптарыңа нұр жаусын-деп «Бастауышым-балбұлағым.»атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Оқушылардың өздеріне сөз беріледі.
Дәулет:

---- Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Аружан:

……….Қош келіпсіз, ата-ана қадірлі!

Сәлем сізге әр жүректен жалынды.

Бастауышпен біз қоштасу кешіне,

Шақырамыз сыйлы қауым бәріңді.

Бекжан:

--------- Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, біз бүгін сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, ең алғаш қалам ұстатып, әліппе ұсынған 4 жыл боы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің, ғылымның арнасына жол ашқан ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.



Аружан:

--....Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.
Шыңғысхан:

Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.
Айдар:

....... Өткіздім балғын жасымды мен,

Жаныма енді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім саған мәңгі басымды ием.

Барлығы бас иеді.

Хор: «Мектебім.»
Нұрлан:

------- Арманым болып аңсаған,

Мәңгілік қалдық мекендеп,

Өзіңе арнап ән салам,

Ардақтап сізді өтем деп.

Рафаэл:

-----Бастауышым бастамам,

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам.

Ұлжан:

-----Бастауышта үйрендік,

Әліппесін білімнің.

Қызыққа ғажап кенелдік,

Сырларын ұқтық өнердің.

Әлім:

---- Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге ұшамын мен.

Нұрбек:

---- Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Динара:

----Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том болған кітаптың,

Басы болған бастауыш.

Райымбек:

----- Әріптерді танытып,

Білімге еркін қанып.

Қадіріңді ұқтық,

Тәліміңді алып.

Бекжан:

-Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өтем ұстазымның есімін.

Айдар:

------ Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де- бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.Сондықтан да ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз. ( Бәрі бас иеді.


Мөлдір:

....Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. (Бәрі бас иеді.)



Хор: «Ұстазым.»

Саят:

----- Есіңде ме?

Айналаң хош иісті гүлге,

Толқынды әуенге толы болғаны.

Аялы ыстық анаңның қолынан

Мұғалімнің сенің қолыңнан ұстағаны.

Мерует:

------Партаға алғаш отырып,

Дәптер мен қалам алғанда.

Болдық біз пәк жүзді, балғын бөбек,

Кіргенде алғаш мектепке.

Айдар:

----- Көз алдымызда класқа алғашқы қоңырау үнімен,

Шоқ гүлін ұстап кіргеніміз,

Есімізде сыңғырлаған біз үшін,

Алғашқы қоңырау мен ең көрікті бірінші класс бөлмеміз.

Айтолқын:

------ Әлі есімізде, әліппені ашқанымыз,

Аппақ таза дәптерге жазғанымыз.

Киімімізге қыртыс түспесін деп,

Абайлап партаға да отырғанымыз.

Дәулет:

----- Біздің кластың оқушылары бар ынта, зейіндерімен оқуға тырысты.Алғашқы күннен бастап әліппемен де достасып кетті.



Нұршат:

----- Ия, дұрыс айтасың. Біздің тойымызға әліппенің өзі де келіп қалыпты.


Балдурен: (әліппенің суретін ұстаған, карона киген)

Әліппе: Саламатсыздар ма, балалар? Қас-қағым уақытта әжеп-тәуір қалай ер жетіп қалғансыңдар? Кеше ғана емес пе еді? Алғаш мені қолдарыңа алып, аялап бетін ашып, нәп-нәзік саусақтарыңмен әріптерді жүргізіп, буынға бөліп оқыған бірінші класс оқушылары емес пе едіңдер?

Дәулет:

---- Ия, алғашқыда қиын болды. Әліппе, қазір біздер сенің арқаңда жүргізіп, мәнерлеп, саналы түрде, түсініп оқи аламыз.4 жыл ішінде қаншама қызықты әңгімелер, хикаяттар, мысалдар мен өлеңдер оқыдық.


Көрініс: « Әке мен бала.» Әкесі-Арслан, баласы Қасымхан. Автор-Айдар.
Нұршат:

...... 4-жыл ішінде балалар бір емес қаншама дәптерді жазып тастады. Ал жазу, ия, ия сол жазу бізге қаншалықты қиынға соқты?. Қиналған кезіміз қаншама. Әріптердің де тыңдамаған кезі қаншама?


Нұрбек:

-------Сыйқырлы да қызықты,

Көмекке кел таяқшалар.

Тізіліп кеп тұра қал,

Алғашқы менің дәптеріме,

Жол сызығынан шықпаңыз!

Кеудеңізді түп-түзу ұстаңыз!

Бауыржан:

-------Тыңдамайсыздар неге мені,

Неге нашар оқисыздар?

Қалай болсын солай тұра қалып,

Сендер үшін маған тағы соққы тиді.

Әнуар:

-----Ұстазымда білмеді,

Тіпті анамда сезбеді.

Таяқшаны жол бойына,

Түзу салып қою маған.

Қиын болды үйренуім.



Даулет:

--.. Әрине, ал қазір біз сауатты оқушымыз. Себебі біз бастауыш түлектеріміз. Біз жазу мен оқуды ғана үйренген жоқпыз. Біз көбейту кестесін және сөйлем түрлерін, тік төртбұрыштың ауданы мен етістіктің шақтарын жатқа білеміз.



Ақбота: (математика суретін ұстап)

------Көрікті де ең күшті,

Математика әлемі.

Ол жерде жұмыс әр кез қайнауда,

Барлығы әр нәрсені санауда.

Үй жылытуға қанша көмір керегін

Бүлдіршінге қанша тәтті берерін,

Және аспанда қанша жұлдыз барлығын.



Мөлдір:

-----Болу үшін дәрігер мен теңізші, мейлі ұшқыш,

Жоқ әлемде мамандық математикасыз,

Математиканы ең алдымен білу керек.

Сездіңіз бе достарым құдыретін ғылымның.

Нұрлан. (қазақ тілі суретін ұстап)

-----Граматика, граматика.

Өте қатаң ғылым да бұл.

Қобалжумен аламын мен

Граматика оқулығын.

Өте ауыр, бірақ олсыз,

Өмір сүру өте қиын.

Жеделхатты құруды,

Ашық хатты жазуды,

Тіпті анаңды туған күнімен

Құттықтай да алмас ең.

Бекжан: (ана тілі суретін ұстап)

...... Ана тілім –ар-ұятым, намысым,

Қазағымның бақыты да, бағымсың.

Сондықтан да, сен менің,

Көздерімнің қарасы мен ағысың.

Аружан:

...... Ана тілім – таусылмайтын жыр маған,

Ана тілім – қасиетті тұмарым.

Сондықтанда ана тілім мен сені,

Әр қашанда биік ұстап тұрамын.

Бекжан:

.....Биігімде аңсаған – арман елім.

Бақытымсың сен менің, туған жерім.

Мәңгілікке бас ием, киелім-ау,

Қазақстан өзің деп, туым, төрім.
Аружан:

Арқасына күнді алып,

Қыранымыз самғап жүр.

Көк туымыз желбіреп,

Жер мен көкті жалғап жүр.

Нұрбек:

.......Ана тілі пәнінен ақын-жазушыларымыздың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, жұмбақ, мақал-мәтелдер жаттадық. Солар арқылы ата-бабамыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.



Бауыржан:

..... Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар ағаларымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық.



Айдар:

.....Әлия, Мәншүк, Талғат, Нүркен, Төлеген,Бауыржан сияқты батырлар, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар туралы оқып білдік.



Райымбек:

.......Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның байлығымен таныстық. Табиғатты аялауға, жамандықтан жиренуге, жақсылықтан үйренуге тәрбие алдық.



Хор « Атамекен»

Нұршат:

----- Осы жылдар біздер үшін қиын болған жоқ, біздің ата-аналарымыз үшін де әсіресе үй жұмысын орынду қиынның қиыны еді.



Көрініс. Кисель мен үй жұмысы.

Райымбек:

Оқушы: Стаканнан кисель ішкенмін,

Кисель менің үстіме ,

Төгіле берді, төгіле берді.

Барлығы да төгілді.

Бір кезде мен бос стаканнның түбінде отырмын.

Жүргізуші: Әкесі жүгіріп келіп:

Әкесі: Міне қызық балам бос стаканның түбінде отыр.

Жүргізуші: Анасы келіп.

Анасы: Расында да бос стакан түбінен не ұмытты екен?

Жүргізуші: Әжесі келіп:

Әжесі: Қанекей мен қарайын,

Ештеңе қызық көрмедім.

№ 8 есепті шығармас үшін,

Өзінің жанын қинамас үшін

Бұдан да басқа өнерді үйренуге дайын.

Нұршат:

----- Біздің қуанышымызға, сәтсіздігімізге ортақтаса, бізбен бірге бөлісе білген ең жақын адам ата-аналарымыз.Мың алғыс сіздерге.



Рафаэл:

....Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

Меруерт:

..... Ыстық-ау кім-кімгеде әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.-деп ендігі Қуанышева Ақботаның орындауындағы күйді асқар таудай әкелерге арнаймыз.

Ұлжан:

--------Дүниедегі әр адамзат баласы,

Болсын мейлі ол бір елдің данасы.

Мәңгілікке қарыздар боп,

Өтеді екен ол өзінің анасы.

Арслан:

----- Өмірге ана- бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай дана,

Ана. Ол біздің елде ардақты ана.

Ақбота:

... Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген-ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да- ана! Бұл өмірге бәріміз оған қарыздармыз.



Райымбек:

... Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей алмайсың»-деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!



Мөлдір:

....Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.

Шыңғысхан:

.... Кеудемнен сезім селі ақтарылған,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Нұрлан:

......Дүниеге әкелген ол да сенсің, анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол жда сенсің анашым.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенсің анашым,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым!

Бекжан:

-----Бәрімізге жарқын өмір сыйлаған,

Боташым деп маңдайымнан сипаған.

Анашым бүгінгі күн өзіңе,

Ән арнаймын жүрегімнен жыр жазам.

---- Сіздерге арнап шырқалады әніміз,

Бас иеміз аналарға бәріміз.

Барлығы бас иеді.
Ән «Анашым.» -орындайтындар: Қажмұқан Рафаэл, Сартаев Айдар.
Ақбота:

-----2-ж. Құқрметтті ұстаздар! Біз сіздерден үлгі алмыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сөзімізді қабыл алыңыз.


Айдар:

------Мектебіміздің директоры Айнаш Қалиқызына:

Біздер үшін сүйеу болған пансыз,

Шәкірттерге ақыл айтар анасыз.

Бар жақсыны тілейміз шын жүректен,

Орныңыз бөлек дарасыз.


Балдәурен:

----- Ұстаз болу арманым, мамандығым,

Тәрбиешісі, қылшысы ол адамның.

Оқу ісі меңгеруші ұстаздарға,

Тілейміз денсаулықтың, амандығын.

Ақбота мен Нұршат:

-------1.Адам жанын түсінетін

Білімі дария Айсұлу Мақсымқызы

---- Қызыл тілдің жүйрігі

Пейілі кең Ұлағатты Лиза Мырзалықызы

----- Мейірімі мол , шапағтты,

Жарқын жүзді Айнұр Есенқызы

------Бағыт-бағдар беретін

Терең ойлы ,ұсмамды Маржан апай

-----Ақылына көркі сай,

Зерек ұстаз Нұрзипа апай

----Үш тілді де меңгерген,

Сұлу жүзді Гүлзия апай.

----Еңбегімен бақытты , мақсатына жететін

Елжіреген жүрегі ұстаз ана Зина Нағиқызы

Ары таза ақ көңіл,Адалдыққа сенетін

Абырой асқан Жәния апай

Жамалов Бекжанның орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын» Сіздерге арналады.
Бауыржан:

----Светлее рядом с вами жить,

Мы каждый день и каждый час.

Нелегкой посвятив работе

Одною думаю о нас ,

Одной заботою живете,

Чтоб нами славилась земля.

И чтобы честными росли мы,

Спасибо вам учителя.

Ана тілімізбен қатар орыс тілін үйреткен ұстазымыз Қарлығаш апай рахмет сізге.



Балдәурен:

------«Оқытушы» деген сөз жатыр терең,

Оқығаным есімде, менде сенен.

Атыңа жыр арнаймын жеке-дара,

Музыкадан беретін Сания апай,

Өзіңсің өзгеше жан ойлап қара,

Бөбектің кеудесіне шырақ жаққан

Меруерт:

-----Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ даңқын асырды бар әлемін.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.

Ағылшын пәні мұғалімдері Салтанат апай мен Гүлдана апай сіздерге арналады.

Ән: « Школа.»-орындайтын Сейдуллаева Айтолқын.
Динара:

----Бұлақсың сусындаған мың сан бала,

Шырақсың сәулеленген ой мен сана.

Әдепт, абыройлы, жатық мінез,

Әрі ұстаз, балаларға әрі ана.

Айтолқын:

------Үлгісің, өнегесің ауылыңа,

Қарсы аттандың дұшанның дауылына.

Жауыздық, жамандықтан қорғау үшін,

Көндің сен қиындықтың ауырына.

Саят:

------«Ұстаз- жолы қиын да, қызық, ауыр да, абыройлы жол.

Ашық жарқын жүзді,

Ұстазым көп ізгі.

Мейірімін төгіп,

Аялаған бізді.



Дәулет:

.....Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Нұршат:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,- біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Дәулет:

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Балдәурен:

Дос жайында көп ақындар жырлаған,

Дос туралы көп әңгіме тыңдаған.

Шын достықтың мәртебесі жоғары,

Екендігін мойындаған бұл ғалам.-дегендей достықты бағалауды үйреттіңіз.

Хор: «Достарым.»
Арслан:

-----Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймыз салған жолын, ақылын,



Мәңгі, мәңгі, мәңгі есте қалады.-(Барлығы хормен)
Бекжан:

------Қоштасамыз енді біз,

Биікке қанат самғаймыз.

Болашақ елдің көкіміз,

Оқуды әрі жалғаймыз.

Арслан:

----- Сен үйреттің оқуды,

Сенде ойым есейді.

Орта дуынға өтемін,

Бастауышым қош енді.

Нұршат:

......Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Дәулет:

....Бастауышым- балбұлағым,

Лаулап жансын шам-шырағың,

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

Нұршат пен Дәулет бірге:

.....Өсті міне қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Барлығы хормен:

.....Қош бол, балғын балалақ,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Жүргізуші:

Осымен «Бастауышым – балбұлағым.» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесі кезек аяулы ұстаздар мен ата-аналар сіздерге беріліді.


Мектеп директорына
Мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасырына
Ата-аналар комтетіне құттықтау сөз беріліді.
Каталог: uploads -> doc -> 00df
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
00df -> Сабақтың тақырыбы: Түс датчигі. Түсті анықтау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет