Көкпекті аудандық кітапханасында өткен көпшілік іс-шаралар бойынша 016 жылдың қорытынды ақпараты. қантар күні аудандық кітапханада «Қазақстан Республикасының 25 жылдығы»



жүктеу 77.64 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі77.64 Kb.

Көкпекті аудандық кітапханасында өткен көпшілік іс-шаралар бойынша 2016 жылдың қорытынды ақпараты.

5 қантар күні аудандық кітапханада «Қазақстан Республикасының 25 жылдығы» кітап көрме безендірілді:

Кітап көрме 5 бөлімнен тұрды:


  1. Н.Ә.Назарбаетың қызмет хроникасы.

  2. Тәуелсіздік белестері

  3. Қазақстан әлем назарында

  4. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихи оқиғалар жылнамасы

  5. Желтоқсан жаңғырығы


Аудандық кітапханада 12 қаңтар күні «Тәуелсіз Казахстан» атты кітап көрме қойылып , кітапханашы Назкеева Раушан насихаттады.



  1. Тәуелсіздік шежіресі

  2. Тәуелсіздігімнің ерлік жолы

  3. Болашақты болжаған кемел еңбек

  1. Тәуелсіздік шежіресі

  2. Тәуелсіздігімнің ерлік жолы

  3. Болашақты болжаған кемел еңбек

27 қаңтар күні Аудандық кітапхана «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» семинарда ауылдық кітапханашыларды «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» интерактивтық көрмемен таңыстырды



2016 жылдың 12 ақпанда «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрме Улгулімалшы ауылының кітапханашы Байтуманова Фатима насихаттады.



13 ақпан Көкпекті ауданық кітапханасының ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған « Жамбыл салған ізбенен» тақырыбында кеш өтті. Кеш Жамбылдың балалық шағы атты деректі филъмінен басталды.Іс –шара барысында Жамбыл мен Құлмамбет айтысынан үзінді көрсетіліп,Сүйінбайдың бала Жамбылға бата бергені жайлы көрініс көрермен назарына ұсынылды.Кеш соңында ақынның «Ленинграттық өренім» поэмасынан монолог оқылды



2016 жылы 29 ақпанда ауыл кітапханашылары арасында «Үздік кітапханашы» байқауы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты: кітапханшылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапхана мен оның қызметкерлері, яғни кітапханашылардың мәртебесін көтеру болды.

Байқауға барлық ауылдық кітапханашылар қатысты. Олар эссе, слайд- көріністерді, бейне роликтер арқылы өз кәсіптерін жарнама ретінде ұсынды.

Байқаудың қорытындылары бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

I – орын А.Маркасанов (Ажа)

II- орын В.Есенбаева (Миролюбовка)

III- орын Ф.Байтұманова (Үлгілімалшы)



3 наурыз 2016 жыл «Независимый Казахстан» атты тұрақты кітап көрмесі безендірліп, қатысушыларға таныстырылды.



Осы мерекеге орай Көкпекті аудандық кітапханасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты семинар өткізілді.

«Тәуелсіздік-егемен елімде» атты тақырыптық слайд , «Желтоқсан –оқиғасы мәңгі есте» атты бейне ролик қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар ауылдық кітапханашылар тақырыптық баяндамаларын оқыды. «Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесі безендірліп, қатысушыларға таныстырылды.



15 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының 85 жылдығын атап өтуге арналған «Кітапхана білім кілті» дөңгелек үстел өтті.







31 мамыр күні ауданымыздың мәдени мекемелерінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде өткен еске алу кеші саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналды.

Кеш аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Алашорда» деректі фильмінің қойылымымен басталып, шара барысында арнайы қуғын-сүргін құрбандарына  арналған  слайд  көрсетілді.

Кеш барысында  мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған «Қайсар рухты Қайрат» атты сахналық көрініс көрермен көңілінен шықты.



1-Маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шара аталып өтті.

Кітапхана қызметкерлері балаларға арналған «Әлем балалар көзімен» атты кітап көрмесін ұйымдастырып,бейбітшілік әлемін бейнелейтін суреттен байқау ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балалар кітапханашылар ұйымдастырған әлем ертегілері, ертегілер кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап беріп,кім көп ертегі оқығанын дәлелдеуге тырысты.



4 маусым Көкпекті ауданық кітапханасының және Мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Рәміздер күніне» арналған іс-шара өтті.

Іс-шара Көкпекті аудандық кітапханасының дайындаған «Рәміздерім-мақтанышым» атты әдеби монтажымен басталды. Аудандық кітапханада «Қазақстан Рәміздері» атты кітап көрме ұйымдастырды слайд «Символы Республики Казахстан» көрсетілді.


27 маусымда Көкпекті аудандық кітапханасында Көкпекті ауданының мамандары бас қосты. Ақпараттық семинарды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы А.Т. Саржанов құттықтау сөзімен ашты. Облыстық Пушкин атындағы кітапхана директордың орынбасары Б.Ж Шагиева  сөз алып, жаһандық кітапхана қоғамдастығының  бағыттары туралы әңгімеледі. 

Жаһандық кітапхана қоғамдастығын дамыту тенденциялары және облыстық кітапханалардың міндеті  бүгінде барлық кітапханашыларды қызықтырып отыр. Өмір бір орында тұрмайды және кітапханалар да  қазіргі заманға сәйкес болуы тиіс.

Семинарда ЭКСПО-2017 көрмесінің  идеялары қарапайым эксперименттерді жүргізу арқылы қаралды. «Өлкетану кітапханада» секциясының жұмысын облыстық кітапхананың методикалық орталығының жетекшісі Р.С. Мязова жүргізді.

Семинарға қатысушылар «Идеялар мен  тәжірибе» ой талқысына бар ынталарымен қатысты. Әлеуметік желілерде креативті практика (Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай), «Бір ел - бір кітап», кітапханадағы үштілділік тақырыптары талқыланды. Ұсынылған жобалар мен идеялар қарастырылып,  кітапханаларда іске асырылады.

Кітапхана бүгінде мәдениет және білім орталығына айналуы тиіс. Ол үшін не істеу керек?  Қандай жұмыс формалары арқылы  қол жеткізуге болады? Семинар барысында осы мәселелер қарастырылды.

Мұндай семинарлар кәсіби білімді  жетілдіруде өте маңызды болып табылып, кітапхана өміріне жаңа көзқараспен қарап,  кітапхана жұмысының  даму перспективаларын  қарастыруға көмектеседі.

.




2016 жылы 22-қырқүйек күні Көкпекті орта мектебінің кітапхана залында

Көкпекті аудандық кітапханашысы мен Көкпекті орта мектебінің кітапханашысымен , ағылшын тілі мұғалімімен бірлесе отырып «Үш тұғырлы тіл» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 8-11сынып оқушылары ,мұғалімдері белсене қатысты.

Мақсаты:Әр ұлттың тіліне мәдени қатынас қалыптастыру,әр ұлттың тіліне сөлеуге дағдыландыру барысында оқушының ой-өрісін кеңейту.

Іс-шара кітап көрмені таныстырумен басталды,әр-түрлі үш тілдегі кітаптармен,сөздіктер көрмеге қойылды. «Үш тұғырлы тіл»атты слайд көрсетілді.Оқырмандар өздерінің білімдерін «Полиглотики» сайысында үш тілде көрсете алды .Сайысқа тускен топтар мақтау қағазымен марапатталды.

Аудандық кітапханада 14 қарашадан бастап 16-желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күніне арналып жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай біздің кітапханада «Тәуелсіз Қазақстан ғасырлар арманы» деген атаумен қарашаның 14жұлдызы күні барлық ауылдық кітапханаларда ашық кітап көрмесі қойылған . Қазақстанның өзі жүріп өткен 25 жылдық жолы - шежірелі тарихқа айналды. Сол шежірені хатқа түсіретін ең құнды дүниенің бірі - кітаптар. Тәуелсіздікті жасаған тұлғалардың, сол үшін күрескен ерлердің, тұлғалы азаматтардың жарқын, бедерлі істері бүгінгі кітаптарда, деректерде, мәліметтерде қамтылған. Егемендіктің 25 жылдығына арналған көрмеміз соның барлығынан сыр шертеді

.

Тәуелсіздік ол қасиетті, қастерлі ұғым. Ол жай ғана тәңірдің сыйы емес, ата-бабамыздың ғасырлар бойы күрескен, азаттық жолындағы қанды, дауылды жорықтарының нәтижесі болып табылады. Тәуелсіздіктің әрбір күнінің, әрбір айының, әрбір жылының тарихын жас ұрпақ білуі керек. Осы мақсатта -29 қараша күні аудандық кітапханада желтоқсан оқиғасына орай «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты сурет байқауы өткізілді.

Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу мақсатында 30-қараша күні «Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан» атты ақпарат сағаты аудандық кітапханада өткізілді.

Қазақстанның қазыналы тарихын , Қазақ елінің сан ғасырлық қалыптасу кезеңін, тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолын ашып көрсететін 6, 9- желтоқсан күндері «Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан» «Тәуелсіздік –ұлттық өрлеудің ұлы көші» тақырыбында онлайн көрсетілім өтті.

Желтоқсанның 13 күні аудандық кітапханада «1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 30 жыл» атты тарихи кеш өткізілді. Тарихи кеш әнұранмен басталып, Желтоқсан оқиғасына байланысты деректі фильм «Желтоқсан ызғары» көрсетіліп,баяндама оқылды. Тәуелсіздікті қаншалықты білетіндіктерін тексеріп сұрақ қойылды, Шалбаева Томирис, Рустембекова Анель, Махамбеков Али белсенді қатысты. Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты.



14-желтоқсан күні дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсанда үзілген жауқазын» атты тақырыптық кеш Көкпекті орта мектебінің 5 «а» сыныбының оқушыларымен өтті. Іс-шара барысында желтоқсан көтерілісіне қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев апаларымызбен ағаларымыз қатысқан -желтоқсан құрбандары өмірбаянымен таныстырылды. Желтоқсан құрбандарын үнсіздікпен еске алды.Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткергенін көрсететің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты деректі фильм ұсынылып көрсетілді. Сынып жетекшісі Тусупжанова ДариғаТөлеуғазинова іс-шараға өзінің пікірін айтып,тәуелсіздік мерекесіне тілегін тіледі. Кешке қатысушылар Вишнякова Милана,Акасов Руслан,Абишова Алуа тақырыптық кештен өздеріне керекті мағлұматтар алғандары айтып алғыс білдірді.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет