Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 62.95 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі62.95 Kb.
түріКодекс

ЖОБА

Қызылорда облысының елдi мекендерiнде

иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау

Ережесін бекiту туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 заңының 10-бабына сәйкес және Қызылорда облысының елді мекендерінің ұсыныстарын ескеріп, облыстық мәслихат ШЕШТІ:



  1. Қоса берілген иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.

  2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.


Қызылорда  облыстық Қызылорда облыстық

мәслихатының мәслихатының

сессиясының төрағасы  хатшысы

И. Тілеп     Б. Еламанов

ЖОБА


Қызылорда облысының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Ережесі


  1. Жалпы Ережелер

      1. Иттер мен мысықтарды күтiп ұстау және серуендету осы Ережесi (әрi карай-Ереже) негiзiнде Қызылорда облысының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды күтiп ұстауын белгiлейдi.

2. Ережелер, меншiктiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

3. Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес дайындалып, жасалды.


2. Иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау шарттары
4. Иттер мен мысықтарды (әрi - жануарлар) ұстау иелерiне санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелердi және ветеринарлық нормативтердi сақтау керек.

5. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерiнде және көп қабатты тұрғын үйлердiң пәтерлерiнде ұстауға рұқсат етiледi, бiрақ иттердi тұрғын-үй жайларда және көппәтерлi тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесi тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы тиiс.

6. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын (ас әзiрлеуге арналған бөлмелерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, үйдiң шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында және тұрғын-үй жайларда (иелерге жеке меншiк құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану және басқа заттық құқығында) үй маңындағы жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде ұстауға рұқсат етiлмейдi.

7. Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарда, саудалық және өндiрiстiк дүкендердiң бөлмелерiнде, мектепке дейiнгi және бiлiм мекемелерiнде, әлеуметтiк-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелерде жануарларды ұстауға және әкелуге рұқсат етiлмейдi.

8. Жеке тұрғын-үй жайлардың иелерi иттердi олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстау тиiс, иттiң барлығы жөнiнде үй-жайдың кiреберiстегi қақпада ескерту кестесi болу керек.

1

9. Жануарлар қоғамдық орындарда ертiп жүретiн тұлғаларсыз болған жағдайда, дүкендердiң, емдiк мекемелердiң, дәрiханалардың, тұрмыстық қызмет көрсететiн кәсiп орындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, бақылаусыз болып есептеленедi және жергiлiктi атқарушы органмен мемлекеттiк сатып алулар жүргiзу арқылы бақылаусыз жануарларды аулаудың тәртiбi мен шарттары реттелетiн шарт жасасқан тиiстi ұйымдармен аулану тиiс.



Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметiн техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледi.

10. Иттердi таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге рұқсат етiлмейдi.

11. Одан әрi ұстау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ит пен мысықты басқа иеге берiлуi немесе қаңғырған жануарларды аулауды және қараусыз (бақылаусыз) жануарларды ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсырылуы тиiс.

12. Иттер мен мысықтар ветеринарлық паспортын алу жолымен тiркеу процедурасын өту керек.



3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртiбi

13. Иттер мен мысықтар иелерi мiндеттi:

1) иттер мен мысықтарды осы Ережелердiң талаптарына сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге тиiстi;

2) айналасындағылардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдап, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi және нормаларды, гигиеналық нормативтердi, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелердi және ветеринарлық нормативтердi сақтаулары керек;

3) жануарлар адамдарды сiлекейлеу, тырнап алу, тiстеген, оны құтыру ауруына деп күдiктену ретiнде қарауға болады, барлық жағдайлар туралы, ветеринарлық және тиiстi денсаулық сақтау мекемелерге дереу хабарлау.

4) жануардың кенеттен құлауы жағдайында, ауруға күдiктi болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуiне дейiн оқшауландырады немесе шұғыл жануарды қоғамдық көлiктердi пайдаланбай, ветеринарлық дәрiгерге апарады.

5) жануарлар өлексесiн мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кiдiрiксiз шаралар қолдану;

6) өздерiнiң жануарларының ветеринарлық-санитарлық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн уақытылы вакцинация және диагностиканы қамтамасыз ету.

14. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекiтiлген фактiлерге күдiктенгенде, алғашқыда көрсетiлген инфекцияға қарсы иммунизация процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда кейiнгi

2

жойылуға тартылады.



Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 30-бабы 1-тармағына және 10-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес жүзеге асады.

4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртiбi

      15. Иелерi иттер мен мысықтарды серуенге шығарғанда келесiлердi орындауы тиiс:

1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарда, мектепке дейiнгi мекемелерiнiң телiмдерде, мектеп алаңдарда, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерiнiң аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де иттер мен мысықтар кiреберiстердi, баспалдақ алаңдарды, спорттық, балалар алаңдарынды, газондарды, тротуарларды, саябақ және скверлер аумақтарын экскременттерiн қалдырса, оны жануарлар иелерi дереу жинайды.

2) иттердi арнайы бөлiнген орындарда серуендету жүзеге асады.

3) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлiктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттердi қысқа тiзгiнде және тұмылдырықта ұстау. Иттердiң декоративтi түрлерiн және мысықтарды сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады.

4) халқы аз жерлерде иттердi ұзын тiзгiнде және тұмылдырықта серуендету (иттердiң декоративтi түрлерiнен басқалары) рұқсат етiледi. Серуендетудiң қоршалған орындарда, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттердi тұмылдырығынан шешпей, тiзгiннен жiберуге болады.

5) иттердi түнгi уақытта серуендету (23-тен 6 сағатқа дейiн) олардың иелерi қалыпты демалысқа және жеке тұлғалардың тыныштылығына қарсы туғызбайтын, тыныштықты сақтаудың шараларын қабылдауы тиiс.

6) iшiмдiк iшкен тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттердi серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде және көлiктерде жүруге рұқсат етiлмейдi.

7) иттер мен мысықтарды серуендету жағажайларда, қоғамдық шомылу жерлерде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарда және су бөгеттерде жануарларды шомылдыру және жуу рұқсат етiлмейдi.
5. Иттер мен мысықтар иелерiнiң құқықтары
16. Тiркелген иттер мен мысықтар иесiнiң меншiгi болып табылады және кез-келген меншiк ретiнде заңмен қорғалады.

3

6. Қорытынды жағдайлар

17. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн иттер мен мысықтардың иелерi Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 311-бабына сәйкес жауапкершiлiк етедi.



4


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет