Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «7» наурыздағы №64 қаулысына 13 қосымша



жүктеу 93.37 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі93.37 Kb.



Көкпекті ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «7» наурыздағы

64 қаулысына 13 қосымша



«ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ведомствалары жоқ.

3. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 071011 Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, М.Толегенов көшесі 4 пәтер2, телефон номері 25 - 549, 25 - 550

10. Мемлекетттік органың толық атауы - «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) ауылдық округ әкімі қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік, құқықтық, ақпараттық, материалдық –техникалық қызмет көрсету;



2) ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және іске асыру, ауылдық округтің дамуын жүзеге асыруда соңғы нәтижелерді қамтамасыз ету.
15. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

  1. қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

  2. мемлекеттік бағдарламаларды орындау;

  3. мемлекеттік органның iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

  4. мемлекет және азаматтардың мүдделерін қорғау;

  5. ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.


16. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

  1. мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

  2. өз құзыреті шегінде анықтамалар, ақпараттар беру;

  3. кадр мәселесін шешу;

  4. халықты хабардар ету;

  5. насихаттау шараларын, (оқыту нысаны бойынша және т.б) құқық түсіндіру жұмыстарын, алдын алу шараларын жүзеге асыру;

  6. аудан әкімінің қатысуымен іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

  7. мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

  8. есепке алу, бағалау, талдау жұмыстарын жүзеге асыру;

  9. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

  10. ҚР заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.


17. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

  1. қажет болған жағдайда мәлімет, ақпарат беруді талап етуге, сондай-ақ орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;




  1. аудан әкіміне атқарушы билік органдарының қызметі мен құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;

  2. еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және өзге де ҚР заңдарының талаптарын сақтау;

  3. өз құзыреті шегінде Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету;

  4. облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындау;

  5. жоғары тұрған органдарға есептер мен ақпаратттар беру;

  6. ҚР заңдарында міндетті түрде орындалуға тиісті өзге де іс шараларды орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  2. Ауылдық округ әкімін ауданның мәслихаты аудан әкімі ұсынған және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген жиырма бес жасқа толған кандидатуралар арасынан баламалы негізде төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

  3. Ауылдық округ әкімін аудан әкімі жергілікті қоғамдастық пен облыс әкімінің келісімімен қызметтен босатады.



21. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1. Ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
     4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
      4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;
     5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
     6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
     7) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

  8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк

қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;


    10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;


   12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16)  шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) аудандық мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

 18) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

      19) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;


       20) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
     21) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
1-1. Ауылдық округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
2. Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкімнің алдында жауап береді.

3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

4. Әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

5. Әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.

6. Әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.

7. Әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.

    Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімнің қабылдауы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  8. Жоғары тұрған әкiм, әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.

22. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға - орындайды.

23. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округінің әкімі басқарады.



4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырады.

25. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет