Көңілді күлкі сыйлады



жүктеу 13.41 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі13.41 Kb.

Көңілді күлкі сыйлады

«Жетісу» 3 маусым 2008 жыл №62




Жадыраған жаз айымен бірге келетін балдырғандардың сүйікті мерекесі Талдықорған қаласында да өз деңгейінде аталып өтті. Бұл күні жасөспірім талдықорғандықтар қаланың орталық алаңына қарай ағылды. Мұнда оларды көңілді күлкі мен мазмұнды концерт, ертегілердің небір ғажайып кейіпкерлері күтіп тұрған болатын.

Концртке «Жетісу жұлдыздары», «Балдәурен» сияқты шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен Н.Тілендиев атындағы балалардың саз мектебі, балалардың өнер мектебі сияқты оқу ордаларының өнерпаздары, «Айгөлек», «Туған тел», «Ачим-ноуль», «Алтын дән» сияқты белгілі өнер ұжымдарының өкілдері қатысты.

Алаңның екінші шетінде спорт ойындары қызу ойналып жатты. Бір мезгілде қаланың футбол алаңдарында аула командалаларының жолдастық кездесулері өткізілді.

«Казкоммерц-Life» сақтандыру компаниясы дәл мереке күні ересектердің назарын балалар жарақаттануының алдын алу мәселесіне аударғанды жөн деп тауыпты. Содан кейін де аталған компания басшылығы үш жастан он екі жасқа дейінгі балдырғандарды «Өмірге жол!» тақырыбымен асфальтқа сурет байқауына қатысуға шақырды. Осылайша Тәуелсіздік көшесі келіп тірелетін орталық алаң мен «Сказка» мейрамханасына дейінгі аралық уақытша болса да балдырғандардың шығармашылық мекеніне айналды. Бұл байқауға екі жүзден астам жасөспірім талдықорғандық қатысты. Жеңімпаз деп танылған Дана Абай, Бауыржан Әбди және Оэлун Мажитова дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Осы күні балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент пен облыстық ата-аналар комитетінің және «Бір сағаттық күйеу», жастардың «Жетісу» әлеуметтік қоры, «Гум» сияқты демеуші ұйымдардың өкілдері «Айналайын» балалар үйі мен жасөспірімдерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында болып, сыйлықтар мен тәттілер үлестіріп қайтты. Бұл жерлерде де балдырғандар үшін қызықты мереке ұйымдастырылды.
Каталог: fileadmin -> user upload -> files -> Almaty obl
Almaty obl -> №251 (25221) 13 тамыз сәрсенбі 2008 жыл
Almaty obl -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл
Almaty obl -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайтында орналастыру үшін Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат
files -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
files -> Постановление Правительства Республики Казахстан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет