Күн тәртібі ноября 2014 жылғы қараша, Астана қаласы



жүктеу 45.79 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі45.79 Kb.



ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңесінің XXVII отырысының

КҮН ТӘРТІБІ

7 ноября 2014 жылғы 7 қараша, Астана қаласы

1.  Консультативтік кеңестің ХХVI отырысының шешімдерін орындау туралы.

Баяндамашы: ТМД Атқарушы комитеті.
2. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастығының қорытындылары және перспективадағы міндеттері туралы.

Баяндамашы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Пікір алмасу.
3. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі әлеуметтік-еңбек ахуалы және осы саладағы қолданылып жатқан шаралар туралы.

Консультативтік кеңес мүшелерінің ақпараты.
4. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру туралы:

4.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сараптамалау және оңалдыру жүйесін жетілдіру туралы.

4.2. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкестендіру жөніндегі жұмыс барысы туралы.

4.3. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүгедектер үшін қолжетімді ортаны құру жөніндегі қызметі туралы.

Баяндамашылар: Әзербайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Пікір алмасу.
5. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жол картасы туралы: «Жол картасы— 2020».

Баяндамашы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Пікір алмасу.
6. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде атаулы әлеуметтік көмекті дамыту туралы.

Баяндамашы: Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Пікір алмасу.
7. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі ұсынымдарды дайындау және еңбек жағдайлары мен оны қорғау саласындағы статистикалық есепті қалыптастырудағы бірыңғай тәсілдерді орнату туралы.

Баяндамашы: Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Пікір алмасу.
8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі еңбекті нормалау саласындағы ынтымақтастықтың тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары туралы:

8.1. 2011-2015 жылдарға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі еңбекті нормалау саласындағы ынтымақтастықтың тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын орындау барысы туралы.

8.2. 2016-2020 жылдарға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі еңбекті нормалау саласындағы ынтымақтастықтың тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарының жобасына ұсыныстар жобасы туралы.

Баяндамашы: ТМД Атқарушы комитеті.

Пікір алмасу.
9. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының әлеуметтік-еңбек саласындағы заң шығармашылық қызметі туралы.

Баяндамашы: ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы.
10. 1992 жылғы 13 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы туралы.

Баяндамашы: ТМД Атқарушы комитеті.


11. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы:
11.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылға дейінгі кезеңдегі («Еңбек нарығын дамыту» және «Әлеуметтік-экономикалық сала» тараулары) экономикалық даму стратегиясының екінші кезеңін (2012-2015 жылдар) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы.

11.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық даму стратегиясының үшінші кезеңін (2016-2020 жылдар) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар жобасы туралы.

Баяндамашы: ТМД Атқарушы комитеті.

Пікір алмасу.
12. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультациялық кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру туралы (2014 жылғы 2 сәуірдегі «2013 жылғы ТМД салалық ынтымақтастық органдарының қызметінің қорытындылары туралы» Достастықтың жарғылық және басқа органдар жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің бірлескен отырысының және ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының шешімі).

Баяндамашы: ТМД Атқарушы комитеті.
13.  Консультативтік кеңестің XXVIII отырысының мерзімі, өткізілетін орны және күн тәртібінің жобасы туралы.

Баяндамашы: Армения Республикасы Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі.
Қосымша мәселелер

1д. . ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағындағы еңбекші-мигранттың электрондық картасын енгізу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жобасы туралы.

Баяндамашы: Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Пікір алмасу.
2д. Достастықтың жарғылық және басқа органдар жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің 2014 жылғы 21 қазандағы «ТМД шеңберінде қабылданған көші-қон саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі құжаттарын іске асыру барысы туралы» шешімі туралы.

Баяндамашы: ТМД Атқарушы комитеті.

Пікір алмасу.
____________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет