28 қаңтар күні түнде Семей маңындағы Ново-Баженово ауылында көлік жүргізушісі есірткілік және алкогольдік мас күйде болып, полицейлерге бағынбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Патрульдік инспекторлар жол талғамайтын көлікті байқап, оның жүргізушісі тәртіп сақшыларын көргенде жылдамдықты арттыра бастаған. Бұл әрекет тәртіп сақшыларына күдік туғызғандықтан, көліктің соңынан жүрген. Дегенмен, семейлік полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, елді мекенмен қашуды жөн көрген. Көлік жүргізушісін ұстау үшін полицейлер ауаға ескерту оқ атып, содан кейін көліктің дөңгелектеріне патрульдік қаруды қолданған.

  • Былтыр Қазақстанда қанша көлік жүргізушісі полицияға пара ұсынып жаза арқалады

  • Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен

"Тоқтатылған Mitsubishi Pajero жүргізушісі "орташа" есіртілік және алкогольдік мас күйде болды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ көлік құралын есірткілік және алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін жауапқа тартылды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта сот 38 жастағы жүргізушіге қатысты 15 тәулікке қамауға алып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.