Көкпекті ауданы әкімінің М. А. Р. Н. Сағындықовтың есепті баяндамасы құрметті, көкпектіліктер! Биылғы есепті кездесулер Елбасының «Қазақстан-2050»



жүктеу 368.41 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі368.41 Kb.
түріСынақтар

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М. А. Р.Н.САҒЫНДЫҚОВТЫҢ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫ



Құрметті, көкпектіліктер!

Биылғы есепті кездесулер Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қойылған міндеттер аясында өтіп жатыр.

Ел Президенті, Н.Ә.Назарбаев айтқандай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Жаңа Жолдауда халықты біріктіретін осындай идея жатыр. Қазақстанның стратегиялық артықшылығы дағдарысқа қарсы шаралардың шабуылдық сипаты болып табылады, бұл әлемдік экономикадағы ауыр жағдайға қатысты экономикалық серпіліс үшін тұғырнама даярлауға қатысты. «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясаттың мультипликативті әсер беретін тұғыры да осында. «Нұрлы Жол» бағдарламасы - әрбір азаматтың, яғни, ол басшы болсын, мұғалім немесе қандай да бір сала маманы әлде қарапайым тұрғын болсын, барлығының басшылыққа алатын құжаты болуы тиіс. 

 

Құрметті, жерлестер!

Өткен есепті кездесулерде Сіздермен 20 мәселе көтерілген болатын, оның барлығы бүгінде шешімін тапты. Осылайша, Преображенка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, Мариногорка ауылының мектебіне биология кабинеті Үлгілімалшы, Палатцы, және Қарақол ауылдарының мектептеріне химия кабинеттері, Раздольное ауылының мектебіне физика кабинеті сатып алынды. Жұмба, Биғаш ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ж.Шайжүнісов атындағы және Октябрь мектептері ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді, Теректі ауылының клубы және Жансүгіров атындағы мектептің спорт залы ағымды жөндеуден өтті. Сарыбел ауылының мектебіне «Газель» автокөлігі сатып алынды. Теректі, Бастаушы, Көкпекті, Самар ауылдарын сумен қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін қаражат бөлінді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру

Аудан экономикасының тұрақты және үйлестірілген дамуына бағытталған мемлекеттік және салалық Бағдарламалар сәтті жүзеге асуда.

Үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы бойынша барлығы 546,5 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асуда: «Елім-ай – Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені, «Елдар» шаруа қожалығындағы «бие сүтін қайта өңдеу», «ильменит құмдарының Сатпаев кен орнында екінші кен байыту фабрикасының құрылысы», «балықтың бағалы түрлерін кешенді қарқынды өсіру жөнінде шаруашылық құру».

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 296,7 млн. теңгеге 2 жоба жүзеге асуда: «Елім-ай - Көкпекті» АӨК жобасының инженерлік инфрақұрылымын дамыту» және «Көкпекті - Жолдары» ЖШС «асфальт-бетон қоспаларының өндірісі».

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 535,8 млн. теңге, «Өндіріс - Даму» Бағдарламасы бойынша 74 млн. теңге инвестицияланды.

«Агробизнес - 2020» бағдарламасы шеңберінде миллиард теңгеден артық алынды. Ағымдағы жылы 247 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 787,4 млн. теңге субсидия бөлінді, соның ішінде: өсімдік шаруашылығы бойынша – 448,9 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша – 297,8 млн. теңге, инвест.субсидиялау бойынша – 47,5 млн. теңге.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 771 бас ірі қара мал, соның ішінде 147,07 млн.теңге сомасына 27 бас бұқа сатып алынды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 390 бас мүйізді ұсақ мал, соның ішінде 8,475 млн. теңге сомасына 14 бас қошқар сатып алынды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 100 бас жылқы, соның ішінде 29,76 млн. теңге сомасына 8 бас айғыр сатып алынды.

«Жайлау» бағдарламасы бойынша 60 млн. теңге сомасына 2400 бас мүйізді ұсақ мал сатып алынды.

«Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі егін жұмыстарына ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 43,5 млн. теңге бөлінді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 60,4 млн. теңге, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 29,3 млн. теңге игерілді.

Барлық бағдарламалар бойынша ауданға 2,6 миллиард теңге инвестицияланды, бұл ірі қара малдың 2241 басқа, жылқының 206 басқа, қойдың 4104 басқа өсуіне ықпал етті. 145 млн. теңге инвестиция тартылды, 224 жаңа жұмыс орны құрылып, 1,2 млн. теңге салық төленді.

Экономика

Жалпы өңірлік өнім 19 млрд.149 млн. теңгені құрады.

Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы ауыл шаруашылығы 84,9 пайызды өнеркәсіптің үлесі 15,1 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі - 16 млрд. 253 млн. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдан 9,3 % төмен.

Өнеркәсіпте 2 млрд. 896 млн. теңгенің өнімі өндірілді, өсу қарқыны 112,2%.

Келесідей көрсеткіштер бойынша өсімге қол жетті:

негізгі капиталға инвестиция көлемі - 27,9%;

құрылыс жұмыстарының көлемі - 42,3%;

әрекеттегі кәсіпорындар саны - 36,8%;

шағын бизнестің белсенді субъектілерінің саны 5,4%;

бөлшектік тауар айналым көлемі - 39,5%.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны былтырғы жылдың деңгейінде қалды (94).

Күнкөрісі төмен азаматтар саны 0,9%-ға (13 адам) төмендеді.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің міндеттері

1. «Аумақтарды дамыту бағдарламасындағы» мақсатты индикаторлар және тура нәтиженің көрсеткіштеріне жету бойынша дербес бөлімдердің қызметін үйлестіру;

2. Аудан экономикасының өсу көздері бойынша және алгоритм іс-шараларынан қосымша түсетін меншік түсімдерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;

3. Салалық бөлімдермен бірге Тірек ауылдық елді мекендерді дамыту іс-шаралары жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.

4. Инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыру, барлық жерде қолайлы инвестициялық жағдай жасау.

Аудан бюджеті

Аудан бюджеті 100,1%-ға орындалды, 3 млрд. 848 млн. теңге болжаммен 3 млрд. 850 млн.теңге кіріс түсті.

Өзіндік кіріс 100,1%-ға орындалды, өсу қарқыны - 105,3%.

Жер учаскелерін сатудан түскен кіріс 5,9%-ға өсіп, өсу қарқыны 154,7% құрады.

Шығындар бойынша орындалғаны 99,9%, орындалмаған сома 1 млн. 942,2 мың теңге.

Аудандық қаржы бөлімінің міндеттері:

Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің 100 % орындалуын қамтамасыз ету.

Бюджеттік заңнама, мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізу ережелері талаптарын сақтауға бақылауды күшейту.

Аудандық коммуналдық мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету.



Ауыл шаруашылығы

Өткен жыл агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері үшін маңызды сынақ жылы болды. Қолайсыз ауа райы өндірістің әлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермеді. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, аграрлық салада атқарылған жұмыс аз емес. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бұрынғы дәрежеде сақталады. Аграрлық сектордың дамуына былтыр 1,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, соның ішінде субсидия көлемі 749,1 млн. теңгені құрады.

28 бордақылау алаңдары, 1 тауарлы сүт фермасы, 20 қолдан ұрықтандыру пункттері құрылған, бұл ет және сүт өндірісін – 2,1 пайызға, жұмыртқаны – 1,5 пайызға, жүн өнідірісін – 3,7 пайызға арттыруға мүмкүндік берді.

Малдың және құстың барлық түрлері, оның ішінде асыл тұқымды мал басы көбейе түсті. Оған ауданда эпизоотикалық жағдайдың тұрақтануы мүмкіндік берді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуына 146 млн. теңге жұмсалды, 1402 бас асыл тұқымды мал басы сатып алынған, соның ішінде ірі қара мал – 1113 бас, мүйізді ұсақ мал – 183 бас, жылқылар – 106 бас.

Асыл тұқымды ірі қара мал басының үлес салмағы – 13 пайызға, жылқылардың – 8,1 пайызға дейін жеткізілген. Асыл тұқымды маралдардың үлес салмағы 100 пайызға дейін артып, 2265 басты құрады, асыл тұқымды ара уяларының саны 200 бірлікті құрайды.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 4,3 пайыз өсіммен 141140 гектарды құрады, суармалы жерлер 115,6 пайыз өсіммен 5200 гектарды, ылғал ресурстарын сақтау технологиясының алқаптары 4,5 мың га. өсіммен 41,5 мың гектарды құрады.

Күнбағыстың кемуі және эспарцет, судан шөбі, сорго, жүгері және сүрлем күнбағыс сияқты көп жылдық, біржылдық шөптерден мал азығы дақылдарының артуы байқалады.

Алынған өнім көлемдері аудан халқының ұнға, өсімдік майға, картопқа және көкөністерге деген сұраныстарын толығымен қамтамасыз етеді. Тұқым шаруашылығын қолдауға 1,8 млн. теңге жұмсалған.

Қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 855,5 млн. теңге соманың (өсім - 3%) өнімі өндірілді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша тұрақтандыру қоры құрылған, ішіне 4000 тонна азықтық астық, 200 тоннадан астам көкөніс, сарымсақ және картоп кіргізілді.

Жалпы көлемі 27369 гектарды құрайтын 86 жер алқабы 49 жыл мерзімге жалға берілді. жалпы көлемі 3877,5 га құрайтын 98 жер алқабы жалпы сомасы 24 млн. 893 мың теңге жеке меншікке сатылған, бұл алдыңғы жылдан екі есеге көп.

Саланың индустриалды-инновациялық дамуы үш жоба шеңберінде жүзеге асуда, олар: «Елім-ай - Көкпекті» Агроөнеркәсіптік кешені (Б.Бекбердинов), «Бағалы балықтар, шаян түрлерін қарқынды кешенді өсіру бойынша, жылы жай шаруашылығын жүргізу, сонымен бірге біріктірілген жүйеде қоспа жем және биогумус өндіру» шаруашылығын құру, (В.Гриценко), «Бие сүтін қайта өңдеу» (Е.Шакеров).

«Елім-ай - Көкпекті» Агроөнеркәсіп кешені» бойынша былтыр 2000 басқа арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысы басталды, 12 қора-жай салынды. «Кузмич» ЖШС-де балық және шаян құртшабағын өсіру үшін инкубациялық цехы салынған, жер учаскелері рәсімделген, балықты қайта өңдеу бойынша шағын цех жұмыс істейді.  Балықты қайта өңдеу жабдығы сатып алынды, бекітілген учаскеде балық кәсібі жүргізіледі, үйлер, жылыжай және айлақ салынуда, спорттық және әуесқойлық балықшылық үшін демалыс базасы орналастырылуда.

«Елдар» шаруа қожалығында 20 бас тұқым биеге және 20 бас ірі қара малға бордақылау алаңы салынды, 19 бас тұқым биелер және 9 асыл тұқымды айғырлар сатып алынды.

40 бас тұқым биеге арналған ат қораның және қатты тоңазытқыш мал сою цехының құрылысы аяқталды, жалпы сомасы 12 млн. теңгеге жабдықтарды жеткізу үшін келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге жобаға 31,7 млн. теңге құйылған.

2015 жылы «Өрнек» ЖШС-де 600 бас сиырға дейін жеткізе отырып, 400 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын қайта жаңғырту жоспарлануда.

Облыс әкімі Д.К.Ахметов сүт өндірісін дамытуды басым бағыт деп айқындады. Ол үшін біздің ауданның біршама әлеуеті бар. Сүт өндірісін дамыту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары әзірленген, онда тиімді ұйымдастыру-құқықтық формалары,және шаруашылық жүргізу, басқару жүйесінің инновациялық технологияларын енгізу механизмдері белгіленген. Осы жоспарды жүзеге асыру – ауыл шаруашылығы және ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдерінің, ауылдық округтар әкімдері жұмыстарының басымдылығы.



Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің міндеттері:

1. Сүт өндірісін дамыту жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасын толық көлемде жүзеге асыруды қамтамасыз ету, аудандық жоспардың іс-шараларын уақытылы жаңарту;

2. Индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру мониторингін жүргізу, қажет болған жағдайда әдістемелік және кеңес көмегін беру;

3. Мал шаруашылығында кең көлемді селекция жүргізу бойынша шаралар қолдану, асыл тұқымды мал басының үлесін 5-6 пайызға арттыру;

4. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын сапалы және уақытылы орындау;

5. 1 мың гектардан астам егістік жерлері бар ауыл шаруашылық құрылымдарында ғылыми негізделген ауыспалы егіспен ішкі шаруашылық жерге орналастырушылықты әзірлеу;

6. Ауыл шаруашылық бағытындағы жерлердің оңтайлы және нысаналы пайдаланылуына тұрақты бақылау жүргізу;

7. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық жерлерін анықтау және оларды жалға алу келісімшартын мерзімінен бұрын бұзу жолымен мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмысты жалғастыру.



Кәсіпкерлік

Ауданда 1889 шағын және орта бизнестің субъектілері бар, онда 4 мың адам жұмыспен қамтылған. Олармен 2014 жылы 3 млрд.293,8 млн. теңге көлемінде өнім өндірілген, 2013 жылмен салыстырғанда 15 % көп. Салықтық түсім 87,8 млн теңгеге жетті немесе өткен жылға қарағанда - 102,0 %.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін 2014 жылы 3,21 га көлемінде 25 жер учаскесі берілген. шағын бизнес субъектілерінің кәсіпкерлік қызметтін ұйымдастыру үшін  ғимараттармен қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 5 коммуналдық меншік нысан кәсіпкерлерге жалға берілген.

Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында 502,6 млн. теңге несие берілген, оның ішінде:

«Көкпекті – Несие НС» ЖШС бойынша – 155,6 млн.теңге.

 БТА банкі арқылы – 54,0 млн.теңге.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы – 220,0 млн.теңге.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы – 73,0 млн.теңге.

2014 жылы ШҚО индустрияландыру картасына 2 жоба кіргізілді:

1.«Сатпаев кен байыту кәсіпорны» ЖШС-нің «Екінші байыту фабрикасының құрылыс» жобасы.

2. «Кузьмич» ЖШС-нің «Бағалы балық түрлерін, шаян өсіру, жылыжай көкөністері, сондай-ақ интегрирленген құрылымдағы комбикорм мен биогумус өндіру, туризімді дамыту бойынша интенсивті кешенді шаруашылық құру» жобасы.

Кәсіпкерлерді ақпараттандыру бойынша жұмысты жандандыру мақсатында ауданда «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығының филиалы ашылды, орталық қызметкерлерімен 230 кәсіпкерге консультациялық – ақпараттандыру жұмыстары көрсетілген.

«Өндіріс - 2» бағдарламасы бойынша Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында «Көкпекті Жолдары» ЖШС «Асфальтты бетонды қоспа өндіру» жобасы іске асырылуда.

2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 220 млн. теңгеге қаржыландырылған, соның ішінде 180 млн. теңге "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы және 40 млн. теңге "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" ашық қоғамы арқылы, жобалар ауылшаруашылығы (110,7 млн.теңге), көкөніс өндіру (12,0 млн.теңге), ара өсіру (4,5 млн.теңге), өңдеу өнеркәсібі (42,5 млн.теңге), қызмет көрсету (44,3 млн.теңге), туризм (6,0 млн.теңге) салалары бойынша жүзеге асырылуда.

Ауданның туризмді дамыту картасы әзірленген, облыстық, аудандық деңгейдегі ірі жобалар тізбесі құрылған және аймақтың қызықтырушылық деңгейін көтеру бойынша шаралар анықталған.

2014 жылы 1216 рұқсат процедулары көрсетілген.



Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің міндеттері:

1. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясындағы жобалардың іске асырылуына, орта және шағын бизнесті дамыту Картасы бойынша жұмысты жандандыру, Картаны жүзеге асуы үшін шаралар қабылдау;

2. Сүт өнімдерін тиімді сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3. Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп инновациялық жобаларды қолдау, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың құралдары туралы ақпараттандыру, оларға әдістемелік көмек көрсету;

4.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумдарды жасау бойынша жұмысты жалғастыру. «Туған жерге тағзым» акциясының аясында ауылдарға қажетті жобаларды жүзеге асыру үшін инвистициялар тартты;

5.Бағаға мониторинг жүргізу, инфляциялық үдерісті тежеу бойынша жедел шаралар қолдану.



Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы

Жолдар

Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының ұзындығы 470,7 км құрайды, оның ішінде 53 км жақсы, 273,7 км қанағаттанарлық, 144 км қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Автокөлік жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен 98 млн.теңге бөлінді. Ол 5 участкілерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, «Кленжыра» участкесіне су ағар құрылғыларын салуға және 16 елді мекенде жол белгілерін «панно» орнатуға мүмкіндік берді.

2011 жылы «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» жол участкесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 27 шақырым автомобиль жолының 11 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жер жөндеу жұмыстары жүргізілген (11-16 км) жол учаскесі бұзылуда. Бұл бірінші кезекте жұмыстардың ұзаққа созылуына және ауа райының әсеріне байланысты. Жобаны аяқтауға 951 млн. 604 мың теңге қаражат қажет.



Сумен қамтамасыз ету және су бұру

Ауданның 56 елді мекенінің бесеуінде тұрғындар орталықтандырылған су көзін пайдаланады, ал 51 елді мекен тұрғындары санитарлық талаптарға сай келетін жергілікті су көздерін пайдаланады. Тұрғындардың қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуі – 49,6 % құрайды.

2014 жылы халық саны 500 адамнан аз шағын елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджеттен 16,0 млн. теңге бөлінді. Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі селолық округ әкімдерімен бірлесе, ауылдарда бар ауыз су ұңғымаларына түгендеу және ауыз су үлгілерін тексеру жұмыстарын жүргізді.  Қазіргі уақытта су алу құбырлары бар Биғаш (447), Шәріптоғай (323), Шұғылбай (513), Үшкөмей (188), Жұмба (340), Мамай (324), Үкіліқыз (220) ауылдарында су өткізгіш желілерін салып, залалсыздандыру қондырғыларын орнату арқылы су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілді. Осы тапсырманы жүзеге асыру арқылы, біз қауіпсіз ауыз суды тұтынатын аудан халқының деңгейін 7,4%-ға өсіріп отырмыз, ал ол өз кезегінде қауіпсіз ауыз суды тұтынатын аудан халқының санын 49,6% (15685 адам) өсіруіне әкелді.

Аудандағы су алу қондырғылары мен су беру желілері, «Көкпекті» және «Самар» екі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының теңгерімінде. Олар 101,1 км су өткізу желілеріне қызмет көрсетеді. Оның ішінде: Көкпекті ауылында - 21,6 км, Тассай ауылында - 13,0 км, Самар ауылында - 44,0 км, Сарыбел ауылында – 16,5 км және Палатцы ауылында – 6,0 км су беру желілері.

Республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2014 жылы Теректі (8,5 млн.) және Бастаушы (9,5 млн.) ауылдарында су құбыры желілерін салу мақсатында және Көкпекті (13,2 млн.) және Самар (13,2 млн.) ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта құру үшін, жобалық-сметалық  құжаттамалары әзірленді. Қазіргі кезде Көкпекті және Самар ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта құру жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға, Теректі және Бастаушы ауылдарында су құбыры желілерін салу жобалау-сметалық құжаттамасы экологиялық сараптамаға жіберілді.

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына 2013 жылы Преображенка, Кокжайык, Белое, Шұғылбай, Көкжыра, Үлкенбөкен, Миролюбовка, Мариногорка, Құлынжон ауылдарында 2014-2015 жылдарға жер асты су қойнауын анықтау бойынша, іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берілді. Қазіргі кезде аталған ауылдарды жер асты су қойнауын анықтау бойынша, іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Самар ауылында жер асты су қойнауын қайтадан есептеп анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қойнауы анықталса және қаржы бөлінген жағдайда, аталған ауылдарда 2015-2016 жылдары су құбыры желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарлануда.

2014 жылы ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына Көкжота, Биғаш, Жұмба, Мамай, Ажа, Шәріптоғай, Раздольное, Ақ-ой, Қарамойыл, Қарақол, Үкілі-қыз, Подгорное ауылдарында 2015-2016 жылдары жер асты су қойнауын анықтау бойынша, іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Сарыбел және Палатцы ауылдарында жер асты су қойнауын қайтадан есептеп анықтау жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берілді.

Жалпы, жоспарланған инвестициялық жобалар іске асса, тұрғындарды үздіксіз, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қол жетіп, аудан халқының таза ауыз сумен қамтылуы көтеріледі.



Тұрғын үй саясаты

Тұрғын үй комиссиясымен Көкпекті ауданының тұрғын үй қорына түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу барысында «Көкпекті ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ теңгерімінде 135 тұрғын үй мен пәтер тұрғандығы анықталды.

Бүгінгі күні Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алушылар кезегінде 442 адам тұр. Олар:

Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 252;

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар 121 (оралмандар-5, мүгедектер-8, жас шамасы бойынша зейнеткерлер және тыл еңбеккерлері-18, көп балалы аналар-10, аз қамтылған отбасылар-30, толық емес отбасылар-50);

- мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйым жұмысшылары – 69.

2014 жылы жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға Көкпекті ауылынан 4 тұрғын үй және бір пәтер сатып алынды. Тұрғын үй комиссиясының шешімімен жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға кезек ретімен берілді.

Сондай-ақ, Көкпекті ауылынан 14 млн.теңге, жалпы ауданы 756,8 шаршы метр болатын екі ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен аталған ғимараттарды тұрғын үйге айналдыру бойынша қайта құру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтап қалды. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларды 16 пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда.



Байланыс

2014 жылы Көкпекті аудандық телекоммуникациялық өндірістік учаскесімен (АТӨУ) Самар ауылында ЛКХ, АТС-21-ге, 659 м кабельді кәріздерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 9 кабельді құдықтар  және 1 радиорелелік қалқан (РҚ) орналастырылды, ол өз кезегінде 180 абонентті сапалы байланыспен қамтамасыз етті. Үлкенбөкен ауылындағы АТС желілік талшықты оптикалық байланыс магистраліне қосылды, ол өз кезегінде байланыс сапасын жақсартты. Үлкенбөкен ауылында CDMA-450 базалық станция орнатылып, Преображенка, Теректі, Черноярка, Қарамойыл ауылдарында 100 абонентті «Мегалайн» сауда маркалы интернетке қосуға мүмкіндік берді. Көкпекті, Самар, Үлкенбөкен, Тассай, Үлгілімалшы ауылдарында 15 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізліп, 500 абонентке қызмет көрсету сапасын жақсартты.



ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің міндеттері:

Тұрғындардың сумен қамтамасыз етілуін жақсарту бойынша барлық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету қызметіне тиімді тариф белгілеуді шешу;

Автокөлік жолдарының жеке учаскелеріне мақсатты жөндеу жұмыстарын жүргізу;

Ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды жалғастыру.



Құрылыс

Көкпекті ауданы Преображенка ауылында жанұялық дәрігерлік амбулатория пайдалануға енгізілді.

Мектептердің оңтайландыруына байланысты «Көкпекті ауылында                         75 орынға арналған интернат құрылысы» жобалау – сметалық құжаттамасын байлау бойынша мемлекеттік сатып-алу электрондық байқауы жарияланып оң нәтиже алынды. Қазіргі таңда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 2015 жылда облыстық бюджеттен қаражат қарастыру мақсатында экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына тапсырылды. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша тапсырыс берушілерге қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алуға байқау жарияланды. Тапсырыс берушілер: «Кузьмич» ЖШС (Құлынжон ауылы), А.Слямов (Тассай ауылы), К.Сарымсақов (Көкпекті ауылы), Л.Кудайбергенова (Миролюбовка ауылы), Д.Ескеалмасов (Көкпекті ауылы) және Т.Қырықпаев (Биғаш ауылы). Блок-модулдерді, су және электрмен жабдықтауды жеткізушісі - «Өскемен Промтехмонтаж басқармасы» ЖШС (А.Сақалбаев).

Сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің міндеттері:

1. Келесі жобалардың сапалы және уақытылы әзірленуін қамтамассыз ету.

Бастаушы ауылындағы 132 орынға орта мектептің құрылысы;

Үлгілімалшы ауылындағы су құбырының жүйесінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;

Көкпекті ауылындағы 36 пәтерлі тұрғын үйді жобалау-сметалық құжаттамаға түсіру;

Көкпекті ауданындағы 36 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;



Білім беру

2014 жылы білім саласына аудан бюджетінің 70% бөлінді, ол 2 млрд. 252 млн. теңгені құрады.  

Ауданда 4150 оқушыны қамтитын 23 жалпы орта мектеп, 10 негізгі және 5 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Тұрғын саны аз елді мекендерде бала санының азаюы мектептің оңтайландырылуына әкеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 1256 Қаулысына сәйкес білім беру жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыс 2014 жылы да жалғастырылды. 2014 жылы оқушы санының тым аз болуына байланысты 3 мектеп жабылды (Петропавловка бастауыш мектебі, Ұзынбұлақ және Московка негізгі мектептері). Қазіргі таңда білім беру мекемелерінің бала санына байланысты нормативке сай келмейтін 6 орта, 9 негізгі мектеп бар. Мектептерді оңтайландырудағы мақсат – материалдық-техникалық, кадрлық, қаржылық және басқару ресурстарын шоғырландыру негізінде оларды тиімді пайдаланып, білім сапасын көтеру және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылар білімін жалғастыратын мектептерде оларға толық жағдай жасалған, ол мектептердің материалдық-техникалық қоры бай, білім беру қызметінің сапасы жоғары. Жабылған мектептердің ұстаздары жұмыспен қамтылды.

Аудан бойынша 16 мектепке, оның ішінде 2 мектеп жанындағы интернатқа 430 оқушы тасымалданады.

Жалпы білім беру мекемелерінде 877 педагог жұмыс істейді, олардың ішінде жоғары санатты мұғалімдердің саны – 86, 1 санатты мұғалімдер саны-301. Математика, физика, орыс тілі пәні мұғалімдеріне қажеттілік сақталуда.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2013 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 8 бірлікке көбейді (2 жекеменшік балабақша, 6 шағын орталық). Ауданда 6 балабақша бар (591 бала), оның ішінде 2 жекеменшік балабақша (60 бала), 37 шағын орталық (273 бала), оның 15-і (16,9) толық күнді шағын орталық. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 % құрайды. Осы екі көрсеткіш (1-ден 6-ға, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту) бойынша Көкпекті ауданы облыс көлемінде 5-ші орында.

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны – 57, олардың ішінде 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны – 28, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны- 16.

Елбасы әлеуметтік жаңғырудың 5 бағытының бірі – білім беру сапасы екендігін, және қазақстандық өмір сүру стандартының басты көрсеткіші екендігін атап көрсетті. Оқу жылының қорытындысы мектеп жұмысын бағалаудың дәстүрлі өлшемі болып табылады. Аудан бойынша оқушылардың білім сапасы 55%–ды, үлгерімі 100%-ды құрады.

2014 жылы білім беру сапасының тәуелсіз мониторингісі ретінде білім жетістіктерін сырттай бағалау Көкпекті және Үлкенбөкен орта мектептерінде жүргізілді, қорытындысы 52 балды құрады, облыс бойынша бұл көрсеткіш 49,7 балл.

2014 жылы Көкпекті орта мектебі жанынан ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының бөлімшесі ашылды. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 78,6 балл ( 2013 жылы орташа балл – 67,2), облыс бойынша орташа балдан 0,03-ке жоғары. Облыс бойынша (ҰБТ қорытындысы бойынша) 6 орында тұрақтады. Былтырғы жылмен салыстырғанда орташа баллдың жоғарылауы 11,2-ні құрады. Аудан бойынша Новотимофеевка, Палатцы, Казнаковка мектептерінен басқа мектептердің барлығында орташа балдың жоғарылағаны байқалады.

2014 жылы жалпы орта білім беретін мектептердің ішінде ең жоғары балл алғандар: Үлкенбөкен орта мектебі (94,5 балл), І.Жансүгіров атындағы орта мектеп (88,2 балл), Октябрь орта мектебі (86,1 балл). Аудан көрсеткішінен төмен балл алған мектептер саны – 8. Олар: Абай ат. МБК (Ү)-77,3; Абай ат. ОМ (Баст.)- 77,0; Болғанбаев ат.ОМ- 75,7; Ж.Шайжүнісов ат.ОМ - 74,2; Көкжота ОМ - 70,9; Казнаковка ОМ - 69,3; Палатцы ОМ-64,0; Новотимофеевка ОМ- 60,8.

2014 жылы «Алтын белгіге» үміткер ретінде 10 мектептен 14 түлек тіркелді. Олардың алтауы өз білімін дәлелдеді: Мұқатаева Ақбота, Қожамбетова Қымбат, Бекбердинова Ақмаржан, Гармашова Виктория,  Зарыпханов Темірхан, Құмаров Нұрлан. Үздік аттестатқа ауданның 3 түлегі ие болды, олар: Құсманова Алуа, Аққузинова Камила, Дәуітбай Дәурен. Аудан бойынша ең жоғары балл алған түлектер: №1 Самар орта мектебінен Аққузинова Камила – 122 балл, Жансүгіров ат. ОМ Мұқатаева Ақбота 118 балл, барлығы аудан бойынша 100 және одан жоғары балл алған түлектер саны – 20. Бұл көрсеткіш ауданның 45 түлегіне ЖОО мемлекеттік білім гранттарын жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Соңғы 3 жылда директорлар мен директор орынбасарларының басқару корпусы сапалы жаңартылды.

Білім беру мекемелерінің басшыларының біліктілігін арттыруға да ерекше мән беріледі. 2013 жылы аталған курстан 3 мектеп басшысы, 13 мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарлары біліктілігін көтерсе, 2014 жылы 4 мектеп басшысы, 16 мектеп директорларының орынбасарлары біліктілігін арттырды.

Мектептерде «Дарын» орталығының бөлімшелері жұмыс істеді. Оқу пәндері бойынша республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға 832 оқушы қатысты. Олардың ішінде 12 оқушы бірінші орынды, 27 оқушы екінші орынды, 35 оқушы үшінші орынды иеленді.

Бақытбекова Елназ Республикалық «Балдәурен» сайысында 1-орынды, «Самға, жұлдыз» сайысында Гран-приді иеленіп, Францияның Париж қаласында өтетін халықаралық балалар фестиваліне қатысуға жолдама алды.

Бекболат Оразали – Болғанбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы, республикалық «Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» қолөнер сайысында Гран-приді иеленіп, Түркияда өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысында жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Барлығы аудан мектептерінен 21 оқушы республикалық олимпиадалар мен сайыстарға қатысты.

Спорттың әр түрінен халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, аудан оқушылары келесі жетістіктерге жетті:


Котляревская Антонина – Көкпекті орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Непалдың астанасы Катманду қаласында өткен КУ-додан «Боец Азии» халықаралық 7- Азия чемпионатында 1-орынды жеңіп алды, КУ-додан халықаралық «Кубок Семей» чемпионатында 1-орынды, Душанбе қаласында өткен әлем чемпионатында 3-орынды жеңіп алды. Маулышарипов Тимур – Көкпекті орта мектебінің 6-сынып оқушысы, КУ-До-дан «Боец Азии» халықаралық чемпионатында 1-орынды.
«Өнер мектебі» қосымша білім беру мекемесінде 618 оқушы білім алады. «Өнер мектебінің» құрамына 2 саз мектебі мен 2 шығармашылық үйі кіреді. Онда көркемдік-эстетикалық бағытта 15 үйірме жұмыс істейді. облыстық және республикалық деңгейде өткен сайыстарда балалар саз мектебінің 2 оқушысы жеңіске жетті.

2014 жылдың жаз маусымында оқушылардың 100%-ы демалыстың барлық түрімен, сауықтырумен қамтылды. Оқушыларды толыққанды, сапалы демалыспен қамту мақсатында биылғы жылы Миролюбовка және Көкжыра ауылдарында қосымша 2 лагерь жұмыс істеді. Ауыл сыртындағы 6 лагерьде ауданның 515 оқушысы демалды.

Мектеп жанындағы лагерьлерде 2404 оқушы демалса, 998 оқушы жұмыспен қамтылды. 

Аудан мектептерінде 137 спорт секциясының жұмысы ұйымдастырылды, онда 1975 оқушы жаттығады. 846 оқушы екі жасөспірімдердің спорт мектебінде жаттығады. Оқушылардың секциялармен қамтылуы 68%-ды құрайды. Қысқы спорт түрлерін дамытуға да көп көңіл бөлінеді. Аудан бойынша 20 хоккей қорабы бар, оларды мектеп теңгеріміне өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2014 жылы қысқы спорт түрлерін дамытуға 2,9 млн. теңге қаражат қарастырылды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруға ерекше мән беріледі.

Білім беру мекемелерінде 1474 оқушыны қамтитын «Жас ұлан» балалар ұйымы жұмыс істейді. 

Ауданның 5 мектебінде (Көкпекті ОМ, №1 Самар ОМ, Болғанбаев ат.ОМ, Ж.Шайжүнісов ат.ОМ, Самар БМ) электронды білім беру жүйесі енгізілді. Е-Learning бағдарламасы аясында осы мектептерде сымсыз Wi-fi интернет желісі қосылды. Көкпекті ауданының барлық мектептерінде Интернет желісінің ақпараттық қоры кеңінен қолданылады (17 мектепте Megaline қосылған, 17 мектепте спутниктік интернет, 5 мектепте Dial-up арқылы қосылған) .

Ауданда 1 техникалық және кәсіби білім беру мекемесі жұмыс істейді (Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ). 183 адам білім алады. 6 мамандық бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылуда: ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі, аспазшы, наубайшы, даяшы, электрогазды дәнекерлеуші. Ол мамандықтар аудан экономикасын қажетті техникалық және кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын қолдауға арналған жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын қаржыландыру көрсеткіші тұрақтанды. 2014 жылы аталған қор жалпы орта білім беру мекемелерін қаржыландыру көлемінің 2%-ын құрады.

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша Көкпекті ауданына 2014 жылы 35 жас маман жұмысқа келді. Олардың барлығы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды. Жыл сайын жас мамандар бюджеттік несие мен көтерме ақы алады. Соңғы бес жылда үй алу үшін бюджеттік несиені 58 мұғалім алса, көтерме ақыны 133 жас маман алды. Ауданның 5 мектебінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ол 13,3 %-ды құрайды 2015 жылы инклюзивті білім беру үшін 23 мектепте жағдай жасау жоспарланып отыр (68,2%). Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жалпы орта білім беретін мектептерде жүзеге асырылады, мүмкіндігі шектеулі 26 бала үйден жеке тегін оқытумен қамтылса, мектеп жасындағы 26 бала денсаулығындағы ауытқуларға байланысты оқытуға жатпайды.

2014 жылы аудандық білім беру бөліміне қарасты мекемелерге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу және матриалдық-техникалық қорын нығайту бойынша жұмыс жалғасын тапты. Жыл сайын пән кабинеттері алынады, аудан бойынша 22 физика кабинеті, 16 химия кабинеті, 19 биология кабинеті, 23 мультимедия-лингафондық кабинеттер бар. «2011-2015 жылдарға арналған ШҚО аймағын дамыту бағдарламасына» сәйкес, материалдық-техникалық қорды нығайту мақсатында 2014 жылы республикалық бюджеттен Палатцы, Аухадиев ат., Қарақол НМ, Абай МБК 16 388,0 мың теңгеге 4 химия кабинеті алынды. Раздольный НМ жергілікті бюджеттен 1830,0 мың теңгеге химия кабинеті алынды. Көкжота ОМ, Жұмба НМ, Шәріптоғай НМ барлығы 4200,0 мың теңгеге 3 биология кабинеті алынды. Ж.Шайжүнісов ат.ОМ пен Көкпекті ОМ бейнебақылау орнатылды. Аудандық акимат, маслихат пен ПРО ООН арасында жасалған келісімшарт негізінде Көкпекті ОМ мен Ж.Шайжүнісов ОМ 6,0 млн.теңгеге 2 жылыжай алынды. Аманкелді (Мамай), І.Жансүгіров ат.ОМ, М.Әуезов ат.ОМ, Көкжайық ОМ, Казнаковка ОМ, Амангелді (Көкжыра) мектептеріне жылыжай алуға 1125,0 мың теңге қаражат бөлінді. Дарынды балалардың сайыстар мен спорт жарыстарына қатысуына жағдай жасау мақсатында 5,7 млн.теңгеге автобус сатып алынды. Оқушыларды күнделікті тасымалдау үшін Новотимофеевка мектебіне жергілікті бюджеттен 2,5 млн.теңгеге УАЗ сатып алынды.

Апатты жағдайдағы мектептердің тізімінде 2012 жылдан бері Бастаушы ауылындағы Абай орта мектебі тұр. Мектептің құрылысы 2015 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.

Аудандық білім беру бөлімінің міндеттері:

2015 жылы Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының индикаторларын орындауды қамтамасыз ету;

Оқушылардың білім сапасын арттыру, ҰБТ тапсыруда оқушылардың білім сапасын 80 баллға дейін көтеру, «Алтын белгі» аттестатын растауды қамтамасыз ету.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Пушкин ОМ, Маяковский ат.ОМ, Куйбышев НМ шағын орталықтарды толық күнді шағын орталыққа көшіру, Қараөткел, Новостройка, Раздольное ауылдарында жекеменшік балабақшасын ашу.

Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның, интерактивті құралдардың қолданылуын қамтамасыз ету, электронды білім беру жүйесін енгізу, білім беру мекемелерінің  Интернет желісіне қосылуын қамтамасыз ету.

Математика, физика, химия, орыс тілі пәні бойынша жас мамандарды ауданға тарту.

Оқушыларды толеранттыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жұмысын жалғастыру.

Оқушылар мен мектеп түлектерін діни экстремизм мен лаңкестік топтарға тартуға жол бермей мақсатында діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүргізу.

Кәсіптік бағдар бойынша жұмысты жалғастыру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, облыстың жоғары оқу орындарымен бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс істеуді жандандыру.

Халықты әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны - 86 адам, яғни жұмыссыздар деңгейі 0,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ 673 жұмыс орындары ашылып, 357 адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 25 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам, «Жастар іс тәжірибесі» арқылы 15 адам жіберілді.

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы саны 25 пайызға, тұрғын үй көмегін алушылар 10,6 пайызға азайды.

Жылдың басынан бері есепте тұрған туберкулезбен ауыратын аз қамтылған 187 адамға барлығы 1,4 млн. теңге көмек көрсетілді. Аз қамтылған 76  отбасына 2,4 млн. теңге материалдық көмек берілді.

Көкпекті ауданында барлығы 1113 мүмкіндігі шектеулі адам бар, оның ішінде еңбекке қабілетті 253 адам. Соның ішінде білім, медицина, мәдениет, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, тағы басқа салаларда барлығы 107 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейді.

2014 жыл ағымында мүмкіндігі шектеулі 17 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 1 адам кәсіби оқытуға жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мүгедек, «Жастар іс-тәжірибесіне» 1 адам жолданды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 3 мүгедек «Газоблоктарды өндіру» және мал басын өсіру жобаларына жалпы сомасы 7 млн. теңгеге несие алды.

12 адам мүгедектік арбамен, 10 мүгедек тифлотехникалық, 43 адам протездік- ортопедиялық құралдармен, 42 адам ай сайын тазалық құралдарымен қамтамасыз етілді. 30 мүгедек балаға жыл ағымында барлығы 4,4 млн. теңге жәрдемақы төленді.

Аудан 465 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бар. Бүгінгі күнге 265 нысанға паспорттау жүргізілді, соның ішінде атқарушы және өкілетті билік органдары- 25 нысан, мәдени мекемелері мен ұйымдары - 67 нысан, білім беру мекемелері – 44нысан, медициналық мекемелер - 45, әлеуметтік қорғау нысандары - 2, сауда–саттық орындары – 82 нысан. 25 нысан бейімдеуден өтті.

Аудан бойынша барлығы 14 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 37 интернационалист жауынгерлер, 16 Чернобыль апатына қатысқан жауынгерлер бар. Оларға коммуналды қызмет көрсету үшін барлығы 4,6 млн. теңге материалдық көмек төленді. Осы категориядағы адамдарға құрмет көрсету және материалдық көмек көрсету үшін барлығы 1,7 млн. теңге бөлінді.

8 наурыз және 1 маусым балалар күні мерекесіне орай 850 «Алтын-алқа», «Күміс алқа»  иегерлеріне 4 және одан да көп баласы бар 295 аналарға барлығы 1,2 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Қайырымдылық айлығында 3414 адамға 13,3 млн. теңгенің көмегі жасалды.

Семей сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. 13 адамға 216,8 мың теңге біржолғы өтемақы төленді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 38 бала жоғары оқу орындарында оқытылуда. Оның ішінде 18 бала мед. академияда, 20 бала мұғалім мамандығында.

Жыл ағымында 202 млн. теңге сомасына 345 меморандум жасалып, орындалуы 100,4 пайызды құрады.

2014 жылдың 30 тамызында «Елге келіп, еңбегі жанғандар» атты оралмандар форумы өткізілді. Форумға 300-дей отандастар қатысты.Бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының мамандары қабылдау ұйымдастырып, кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 7 оралман тұрақты жұмысқа орналастырылды, 4 оралман кәсіби оқытуға жіберілді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 3 оралман отбасы, соның ішінде 1 отбасы кірпіш шығару цехын ашуға, 1 отбасы тігін цехын ашуға, 1 отбасы мал басын көбейту мақсатында барлығы 6,0 млн. теңгенің несиесін алды.

«Өрлеу» пилоттық жобасына республикалық бюджеттен 51,2 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде шартты ақшалай көмек тағайындауға 43,2 млн. теңге. Бүгінгі күнге «Өрлеу» бағдарламасына 128 отбасы немесе 541 адам қатысты.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндеттері:

1. Жұмыссыздық деңгейін және аз қамтылған отбасылар санын азайту; 

2. «Жұмыспен қамту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру;

3. Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойына орай соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

4. Аумақтық даму бағдарламасының көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету;

5. «Өрлеу» пилотты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.



Денсаулық сақтау

Аудан халқына стационарлық көмек көрсету 3 денсаулық сақтау мекемесі арқылы жүзеге асырылады, олар: Көкпекті ауылындағы орталық аудандық аурухана, Самар ауылындағы ауданаралық аурухана және туберкулезге қарсы аурухана. Преображенка ауылында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде барлық жабдықтарымен қамтамасыз етілген дәрігерлік амбулатория салынды. Бұл жерге жас маман жұмысқа қабылданып, тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Одан басқа, орталық аудандық ауруханасы ғимаратының астыңғы бөлігін жылыту жұмыстары жүргізілді, Үлкенбөкен ауылының дәрігерлік амбулаториясының жылу жүйесі ауыстырылды.

Өткен жыл ішінде 4 бірлік автокөлік, 2 маммографиялық қондырғы, 2 санды радиологиялық жүйе сатып алынды.

Балалық жастағы ауруларды біріктіріп жүргізудің Мемлекеттік стратегиясы бойынша Көкпекті ауылындағы консультативті-диагностикалық емханада дені сау балалар кабинеті және ауызбен регидратациялау пункті, сондай-ақ психолог кабинеті ашылды.

Медицина мекемелерінің жұмысындағы басымдықтардың бірі – скринингті ұйымдастыру. Ауданды скринингтің 13 түрі жүргізіледі, соның ішінде 5 түрі онкологиялық ауруды ерте кезеңде анықтауға бағытталған. Бүгінгі күнге скринингтік бағдарламалардың орындалуы 100 пайызды құрайды.

Адами әлеует деңгейін көтерудің маңызды бағыты медициналық қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы болып табылады. Дегенмен, талдау және болжамдау Орталығымен жүргізілетін әлеуметтік сауалнама деректері бойынша медициналық қызметтер көрсету сапасы аудан проблемаларының жалпы құрылымында неше мәрте бірінші орында тұр. Бұл жөнінде нәресте өлім-жітімі көрсеткішіне де қарап айтуға болады - өткен жылы аудан бойынша 8 жағдайға жол берілген. Сондай-ақ, дәрігерлік этиканы сақтау, пациенттерге деген әдепсіз қарым-қатынас мәселелері күн тәртібінде қалуда.



Денсаулық сақтау саласындағы міндеттер:

1 «Саламатты Қазақстан - 2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ұлттық Концепциясына сәйкес денсаулық сақтау мекемелерін оңтайландыруды жалғастыру.

2.Ана мен баланы қорғау мәселелерін басымдыққа алу, ана мен бала өлімі жағдайларына жол бермеу, сондай-ақ алғашқы медицина-санитарлық көмекті дамыту бойынша шаралар қабылдау;

3.Халықтың медициналық көмекке қанағаттануы дәрежесін қамтамасыз ету. Амбулаторлық дәрежеде медициналық көмек көрсетудің жаңа формаларын енгізу.

4. Скринингтік бағдарламалардың толық көлемде уақтылы орындалуына жету.

5. Ақпараттық-түсіндіру, соның ішінде азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігі мәселесі бойынша жұмыстарын нығайта отырып, профилактикалық медицинаның дамуына ерекше көңіл аудару.



Мәдениет

Ауданда мәдениет саласының қызметі соңғы жылдары тұрақты дамуда. Бүгінгі таңда мәдениет үйлері мен клуб үйлері жанынан құрылған 17 шығармашылық ұжым жұмыс атқарады. Оның ішінде «Толағай» вокалды-эстрадалық ансамблі, «Асыл мұра» этнографиялық клубы, «Іңкәрім-ай» эстрадалық тобы ұжымдары халықтық өнерпаз ұжым атағына ие.

Кітапханалар мен клуб үйлерінде қызығушылықтар бойынша 56 үйірме жұмыс істейді.

«Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 2014 жылы 114 мемлекеттік қызметші оқытылып, 24 тыңдаушы тілашар курсын аяқтады. Өткен жылы Қазтестке 20 мемлекеттік қызметші қатысып, оның 17-сі сертификатқа ие болды.

Сонымен қатар, айта кетсек, мемлекеттік тілді жүзеге асырудың әлеуеті әлі де жеткіліксіз деңгейде. Қызмет көрсету саласының қызметшілері арасында қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет деңгейде мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандар аз.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндеттері:

1. «Толағай сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің құрамына арнайы жас мамандарды тарту.

2. Клубтарға мониторинг жасап, оңтайландыру жұмысын жүргізу;

3. Кітапханаларды рәсімдеп, балансқа алу жұмыстарын аяқтау;

4. Ономастика саясаты және тіл  саласында инновациялық әдістер жұмысын енгізу, заңнаманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету.

Спорт

Аудан бойынша 187 спорттық нысан жұмыс істейді, оның ішінде 40 спортзал, 120-дан астам ойын алаңдары, 21 хоккей қорапшалары және ұлттық спорт түрлерімен айналысуға арналған алаңдардар бар. Тірек ауылдық елді мекендері бағдарламасы бойынша Көкжайық және Преображенка ауылдарында жасанды 2 кіші футбол алаңы салынды, Самар ауылында жасанды алаңы бар жаттығуға арналған спорттық модуль салынды.

12230 адамды қамтыған, 86 әртүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жасөспірім спортшыларды аудан бойынша 2 БЖСМ спорт мектептері жаттықтырады, онда 846 бала 11 спорт түріне қатысады. Самар ауылындағы спорттық модульді қолданысқа бергеннен кейін қатысушылар саны 514 адамға дейін көбейді.

Бөлім жұмысын бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған ұлттық спорт ойындарына қатысуының көрсеткіштері болып табылады. 2014 жылы аудан спорттың 21 түріне қатысып 14 ауданның ішінен 4 орынды иеленді. Ауданның спорттық қоғамының алдында 2015 жылы облыс әкімінің жүлдесіне өткізілетін ұлттық спорт ойындарында аудандар бойынша жоғары нәтиже көрсету үшін, жан – жақты дайындап, үздік үштікке кіру мақсаты қойылған.



Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері:

1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты құруға және жүзеге асыруға қатысу;

2. Бұқаралық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасау, дарынды балаларды ерте кезеңнен айқындауға және олардың жоғары нәтиже көрсетуіне бағытталған жаттықтырушылардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету;

3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, бұқаралық спортты дамыту жүйесін жетілдіру.



Қоғамдық-саяси жағдай

Ұлт көшбасшысының Жолдауының негізгі бағытының бірі қазақстандық бренд- ұлтаралық келісім, бейбітшілік, достық болып табылады.

Аудан бойынша бірнеше жылдан бері қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып бағаланды. Талдау және болжау институтымен жүргізілген сауалнамаға сәйкес, аудан әкімінің қолдау деңгейі көрсеткіші он балдық жүйе бойынша 100 % құрады. Аудандағы жағдайды оңды бағалау көрсеткіші - 90%. Ауылдық елді мекендердің даму перспективалары көрсеткіші-80%. Ұлтаралық және конфессияаралық жағдайды позитивті қабылдау көрсеткіші-100% құрайды.

2014 жылы ауданда ақпараттық саясатты іске асыруға жалпы 16 млн. 700 мың теңге бөлінді. «Қазақстан» республикалық телеарнасында 15 репортаж, облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында 22 репортаж, республикалық газетте-12, облыстық газетте-152 мақала жарияланды.

Ауданда 9 қоғамдық бірлестік жұмыс жасайды. Былтырғы жыл ағымында ауданда діни бірлестіктермен, азаматтық қоғам институттары, жастардың, ардагерлердің қатысуымен тәжірибе алмасу бойынша 5 облыстық семинар өткізілді. Үкіметтік емес ұйымдармен 16,5 мың адам қамтылған 50 кездесу өткізілді.

Аудан аумағында 12 діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның 11- мұсылмандық, 1- православтық. Жыл көлемінде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық насихат топтарымен 91 кездесу өткізілді. Қамтылған халық саны 8036 адам. Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша 3 семинар, 6 лекция,8 дөңгелек үстел өткізілді.

Жастар саясатының жүзеге асуы басты назарда. Жастар кадрлық резерві құрылды. Жастар орталығымен әр түрлі саладағы қосымша 30 жас маман таңдалып алынды. 2014 жылы жастар саясаты бойынша 254 іс-шара өткізілді. Оның 117- патриоттық, 70 спорттық және 67- мәдени шаралар.

Жерлестерміздің азаматтылықтарын көрсететін негізгі көрсеткіш «Туған жерге тағзым» акциясының қорытындысы болды. 223 млн. 65 мың теңгеге 97 жоба жүзеге асырылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 51 млн.625 мың теңгеге артық. Меценаттар мен демеушілерге зор алғыс білдіре отырып, бүгінгі күндегі маңызды жоба. Преображенка ауылындағы «Өрнек» балабақшасын (Қойгельдин Е.Т.) атап өтуге болады.

Бүгінгі күнде барлық істерге белсене қатысып жүрген ардагерлердің жұмысын айтуға болады. Олардың белсенді азаматтық ұстанымдары жастарға үлгі. Ауданнан тыс жерлерге есімдері таныс болған белсенді ардагерлеріміздің қатарында Атымтай Жылқыбайұлы, Тайсия Шнайдер, Нүриля Шалова, Қайыпжан Аусарбаев, Виталий Лебеденко, Алтынғазы Оразаев бар.

Құрметті ардагерлер! Сіздерге күрделі мәселелерді шешуде қолдау көрсеткендеріңіз және берік азаматтық ұстаным танытқандарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.

Ауданның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орын алатын «Нұр Отан» партиясының филиалы жұмыс жасайды. Партия мүшелерінің саны 1860 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, мұғалімдер, дәрігерлер, ҮЕҰ  өкілдері, зейнеткерлер бар. «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында берген тапсырманы орындау мақсатында аудандық филиал жанында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы  жергілікті атқарушы органдармен бірге  аудан көлемінде өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысады, қоғамдық-саяси жағдайды нығайтуға үлес қосуда.



Аудандық ішкі саясат бөлімінің міндеттері:

1.Ел Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының ережелері бойынша белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, отандық ақпараттық өнім «Отау ТВ» таратуды қамтамасыз ету.

2.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мерекелерін жоғары идеологиялық деңгейде атап өтуді ұйымдастыру.

3.Азаматтық қоғам институттарымен диалогты дамыту, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізіп отыру, жыл ағымында үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары үшін «Қоғамдық келісім орталығын» ашу.

4.Деструктивті діни бірлестіктер идеяларының, авторитарлық секталармен олардың ағымдарын насихатталуларын болдырмау, жастар қозғалысының дамуына қолдау көрсету.

Қоғамдық тәртіп

Ішкі істер бөлімімен қылмыспен күрес, құқықтық тәртіпті күшейту, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мақсатты да жоспарлы жұмыс жүргізілді.

Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды, аудан көлемінде жедел - алдын алу іс-шаралары жүргізілді, олар: «Участок», «Құқықтық тәртіп», «Жеткіншек», «Автокөлік», «Нерест-2014», «Нелегал-2014».

Қылмыспен күресті жандандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осылайша, қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу тәртібін қатаң сақтау және заңды процессуалдық шешім қабылдау нәтижесінде жалпы қылмыстық істердің көлемі 55 жағдайға азайған. Қылмысты ашу 75,4 пайызды, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 100 пайызды құраған.

Есепті кезеңде тергеу бөліміне 188 қылмыстық іс түсті, соның 107-сі аяқталды. Қылмыстық істерді қайта тергеуге қайтару фактілері болған жоқ.

2014 жылы 8 азамат іздеуге салынды, соның 4 - қылмыскер, қалған 4 - жым-жылас жоғалғандар, соның ішінде үш қылмыскер ұсталып, 1 жоғалған азамат табылған.

Есірткі заттарын заңсыз айналымға салудың 9 фактісі тіркелген. 17,769 грамм кептірілген марихуана алынды. Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінде нашақор категориясында 11 тұлға есепте тұр.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 1899 хаттама жасалды, соның ішінде полицияның учаскелік инспекторларымен 1528 материал бойынша шешім қабылданды.

Ауданда 20 жол-көлік оқиғалары тіркелген, нәтижесінде 3 адам қаза болып, 34 адам дене жарақаттарын алған. Жыл ағымында 790 жол жүру ережелерін бұзу тіркелген, соның ішінде алкогольдік ішімдік ішу жағдайында көлік құралын айдағаны үшін 21 жүргізуші ұсталған.

Бүгінгі күнде қолдарында 527 бірлік қару-жарағы бар 348 адам тіркелген. 46 оқ ататын қарудың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

468 шетел азаматтары тіркелген, соның ішінде ТМД елдерінің азаматтары - 292 адам, алыс шетелден келген 176 адам. Шетел азаматтарымен ҚР мекендеу ережелерін бұзудың 42 фактісі анықталды.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшемен 169 әкімшілік хаттама жасалған, табиғатты қорғау бөлімшесімен 255 әкімшілік хаттама жасалды.

2014 жылы жедел мәліметте 999 қылмыс тіркелген, соның ішінде 3 күндік мерзімде 994 қылмыс бойынша шешім қабылданды, бұл 99,4 пайызды құрады.

Ішкі істер бөлімінің міндеттері:

Заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, криминогендік жағдайды тұрақтандыру үшін түбегейлі шараларды қабылдау;

Кадрлармен жұмысты жетілдіру, тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрамның кәсіпқойлығын арттыру;

Есірткі бизнесімен, құпия көші-қон және терроризм мен экстремизм көріністерімен күресті күшейту;

Ішкі істер бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасын нығайту, полицияның жағымды имиджін қалыптастыру;

Табиғат қорғау полициясының жұмысын жандандыру, браконьерлермен кұресті күшейту.



Азаматтарды қабылдау

Көкпекті ауданы әкімінің аппаратына 2014 жылы 659 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан 513 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен 146 өтініш түсті. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61 өтінішке көбейген. 659 өтініштің 236-сы қанағаттандырылып, 423-і түсіндірілген.

Тұрғындар үшін жер және жерді пайдалану, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы өзекті мәселелердің бірі болып келеді.

2014 жылы жоғары тұрған органдарға біздің ауданнан 31 азамат өтініш білдірген. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 өтінішке көбейген. Өтініштерді қарау мерзімін бұзу анықталған жоқ.



Мемлекеттік қызмет көрсету

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру – бұл тұрғындардың мемлекеттік орган қызметіне деген сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бөлігі. Бүгінгі күні тұрғындардың мемлекеттік қызметті мемлекеттік орган арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және электронды үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар.

Жергілікті атқарушы органдармен 58 қызмет көрсетіледі. Жыл бойынша 81290 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде ХҚКО арқылы – 11514 қызмет, мемлекеттік органдар арқылы – 69735 қызмет, ЭҮП арқылы – 41 қызмет көрсетілді. 28013 азаматқа мемлекеттік қызмет ұсынылды.

ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Көкпекті аудандық бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің 160 түрі көрсетіледі. 2014 жылы азаматтардан 30017 өтініш қабылданып, барлығы 29829 құжат берілді.

Халыққа 1309 қызмет көрсетіле отырып, ХҚКО-ның 88 мобильді шығуы жүзеге асырылды.

Connection point (өзіне - өзі қызмет ету пункті) арқылы 1702 қызмет көрсетілді.



Аудан әкімі аппаратының 2015 жылға міндеттері:

1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қатаң орындалуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытын күшейту;

2. Мемлекеттік органдар мен ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына және уақытылы орындалуына, азаматтардан түскен өтініштерге мониторинг жүргізу және тұрғындардың түйінді мәселелерін уақытылы шешу;

3. Электрондық әкімдікті енгізу жұмыстарын жалғастыру;

4. «Айқын» жобасымен жұмыс жүргізуді қатаң бақылауға алу;

5. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі жұмысты (ЭҚАБЖ) жүйеге келтіру.



Құрметті, көкпектіліктер!

Өткен жылға көз жүгіртсек, атқарылған жұмыстар аз емес, өсу қарқыны бар. Дегенмен, әлемдік дағдарыс талаптарына байланысты әлі де шешімін табуды қажет ететін келелі мәселелер баршылық.

Қазіргі кезде бюджеттік қаражаттарды тиімді басқару ең бірінші жоспарда тұр. Бюджетті оңтайландыру – бұл негізсіз шығынның төмендеуінің тиімді процесі және бюджеттік қаражаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Сондықтан біздің алдағы уақыттағы қызметіміз әлемдік дағдарыстың талаптарына сәйкес, экономиканың тұрақты дамуына және жаңа экономикалық саясаттың міндеттерін шешуге бағытталатын болады.

Ең маңызды мәселелерді қорытындылай келе, ағымдағы жылға келесі міндеттерді қоямын:

1. «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізу. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

2. Дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын құру, ағымдағы шығыстарға талдау жасау, олардың көлемін тиімді ету, бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану бойынша түбегейлі шаралар қолдану;

3. Сүт өнімдерін дамытудың басымдылығын анықтау.

4. Салықтық түсімдердің өсуін қамтамасыз ету, соның ішінде салық салу базасының есебінен өзіндік кірістің түсімі.

5. Инвестицияны тарту және оның көлемін 2 еседен көбірек арттыру бойынша өңірлік жоспар құру. Бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігінің шеңберінде меморандумдарды бекіту және мемлекеттік – жеке серіктестік институтын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

6. Экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз ету. Аймақтық жалпы ішкі өнім көлемін 10%, өнеркәсіп өнімдерін өндіруді 12%, ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімін 10%, құрылыс жұмыстарының көлемін 3% арттыруды қамтамасыз ету.

7. Аудандық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалардың әлеуетін тиімді пайдалану.



Аталған міндеттердің орындалуы әлеуметтік және экономикалық салалардың қарқынды дамуына, тұрғындардың тұрмыс жағдайларының жоғарлауына мүмкіндік береді. Міндеттердің жемісті жүзеге асуы жергілікті атқарушы органдардың, депутаттық корпустың, азаматтық қоғам және бүкілхалықтық қолдаудың бірлескен жұмысына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет