«Көңілді марғаулар» (Ортаңғы топ балаларға арналған кешенді іс-әрекет) Амангельдинова А



жүктеу 55.25 Kb.
Дата18.04.2019
өлшемі55.25 Kb.

«Көңілді марғаулар»

(Ортаңғы топ балаларға арналған кешенді іс-әрекет)

Амангельдинова А.З СҚО. Уәлиханов ауданы

«Балдәурен» бөбекжай-

бақшасы МКҚК.

Тәрбиеші.



Іс-әрекеттің мақсаты:

1. Балалардың образдық қабылдау мүмкіндіктерін дамыту, басқа кейіпке түсе білуі, гриммен жұмыс істеу-арттерапия тәсілдерін қолдану.

2. Балаларды белсенді ойын іс-әрекетке қатыстыру, музыкалық және әдебиет тәсілдерді қолдану.

3. Ұжымдық жұмыстың белсенділігін көрсету, сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану (саусақты кескіндеме).

4. Қиялды елестетуді дамыту, суырып салуды қолдану.

5. Балалардың көңіл-күйін көтеру.

Іс-әрекетке дайындық.

- Мысықтардың суреттері.

- Грим және мақта таяқшалары немесе косметикалық қара және қоңыр қарындаштар, гримді сүртетін сүлгі.

- Құралдар: шулы оркестрге арналған (түрлі салымдары бар қорапша, суы бар ыдыс, қағаз) барлығы әдемі безендірілген үлкен қорапшада.

- Себетке салынған түрлі-түсті орама жіптер (ақ, қара, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызыл, қоңыр)

- Суретке: ұжымдық жұмысқа арналған«аквариум» фоны; қызыл, сары, қызғылт сары, көк түсті гуаштар; дымқылдатылған губкалар.

- Сулы сүлгілер, қол жууға арналған су құйылған екі ыдыс, құрғақ сүлгілер.

- Тәрбиеленушілерге сыйлыққа мысықтардың суреттері бейнеленген календарь

- Үнтаспа: «Марғаулардың биі» . «Көңілді тышқан».

- Дәм татыру - кешені – «балықтар» (печенье)



Іс-әрекет жоспары және жүргізу тәсілдері.

1.Тәрбиеші балаларды кілем үстінде шеңбер жасап отырғызады да балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:

Шықпайды үйден

Тоны жібектен

Күндіз ұйықтайды

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады

Сол аңды үйден табады

Білдіңдер ме, бұл - ........ мысық.



Тәрбиеші мысықтың суреттерін көрсетіп әңгімелейді.

Мысық – ол ең сүйікті үй жануарларының бірі. Бұл таңқаларлық жануар; тәуелсіз және тәкккәппар; мейірімді және сүйкімді, ақылды. Сендер білесіңдер бұл пырылдауық жануарларды? Балалардың жауаптары: Мысық.

Олар қалай дыбыстайды? (Мяу-мяу)

Бір-біріне ұқсас мысықтар жоқ. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мамығында және көздерінің түстерінде, мінездері де әртүрлі. Ұзын мамықты және мамығы қысқа мысықтар болады.. Мысықтардың қасы мен мұрттары оларға иістерді сезуге көмектеседі. Құйрығы мысықтың көңіл-күйін көрсетеді. Мысықтар - байсалды, ойыншыл және ашулы болып келеді.

Мысықтар жүгіруді, ойнауды жақсы көреді. Олар тамаша аңшылар. Олар нені аулайды? (Балалардың жауабы).

Мысықтар не жегенді ұнатады? (Балалардың жауаптары)

Мысықтар өте ақылды жануар, көп біледі. Мысықтарды аңшылыққа, жуынуға, ойнауға кім үйретеді, білесіңдер ме?

(Балалардың ойлары)

Марғауларда балабақша, мектеп жоқ, оларды Мысық-ана кішкентай кезінен үйретеді.



Мысық-ана өз марғауларын қалай үйрететінін білгілерің келе ме? (иә)

Ендеше біз мысықтарға айналамыз, мен Мысық-ана боламын, ал сендер менің тәртіпті, ақылды, көңілді марғауларым боласыңдар.



(Тәрбиеші айнаның алдында гримм жасап, мақталы таяқшамен мұрнын және мұртын салады. Балаларға да гримм жасауды ұсынады).

- Міне біз марғаулармыз.

«Мысық-ана күні бойы марғауларын үйретеді,

Мысық-ана сияқты әр марғау мұртты»



Марғау (баланың атын атап) –

- Ержан - Ең аппақ

- Әдия - Ең қайсар

- Нұрдина - Ең таза

- Нұржігіт - Ең жүйрік

- Замира - Ең мамықты

- Мейрам - Ең тырнақты

- Гүлім - Ең мұртты

- Айсұлу - Ең ала денелі! Т.с.с. (барлығын мадақтау!)

Мысық-ана барлығының бастарынан сипайды.

Ойын ойнауды ұсынады: кілемге жатып ішінен арқасына домалап айналу; аяқтарын жоғары көтеріп ойнау; артқы аяқтарына отырып, құлақтарын қасу, өз құйрығымен көңілді ойнау. Марғаулар шаршады, доп-домалақ болып, шумақ жіп құсап оралып ұйықтап қалды... Оларға жылы пеш пен тәтті сүт түстеріне кіреді. Марғаулар ләззәттана пырпырлайды: Мур-мур, мур-мур.

-Марғаулар, тұрыңдар, ояныңдар! Бізді қызықты оқиғалар тосып тұр!



2. Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды.

- Менің марғауларым жүгіруді, секіруді, ойнауды, әрине билеуді де қатты ұнатады!

-Кәнекей, балақайлар, 1,2,3,4,5 бұйрығымен көңілді би билейміз!

«Марғаулар биі» билейді (әні мен сөзі М. Картушкина)

Тырнақтарымен тырнайды, жуынады, сүт ішеді, торғай ұстайды, секіреді орнында тұрып т.б Тәрбиеші әрі қарай әр түрлі жүрістерді көрсетеді.

Мысық-ана: « Марғауларым жақсы биледі» - деп мадақтайды.

3. Жұмбақ шешу

Үстел астында футбол добы

Марғаумыз біз өте шапшаң,

Жіптен жасалған.

Допты- ол табанымен жүгіртеді,

Бұл доп – бауырсақ, аты оның....шумақ!

Марғауларым, қараңдаршы, менің себетімде қанша түрлі-түсті жіптен жасалған шумақтар жатыр, барлық жіптер оратылып қалды. Маған сендердің көмектерің керек, мына оратылған жіптерді түсіне қарай жинап беріңдерші.

Марғауым...(Замира), сенің жібің қандай түсті? Ал сен, Ержан- марғауымда жіптің түсі қандай? (әр балаға осылай сұрақ қою).



- Ойын: «Түсіне қарай жина» ( 1 түсті жіп бала санынан артық болуы керек). Балалар өз жіптерін тауып жинайды.

- Рахмет, мақұл, марғауларым. Табандарың қандай икемді. Тез арада жіптің жұбын тауып жинап бердіңдер. Жарайсыңдар!



4. Тәрбиеші балалардың назарын үлкен әдемі безендірілген қорабқа аударады.

- Марғауларым, қараңдаршы, қандай әдемі, үлкен қорапша!

Мұнда не бар екен? Көрейікші! Бұл не? (шулы аспаптарды алып шығады)

Бұл мысықтардың музыкалық аспаптары, олар шуылдайды, бүлкілдейді, тарсылдайды (тәрбиеші әрбір аспапты ойнатып көрсетеді, балалар мұқият тыңдайды).



- Бұл аспаптарда ойнағыларың келе ме?

Кәнекей, үлкен мысықтар оркестрін ұйымдастырайықшы. Өздеріңе ұнаған аспаптарды таңдап алыңдар. ( бала санына қарағанда, 1 аспап артық болуы тиіс). Музыка әуені ойналған кезде, біз де ойнауды бастаймыз.



- «Шулы оркестр» (үнтаспа «Көңілді тышқан»)

- Қандай көңілді ән болып шықты! Тамаша! Менің марғауларым жақсы ойнауға тырысты.

- Мына шыққан әнге қандай мінездеме бересіңдер? (Балалардың жауабы).

5. Тәрбиеші балаларды сурет салуға үстел басына шақырады.

- Мына тағы бір жұмбақтың шешуін табыңдаршы!?



«Үстел үстінде шыны көл, онда балықтар тұрады» (Аквариум)

Барлық мысықтар аквриумдағы балықтарды бақылауға ұнатады: олар шомылады, жүзеді, үстіне және астына сүңгиді....

- Марғауларым, қараңдаршы, балалар қандай үлкен аквариумның суретін салған (үлкен ақ қағазға салынған аквариумның суреті – бұл ұжымдық жұмысқа салынған реңі).

-Бұл аквариуда не бар екен? (Су , балбыраулар, ұлу, тастар).

- Не жетіспейді мұнда? (Балықтар).

Балалар аквариумды салуға күштерін аямады, бірақ... балықтарды салуға уақыттары жетпеді, өйткені серуенге шығып кетті.

Ал марғаулар сурет салуды ұнатады ма?(иә)

Менің марғауларыма сурет салу қатты ұнайды, бірақ қылқаламмен емес, табандарымен. Үйретейін бе сендерді?



Тәрбиеші тәсілімен таныстырады: алақанымызды қосылған саусақтарымен бояуға малынған губкаға бастырамыз, содан соң аквариумға алақанымызды жапсырамыз. Міне балық болып шықты. Бірақ оның басы қайда? Құйрығы ше? Балық жақсы жүзу үшін саусағымызбен оған жүзетін құйрығын жасаймыз. Бізді балық көруі үшін саусағымызбен оған көз жасаймыз.

(Балалардың жұмысы. Көмектесу)

Аквариумды тамашалаймыз.

-Қанша әдемі балықтар тұрады біздің аквариумда? Олар түрлі-түсті, әдемі, көңілді.

Біздің балықтарымыз аквариумның барлық шеттерінде, балбырауда тығылады. Марғаулар- балықтарды жеуді жақсы көреді, бірақ біз өзіміздің балықтарымызды жемейміз. Біз оларды тамашалаймыз.

- Ал мен сендерді басқа балықтармен дәм татырамын (Марғаулар қолдарын жуады, су құйылған ыдыста).



Қорытынды: Сүйікті, Марғауларым! Бүгін сендер көп нәрсе үйрендіңдер, біз не істедік? (Биледік, ойнадық, сурет салдық) Сендерге не ұнады? (Балалардың жауабы).

Маған да Мысық-ана болуға және сендермен ойнауға да ұнады. Мен сендерді суретке түсірейін, естелік болсын. Ал мынау сендердің суреттерің (балаларға календарь сыйлайды).
Каталог: uploads -> doc -> 0d6a
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d6a -> Таќырыбы: Автоматты атысќа дайындау тєртібі мен атыс ережелерін саќтауды ‰йрету


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет