Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің 014 жылдың ай көлемінде атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



жүктеу 72.12 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі72.12 Kb.

Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің 2014 жылдың 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2014 жылғы арналған Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің бюджеті 2252094,5 мың. теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен 16 388,0 мың.теңгеге

Палатцы орта мектебі, Аухадиев атындағы орта мектеп, Қарақол негізгі мектебі, Абай атындағы «Мектеп-балабақша» кешеніне арналған 4 химия пәні кабинеттері сатып алдынды. Жергілікті бюджет қаражатына 1400,0 мың теңгеге Раздольное негізгі мектебі үшін 1 физика кабинеті, Көкжота ом, Жұмба нм және Шәріптоғай негізгі метептері үшін 4800,0 мың теңгеге 3 биология пәні кабинеттері сатып алынды.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 93,8 млн. теңге, Октябрь «Мектеп-балабақша» кешенінің жөндеу жұмысына 9,5 млн. теңге қаражат бөлінген. Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағымдық жөндеу жұмысын (мектептің төбесін жеңіл жабу және спорт залын жөндеу) жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 8,0 млн. теңге бөлінді. 4,0 млн. теңгеге Үлкенбөкен «Мектеп-балабақша» кешенінің жылыту жүйесі мен қазандық кешені ағымдық жөндеуден өтті.

«Жол картасы-2020» бағдарламасының алғашқы бағыты аясында Үлкенбөкен «Мектеп-балабақша» кешенінің төбесін күрделі жөндеуден өткізу үшін 17,9 млн. теңге және Пантелеймоновка негізгі мектебінің ағымдық жөндеу жұмысы үшін 15,5 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізуліде. Бастаушы ауылында 132 орынға арналған мектеп құрылысын салуға жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Құрылыс жұмысы 647,0 млн. теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжат «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Өскемен қаласының «Казгипроцветмет» ЖШС директоры Т.Ж. Шайжүнісов қолдауымен әзірленуде. Қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамада.

Балаларды тасымалдау үшін Новотимофеевка орта мектебіне 2,8 млн. теңгеге және білім беру бөліміне 5,7 млн. теңге қаражатқа автобустар сатып алынды. Компьютерлік паркті жаңалау үшін 432,0 мың теңге қаржыға компьютерлік құралдар сатып алынды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 1157,0 мың теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен оқулықтар сатып алуға 10046,0 мың тенге бөлінді.

600,0 мың теңгеге Көкпекті орта мектебіне, 700,0 мың теңгеге Шайжүнісов орта мектебіне бейне бақылау құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар Көкпекті ауылында 75 орынға арналған интернат құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

1 қыркүйектен бастап 7 мектепте 147 баланы қамтитын толық күндік және 4 мектепте 60 баланы қамтитын толық емес күндік шағын орталықтарында қосымша топтар ашылатын болады. 2014 жылдың 10 қазанында Преображенка ауылында 50 орынға арналған жеке меншік «Өрнек» бала-бақшасы ашылды және Теректі ауылында 20 орынға арналған жеке меншік бала-бақшаны ашу жоспарланып отыр.

Оқушылар контингентінің болмауы себебінен Ұзынбұлақ негізгі мектебі, Петропавловка бастауыш мектебі, Московка негізгі мектептері жабылды. Осы мектептердің барлық мұғалімдері аудан мектептеріне орналастырылды.

2014 жылы ауданда Көкпекті орта мектебі базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу пункіті ашылды. 2014 жылы 279 оқушыдан 170 ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, ол оқушылардың жалпы санының 61% құрайды. Оның ішінде 125 оқушы қазақ тілінде, 45 оқушы орыс тілінде тапсырды. ҰБТ орташа ұпайы -78,6 құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 11,4 ұпайға (2013 жылы-67,2 ұпай) көтерілген.

«Алтын белгіге» үміткерлер 10 мектептен 14 оқушы болды. Аудан бойынша өз білімдерін ақтап шыққан 6 оқушы; Көкпекті ом. Гармашова В., Жансүгіров атындағы ом. Мұқатаева А., Көкжайық ом. Бекбердинова А., Октябрь «Мектеп-балабақша» кешені Құжамбетова К., Болғанбаев ат. ом. Зарипханов Т. және Ж.Шайжүнісов атындағы ом. Құмаров Н.

Үздік аттестатқа үміткерлер 6 оқушы болды, 3 оқушы өз білімін ақтап шықты: Преображенка ОМ Құсманова Алуа, Самар №1 ОМ Аккузинова Камила және Даутбай Даурен.

Ауданда 1-11 сынып оқушылары - 4105 оқушы. Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары - 1830, 5-11 сынып оқушылары -2275. Ауданның барлық оқушылары аптасына 3 рет сүтпен және аптасына 6 рет өлшемді түрде балмен қамтамасыз етілген. Барлығы аудан бойынша сүтпен және балмен 4105 оқушы қамтамасыз етілген. Қамтылу 100%. Ыстық тамақпен қамтылу бюджеттік қаражат есебінен аз қамтылған отбасы балалары 1-4 сынып оқушылары- 1830 бала және 5-11 сынып оқушылары 527 бала қамтылды. Аудан мектептерінің қалған 1748 оқушысы ата-анасының төлемімен тамақтанады. Барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз ету 100% құрайды.

6 білім беру мекемелерінде: Көкпекті ом. Мамай ауылындағы Амангелді атындағы ом, Болғанбаев атындағы ом,Пушкин атындағы ом. Самар бастауыш мектебінде, Шайжүнісов ОМ 15,7 % құрай отырып, инклюзивті білім беру үшін қолайлы жағдай жасалған. Ауданның 23 мектебі инклюзивті білім беру бойынша 2014 жылғы жоспарға енгізіліп отыр.

2014 жылы 20 ақпанда «Мейірім» қайырымдылық акциясы өткізілді. Осы акция аясында 19 жетім балалар әр түрлі мекемелерге патронаттық қамқорлыққа бекітілген болатын. Осы балалардың әрқайсысына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ есеп шоттар ашылып, қайырымдылық акциясынан түскен қаражат аударылды. Қайырымдылық акциясының жалпы соммасы 1 млн 316 мың теңгені құрады.

1 тамыз- 30 қыркүйек арасында ауданда «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Аз қамтылған отбасы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Акция қорытындысы бойынша 1110 балаға 8417615 тенге материалдық көмек көрсетілді,оның ішінде 5611743 тенге көлемінде меценаттар мен демеушілер. 180 жетім балаға аудан кәсіпкерлері тарапынан мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді,соның ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға 625 000 тенге көлемінде көмек көрсетілді. Жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілген жалпы көмек 900,0 мың теңгені құрайды.

2014 жылдың 3 қазанында Самар ауылында «Мұғалімдер күні» салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге аудан мектептерінің мұғалімдері және зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздар қатысты. Сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымы білім басқармасының мақтау қағаздарымен, аудан әкімінің алғыс хатымен, білім беру бөлімінің басшысының мадақтамаларымен марапатталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуден пән бойынша 100 пайыз көрсеткіш көрсеткен 33 мектеп мұғалімдері, туризм және жазғы демалысты жоғары деңгейде ұйымдастырған 12 мектеп марапатталды.

Балаларды жазғы сауықтыру демалумен толық қамту мақсатында биылғы жылы ауыл сыртында Миролюбовка және Көкжыра ауылдарында қосымша 2 лагерь жұмыс істеді. 6 ауыл сыртындағы демалу лагерлерінде ауданның 515 оқушысы демалды. Мектеп жанындағы лагерьлерде 2404 оқушы, еңбекпен қамтуда 998 оқушы қамтылды.

2-12 маусым аралығында Болғанбаев атындағы орта мектебінің оқушысы «Наследие наших предков сохраним и приумножим» атты республикалық көрменің бас жүлде жеңімпазы Бекболат Оразәлі тегін жолдамамен Түркияда демалып келді. 2014 жылдың 22 шілде мен 8 тамыз аралығында тегін жолдамамен Үлкен бөкен «Мектеп-балабақша» кешенінің оқушысы, көпбалалы отбасы мүшесі Турсунгалиева Сауле Италияда Чезенатико қаласында жазғы сауықтыру лагерінде демалып келді.

Білім беру бөлімінде дарынды балалармен нақтылы жұмыстар жүргізіліп келеді. 2013-2014 оқу жылында әр пәндер бойынша республикалық қашықтықтық олимпиадаларға 832 оқушы қатысқан. Соның ішінде төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

Көкпекті ом 6-сынып оқушысы Галиев Максим, 7-сынып оқушысы Калкенов Заур география пәнінен 1-орын алды, Ибраимова Рамина-7-сынып оқушысы , Ходов Павел –10-сынып оқушысы 2-орын алды, Сулейменова Лаура, Федоров Анатолий- 7-сынып оқушылары 3 – орын алды. Көкжайық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Скудоронов Р. биология пәні бойынша республикалық қашықтықтық олимпиадасында 1- орынға ие болды. Көкпекті орта мектебінің 5- сынып оқушылары Алдажуман Нурали, Аверко Артем, Байсакалов Рахат videjuroki.net «5-сынып оқушыларының жаратылыстану бойынша қашықтықтық олимпиадасы» халықаралық жобасында 1-орын алды.

Көкпекті ом 9- сынып оқушысы Раздомина Анна - «Самопознание» пәнінен облыстық олимпиадада 3-орын, ал осы пәннен республикалық олимпиадада 1-орын алды. Қазақ тілі пәнінен Қ. Бітібаева құрметіне арналған халықаралық олимпиадада 2- орынды иеленді.

Казнаковка ом 6-сынып оқушысы Бақытбекова Елназ республикалық «Балдәурен» сайысында 1-орын алып, «Самға жұлдыз» сайысында бас жүлдені және Францияның Париж қаласында өтетін халықаралық балалар және жасөспірімдер эстрадалық әндері фестиваліне қатысуға жолдама алды. Болғанбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бекболат Оразали «Ата- бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты республикалық қолөнер сайысында бас жүлдені жеңіп алды. Түркиядағы халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасына қатыса отырып 2- жүлделі орынға ие болды.

Мариногорка ом 8- сынып оқушысы Кесаинова Карина орыс тілі пәнінен «Жаңа сабақ» халықаралық қашықтықтық жобалар сайысында 3- орынға, Славян жазуы және мәдениеті мерекесіне арналған оқушылардың шығармашылық жұмысы сайысында «Исторический реферат» номинациясы бойынша 3- орынды алды, осы мектеп оқушысы Оразбаев Рустем 1-орынға ие болды.

Әр түрлі спорттық сайыстар бойынша республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан төмендегі оқушылар жүлделі орындар алды:

Котляревская Антонина Көкпекті ом 9 – сынып оқушысы класса Непал астанасы Катманду қаласында өткен 7- халықаралық Азия чемпионатында КУ-ДО бойынша «Боец Азии» 1- орын, КУ-ДО бойынша халықаралық чемпионатта «Кубок Семей» 1- орын Душанбе қаласында өткен әлем чемпионатында 3-орын алды.

Мауылшарипов Тимур – Көкпекті ом 6- сынып оқушысы КУ-ДО «Боец Азии» халықаралық чемпионатта 1-орын.

Маликов Далель- Көкпекті орта мектебінің 7 –сынып оқушысы КУ-ДО «Боец Азии» халықаралық чемпионатында 1-орын.

Кем Эрика Көкпекті орта мектебінің 8- сынып оқушысы жеңіл атлетика бойынша Шымкент қаласында ҚР Чемпионатында 2-орын, Алматы қаласында Республикалық чемпионатқа қатысып, 4- орын алды.

Новоселова Вероника Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы армреслинг бойынша ҚР чемпионатында 3- орын.

Иванченко Михаил Көкпекті ом 11-сынып оқушысы Венгрияда өткен ерлер арасындағы кингбоксинг бойынша Әлем Кубогы чемпионы, Омск қаласындағы кубоктың күміс жүлдегері.

Облыстық олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері және қатысушылары:

ШҚМУ ұйымдастырған «Мұғалім болғым келеді», «Мен журналист» сайыстарында Болғанбаев атындағы ом 11-сынып оқушысы Амирханкызы Зарина 1-орын, 10-сынып оқушысы Сейітхан Балым 2- орын, Файзулдинова Жансая 10 – сынып оқушысы 3-орынды жеңіп алды.

Көкпекті ом 11-сынып оқушысы Оразханов Ерасыл Семей қаласындағы аймақтық олимпиадада география пәнінен 1-орын, Адылгазинова Арника Әуезов атындағы ом 10-сынып оқушысы Семей қаласы аймақтық олимпиадада физика пәнінен 2-орын, Құдайбергенова Динара география пәні бойынша 3- орынға иеленді.

Мұқатаев Мұқан Әуезов атындағы ом 10-сынып оқушысы аймақтық ғылыми жобалар сайысында жаратылыстану бойынша 3- орын алды.

Даутбай Дәурен, Самар № 1ом 10-сынып оқушысы Өскемен қаласында өткен Экобиологиялық конференциясына қатысып, ғылыми жоба қорғап 3-орынға ие болды.

Капарова Меруерт Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің 4- сынып оқушысы орыс тілі пәні бойынша облыстық олимпиадада 1-орын алды.



Наак Регина, Самар бастауыш мектебінің оқушысы осы олимпиадада мәнерлеп оқудан 1- орынды жеңіп алды.

Білім беру бөлімінің басшысы Ш. Мустафинова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет