«Көкпекті ауданының «Құрметті азаматтарының» тізімі



жүктеу 274.96 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі274.96 Kb.

«Көкпекті ауданының «Құрметті азаматтарының»

ТІЗІМІ

2011 жылдың 1 қарашасына






Аты-жөні

Туған жылы

Көкпекті аудандық мәслихаты шешімінің № мен қабылданған күні

Лауазымы

Ауданға сіңірген еңбегі

Мекен-жайы

1

Ильяшенко Юрий

Михайлович

1938ж

1997 жылғы 31

шілде №1-3 шешімі



зейнеткер

Самар аудандық партия комитетінің бірінші хатышысы болып қызмет атқарды. Сол кезде Ешкібай платинасы пайдалануға беріліп, Қайынды суару жүйесінің құрылысы басталды. Бұл жылдары Самарда жаңа мектеп, кинотеатр ашылды, байланыс торабының ғимараты салынды, ауданның негізгі жолдары асфальтталды, заманға лайықты әмбебап дүкені салынды.

Астана

қаласы


2

Славский Ефим

Павлович

1898 ж

Самар аудандық

халықтық депутаттар

Кеңесінің атқарушы

комитетінің 1977

жылғы шешімі


қайтыс болды

Кеңестің мемлекеттік және партиялық

қайраткері. Болашақ КСРО орташа машина

жасау министрі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің

депутаты бола тұра Шығыс Қазақстан облысы

Самар ауданының дамуы үшін көп үлес қосты.

Оның көмегінің арқасында жаңа Мәдениет үйі,

аурухана кешені, 2-қабатты бес үйлер және т.б.

нысандар салынды. Ауданның шаруашлылық

және мәәдени-тұрмыстық құрылысының

дамуына да зор үлес қосты. Үш мәрте

Социалистік Еңбек батыры, 10 Лениндік

ордендерімен, Октябрь революциясының

орденімен, 1 дәрежелі Отан соғысының

орденімен, 2 Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерең

Еңбегі үшін» медалімен, 2 дәрежелі «Халықтар

Достастығының Жұлдызы» орденімен, Ленин

сыйлығымен, 1 дәрежелі Сталин сыйлығымен

(1949ж), 1 дәрежелі Сталин сыйлығымен

(1951ж), КСРО Мемлекеттік сыйлығымен

(1984ж) марапатталды.



қайтыс

болды


3

Фролов Федор

Прокопьевич

1918 ж

Самар аудандық

халықтық депутаттар

Кеңесінің атқарушы

комитетінің 1977

жылғы шешімі


қайтыс болды

Самар аудандық партия комитетінің бірінші

хатшысы болды. Жұмыс істеген мерзімде

ауданда ауыл шаруашылық саласы жылдам

қарқынмен дами бастады. Астық өндірісі 2,1

есеге артты. Егістік шаруашылығының тетігі

100 пайызға жүзеге асырылды.

Шаруашылықтардың материалдық-техникалық

базалары жақсарды. Осы жылдары 142км

қашықтықтағы «Самар-Өскемен» жолдарының

құрылысы аяқталды, мемлекеттік банк

ғимараты, типография, автобекет, сыра заводы

салынды. Мәдениет үйі, мектептер пайдалануға

беріліп, ауыл өмірінің материалдық және

мәдени деңгейі үздіксіз жақсара бастады. Оның

еңбегі партия мен Өкімет жоғары бағаланып,

Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту

орденімен, Құрмет белгісі орденімен, бес

медальдармен марапатталды.



қайтыс

болды


4

Чистякова Тамара

Павловна

1918 ж

1977 жылғы 5 қазан

№ 310 шешімі



қайтыс болды

Новотимофеевка учаскелік аурухананың бас

дәрігері болып жұмыс атқарды, Ұлы Отан

соғысына қатысушы, Ленин орденімен, Еңбек

Қызыл Ту орденімен, «Ерең еңбегі үшін»

медалімен, «Денсаулық сақтаудың Үздігі»

медалімен марапатталды. Көпжылдық жемісті

еңбегінің арқасында медициналық қызмет

көрсетудің жақсарылуына үлкен үлес қосты,

ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысты.


қайтыс

болды


5

Қожамбетов

Баянды

Кәкенұлы

1945ж

1997 жылғы 31

шілде №1-3 шешімі



зейнеткер

1991 жылдан Самар аудандық халықтық депутаттар Кеңесінің төрағасы, 1992 жылы – Самар аудандық әкімшілігінің басшысы, 1995 жылдан – Самар ауданының әкімі. 1997 жылдан 2009 жылдың ақпан айына дейін – Көкпекті ауданының әкімі. 2009 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың шілде айына дейін «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Көпжылдың жемісті еңбектерінің негізінде КСРО және Қазақстан Республикасының көптеген марапаттарға ие, соның ішінде «Алтын Барс» белгісін берумен Қазақстан Республикасы Президентінің 3 алғыс хаты. «Құрмет» орденімен марапатталды. Көкпекті ауданының әкімі қызметінде еңбек еткен мерзімде аудан бірнеше мәрте қатарынан қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінде бірінші орын алып жүрді. Ол халлыққа тірек бола білетін, оларды сендіре алатын адамдардың біріне айналды. Шаруа қожалықтар құрыла бастады. Ауылдарда өмірлік қажетті кәсіпорындар бар қуатпен жұмыс істеп жатты.



Самар

ауылы


6

Алтынбаев

Қалихан

Қалиасқарұлы

1927ж

1997 жылғы 31

шілде №1-3 шешімі



қайтыс болды

1985 жылдан Қазақстан жазушылар одағы мүшесі. Қазақстан жазушылар одағының «Құрмет граммотасы», 1987 жылы аудан шежіресін жинақтаған тарихшы, көптеген танымдық зерттеу кітаптарының авторы. «Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы».

қайтыс

болды


7

Ляшенко Лидия

Карповна

1927 ж

1997 жылғы 31

шілде №1-3 шешімі



қайтыс болды

1945-1951 жж. Алма-Аты қаласындағы Қазақтың мемлекеттік университетінде оқыды,

1951 жылы ҚазМУ-нің «Филология факультетін» тәмамдады. 1951 жылдан Самар орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Қазақ ССР-ның халықтық ағарту үздігі, еңбек ардагері. Көп жылдар бойы өскелең ұрпақты коммунистік тұрғыдан тәрбиелеуге талмай еңбек етті.



қайтыс болды

8

Метте Виталий

Леонидович

1947ж

1999 жылғы 22

қаңтар №7-4 шешімі




қайтыс болды

Қазақстанның саяси, қоғамдық және мемлекеттік қайраткері, Халықаралық және Қазақстан Республикасының минерлдық ресурстар Академиясының әйгілі оқымысты академигі, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, «Қазақстан инжиринг» Ұлттық компаниясы» ААҚ-дағы директорлар кеңесінің президенті. Облыстың ғылым және техника саласында «металлургиялық негіздер мен жоғары өткізілетін металлдарды өнеркәсіптік өндірісін құру»жобасын әзірлеген үшін Мемлекеттік Ресей сыйлығының Лауреаты (1994ж) сияқты марапттар бар. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосты.

қайтыс болды

9

Хасенов Рафик

Хасенұлы

1970ж

2000 жылғы 2 қазан

№5-3/а шешімі




зейнеткер

Көкпекті ауданынан партия ұйымының бірінші хатшы етіп жібереді. «Ерең еңбек қызыл ту» екі құрмет белгісі, оннан астам медальдардың иегері атанды. Ең жоғары наградалардың бірі болып саналатын Қазақ СССР-і Жоғары Кеңесі Президиумының құрмет граммотасын алды. Қазір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Семей

қаласы


10

Шұқыжанов Едғар

Сайдахметұлы

1941ж

2000 жылғы 2 қазан

№5-3/а шешімі




зейнеткер

Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып бірауыздан сайланды, аудан жастарының нағыз жетекшісі бола білді. Оның басшылығымен аудан ауыл шаруашылық саласы, әсіресе мал шаруашылығы мен егістік шаруашылығы бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Еңбек ерлігі үшін, Лениндік мерейтойлық марапатталды. «Құрмет белгісі» орденіне ие болды.

Семей

қаласы


11

Жақсылықов

Жәмел

Мұхаметғалыұлы

1939 г.р.

2000 жылғы 2 қазан

№5-3/а шешімі




қайтыс болды

1966 жылдан тиесілі демалысқа шыққанға дейін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарды. өзінің барлық еңбек жолын өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, дене бітімдерінің шынығуын нығайтуға жұмсады. 18 жыл қатарынан халықтық білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ мүшесі болды және 6 жыл бойы алғашқы партия ұйымын басқарды.бар өмірін спортқа арнады. Көп ұрпақты тәрбиелеп, спортқа деген махабатты оятты. Аудандық спартакиаданың бірінші ұйымдастырушысы. Оның шәкірттері облыстық және республикалық жарыстарда жемісті және абыроймен қорғанып, жүлделі орындарға ие болып жүрді.

қайтыс болды

12

Панюков Василий

Егорович

1928 г.р.

2000 жылғы 2 қазан

№5-3/а шешімі




зейнеткер

1974 жылы ЦК КПСС жанындағы Жоғарғы Партия мектебін аяқтады, 1965-1967 жылдары аудандық партия комитеті бөлімінің иснтрукторы, 1967-1980 жж. аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1980-1988 жж. Самар аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1988 жылы зейнеткерлікке шықса да, аудандық атқарушы комитетінің әкімшілік комиссияның хатшысы болып жұмыс істеп жүрді. 2001 жылдан 2008 жылға дейін ауданның ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болды.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Үкіметтің сыйлықтарымен, «Ұлы Отан соғысы жылдарында Ерең еңбегі үшін», «Еңбек үздігі үшін» медальдарымен марапатталды. Еңбек ардагері.



Самар ауылы

13

Онғарбаева Ажарқан Қажыақперқызы

1945 г.р.

2000 жылғы 2 қазан

№5-3/а шешімі




зейнеткер

Жеке кәсіпкер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, Самар ауылындағы мешіттің құрылысына үлкен үлес қосты. Самар ауылындағы ЖБСМ-не демеушілік көмек көрсетіп жүрді.


Алматы қаласы

14

Бирюков Илья Иванович

1922ж

2002 жылғы 26 желтоқсан №22-9 шешімі


зейнеткер

Ұлы Отан Соғысының ардагері, аншы. Ғұмырында мыңға жуық түз қағысы құртып қоғамдық мал басын сақтауға зор үлес қосқан, оның ұлы Володя да аңшы. Көкпекті ауылында кіреберісте жайқалып өскен шағын тоғай алаңын өз қолымен өсірген. ДЭУ-29-дың бұрынғы қызметкері.

Көкпекті ауылы

15

Бектасов Әрмия Ғалиұлы

1941ж

2004 жылғы 19 қаңтар №4-5/в шешімі


зейнеткер

Аудандық мал дәрігерлік бактериологиялық лабораторияның директоры, Шегелек совхозда бас мал дәрігері болып істеді, аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. Аудан әкімінің орынбасары.

Көкпекті ауылы

16

Лихомяжев Виталий Ефимович

1941ж

2004 жылғы 19 қаңтар №4-5/в шешімі


Жеке кәсіпкер, зейнеткер

Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық атқарушы комитетінің төрағасы, «Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы», «Ауданға 70-жыл» және «Ленинге 100-жыл» медальдармен марапатталды.

Көкпекті ауылы

17

Сұлтанов Кәрібай Сұлтанұлы

1936ж

2004 жылғы 19 қаңтар №4-5/в шешімі


зейнеткер

1963 жылы Көкпекті аудандық территориялық басқармасының бас инженері, 1981-1991ж. Шар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1991 жылы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.

Көкпекті ауылы

18

Федосов Александр Иванович

1950 г.р.

2004 жылғы 13 қыркүйек №8-5 шешімі

зейнеткер

Еңбек жолын 14–ші Жол құрылыс басқармасының шебері ретінде бастады. Содан кейін Қазақстанның ЛКСМ Самар аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болды. Алма-Атының Жоғарғы партия мектебінің аяқтай сала, Күршім ауданының халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып бекітілді. 1986 жылдан бастап Самар аудандық атқарушы комитетінің төраға орынбасары болып сайланады, 1992 жылдан 1997 жылға дейін аудандық әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылдан 2007 жылға дейін «Казавтодор» РМК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, 2007-2009 жыл аралығында «ОблШығысЖол» КМК басшысы. 2009 жылдан бастап «ДСУ-14» ЖШС директорының кеңесшісі.

Өскемен қаласы

19

Ентібаев Әнуарбек Қарамсақұлы

1939 г.р.

2004 жылғы 13 қыркүйек №8-5 шешімі

зейнеткер

Өзінің еңбек жолын 1956 жылы Самар аудандық тұтынушы одағында дайындауыш лауазымында бастады, 1971 жылы шикізат қоймасының меңгерушісі болып ауысып, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді. 1997 жылы тиесілі демалысқа шықты. 1974 жылы «Кеңестің тұтынушы кооперациясының үздігі» белгісімен марапатталды. Еңбек ардагері, аудандық тұтынушы одағының қызметкері.

Астана қаласы

20

Качурин Михаил Петрович

1947 г.р.

2004 жылғы 13 қыркүйек №8-5 шешімі

зейнеткер

1965 жылы Самр орта мектебін аяқтай сала, Өскемен қаласындағы Құрылыс-Жол институтына оқуға түсті. Еңбек жолын 1971 жылы «Ертіс құрылыс басқармасында» бастады, «Восток Росс комплект» ЖШС УМИМ бастығы болды. Самар ауылындағы Ауғаныстан соғысында қаза болған интерналист-жауынгерлерге арналған саябақтың құрылысына үлес қосты.

Өскемен қаласы

21

Абенов Атымтай Жылқыбайұлы

1944ж

2004 жылғы 13 қыркүйек №8-5 шешімі

Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.


КПСС орталық комитеті мен Министрлер кеңесінің бүкілодақтық кәсіподақтарының құрмет грамоталарымен марапатталды.Совхоз өңірінде өшпес із қалдырды. Ұзақ жылдар бойы аудан әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды.

Көкпекті ауылы

22

Беспаев Рәмзи Сабырұлы

1949ж

2004 жылғы 13 қыркүйек №8-5 шешімі

Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы.

1991 ж. Большевик совхоздың директоры. 1995-1997 ж. Көкпекті ауданының әкімі. 1997 жылдан 2011 жылдың сәуір айына дейін Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары. Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, мәселелерін шешуде зор үлес қосты, олардың қызметін үйлестірді. Оның тікелей қатысуымен ұзақ мерзімді перспективаға аудан дамуының бағдарламалары және әлеуметтік–экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Көкпекті ауылы

23

Рамазанов Қаирхан Қалымұлы

1956ж

2005 жылғы 6 қазан №16-6 шешімі


«СемГео» АҚ Президенті.

Геологиялық барлау жұмысы үрдісінде оның басшылығымен «Балажал» ірі алтын өндіру кеніші әзірленді. Кеніштің жұмыс істеген уақытынан бастап, оның Президенті К.Раев атындағы балалар үйінің жақсы оқитын дарынды балаларға ұлттық тесттің қорытындысы бойынша кәіспорын есебінен көмек көрсетіп, оқуға түсу, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасытру міндетін өз мойнына алды. 2004 жылы су құбырларын жөндеу үшін қаражат бөлді, ал 2005 жылы қаражатты электр желілерін өткізу үшін бөлді.

Семей қаласы

24

Абайдильдин Талғатбек Жәмшітұлы

1948 ж

2004 жылғы 3 желтоқсан №10-3 шешімі

ҚР Парламент Сенатының депутаты.


Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтаған соң Алматы облысының студенттік-құрылыс жасақтардың штабын басқарды. Қазақстанның Коммунистік партияның Орталық комитетінде Алматы қаласындағы партиялық-кеңестік ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі құрылғанға дейін ҚР Президенті жанындағы Бастапқы бақылау инспекциясында мемлекеттік инспектор, референт, саяси талдау бөлімінің кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссия құрамына Жоғарғы Кеңес болып сайланды. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып, Көкшетау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2001 жылдан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. Экономика, облыстың бюджеттік экономикасын әлеуметтік саланы басқарды, қалалық және аудандық әкімдердің жұмыстарын үйлестірді. Содан «Отан» Республикалық партияның Шығыс Қазақстан облысы филиалын басқарды. 2003 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың желтоқсан айына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2004-2005жж.ҚР Президентінің Кеңесшісі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау бойынша вице-министрі, 2005 жылдан бері ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Экономикалық-аймақтық саясат жөніндегі Комитетінің хатшысы, «Қазақстан Республикасы- Еуропалық Одақ» Парламенттік Ынтымақтастық Комитетінің мүшесі болды. «Кұрмет» орденімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және бес медальдармен марапатталды. Шәріптоғай ауылындағы 130 оқушы орнына арналған мектептің құрылысына көмек көрсетті.

Астана қаласы

25

Маматов Қайырқан Қалымұлы

1936ж

2005 жылғы 6 қазан

№16-6 шешімі




зейнеткер

1964 жыл Большевик кеншарында партия ұйымының жетекші директоры. Үлгілімалшы кеншарында асыл тұқымды мал өсірудің басшысы болды. Жылдар бойы қажырлы еңбек үлгісін көрсете жүріп, Өкімет еңбегін бағалап партия съезіне делегат етіп сайлады, «Құрмет белгісі», «Тың игеру», Ауыл шаруашылық көрмесінің орден, медальдарымен, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталды.

Семей қаласы


26

Шайжүнісов Тоқан Жақияұлы

1944ж

2005 жылғы 6 қазан

№16-6 шешімі




«Казгипроцветмет» ЖШС-нің

Президенті.



«Казгипроцветмет» ЖШС-нің президенті, Қазақстан Республиканың Еңбегі сіңген құрылысшы. Көптеген жылдар бойы К.Раев атындағы балалар үйіне материалдық көмек көрсетіп келеді. Өскемен қаласының, Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы». «Құрмет» орденімен, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен, «Еңбек үздігі үшін» медалімен марапатталды, ал қайырымдылық қызметі – үш мәрте «Жыл адамы» атағына ие болды.

Өскемен қаласы

27

Қарықболов Қайролла Айтқазыұлы

1941ж

2007 жылғы 22 қазан №2-4/2 шешімі

зейнеткер

«Большевик» совхозының бұрынғы зоотехнигі, Теректі колхозының төрағасы, Теректі селолық округінің әкімі болды.

Семей қаласы

28

Сембаев Нәсен Ибрайұлы

1933ж

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі


зейнеткер

Семей облысының және Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Көп жылдар бойы біздің ауданда, Үлгілімалшы совхозында зоотехник болып қызмет атқарды. Мал шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, бірнеше рет «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген зоотехник» атағы берілді, Ебек Қызыл Ту, үш мәрте «Құрмет белгісі» ордендері бар

Семей қаласы

29

Рақышев Тұрарбек Әмірханұлы

1951ж

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі


«Ромат» фармацевтикалық компанияның Президенті.

Академик, экономика ғылымының докторы, Ресей Федерациясында Ломоносов орденінің кавалері, техника ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясының еңбегі сіңген инженері, «Ромат» фармацевтикалық компанияның Президенті.Қазір «Ромат» компаниясыхалықаралық бизнестің жеңімпазы, Брюссельде өткен халықаралық «Евро Маркет Форум 2002» байқауының жеңімпазы, алтын белгімен марапатталған. «Жыл таңдауы» республикалық байқауда жетінші жыл қатарынан отандық дәрі-дәрмектерді өндіруде – бірінші. «Қазақстан Республикасындағы Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, ҚР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотамасымен, «КСРО-ның Қарулы Күштеріне 60-жыл» мерейтойлық медальмен, ҚР халқының денсаулығы ісінде ерекше еңбегі сіңгені үшін белгісімен марапатталды. 2007 жылы өкпе ауруларына қарсы қолданылатын дәрі өндіруді қолға алғаны үшін Ресей Федерациясы ғылыми академиясының В.И.Ломоносов атындағы орденімен марапаттады. Оның көмегінің арқасында Көкпекті ауылындағы жаңа аурухананың жобасының негізі қаланды және телевышка салынды. Көкпекті және Самар ауылдарында дәріхана ашылды.

Павлодар қаласы

30

Хабидолданов Қалиқан

1937 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі


«Калмухжом-Ахмет» ШҚ-ның басшысы.


Ленин орденінің кавалері, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан. 1995 жылы«Қалмухжом-Ахмет» ШҚ құрды. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Ерең еңбегі үшін Ленин орденімен, Коммунистік еңбек екпіндісі, «Ерең еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10-жыл» медальдарымен марапатталды.

Үлгілімалшы ауылы

31

Байбулова Хабиба Мұхамедсадыққызы

1937 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

зейнеткер

Ұлағатты ұстаз, Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектепте тарихшы болып жұмыс істеді, өзін білікті маман ретінде көрсете білді, облыстық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды, «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ұстазы», «Тыл Еңбеккері» медальдары бар.

Көкпекті ауылы

32

Закиров Меңдіғали Абзалұлы

1934 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

қайтыс болды

Көкпекті ауданында Үлгілімалшы кеншарында директор қызметін зор абыроймен атқарды, ауыл экономикасын өрлетуге айырықша үлес қосқан ардагер азамат. Ауылға жаңа типті аурухана, мектеп, балабақша, мәдениет үйлерінің салынуына басшылық жасады. Совхоз асыл тұқымды, мал совхозы статусына ие болды.

қайтыс болды

33

Валитова Сабира Құддұсқызы

1947 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

«Диханшы» ЖШС-нің директоры.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты. Бұрынғы Буденный совхозының директоры болды. Ол кездері дүкендер, асханалар, жаңа баздар салынды. «Қамқорлық» акциясына қатысып, материалдық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетеді. «Ауыл шаруашылыққа үлес қосқаны үшін» медалімен және басқа да көптеген грамоталармен марапатталды.

Семей қаласы

34

Тұрлыханов Дәулет Болатұлы

1963 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

«СК Астана» корпоративтік қорының бас директоры.


Греко-рим күресінен Кеңес Одағының қатарынан жеті дүркін чемпионы (1986-1992жж.). КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1991ж) және күміс жүлдегері (1986ж). Еуропа (1987ж) және Азия (1995,1996жж) чемпионы. Азия ойындарының жеңімпазы (1994 ж). Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы (1986,1990ж). Әлем чемпионы (1989ж).Әлем чемпионатының күміс және қола чемпионы (1993, 1987жж). Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері (1988ж). Барселона олимпиадасының қола жүлдегері (1992ж.).Атланта олимпиадасында төртінші орынға ие болды (1996ж). Қазақстан Республикасы оғарғы Кеңесінің депутаты (1994ж). Екі рет Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланды (1995ж).Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбегі сіңген жаттықтырушы. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Ауданымызда жаңадан ашылған спорт кешенінің жас палуандарына жарысқа жүруге жаңадан «газель» автокөлігі мен спортшыларға спорттық киім тапсырды.

Алматы қаласы

35

Уәлиев Нұрбек Уәлиұлы

1932 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

зейнеткер

1995 жылы Көкпекті ауданының комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. Тың игеру бастамасы кезінде осы игі іске көкпектілік жастарды жұмыслыдра білді. Екі дүркін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, үш дүркін «Құрмет белгісімен» және басқа да сыйлықтармен марапатталған.

Семей қаласы

36

Жазнаев Тоқан Әкрімханұлы

1937 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

зейнеткер

Буденный атындағы совхозында «Армандастар» деп аталатын жастар бригадасын басқарды. Әйгілі шабаншы, жастар-жеміс-жидек бригадасының тәлімгері. Облыстық және аудандық әлеуметтік жарыстардың жеңімпазы. Көптеген грамоталармен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1-2 дәрежелі «Еңбек Даңқ орденімен» марапатталды.

Көкжайық ауылы

37

Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы

1954 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері Ассоциациясының Президенті.

Педагогика ғылымдарының докторы, «Магистр-Бакалаврі», бокстан КСРО шебері, жеңіл атлетикадан спорт шеберлігіне кандидат болып табылады. Қазақстан Республикасындағы студенттік спорт Федерациясын басқарады. Азия Федерациясы студенттік спортының аудиторы болып сайланды. 2007 жылы ҚР Президенті жарлығымен ҚР-ғы ең жоғарғы «ҚР Еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді. 2002 жылы Орталық Азия дене шынықтыру және спорт институттар оссоциациясын басқарды. 2009 жылы осы аталған институт Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері ассоциациясы дәрежесін алып, Закирьянов Қ.Х. Президенті болып сайланды. Аудандағы мектептердің екі түлегін грантта оқытып жатыр.

Алматы қаласы

38

Жүнісов Аманжол Әсетұлы

1940 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

Өскемен қаласындағы диагностикалық орталықтың дәрігері.


1967 жылдан 194 жылға дейін Самар аудандық ауруханада бас дәрігер болып жұмыс істеді, бас дәрігер қызметімен бірге хирургтың жұмысын қоса атқарды. Ауданның жетекші хирургы болды, Самар ауданы үшін еңбегі зор. Ол басшылық жасаған мерзімде аудандағы мекемелердің материалдық-техникалық базасы жақсарды, халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейі артты. Дәрігерлік көмек 20 түрлі мамандықтар бойынша көрсетілді. Дәріханалар саны да артты. «Оптика» дүкені, бір ауысымда 1000 порциялы балалардың сүтті ас үйі ашылды. Палатцы және Новотимофеевка ауылдарында 2 ауылдық амбулатория, Ленин атындағы колхоздың базасында профилакторийлер ашылды. Бірнеше жылдар қатарынан аудандық халықтық депутаттар Кеңесінің депутаты, ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Өскемен қаласы

39

Федосова Валентина Степановна

1923 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

ҰОС ардагері

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер, ұзақ жылдар бойы Самар ауылындағы Самар аудандық әйелдер арасындағы жұмыстар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Самар аудандық Партиялық есеп секторының меңгерушісі болды, тиесілі еңбек демалысына шықса да 1996 жылға дейін кәмелетке жас толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.оның бастамасымен Самар ауданынан ҰОС қаза болған жауынгерлерге арнап «Естелік» кітабы жарыққа шықты. «Отан соғысының орденімен», «Ұрыстағы еңбегі үшін», «Германиядағы жеңіс үшін», мерейтойлық медальдармен, «Тың жерлерді игеру үшін» медальдарымен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Самар ауылы

40

Жақсылықов Фрунзе Елғазыұлы

1931 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

зейнеткер

1962 жылдан 1978 жылға дейін Бастаушы ауылындағы Жамбыл атындағы колхоздың төрағасы болды. Басшылық еткен жылдары жаңадан мал шаруашылық ғимараттары салынды. Аудандағы шаруашылықтардың арасында осында мал үшін мәдени жайылымдарды қоршау ең алғашқы болып енгізілді. Жемдеу базасы нығайтылды, Самар сыра заводының сұйық қалдықтарын жемдеу технологиясын пайдалана отырып өнеркәсіптік жемдеу ұйымдастырылды. Егістік шаруашылығында селекциялық үлкен жұмыстар жүргізілді. 1973 жылдан 1978 жылға дейін Қазақстанның Самар аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Бұл жылдары 180 төсек орынды жаңа аурухана, тазалау құрылғылар, 5-қабатты тұрғын үй, тұрмыстық үй ғимараты, РИВС, ондаган шақырымды жоғары вольтты хабарлама желісі пайдалануға берілді. Оның еңбектегі жетістіктері көптеген наградалар: «Тың және жатып қалған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек озаты», 9 мерейтой медальдармен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Совет одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің СССР Министрлер Кеңесінің, Кәсіподақ Орталық комитетінің және ВЛКСМ дипломдарымен атап өтілген.

Өскемен қаласы

41

Күдербаев Сайлаухан Фазылұлы

1949 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

«Мамандандырылған емдеу-алдын алу кәсіпорны» КҚМК бас дәрігері.


Самар орталық аудандық аурухананың бұрынғы хирургы. Жоғары білікті санаттағы дәрігер хирург, жоғары білікті санаттағы денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер, аудандағы емдеу-алдын алу мекемелерде материалдық-техникалық базаның нығабына ерекше мән берген адам. 15 жылдан астам уақыт бойы аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімін меңгерушісі болды. Медициналық қызметті басқарған кезде ауданда ан және бала өлімі облыстық көрсеткіштен төмен болды. «Ерее еңбегі үшін» медалімен, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 алғыс хаты бар.

Өскемен қаласы

42

Швайченко Юрий Петрович

1945 г.р.

2010 жылғы 13 желтоқсан №26-3 шешімі

ШҚО бойынша кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер Ассоциациясының Президенті.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды, қазіргі таңда ШҚО бойынша кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер Ассоциациясының Президенті. Адал, жауапкершілікті қызметі үшін және облыстың, ауданның дамуына зор үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен, «Еңбек үздігі үшін» медальдармен марапатталды.

Өскемен қаласы

43

Қалматаев Мұрат Дүйсенбіұлы

1936 г.р.

2011 жылғы 7 қазан №33-4/2 шешімі


зейнеткер

Милиция генерал-майоры, КСРО ІІм-нің еңбек сіңірген қызметкері, журналист, заңгер, саясаткер. өзінің еңбек жолын 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін бастады. Көкпекті аудандық комитетінің Лениншіл коммунистік жастар Одағының бірінші хатшысы, Көкпекті аудандық «Жұлдыз» және «Звезда» газетінің редакторы болып қызмет атқарады. КСРО Журналистер Одағының мүшесі болып келеді. 1969 жылы М.Д.Қалматаев партиялық жұмыстарға ұсынылып, Қазақстан компартиясы Орталық комитеті, Семей облыстық комитетінің жауапты қызметкері болды. 1983 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті М.Қалматаевты ішкі істер органдарына жіберіп, Қазақ ССР ІІМ-нің саяси бөлімінің бастығы болып бекітілді. М.Қалматаев жұмыс атқарған мерзімде ІІМ-ІСБ-сы жүйесінің саяси органдарының беделі жоғарлады. 1988-1989 ж.ж. КСРО ІІМ-нің Ауғанстан ІІМ жанындағы кеңесшісі болды. 1994-1995ж.ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құқықтық реформа, заңдылық және құқық тәртібі комитетінің төрағасы; 1995 ж. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің кеңесшісі болды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-13 шақырылымның депутаты. Қызыл Жұлдыз, Халықтар Достығы, «Құрмет белгісі», «Жұлдыз» (Ауғанстан) ордендерімен, медальдармен марапатталған, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, КСРО журналистер одағының мүшесі.

Алматы қаласы

44

Уәлиев Серік Нұрбекұлы

1964ж

2011 жылғы 7 қазан №33-4/2 шешімі



«ETG Invest Holding» ЖШС бақылау кеңемінің төрағасы


Экономиканың түрлі секторларында активтермен басқару үшін құрылған «ETG Invest Holding» ЖШС-де 2009 жылдан бастап Бақылаушы кеңесінің төрағасы болып келеді. Еңбек қызметін сәтті жалғастырып, Уәлиев С.Н. ғылыми жұмыстармен шұғылданады. 34 ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар, 2010 жылы техника ғылымдарының докторы дәрежесін қорғады. Уәлиев Серік Нұрбекұлы Алматы қаласында жұмыс атқара отырып, туған жерінің дамуын барынша қолдайды. Техника ғылымының кандидаты болып жүрген кезде-ақ, ол ет және ет өнімдерінің маманы ретінде Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының «Елімай» шаруа қожалығында қазақтың ақ бас ірі мүйізді малын өсіруді қолына алды. 2002 жылдан бастап С.Н.Уәлиевтың басшылығымен шаруашылыққа асыл тұқымды малдарды сатып алу, жемдеу базасын құру және ауыл шаруашылық техникасын сатып қаржыландырылады, 100 жұмыс орындары құрылды. 2011 жылдан бастап Көкпекті ауданында «Елімай-Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешені» жобасын жүзеге асыруға басшылық етіп отыр. Осылайша, ол ауданымыздың экономикасын дамытуға үлкен үлес қосуда. Қазақстан Рсепубликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында, сонымен қатар облыс әкімдігінің «Туған жерге тағзым» акциясын қолдаумен Уәлиев Серік Нұрбекұлы Көкпекті ауылындағы заманауи демалыс кешенінің құрылысын қаржыландырды, бүгінгі күні кешенде 50-ге жуық адам жұмыс істейді.

Алматы қаласы

45

Қожамжаров Болатқан Қалиасқарұлы

1947ж

2011 жылғы 7 қазан №33-4/2 шешімі



Миролюбовка селолық округінің әкімі

Еңбек жолын Жамбыл атындағы колхозының колхозшысы ретінде бастаған. 1976-1985 жылдары «Аудандық ауылшаруашылық техникасы» Самар бірлестігінің механикаланған отрядының механигі, кейін бастығы, 1988-1989 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық атқарушы комитеті бөлімінің меңгерушісі, 1993-1997 жылдары «Самар» акционерлік қоғамының директоры, 1997-2004 жылдары Палатцы селолық округінің әкімі, 2004 жылдан бастап Миролюбовка селолық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарады. Еңбек еткен жылдары үлкен ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтап, өзін іскер, білікті басшы ретінде көрсете білді. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

Самар ауылы








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет