Кодексінің 06 бабының тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 29.95 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі29.95 Kb.
түріКодекс

ЖОБА

Іле аудандық мәслихатының 2013

жылғы 21 желтоқсандағы «Іле

ауданының 2014-2016 жылдарға

арналған аудандық бюджеті

туралы» № 27-125 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 106 - бабының 4 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №27-125 шешіміне (2013 жылғы 30 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2539 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы №1-2(4532) аудандық «Іле таңы» газетінде жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы «Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №28-130 шешіміне (2014 жылғы 21 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2592 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы №11(4542) аудандық «Іле таңы» газетінде жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 сәуірдегі «Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №30-143 шешіміне (2014 жылғы 14 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2657 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі №18(4549), №19(4550) аудандық «Іле таңы» газетінде жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі «Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №32-149 шешіміне (2014 жылғы 16 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2707 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы №23(4554) аудандық «Іле таңы» газетінде жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 тамыздағы «Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №36-174 шешіміне (2014 жылғы 15 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2826 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 22 тамыздағы №35(4566) аудандық «Іле таңы» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 63 915 687 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша 53 381 706 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 52 276 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 293 100 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша 10 188 605 мың теңге;

2) шығындар 65 615 668 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік алулар 48 988 034;

3) таза бюджеттік кредиттеу 50 126 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 63 324 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 13 198 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) −1 750 107 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 750 107 мың теңге».

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Мәслихат сессиясының

төрайымы


Аудандық мәслихаттың

хатшысы

______________ Б. Сүлейменова

____________ Е. Тұрымбетов

«КЕЛІСІЛГЕН»
«Іле ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы Естеусізова Гүлнар



Таутайқызы

«15» қазан 2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет