Көкпекті ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Жалпы өңірлік өнім 2009 жылы 12 млрд. 426 млн теңгені құрады, өсім 38 %, 2009 жылы астықтың жақсы шығымдылығына байланысты. Аудан экономикасы



жүктеу 114.09 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі114.09 Kb.

Көкпекті ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Жалпы өңірлік өнім 2009 жылы 12 млрд. 426 млн. теңгені құрады, өсім 38 %, 2009 жылы астықтың жақсы шығымдылығына байланысты.

Аудан экономикасы. Облыс бойынша өндірілетін өнімнің жалпы көлемінде аудан үлесіне 10 % астық, 4,2 % жұмырқа, 6,5 % сүт, 6,4 % ет өнімінен келеді.

Аудан экономикасындағы жетекші рөл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге тиесілі. 2008 жылы өндірілген өнім көлемі 6,5 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы 9,7 млрд. теңгені құрады, өсім 51 %.

2009 жылы әрбір 100 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінен өткен жылдан 2 есе өсіммен 412,3 мың теңге сомасында жалпы өнім өндірілді.

2009 жылы бір адамға өнім өндірісі 265,3 мың теңгені құрады, бұл 2008 жылмен (173,2 мың теңге) салыстырғанда 1,5 есе артық.



Бюджет. 2009 жылға арналған бюджет 2451,3 млн. теңгені құрады, соның ішінде меншікті крістер 325,3 млн. теңге, субвенциялар 1555,0 млн. теңге, трансферттер 568,6 млн. теңге.даму бюджеті 56,7 % орындалды, 396,9 млн. теңге жоспардан Жол картасы жобасы бойынша қаражаттың игерілмеуі есебінен нақты 225,1 млн. теңге игерілді. 2008 жылмен салыстырғанда субвенциялар 21,3 %-ға, трансферттік түсімдер 5,7 есе артты, бұл Жол картасы жобаларын қаржыландырумен байланысты. Меншікті кірістер 100,2 % орындалды. Жергілікті бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша бересі жоқ.

Ауданның бір тұрғынына арналған орташа атаулы ақша кірісі айына 24132 мың теңгені құрайды. Күнкөріс минимумының көлемі 10517 теңге.



Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестиция игерудің көлемі 1 млрд. 487 млн. теңгені құрайды, былтырғы жылдың тиісті кезеңінен 13 % төмен.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында республикалық бюджет қаражаты – 57,5 % (855,6 млн. теңге), кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаттары – 10 % (147,5 млн. теңге), жергілікті бюджет қаражаты – 15,6 % (232,7 млн. теңге), қарыз қаражаттар – 16,9 % (251,6 млн. теңге). 2008 жылмен салыстырғанда жергілкіті бюджеттен инвестициялар көлемі 20 %-ға, меншікті және қарыз қаражаттар 5 %-ға ұлғайды, республикалық бюджеттен инвестиция көлемі 17,5 %-ға азайды. Негізгі капиталға инвестиция салалар бойынша бөлінді: денсаулық сақтауда 43,6 %, білім беруде 6,1 %, өнеркәсіпте 29,6 %, ауыл шаруашылығында 6 %, жылжымайтын мүлікпен операцияда 2 %.

Жалпы 809 шаршы метр аудан пайдалануға енгізілді, жекеменшік үйлер және құрылыстар салынды.

Аудан бойынша 198 млн. теңге сомасына 2 инвестициялық жоба іске асырылуда, бұл - № 14 кәсіби лицей жанында жастар оқу-өндірістік шаруашылығын құру және «Елімай» шаруа қожалығы базасында бордақылау алаңының және мал сою цехының құрылысы.



Өнеркәсіп. 2009 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2689,1 млн. теңгені құрады, өсім 6 %, нақты көлем индексі 119,5 % құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өндірілетін өнім көлемі 0,3 % төмендеді. Жалпы өңдеу өнеркәсібінде өндірілетін өнім көлемі 6,2 % өсті, нақты көлем индексі 19,9 %, балық өңдеу көлемінің 10 %-ға төмендеуі байқалуда. Ауданда 5-6 ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бар: «STM» ЖШС, «СемГео» ЖШС, «Рыбпром» ЖШС, «Өрнек» ЖШС, «Каскад-Н» ЖШС. 2009 жылы «STM» ЖШС жұмыс көлемі 0,3 % төмендеді. Өңдеу өнеркәсібінде «СемГео» ЖШС қазіргі уақытта кәсіпорынның жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты желтоқсан айынан бастап жұмысын тоқтатты; «Каскад-Н» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарын аяқтады, кен шығару үшін инвесторлар іздестіруде; «Рыбпром» ЖШС жұмыс көлемін 10 %-ға төмендетті. «Самар-Астық» ЖШС ұн өндірісі көлемін 3 есе азайтты, «Өрнек» ЖШС тұрақты жұмыс істеуде, сүт өндірісін 6 % ұлғайтты.

Ауыл шаруашылығын дамыту. Салада өнім өндірісі өсімінің серпіні сақталуда. Жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 78,2 % немесе 9,7 млрд. теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жалпы сомасына мал шаруашылығы өнімінің үлесі 59 % және өсімдік шаруашылығы 41 % құрайды.

Мал және құс етінің тірі салмақтағы ет өндірісі былтырғы жылдың деңгейінде 12,7 тың тоннаны, сүт 44,4 тоннаны (өсім 2,4 %), жұмыртқа 12,8 млн. дананы (өсім 0,6 %), жүн 278,8 тоннаны (өсім 11 %) құрады.

Ірі қара мал басының саны 51,9 мың басты (былтырғы жылдың деңгейінде), қой және ешкі 95,9 мың басты (2008 жыл деңгейінде), жылқы 10,6 мың басты (өсім 0,2 %), шошқа 5,4 мың басты (өсім 0,4 %), құс 70,1 мың басты (өсім 0,2 %) құрады.

Ауданда 4 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар, жалпы мал басы құрылымындағы асыл тұқымды ірі қара мал үлесі 3,5 % (2008 жылы – 2,9 %) құрайды. 2009 жылы мал шаруашылығы саласында 67,1 млн. теңге немесе 2008 жылға қарағанда 142,0 % субсидия игерілді. Соның ішінде сиыр және шошқа етін сатуға 56,2 млн. теңге, сүт сатуға 8,7 млн. теңге, асыл тұқымды мал сатуға 2,2 млн. теңге.

2009 жылы 770,0 млн. теңге сомасындағы немесе 2008 жылмен салыстырғанда 102 % өнім өңдеу. Ауданда өндірістің жалпы көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу 9,3 %, ал өсімдік шаруашылығы өнімі 25 % құрайды.

2009 жылы «Мәмбет» шаруа қожалығы базасында 26 шаруа қожалығын біріктірген «Самар-Агро» ЖШС ауылдық тұтыну кооперативі құрылды. Негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімінің өндіру және қайта өңдеу. «Самар-Агро» АТК құрамына енген 19 ұсақ шаруа қожалықтарын біріктірген «Агрокешен Бек» ЖШС құрылды. Жалпы жыртылған жер көлемі 22 мың гектарды құрайды.

2009 жылы егістік алқабы 122,1 мың гектарды немесе 2008 жылға қарағанда 110 % құрады. Соның ішінде дәнді дақылдар алқабы 75,1 мың гектарды, күнбағыс 35,6 гектарды құрады. Дәнді дақылдардың гектарынан 13,8 центнер, жалпы 103,4 мың тонна өнім жиналды, күнбағыс түсімділігі 6,1 центнерден, жалпы өнімі 20,3 мың тоннаны құрады.

2009 жылы өсімдік шаруашылығында республикалық бюджеттен 125,4 млн. теңге субсидия алуға квота бөлінді, нақты 175,0 млн. теңге немесе 139,5 % игерілді. 2009 жылы 134 бірлік жаңа техника сатып алынды, бұл 2008 жылдың деңгейінен 46 бірлікке артық. 2009 жылы ылғал сақтағыш технологиялар бойынша егістік алқабы 30 мың гектарды құрады немесе 2008 жылға қарағанда 2 есе артық. Алғашқы рет облыста «Еңбек-Агро» ЖШС тамшылап суару әдісімен 50 гектар ауданда картоп өңделді. 2009 жылы жыртылған жерлерді пайдалануды түгендеу жүргізілді, 143 шаруашылық субъектілеріне бекітілген, бірақ 2 жыл айналымында игерілмеген 7217 гектар егістік шаруасыз ретінде есепке алынды. 17268 гектар тыңайған жердің 12265 гектары игерілді.

2009 жылы 5 магистральды каналдар және су қоршаулары түгенделді, соның ішінде 2 магистральды канал су пайдаланушы екі ауылдық тұтыну кооперативіне берілетін болады, бұл 2010 жылы суармалау алқабын 2300 гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал басқа екі магистральды канал шаруасыз болып есепке алынатын болады. Карантиндік қызғылт укекіре арам шөбімен 18486 гектар жер зақымдалды, бұл жалпы егістік алқабының 13,4 % құрайды. Республикалық бюджеттен 19 млн. 368 мың теңге сомасына 27,9 гектар көкқасқа шегірткеге қарсы өңделді. 100,0 мың гектар немесе 90,3 % сақтандырылды.

Ірі қара малдың 85 пайызынан көбі тұрғын халыққа және шағын шаруа қожалықтарына тиесілі, оларда қолдан ұрықтандыру енгізілмеген, бұл сүтті малдың өнімділігін төмендетеді.

2009 жылы ветринарлық – профилактикалық іс-шараларды орындау бойынша анықталған жұмыс жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы малдарын вакцинациялау және диагностикалық зерттеу жоспары 100 % орындалды. 2009 жылы Казнаковка селолық округіне ұсақ мал бойынша шектеу қойылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде шектеу алынды. Сонымен қатар Тассай, Қарағандыкөл, Үлкенбөкен селолық округтеріне ұсақ мал бойынша бурцелезге шектеу салынды. Ал Көкжайық селолық округіне ірі қара және ұсақ мал бойынша қайтадан шектау қойылды. 11 селолық округте мал сою алаңдары бар, бірақ ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Самар, Казнаковка, Үлкенбөкен, Көкжайық селолық округтерінде мүлде жоқ.

«Көкпекті несие» ЖШС несиелік серіктестігінде 100 млн. теңге сомасында жаңартылатын несиелік желі бар. 2009 жылдың 1 қаңтар айына несиелік портфель 67,5 млн. теңгені құрады. 2009 жылдың 9 айында 41,8 млн. теңге сомасына несиелік ресурстар берілді. Несиелік ресурстарды берудің төмендеуі Астана қаласындағы «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ қаражат түсімдерінің кешігуіне байланысты.

Ауданда 9704 ауылдық үй шаруашылықтар бар, олардың 6750-і мал және құс өсіреді, ауылдық үй шаруашылықтарының үлес салмағы 85,4 %.

Қосалқы жел телімдері 1269,4 гектар ауданды алады және толығымен суымен қамтамасыз етілген.

Халық үлесіне барлығы 90 % ірі қара малдан, 93 % қой және ешкіден, 100 % шошқадан, 91 % жылқыдан, 100 % құстан келеді.

Білім беру. Ауданда 49 мектеп бар, мұнда 5188 оқушы білім алады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу 2 бала-бақшада, 3 «Мектеп-бала-бақша» кешенінде, 54 мектепке дейінгі сыныптарында және 53 шағын орталықтарда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеуде 1443 бала қамтылған, бұл 60,3 % құрайды. Сынып кешендерінің қамтылуы 4 %-ға ұлғайды. 2009 жылы білім беруге жергілікті бюджет қаражатының 1279,2 млн. теңге сомасындағы 53 %, соның ішінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбилеу ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 51,3 млн. теңге, бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруге 1213,2 млн. теңге бағытталды

2009 жылы 1 млн. теңге сомасына Бастаушы ауылындағы мектепке, 22,0 млн. теңге сомасына Көкпекті ауылындағы бала-бақшаға құрал-жабдықтар сатып ала отырып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 84 % (4400) оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Бюджеттік емес қаражаттар есебінен 29 электр плиталары, 35 тоңазытқыш сатып алынды, 13 типтік мектепішілік асханалар қайта құрылды, 15 асхана қайта жабдықталды. Өзекті меселе тамақ блоктарын орталықтандырылған су беру жүйесімен қамтамасыз ету болып табылады.

Оңтайландыру нәтижесінде 1 негізгі және 7 бастауыш мектеп жабылды, 6 орта мектеп негізгі мектепке ауыстырылды. Үнемделген 39,0 млн. теңге бюджеттік қаражаттар білім беруді дамытуға бағытталды.

Метариалдық-техникалық базаны нығайту үшін 69 млн. теңге сомасына 4 автобус, 22 пән және 5 мультимедиялық кабинеттер сатып алынды.

2009 жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 69,0 млн. теңге, соның ішінде жергілікті бюджеттен38,6 млн. теңге, республикалық бюджеттен 30,3 млн. теңге бөлінді.

Бір қатар мектептерде бір оқушыға білім беру шығындары өте жоғары – Сейфуллин атындағы орта мектеп бойынша 632,0 мың теңге, Шәріпоғай орта мектебі бойынша 583,0 мың теңге, Ұзынбұлақ орта мектебі бойынша 559,0 мың теңге, Құйшыбай орта мектебінде 518,0 мың теңге.



Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау желісі 56 емдік-профилактикалық мекемелермен ұсынылған. Стационарлық көмекті 100 төсек орынға арналған 2 аудандық орталық ауруханалар және 25 төсек орынға арналған туберкулезге қарсы аурухана көрсетеді. Алғашқы медико-санитарлық көмекті 9 дәрігерлік амбулатория, 33 медициналық пункт және 11 ғимаратсыз қызмет атқаратын медицина жұмысшылары көрсетеді. Барлығы 61 дәрігер және 236 орта медициналық қызметкерлер еңбек етеді. Арнайы профильді 29 дәрігер қажет. дәрігерлермен қамтылу былтырғы жыл деңгейінде 10,0 мың халыққа 15,8 дәрігерден келеді. 2009 жыл ағымында дәрігерлер үшін Самар және Бастаушы ауылдарынан 3 пәтер сатып алынды.

2009 жылы денсаулық сақтауға 388,3 млн. теңге бөлінді, 2008 жылмен салыстырғанда өсім 25 % құрайды. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 7,3 млн. теңге бөлінді, барлық емдік мекемелеріне жөндеу жүргізілді. Барлық ауруханалар және дәрігерлік амбулаториялар көлікпен қамтамасыз етілген. Халықты дәрі-дәрмекпен 18 дәріхана қамтамасыз етеді, барлығы шағын кәсіпкерлік субъектілері. 2009 жылдың аяғында Көкпекті ауылындағы бұрынғы дүкен ғимараты дәріханаға қайта салынды, «Ромат» фирмасымен дәріхананың ашылуы 2010 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған, бұл дәрі-дәрмектер құнын біршама арзандатуға мүмкіндік береді.



Мәдениет мекемелері. Мәдениет үйлері мен клубтарды, аудандық және ауылдық кітапханаларды күтіп-ұстауға және жұмыс істеуіне 2009 жылы жергілікті бюджеттен 60552,0 мың теңге, соның ішінде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға 39,7 млн. теңге, кітапханалардың жұмыс істеуіне 15,9 млн. теңге бағытталды. Сол уақытта клубтар мен кітапханалардың 80 %-ы жылытылмағанын, кітапханаларда электр қуатының жоқтығын атап өткен жөн. Мәдениет мекемелерінің жұмысы бір жолғы іс-шаралар өткізумен ғана шектелді.

Миграция. Демография. Ауданның халық саны азайды және 2009 жыл басына 37600 адамды құрады. 2009 жылы 560 бала туылды, 377 адам қайтыс болды, табиғи өсім 183 адамды құрайды.

Аудан аумағында жалпы 1137 адам санынан тұратын 232 оралман отбасы бар, соның ішінде 131 отбасы Монғолстаннан, 85 отбасы Қытайдан, 16 отбасы Ресейден келді. Тұрғын үй, жұмыс ұсынылады, 141 гектар жер телімдері берілді, 66 отбасында қосалқы шаруашылық бар, 6 жеке кәсіпкер тіркелді..



Шағын және орта бизнес. 2009 жылы шағын бизнес субъектілерінің саны 2008 жылмен салыстырғанда 7,2 %-ға, оларда жұмыспен қамтылғандар саны 1,6 %-ға ұлғайды, шағын бизнес субъектілерінен салық және басқа да міндетті төлемдер 9,1 % артты және 52,7 млн. теңгені құрады. Белсенді әрекет ететін кәсіпорындар үлесі 49 %-ға ұлғайды, олардан бюджетке түсімдер 9,1 % өсті және 19,6 млн. теңгені құрады (ШБС жалпы түсімдер көлемінен 37 %). Тіркелген шаруа қожалықтарының саны 7,6 % ұлғайды (50), тиісінше бюджетке түсімдер 561,0 мың теңге сомасына ұлғайды.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесі өнеркәсіптік әлеуметте 2008 жылдың 39 %-ға қарсы 41 %-ға дейін ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілетін тауар көлемі 10,6 %-ға ұлғайды және 963 млн. теңгені құрады.



ТҮКШ, құрылыс және байланыс. 56 елді мекеннің 4-де сумен қамтамасыз ету жүйесі бар. Халықтың орталықтанған сумен қамтамасыз етілуі 40 % құрайды, және орталықсыздандырылған су көзімен қамтамасыз етілуі 60 % құрайды.

Сумен қамтамасыз ету және су өткізу жүйесінің жұмыс істеуі бойынша 15 млн. 40 мың теңге игерілді, соның ішінде Тассай ауылында ұңғыма бұрғыланды және насос орнатылды, Шұғылбай ауылында ұңғыма бұрғылау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Жол картасы» шеңберінде 73 млн. теңге сомасына Самар ауылында су өткізгіш қайта құрылды және 24 млн. теңге сомасына Көкпекті ауылындағы су құбырлары және су мұнарасы ағымдағы жөндеуден өтті. 112 млн. теңге сомасына Самар ауылындағы тазарту иммараттары пайдалануға енгізілді. Жол картасы бойынша 305,6 млн. теңге сомасына Көкпекті ауылында кәріз желілері мен тазарту иммараттарының құрылысы басталды, 167,4 млн. теңге немесе 56 % игерілген жоқ.

Көшелерді жарықтандыруға 16,3 млн. теңге бөлінді, бұл Көкпекті ауылында 5,1 км көшені және Самар ауылындағы 4,5 км көшені жарықтандыруға мүмкіндік берді. Жол картасы есебінен 5,7 млн. теңге сомасына болашақ Жеңіс күні саябағының аумағы қоршалды, брусчаткадан соқпақтар салынды, мемориалдың бетонды негізі әзірленді. Көкпекті ауылында 2 млн. теңге сомасына жалпы қашықтығы 2,5 км Күшімбаев, Қабанбай батыр, Әуезов көшелерін жөндеу бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Ауылдарда дүкендер мен тұрғын үйлердің фасадтары жаңартылуда, қоршаулар тәрітпке келтірілді.

«Жол картасының» 9 жобасын іске асыру шңберінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 119,2 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға жалпы қашықтығы 174 км автомобиль жолдары жөнделді. Жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға және қардан тазартуға былтырғы жылы 31 млн. 690 мың теңге бөлінді және игерілді.

Жергілікті бюджеттен 280 мың теңге сомасындағы дотация Новотимофеевка-Самар-Көкпекті, Көкжыра, Бастаушы ауылдарына кіре отырып Самар-Мариногорка-Джумба бағыттары бойынша аудан ішілік рейстер ашуға мүмкіндік берді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 400 мың теңге шығындалды, 22 жол белгілері сатып алынды және орнатылды.

Көкпекті аудандық электр станциясы желілерді жөндеу және оларды қанау қызметі бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа-Баз учаскесінде электр өткізгіш желі орнатылды.

Байланыс қызметін кеңейту үшін 2009 жылдан бастап Көкпекті және Самар ауылдарында Мегалайн байланысы жұмыс істейді. Тассай ауылында цифрлік АТС жұмысын бастады. Шұғылбай және Теректі ауылдарындағы ескірген АТС-тер цифрлік сымсыз байланысқа ауыстырылды. Көкпекті және Биғаш ауылдары арасында жер серігі байланысы орнатылды. Қосымша 699 нөмір орнатылды, Қалбатау-Көкпекті бағытында оптикалық-талшықтық кабель төсеу басталды.

Самар және Көкпекті ауылдарындағы КМКК-ның жарғылық капиталын толтыруға 2009 жылы 20 млн. теңге бөлінді және игерілді. Олар ассенизаторлық машина, экскаватор, жүкті өзі түсіргіш машина, пісіру аппараттарын сатып алды.

2009 жылы жалпы ауданы 809 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді, 1 млн. 315 мың теңге сомасына үш тұрғын үй жөнделді, 5 млн. 898 мың теңге сомасына азаматтардың жекеленген категорияларына тұрғын үй сатып алынды.

Ауылдардағы 100 мектеп және 100 аурухана құрылысы Президенттік бағдарлама шеңберінде Көкпекті ауылында тәулігіне 150 қатысуға арналған емханасы бар 100 төсек орынға арналған аурухана салынуда. Өткен жылда 1,3 млрд. теңге игерілді.



Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша үндеген азаматтар саны 61 пайызға ұлғайды және 841 адамды құрады, ұлғаю Жол картсы жобаларымен өзара байланысты. Жұмысқа орналасқандар саны 70 %-ға ұлғайып, 618 адамды құрады, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 2008 жылдың деңгейінде 170 адамды құрайды. Қоғамдық ақылы жұмыстарды қаржыландыру 70 %-ға өсті, 21645 мың теңге жұмсалды (2008 жылы 12757, мың теңге), жұмыс істейтіндер саны 2008 жыл деңгейінде 600 адам, жұмыс мерзімі 2-4 айдан 6 айға дейін ұзартылды. 516 жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам, жастар тәжірибесіне 9 адам бағытталды. Екі кәсіби лицей базасында 41 адам кәсіби оқытылды және қайта даярлаудан өтті.

2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 4 %-ға, балалар жәрдемақысын алатын отбасылар саны 2,3 %-ға азайды. Есептік кезеңде 41 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 30 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы, 9 млн. теңге тұрғын үй көмегі төленді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 445 мың теңге сомасына облыстық газеттерге ақысыз жазылу ұйымдастырылды. Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне аудан бюджетінен 1,7 млн. теңге сомасында материалдық көмек бөлінді.

27 жас маман дәрігерлер мен мұғалімдерге жалпы 2,6 млн. теңге сомасында көтерме ақы төленді.

«Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Заңға сәйкес былтырғы жылдың қараша айында «Үйде арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» құрылды. 2009 жылы 13 мүгедектерге арналған бесік-арба сатып алынды, мүгедек балаларды емдеу үшін 250 мың теңге бөлінді, үйде оқытылатын 39 мүгедек балаларға 3,8 млн. теңге төленді.

Қайырымдылық айлығы барысында 4530 аз қамтылған азаматтарға 3,4 млн. теңге сомасында материалды көмек көрсетілді.

Семей сынақ полигонында зардап шеккендерге бір жолғы өтемақы төлеу бойынша жұмыс жалғастырылуда – жалпы 5,5 млн. теңге төленді.

Ауданда 232 оралман отбасы бар, жалпы адам саны 1137 адамды құрайды. Екі оралман отбасына Ажа және Көкжайық ауылдарынан пәтер сатып алынды.

«Жол картасы» шеңберінде 14 салалық жобалар құрылды, бүгінгі күнге 13 жоба толық аяқталды. 272 жұмыс орны, 75 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, «Жастар тәжірибесіне» 53 адам бағытталды. Кәсіби оқытуға және қайта даярлауға 149 жұмыссыз өтті, 109 адам жұмысқа орналастырылды.



Қоғамдық тәртіп. Аудан аумағында 2009 жылы 28,4 % өсіммен 185 қылмыс тіркелді, соның ішінде 87 % орта және ауыр қылмыс (162), өсім 35 %. 22 ауыр және 1 аса ауыр қылмыс жасалды, қылмыстың ашылуы 100 %-ды құрады. 2008 жылмен салыстырғанда келесі селолық округтер бойынша қылмыс саны ұлғайды: Самар селолық округінде 16 жағдай, Белое селолық округінде 5 жағдай, Казнаковка селолық округінде 8 және Үлкенбөкен селолық округінде 9 жағдай тіркелді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет