Койшинова Г



жүктеу 1.08 Mb.
бет1/7
Дата13.12.2017
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Алимбетов У.С., Койшинова Г.К., Калиева А.Е.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРИХЫ



Өскемен, 2010


Алимбетов У.С., Койшинова Г.К., Калиева А.Е.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРИХЫ
Оқу құралы

Өскемен, 2010


УДК 338.48 (1-87) (075.8)

Авторлар:
Алимбетов У.С. – экономика ғылымдарының докторы, профессор

Койшинова Г.К. – «Менеджмент және маркетинг» кафедра меңгерушісі, э.ғ.к.

Калиева А.Е. - «Менеджмент және маркетинг» кафедра оқытушысы

Пікір жазған:
Есимжанова С.Р. – экономика ғылымдарының докторы, профессор

АЛИМБЕТОВ У.С., КОЙШИНОВА Г.К., КАЛИЕВА А.Е.

Халықаралық туризмнің тарихы: Оқу құралы, Өскемен. – 2010. – 71 бет.
ISBN 978-06-0796-7
Туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипатталады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтірілген. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері де беріледі.

Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналады.


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Әдістемелік Кеңесінің отырысында 2010 ж. 21 желтоқсанында № 3 хаттамамен бекітіліп, баспаға жіберілді.

УДК 338.48 (1-87) (075.8)

ISBN 978-06-0796-7  У.С. Алимбетов,

Г.К. Койшинова,

А.Е. Калиева







МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ...............................................................................................

4

І.

ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ..............

5

1.1

Туризм тарихының нысаны мен пәні ................................................

5

1.2

Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері ...............................

6

1.3

Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ................................................

6

1.4

Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ..............................

7

ІІ.

ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ....................

9

2.1

ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм .................

9

2.2

Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм .............

11

2.3

XVII және XVIII ғасырлардағы туризм .............................................

13

2.4

ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм....................................................................................................

14


2.5

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм ...................................................................................................

17


ІІІ.

БҰРЫНҒЫ КСРО-ДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ. РЕСЕЙДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (ХVІІІ-ХХ ҒҒ.) ..........................

20


3.1

Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін) ............

20

3.2

Кәсіпкерлік кезең (1890-1927 жж.) ....................................................

22

3.3

Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.) .........

24

3.4

Әкімшілік-нормативті кезең (1970-1990 жж.) .................................

25

3.5

Өтпелі кезең (1990 ж. бастап) ............................................................

26

3.6

КСРО-дағы туризм мен экскурсиялар. 1917-1927 жж. туристік-экскурсиялық жұмыс ...........................................................................

27


ІV.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ...................

30

4.1

Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы ...............................................

30

4.2

Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері ..................

32

4.3

Әлемдік туризм дамуының кезеңдері ...............................................

35

4.4

Халықаралық туризмнің дамуы .........................................................

37

4.5

Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу ..................................

40

4.6

Туристік ұйымдардың түрлері ...........................................................

43




ГЛОССАРИЙ .....................................................................................

49




МАҢЫЗДЫ САЯХАТТАР МЕН ЖОРЫҚТАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ ..................................................................................

51





ТЕСТЕР ...............................................................................................

60




ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ ........................................................................

69




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................

71


КІРІСПЕ 
Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.

Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.

«Халықаралық туризмнің тарихы» пәнін оқу қазіргі жағдайда әлем туризмі дамуының негізгі кезеңдері туралы білуге мүмкіндік береді.

Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған.

Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең «аристократтық» туризм деп аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік сапарлар халықтың ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды.

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.

Бұл оқулықта туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипатталады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтірілген. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері де беріледі.

Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналады.

Бұл оқулықты оқығаннан кейін студент мыналарды біле алады:

- әлемдік туризмнің даму кезеңдерін;

- дүние жүзінде туризмнің тарихи дамуын;

- туризм дамуының хронологиясын;

- туризм географиясының даму тарихын;

- халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы мен Қазақстан Республикасында туризмнің даму тұжырымдамаларын.




І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні
Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты болып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.

Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.



Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм элементтерінің жиынтығы немесе тарихи-мәдени және тарихи-әлеуметтік құбылыс (немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі болып табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар зерттеу нысанына әртүрлі жағынан келеді, яғни оқып зерттеу пәні әртүрлі болып келеді.

Курстың пәні болып баратын жерлері мен өмір ырғақтарын өз еріктерімен уақытша өзгертетін, барған жерінің қоршаған ортасымен жеке байланыс орнататын жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болатын әлеуметтік-мәдени институттар формаларының даму заңдылықтарының шеңбері қарастырылады. Бұндай институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қозғалыс құралдары мен жолдары, олардың жаңа жерлерге барған кездерінде қауіпсіздік қызығушылығын, тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету құралдары, туризмге қатысты заңнамалар кіреді.

Тарихи дамудағы туризмнің жекелеген элементтерін әртүрлі пәннің өкілдері өздерінің көзқарастары бойынша зерттеуі мүмкін. Әлемнің елдері туралы ғылыми түсініктер мен білімдердің дамуын география тарихы оқып зерттейді. Ал теңіздер мен мұхиттарды және оларда жүзуді зерттеудің дамуын – теңізде жүзу тарихы, көлік құралдарының дамуы мен кеңістікте қозғалу үшін жануарларды пайдалануды – көлік тарихы, қатынастың құрлықтық жолдарының дамуын – жол ісінің тарихы зерттейді. Туризмді реттейтін заңдылықтардың дамуын құқық тарихы зерттесе, ал туристердің көргісі келетін тарихи және мәдени ескерткіштердің дамуын, олардың шоғырлану орындарын, табиғат нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып зерттейді. Зерттеу мақсатындағы саяхаттардың тарихы географиялық білім тарихын оқып зерттеудің, нақты бір жекелеген жердің тарихи өткені туралы, оның табиғаты, экономикасы, тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып табылады.

Жолда алған әсерлерін, саяхаттардың, жергілікті салт-дәстүрлердің сипаттамасын, оқырманға аз белгілі елдер, жергілікті жерлер, халықтар туралы жаңа мағлұматтарды қамтитын саяхатшылардың жазбалары мен күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм тарихы бойынша қайнар көз болып табылады. Бірақ та, әдебиет тарихында бұл жанрға болған саяхаттар суреттемесіне қарай жазылған және қосымша идеялық-көркем міндеттерге (қызық оқиғалы, утопиялық, философиялық) бағындырылған ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы айтылғандардан көретініміз бұл пәндердің әрқайсысының туризм тарихын оқып зерттеу пәнінен айрықшаландыратын өзінің оқып зерттеу пәнінің бар екенін көреміз.
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері
Біріншіден, бұл оқу курсының басты мақсаттары мен міндеттерін анықтау қажет.

Ең алдымен – бұл жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен уақытша баратын орындарын ауыстыруының әлеуметтік, психологиялық және мәдени функцияларының дамуының жалпы суреттемесін қайта қалпына келтіру үшін туризм дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу. Сонымен қатар, туризм тарихының қайнар көзін зерттеу болып табылады. Бұл мақсаттарға келесідей міндеттер бағындырылған:



  • туризм дамуының алғышарттары мен жағдайларын ашып көрсету және оның кезеңдерін негіздеу;

  • адамзаттың қоғамдық және мәдени дамуымен байланысты туризм дамуының негізгі кезеңдерінің мазмұнын ашу;

  • әртүрлі уақыттарда әлемнің жекелеген аймақтарында туризм дамуының заңдылықтарын талдау;

  • әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақыттарда туризмге қандай әлеуметтік топтардың өкілдері қатысқанын анықтау;

  • туризмді қамтамасыз ететін мекемелер мен заңдылықтардың қызметін зерттеу;

  • әртүрлі тарихи кезеңдерде туризм тарихының көздерін зерттеудің ерекшеліктерін қарастыру;

  • туризм тарихын ары қарай зерттеудің негіздерін қою, оның қарастырылған мәселелерін қорытындылау және білімнің осы саласында арық қарай зерттеуге талпыныс беру.

Курстың міндетінің бірі – студенттерге өткен уақыттағы туризм дамуының әртүрлі заңдылықтарын анықтаудағы туризм тарихын оқып зерттеуді жеңілдету, қазіргі кезде болып жатқан үрдістермен салыстыру, туризм дамуының ары қарай жолын анықтау.
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері
Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға болады.

Тарихи-генетикалық тәсіл оқып зерттелетін жағдайдың сапалы тұрақтылығының шегін белгілеумен болатын құбылыстардың қозғалысын және өзгерістерді көрсетуді біріктіреді. Ол дамуды талдауға бағытталған және ол жалпы және ерекше сипаттамаларды құрамына енгізуі тиіс, бірақ суреттеуге тартады, әзірленген логикасы мен ұғымдық аппараты болмайды. Оның әдістемесі белгісіз әрі айқынсыз.

Бұл тәсілді тарихи-салыстырмалы тәсілмен біріктіруге болады. Бұ тәсіл әртүрлі құбылыстардағы сипаттардың ұқсастықтарын ашады және қоғамның тарихи дамуының қайталанғыш және ішкі шартталған сипатының болатынына негізделеді.



Тарихи-ретроспективті тәсіл қайта құру тәсілі ретінде қарастырылады және қазіргіден өткенге, салдарынан себебіне бағытталған. Бұл тәсіл үрдістердің әртүрлі стадияларын түсінуге және зерттелетін оқиғаның мәніне тереңірек кіруге мүмкіндік береді.

Тарихи-типологиялық тәсіл қарастырылатын құбылыстар мен объектілерге тән жалпы белгілер негізінде объектілер мен құбылстар жиынтығын сапалы түрдегі белгілі бір топтарға жүйелі түрде бөлуді мақсат етеді.

Тарихи-жүйелік тәсіл әртүрлі деңгейдегі тарихи жүйелердің қызмет етуін тек қана себепті шартталған ғана емес, сонымен бірге функционалды байланысқан жекелеген оқиғалардың, фактілердің, құбылыстардың мен тарихи үрдістердің түрі ретінде қарастырады.

Тарихи-мәдени тәсіл жеке адам тұлғасының, оның ұмтылыстарымен, сенім-нанымдарымен, қызметімен бірге әлеуметтік-психологиялық зерттеуге назар аударады. Бұнда белгілі бір мақсаттарды көздеген атақты тұлғалардың да, қатардағы адамдардың да қызметін, олардың қоршаған әлемге қатынасын зерттейді. Бұл тәсіл тарихи үрдіске тартылған адамдардың биографиясын зерттеуді қамтиды. Тарихшы М.Блок былай деп айтқан: «нағыз тарихшы ертегідегі адам жегішке ұқсас. Қай жерде адамзаттың иісі шығатын болса, сол жерде оны олжа күтіп тұратынын білген.» Өткендегі туристердің биографиясын зерттеу туризм тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді, бұл дамудың мүмкін болатын болашақтағы бағыттарын анықтауға мүмкіндік ашады.
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру
Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы. Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Туризм тарихы бойынша кітаптарда келесідей кезеңдестірулер ұсынылады.

«Туризм тарихы» (Рим, 1958) атты Дж.Мариоттидің кітабында көнедегі туризм (Греция мен Рим), ортағасырдағы туризм, жаңа замандағы туризм (ХV-ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғ. және қазіргі кездегі туризм қарастырылады.

Л.П. Воронкова («Туризм тарихы: оқу құралы». – М.: МПСИ, 2001) көне саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлерінің тарихы, ортағасырлық мәдениеттегі саяхаттар, ұлы географиялық ашылулар кезеңі, ХV
І-ХVІІІ ғғ. еуропа мәдениетіндегі саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлері, ХІХ ғ. қонақжайлылық және туризм индустриясының дамуы, ХХ ғ. туризмніңң дамуы, ХХІ ғ. қарсаңындағы халықаралық туризм деп бөліп қарастырады.

М.В. Соколова «Туризм тарихы» кітабында келесідей кезеңдестіруді ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.

Туризм тарихын кезеңдестіру кезінде әлеуметтік-мәдени феноменнің ерекшелігіне қарау қажет және оны келесідей бөлу ұсынылады:


  • көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;

  • ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;

  • қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына бөлінуі (ХV-ХVІ ғғ.);

  • ХVІІ ғ., Ағарту кезеңінде (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) және ХІХ ғ. басында туризмнің саяси білім алу мен мәдени тәрбие алудың элементі ретінде рәсімделуі;

  • ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-шы жж. – ХХ ғ. соңы).

Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде туризм дамуының белгілі бір кезеңдерін бөлуге болады.

Туризмнің даму тарихын келесідей кезеңдерге бөлген:



  1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:

А) ежелдегі туризм;

Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;

В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм

2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм

3. Қазіргі заманғы туризм.

ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973 ж.) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:



  1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:

А) ежелдегі туризм;

Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;

В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм

2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм

3. Қазіргі заманғы туризм.
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм
Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар керуен – сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.

Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.

Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде V - VІ ғасырларды біздің заманға дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды.

Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.

Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын. Олимпия – ойындарды өткізу жер, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпияға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналады. Олардың ішінде сыйлы қонақтарда болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырады. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40 мыңға дейін адам сыйды.

Ойын – сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиядаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.

Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естүге мүмкіншілік алды.

Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.

Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.

Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.

Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.

Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.

Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қаала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.

Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.

Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae (қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария), Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.

Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.

Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет