Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан

Бас прокуратура экс-министр Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша БАҚ-та сотқа дейінгі тергеу нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланғанын атап өтті.

"Мұндай ақпаратты таратуды сотқа нақты іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруға жол бермеу мақсатында ықпал ету нысаны ретінде қарастыруға болады. Сот қызметіне араласуға жол берілмейді және оған сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық кодексінің “жалған ақпарат тарату” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Бас прокуратура азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын заңды құрметтеу, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға және сот қызметіне кез келген түрде араласпауға шақырды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.