ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тоқтар Серіков марқұм ата-анасын еске алып, қандай отбасыдан шыққанын “1001 түн” бағдарламасына айтып берді.  

Фото: https://www.instagram.com/toktar.serikov/

Өнер иесі марқұм анасын айтып, эфирде жылап қалды. 

“Әлеуметтік желіде шарлап жүрген шешем екеуіміздің суретіміз бар. Ол кісінің дүниеден өтерінен 3 күн бұрын түскенбіз. Өзім де әкемін. Бірақ шешеме қатты еркелейтін едім. Қолымды омырауына салып жіберіп, ұстап жататынмын. Иіскеймін, еркелетемін. Оны көрген Бейбіт пен ұлдарым ішек-сілесі қатып күлетін. Қазір бәрін сағынамын. Әкемнен қалған бөрік пен шешемнің шай орамалын үйіме сақтап қойдым. Соңғы сәттерде киген көйлегін жудырмай алып қойдым. Иіскеп, сағынышымды басамын. Түсімде көргім келеді. Өзімнің бала-шағам болса да, соларды сағынып тұрамын”, – деп көңілі толқыды әнші. 

  • "Көшеде талай концерт қойдым": Төреғали Төреәлі өнерден алыстаған себебін әзілмен жеткізді

  • "Депутат әкемнен ұяламын" деген Dequine-ге мәжілісмен жауап берді

Сонымен қатар әншінің жары, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бейбіт Сейдуәлиева да енесінің тіршілігінде керемет адам болғанын айтты. 

“Мен келін болып түскен күннен бастап, ол кісі қатты құрмет көрсетті. Танымал адам, халықтың алдында жүреді деп үнемі қамқорлық жасап отыратын. Ауыр жұмыс істеткізбейтін. Ауылға барғанда Тоқтар көлікпен, мен пойызға мінемін. Сол кезде енем “Генерал келін келе жатыр” деп абысындарымды аяғынан тік тұрғызатын көрінеді. Әлі күнге дейін сағынамын. Біздің қолымызда болып, содан кейін ауылға кеткісі келді. Сол кезде менің бетімнен емес, маңдайымнан сүйді. Әдетте тек бетімнен сүйетін. Қолын жайып тұрып, батасын берді. Сол кезде соңғы сапарға кететінін біліп жүр екен ғой”, – деп жылап қалды Бейбіт. 

Еске салайық, Тоқтар мен Бейбіт үйлену тойларының қалай өткенін айтып берген еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.