Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

8 ақпанға қараған түні Алматыдағы Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданында техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты сырғыма түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің ресми Telegram-арнасы

“Техногенді сипаттағы топырақтың батпақтануынан көлемі 3200 текше метр сырғыма түсті. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәлімдемесінде. 

Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

“Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті. Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастырады. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз”, – деп мәлімдеді ТЖД. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.