Осыдан екі жыл бұрын Астанадағы көпқабатты үйдің 8 қабатынан құлағалы тұрған 3 жасар қызды құтқарып, бейбіт күннің батыры атанған тұрғын өнерге бет бұрмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: https://www.instagram.com/qazaqstantv/

Көрерменнің ыстық ықласына бөленген “Егіз-лебіз” музыкалық жобасының екінші кезеңі экранға жол тартты. 

“Әу демейтін қазақ жоқ қой. Арасында ән шырқап тұратыным бар. Бірақ, кәсіби әнші емеспіз ғой. Сахнаның ауарайы бөлек болады екен. Сахнада өлең айту ең алғаш ауыр болды. Енді екінші түсірілімге түсеміз. Шамалы денем үйреніп қалды”, – дейді Сәбит Шонтақбаев.

  • "Елордада өмір сүру үш ұйықтасам да түсіме кірмеді": 8-ші қабаттан бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбиттің өмірі қалай өзгерді

  • Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттан құлай жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Сонымен қатар жобадағы жұбы әнші Альбина Шардарова тыңдарман қауымды қолдауға шақырды. 

“Егіз-Лебіз” жобасындағы менің жұбым, қазақ елінің батыры Сәбит ағамыздың жасаған ерлігі әлі күнге дейін баршаңыздың естеріңізде болар. Сәбит ағамыз алғаш рет сахнаға шығып, ән айтып жатыр. Бұл жобада бізге қолдау білдіріп жатқан барша тыңдармандарымызға алғысымыз шексіз. Сіздердің айтқан сындарыңыз да, ақылдарыңыз да, бәрі орынды. Алдағы эфирлерге бізге қолдау көрсетсеңіздер, біз одан әрі сіздерді қуантып, күш жинап, тырысатын боламыз. 
Бірінші эфир қашан да қобалжуға, уайымға толы болады. Күшті образ күтіңіздер!”, – деп жазды әнші. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.