Күні: 25. 10. 2013. Сабатың тақырыбы



жүктеу 98.15 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі98.15 Kb.


4- сынып

Күні: 25.10.2013.

Сабатың тақырыбы

Қазақстан климаты

Мақсаты

Жыл мезглінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруі туралы білімдері қалыптасады.

Күтілетін нәтиже

А) Өз өлкелерінің климаттық өзгешелігі туралы біледі. Жыл ме маңыздылығын згілдерінің тұрғындардың тіршілігі мен еңбегіне әсер ететінін түсінеді.

В) Өз өлкелеріндегі жыл мезгілдерінің ұзақтығы туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді.

С) Климат туралы түсініктері тиянақталады, өз идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздейді.


Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістер

Кіріспе: «Конверттегі сұрақтар» әдісі.

Тұсаукесер: бақылау жүргізу, «ББҮ» әдісі,

Негізгі бөлім: «Джиксо»:

Қорытынды: «Қораптағы сұрақтар».

Кері рефлексия парағын толтырады.




Тапсырмалар

Қашықтан оқыту кезіндегі екінші, үшінші, тоғызыншы тапсырмалар

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, флипчарт, маркер, слайд, суреттер, маршруттық картаның бланкасы, сәйкестендіру тесті жазылған парақтар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

7мин.

1.

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Конверттегі сұрақтар»



1.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

2. Оқушылар конверттегі сұрақтар да жазылған сұрақтарға жауапты стикерге жазады.


Тұсаукесер

3мин.

Оқушылар алдында сұрақ туындайды. Олар өздері жауап іздейді).







2мин.

4 мин

3 мин

18мин.



Дәптермен жұмыс

Күннің жадын, жаңа сабақты жазады.

Бақылау күнделігімен жұмыс

«ББҮ» әдісі

Мәтінмен жұмыс

(өзіндік жұмыс)

Мәтінді түсініп оқу.

Маршруттық картамен жұмыс

№1. Мақалды жалғастыр

№2. Жұмбақтың шешуін тап.

№3.

Шығармашылық жұмыс (өлең, жұмбақ құрастыру)



(топтық жұмыс)

Балалардың алдына жыл мезгілдерінің белгілері тура суреттер берілсе. Сол суреттерді қолдана отырып«Галлерея» әдісі арқылы жаңа сабақты бекітсем бола ма екен? (дарынды және талантты оқушымен жұмыс та осында көрініс табады)


Жаңа сабақтың тақырыбын жазады.


Ауа-райын бақылап, дәптерлеріне толтырады.

Осы күнге дейін білгендерін, білгісі келетіндерін жазады.


Өз беттерімен мәтінді түсініп оқып шығады.

Тапсырамы аяқтаған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Арқылы бірінің жұмысын бірі бағалайды. Содан соң түсінгендері бойынша түсті стикерлер арқылы өздерін бағалайды.


Бекіту
Қорытынды

3мин


4мин.
1 мин



(жұптық жұмыс)

«Артығын тап» ойыны

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критериі бойынша оларды бағалау.

Маусымдық белгілерінің суретін салу.


Үй тапсырмасын беру:

1. «Маусымдық белгілер» мәтінін оқып келу.





Берілген сөздердің ішінен мағынасы келмейтін сөзді алып тастайды.
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін «рефлексия» парағын толтыру арқылы көрсетеді. Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Балл санын есептейді.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.

Сабақтың тақырыбы: «Маусысымдық белгілер»

Мен үшін сабақ беру баланы білім нәрімен сусындата отырып, өмірге бағыттау. Өмірден өз орнын таба алатын, өз өздерін реттей білетін, жан жақты құзыретті тұлға қалыптастыру. Себебі қазіргі таңдағы өзекті мәселе тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптастыру. Ал оқуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру жолындағы оқыту – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атауға болады:



  • Оқыту негіздерін түсіну және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындап, оның әдістерін таңдау;

  • Жүйелі ойлануға үйрету;

  • Шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау.

  • Оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінінде оқуды жақсы көру;

  • Тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;

  • Сандық технологиялар саласындағы құзыреттілік. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 32б.) Ендігі кезекте оқушыларға осындай оқу тетіктерін қай жерде қалай бере алғаныммен ой бөлісейін.

Оқушылардан оқуды талап ету мақсатында мына тармақтарды жүзеге асыруға ұмтылдым:

  • Бағалау критерилері арқылы білім міндеті қоятын талаптарды түсіндіруге;

  • Деңгейлік тапсырмалар, мәртебесі жоғары және төмен сұрақтар қою арқылы жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • Постер дайындату, диалогтік әңгіме, рөлдік ойындар арқылы міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға.

4- сыныбына дүниетанудан «Маусымдық белгілер» тақырыбындағы сабағымда жаңа әдіс-тәсілдерді: жеке «Сәйкестендіру тесті», жұптық, топтық әңгіме, «Галлерея», шығармашылық жұмыс, маршруттық карта, (кеңейтілген тапсырманың тоғызыншы бағыты), «Артығын тап» ойыны. қолдана отырып, сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарладым. Қашықтан оқыту кезіндегі тапсырмаларды басшылыққа ала отырып құрылды. Сабақ үстінде ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында сергіту сәтін өткіздім. Сабақ үстінде сұрақ қою техникасынын барлық үш түрін үнемі қолданып отырдым. Жаңа тақырыпты түрткі сұрақтар мен бастап, сынақтан өткізу мен қайта бағыттау сұрақтар арқылы диалогты сабақтарымда үнемі пайдаландым. Бір адам басқа адамның не айтып, не естігенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін бақылау мақсатында формативты бағалаудың: бағалау критериясы арқылы «өзін-өзі бағалау», «екі жұлдыз, бір ұсыныс», «бас бармақ» сияқты бағалау түрлері жүргізілді.

Қажетті дағдыларды дамыту мақсатында сабақта «Галерея» әдісін қолдандана отырып орта мерзімді жоспардың үшінші сабағы «Маусымдық белгілер» тақырыбындағы сабағымды құрған болатынмын.Сабағымның мақсаты: маусымдық белгілер туралы білімдерін тереңдете отырып

Сабақтың өзіндік талдауы: Сабағымды оқушылармен амандасудан бастадым. Оқушылардың сабаққа назарын аудару мақсатында дайындықтарын тексеріп алдым. Оқушылардың оқып келгендерін жүйелеп, еске түсіріп алулары үшін «Үйге қандай тапсырма берілді?» деп сұрадым. Үй тапсырмасын әр оқушыға сәйкестендіру тестін беру арқылы тексердім, де түсінгенін қандай деңгейде екенін байқау мақсатында тестпен бірге өзін-өзі бағалау парақтарын үлестіріп шықтым. Тапсырманы өзім оқып отырып балалардың өздеріне талдатып, дұрыс жауабын тауып, бағалау парағында көрсетілгендей оқушылар өздеріне баллдар қойып шықты. Нәтижесінде: балалардың барлығы үйге берілген тапсырманы тоқсан пайыз игерген, тек бір оқушы ғана төмен көрсеткіш көрсеткені анықталды.

Жыл мезгілдер туралы әңгіме қозғап келіп, балалардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында жұмбақ жасырдым. Балалар белсене жауап қайтарды. Сонымен қатар балалардың сабаққа қызығушылығы артты, жаңа сабақтың тақырыбы белгіленді. «Маусымдық белгілер» Оқушылардың жыл мезгілдері туралы білімдерін еске түсіріп алу мақсатында электронды оқулықта жыл мезгілі туралы айтылған мәліметті тыңдатып шықтым Ауа райының өзгерісін бағдарлап, маусымдық өзгерістерді бақылап отыру үшін дәптерлеріне күнді бағдарлап, жазып шықтық. Бұл тапсырманы орындаған кезде қателесіп кеткен Асыланға сынып болып көмектесіп, тапсырманы дұрыс жазып шықты. Балалардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнағаны осы жерде көрініс тапты. Ауаның жер бетіндегі қозғалысы жел болып, ағаштарды тербетіп, сергіп алдық (сабақ уақытында шаршап кетпеу үшін). Балаларды жыл мезгілдерінің атауымен атай отырып, сабақ уақытында жұмысты белсенді атқарып шығу мақсатында деңгейге сай төрт топқа бөліп алдым. Оқушыға берілген тапсырманы өз бетімен түсініп алуға мүмкіндігі болу үшін мәтінді жеке түсініп оқып шығуға тапсырма бердім. Оқығандарын басқалармен бөлісу мақсатында, сонымен қатар, өз білімдерін басқа оқушының айтқандарынан толықтыру үшін топтық әңгіме жүргіздік. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өлең, не жұмбақ құрастыруға тапсырма берілді. Үлгерім қабілеті төмен оқушыларға арнап оқу үдерісін жинақтау мақсатында сабағыма «маршруттық карта» еңгіздім. Бұдан шыққан қорытынды: оқушылар маған мұғалім ретінде аз тәулді болды, тапсырмада қиндықта туындаған кезде қандай әрекетке бару керектігін білді. Ол карта бір аялдамадан келесі аялдамаға жету болатын және әр аялдамада ұпай жинау қажет еді. Оқушылар үлкен жауапкершілікпен бұл тапсырманы орындады.

Оқушылардың келешекте сан алуандық пен айырмашылықты бағалауға мүмкіндік туғызу мақсатында оқушыларға «Галлерея» әдісімен постер қорғауға тапсырма бердім. Балалар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі үшін, өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұның көрінісін постер қорғаған кезде байқадым. Оқушылар бірін-бірі түсініп, қызығып және ықыласпен әрекет етулеріне себебін тигізді.

Осындaй жaңa әдістер aрқылы сaбaқты меңгеру оқушылaрғa ұнaды, тoптық жұмыста ынтымақтастық орнады, келіспеушілік бoлған жoқ. Оқушылaр ұйымшылдықпен қaтысa oтырып, сaбaқтa aлғaн түсініктерін көрсете білді.Топтар өзара бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс aрқылы бaғaлaды. Ақпараттарды қаншалықты игергендерін байқау үшін «Артығын тап» атты тапсырма әр оқушыға жеке үлестірілді. Балалар өздерін тапсырманың критерилары арқылы бағалап отырды.Оны сабақтың өн бойында бағалау парақтарына жазып отырды.Сабақтың соңында өздері есептеп, қанша бал жинағандарын шығарды. Мен тек бақылап, бағыт беруші рөлін атқаруға тырыстым.

Мен бұл сабақтан не түйдім, қандай кедергілерге тап болдым дейтін болсам,сабақта қиындық туғызған сәттерім болды: сабағымның соңында уақытты тиімді пайдалана алмау себебінен рефлексия жазғызып үлгермедім. Бұл жұмысты сабақтан кейін орындатуға тура келді. Кей балалар шығарған өлеңдерін постерға түсірмей қалған топ та болды. Себебін «уақыттың жетпегендігінен» деді. Мұндай жағдайларда мен оқушыларға дұрыс бағыт беріп, көмектесіп отыруға тырыстым. Мысалы «Жазған жұмбақ, өлеңдеріңді балаларға дәптерден оқып бере қойыңдар» деген бағытпен. Өткізген сабағымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбат жүрді.Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігінің куәсі болдым.

Яғни:


  1. оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын еркін білдіруіне мүмкіндіктері болды;

2. әркімде әртүрлі идеялардың болатындығын оқушыларым түсінді;

3. оқушылар өз идеяларын дәлелдеуге машықтанып келеді;

4. маған мұғалім ретінде оқушыларымның қандай деңгейде екендігін саралауға көмектесті.

Сондықтан да сабақ бойы сыныпта диалогтың болып отырғанына қуандым.

Сонымен қатар өз-өздерін реттеуді; жұпта, топта бағалауды; сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін қолданып қорытынды шығаруды және сын көзбен қарауды оқушылар бағалаудан үйренді.

Әліде ретке келтіру Маршруттык карта және постер коргау бир сабакта киын емес пе уакыт көп керек емес пе?



Сабақ бойынша өзгертулер

  1. Уақытымды үнемді қолдану.

  2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын нығайту мақсатында келесі сабақта мүлде басқа әдістерді қолдану.

  3. Оқушылар топта өзара әңгіме жүрізген кезде әңгімеге араласып, ойларын толық жеткізу үшін бағыттап көру.




Каталог: uploads -> konspekt -> okr-mir
konspekt -> Сабақ тақырыбы XVIII ғ. ақын-жыраулар шығармалары тарихи дерек көзі ретінде қаншалықты құнды?
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
konspekt -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
konspekt -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
konspekt -> Эволюциялық ілім
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
okr-mir -> Сабақтың өтілу барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі Ойын: «Кім шапшаң?»
okr-mir -> Сабақтың тақырыбы: «Абайлаңыз балалар»
okr-mir -> Предмет: Окружающий мир


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет