Кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 27.98 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі27.98 Kb.
түріКодекс


ЖОБА

Іле аудандық мәслихатының

2015 жылғы 22 желтоқсандағы

«Іле ауданының 2016-2018 жылдарға

арналған бюджеті туралы» № 52-243

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-243 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 30 желтоқсанында № 3654 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2016 жылдың 8 қаңтарында № 2-3 (4638) жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 ақпандағы «Іле аудандық маслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 54-252 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 16 ақпанында № 3716 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2016 жылдың 26 ақпанында № 11 (4646) жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі «Іле аудандық маслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 2-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 7 сәуірінде № 3777 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2016 жылдың 15 сәуірінде № 22 (4657) жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы «Іле аудандық маслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 4-20 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 31 мамырында № 3873 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2016 жылдың 10 маусымында № 30 (4664) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 82 454 465 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 67 340 613 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 51 900 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 126 200 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 14 935 752 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 6 524 254 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 8 411 498 мың теңге;

2) шығындар 83 266 528 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 48 011 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 69 993 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 21 982 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 5 910 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 882 056 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 887 966 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына (келісім бойынша Естеусизова Гүльнар Таутаевна) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.



5. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Іле аудандық мәслихатының сессия төрайымы


Іле аудандық мәслихатының

хатшысы

______________ С. Нұрғисаева

______________ Р. Абилова





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет