Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Today

Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Құштабаевқа қатысты сот отырысы 28 ақпанда басталғаны белгілі болды. Процесс жабық өтіп жатқаны айтылады. Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілген.

  • Қыз зорлады деген айыппен сотталған қазақстандық блогер ақталып шықты
  • Желіде тараған полицияның қатысы бар видеодан кейін қызметтік тергеу жүргізілетін болды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.