Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы сату фактісі бойынша тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: meme-arsenal.com
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оқушы "Цифрлық отбасы картасында" мектепке бармаған деп жазылған.
"Тексеру көрсеткендей, баланы 2011 жылы дүниеге келген сезінде Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығына тастап кеткен. Кейіннен Осакаров ауданындағы Пионерский балалар үйіне жіберілген. Прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады. Бала іс жүзінде жоғалып кеткен. Оның қайда екені белгісіз", – делінген хабарламада.
- "Денелері кірлеп, көгерген, әбден ашыққан": Ұлытаулық азамат асырап алған балаларын фермада бес жыл бойы құлдықта ұстаған
- Екі жылға сотталуы мүмкін": Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйелге қатысты екі іс қозғалды
Осакаров ауданы прокурорының нұсқауымен Қылмыстық кодекстің 135-бабы, яғни кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда ата-анасы сыра мен шарап беріп ұйықтатып үйреткен екі жастағы бүлдіршін балалар үйіне тапсырылғаны туралы жазған едік.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.