Көксарай су реттегіші салынған аймақтың өсімдіктер әлемінің биологиялық ерекшелігі



жүктеу 87.17 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі87.17 Kb.

ӘОЖ 591.531.
Көксарай су реттегіші салынған аймақтың өсімдіктер әлемінің биологиялық ерекшелігі
С. Сейдуалыханқызы

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің, Шымкент қ.

Хим.ғыл.канд. А.Н. Жылысбаева

Магистр З. Есалиева



Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент қ.

Бұл жұмыста Көксарай су реттегіші салынған аймақтың өсімдіктер әлеміне биологиялық сипаттама берілген. Су реттегіштің сыр өңірінің флорасына әсерін зерттеудің маңыздылығы көрсетілген.

Түйінді сөздер: су реттегіш, өсімдіктер, биологиялық ерекшелік, антропогенді әсер.
Су ресурстарының тапшылығынан елдегі бар ауыл шаруашылығы өндірісінің потенциалын жүзеге асыруға, өнеркәсіп салаларының даму мүмкіндіктерін арттыруға, коммуналды-тұрмыстық секторды қажетті мөлшерде сумен қамсыздандыруға мүмкіндік болмай, халық шаруашылығын басқарудың қалыптасқан жүйесінің кемшіліктерін көрсетеді. Бұл кемшілік, әсіресе Қазақстандағы вегетациялық кезеңде қатты байқалады.Сондықтан Көксарай су реттегішінің әлеуметтік пайдасы анық. Алайда бұл су реттегішті салу және оны пайдалануда қоршаған ортаға түсетін антропогенді әсерді, яғни экологиялық аспектілерін де зерттеудің маңызы зор. Осы мақсатты көздей отырып, Көксарай су реттегіші салынған аймақтың өсімдіктер әлемін анықтау, олардың қазіргі жағдайын талдау ғылыми тұрғыдан өзектідеп есептейміз.

Жазықтықтағы табиғи өсімдіктер эфемерлі болады. Бұлар – галофитті,эфемерлі- галофитті фитоценоздар. Судың шығуының төмендеуінен жыңғылдар өседі. Құмды аралдарда қатерлі- құмды түрлердің құмды бұталы акация, ащы шөп, жүзгін кездеседі. Бұлыңғыр жазықтықта жай жусандар, көптеген эфемерлер- қызғалдақтар, көкнәр және т.б. Мұнда дәрілік өсімдіктерден сасыр, адыраспан, Қызыл Кітапқа енген дермене, жусан өседі. Дермене жусанының қоры аймағымызда көп емес. Көксарай су ретігіші салынған сыр өңіріндегі өсімдіктеріне сипаттама беріп отырмыз.

Адыраспан(Harmal немесе Peganum harmala, 1-сурет)түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыршілдеде гүлдейді. Жемісі – көптұқымдықауашақ. Тұқымыұсақбозғылт не қаратүстіболады /1/.


Сурет 1 - Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala)

Дермене(цитварная полынь, Artemisia cina, 2-сурет)/3/– дәрілік шөп. Бойы 50 сантиметрге  дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс,Түркістан аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Ел ішінде дермененің адам ағзасына зияны сонша тимейтіндей қарапайым екі рецепті бар. Дермене – жусанның бір түрі. Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз  қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2,5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дерменежусан. Халықмедицинасында оны жүректалмасы бар науқастарғапайдаланады.


Сурет 2 - Дермене(Artemisia cina)
Сасыр (Ферула, Ferula, 3-сурет) — шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық монокарпты және поликарпты шөптесін өсімдіктер. Қазақстанныңдалалық, шөлдіжәнетаулыаймақтарындаөсетін 48 түрікездеседі, оның 20-сы — эндемиктер. Бұлардыңбиіктігі 30 — 90см, кейде 2м-дей болады. Сабағыжуан, жапырағықауырсынтәрізді, шетітілімденген. Гүліұсақ, сары, ақшылсарытүсті, қосжынысты, шатыршагүлшоғырынатопталған. Мамыр — маусымайларындагүлдеп, шілде — тамыздажеміссалады.

Тұқымы — дәнек. Көпшіліктүрлерінің, мысалысасық С. (F. foetіda), шайыр С-дың (F.schaіrнемесеF.Varіa)құрамында шайыр көп. Эфир,камедь (жемісағаштарызақымданғандақабығынанбөлінетін,тезқатыпқалатынқоймалжыңшыры) түзетінөсімдіктер, сондықтанолардыдәріжасауүшінқолданады, жемшөпкеқосып, малғабереді. Сүмбілсасырдың (F. moschata) тұқымыныңқұрамындажұпариісшығаратын эфир майыболады,оныпарфюмериялық өнімдер жасауда пайдаланады. Кейбіртүрініңтамырыкрахмалға бай, оны тағамғақосады. Сасырдыңіріжапырақтарықұнарлы мал азығыболыпсаналады. 7 түрі: ақжолақсасыр, тегісСасыр (F. glaberrіma), ІлеСасыр (F. іlіensіs), ксероморфтыСасыр (F. xeromorpha), орамалыСасыр (F. іnvolucrata), СөгетіСасыры (F. sugatensіs) жәнеТауқұмСасыры (F. taucumіca) Қазақстанның “Қызылкітабына” енгізілген /2/.



Сурет 3- Сасыр (Ferula)

Сарсаза́н (шишковатый, Halocnе́mum strobilа́ceum, 4-сурет) – бұталы туысындағы жалғыз түр. Сарсазан кавказда, Орта және Орталық Азияда, Жерорта теңізінде, Оңтүстік Европада, Солтүстік және Орталық Африкада, теңіз жағалауында кең таралған. Жартылай бұталы немесе сұр түсті бұталы, сабақ басында домалақ шар пішінді қатты болады, сабақтарын сәнді мақсатта қолданылады.Жапырақтары жетілмеген, масақтары цилиндрлі нығыз. Өсімдік улы, бірақ түйелер және қойлар азық ретінде жейді.Мияны бағалы дәрілік шикізат белгілі бір бөліктерде өндіріледі /4/.



Сурет 4- Сарсазан (Halocnе́mum strobilа́ceum)
Кеңөзек (тамарикс, Tamarix, 5-сурет) – бұталылар немесе шағын ағаштар. Россияның кейбір аймақтарында «құдай ағашы» деген атпен белгілі. Құмды қатайтатын және сәндік өсімдік ретінде қолданылады.Бұл туыстың өкілдесі шөлді, жартылай шөлді және Оңтүстік Европаның, Азияның далаларында кездеседі. Тоғайлы ормандардың қасындағы өзендерде, тұзды және сортаңды, кейде шағылды ормандарда өседі. Орталық Азияның тауларында теңіз деңгейінен 2000 м, Кавказда – 6000 м. биіктікте өседі. Тұзды, суыққа төзімді, барлық түрлері – 170С төзеді, 500С суыққа төзе алады, жарық сүйгіш. Мәңгі жасыл немесе бұталы ағаштар, ұзындығы 3-5 м, сабағының диаметрі 50 см. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Жапырақтарының ұзындығы 1-7 мм, тұқымы ұсақ, ұзындығы 0,5-0,7 мм, желмен көбейеді. Жасылдандыру жолында әсемдік өсімдік ретінде қолданылады, бөлме мәдениетінде мәңгі жасыл өсімдіктер қызығырақ. Қытайда желден қорғайтын жасыл қабырға құрылысында қолданылады /5/.

Сурет 5 – Кеңөзек (Tamarix)
Шіңгіл (шенгил, Halimodendron, 6-сурет) - бұталы 0,5 тен 2-3 м ұзындығы, көп тікенекті, ұзындығы 2-6 см тікенекті, құрғаққа төзімді, сәндік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Көктемде жапырақтары күміс- жасыл түсті, жазда сұр- жасыл, күзге қарай сары- жасыл түсті болады. Маусым – шілде айларында гүлдейді.Шіңгіл топырақтың тұздануына төзімді, жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді. Орта Азия, Қазақстан, Монғолоия, Пәкістан, Ауғанстан, Иран, Турция, Кавказ елдерінде, Россияның оңтүстік Европалық жағында және оңтүстік Украинада кең таралған. Шіңгіл сұранысы жоқ әсемдік өсімдік ретінде жасылдандыру, орманды тікенектен қорғау жағында қолданылады. Тамырынан мата бояуын алады /6/.

Сурет 6 – Сұр түсті шіңгіл(Halimodendron)
Тораңғыл (Туранга сизолистая, Populus prinosa Schrenk) - 10-15 м. биіктіктегі ағаш. Қабығы – сары- сұр түсті терең жарылған. Жапырақтары нығыздалған, ұзындығы 1,5 – 4 см және көлемі 3-6 см. Шие сияқты 1-2 см,сәуірде гүлдейді, мамырда өнім береді. Құмның маңында шөлді зонада өседі. Қазақстанда кең таралған. Арал маңында, Қызылорда аймағында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Балқаш маңында, Қызылқұмда, Түркістанда кездеседі. Орта Азия, Иран, Шығыс Қытайда кең таралған.

Талды ормандар өндірістік мағынасынан суды қорғау функциясын атқарады. Бұл ормандарда санитарлық әдістер құрғақ түрлерін бұзу, құрамын жақсарту, сапасын және тұрақтылығын сақтау мақсатында жүргізіледі.



Сурет 7 - Туранга сизолистая , Populus pruinosa Schrenk
Флораға әсер ету деңгейі. Көксарай су реттегішінің комплексіне кіретін, объект құрылысын жүргізу кезінде осы аймақтағы өсімдіктер қабатына зиянды болды. Территория бөлігіндегі ( карьерлер, уақытша жолдар, құрылыс базалары) барлығы толығымен жойылды.Шөлді жазық дала өсімдіктері өсіп тұрған жерлерді су қойманың суы басып, ол жерлердегі өсімдіктер түріне де өзгерістер енді.

Орман ресурстарына зияндылығы су жүйесі орналасатын жердегі тоғайлы ормандар зардап шегеді. Су басуына айналатын территориялар көлемі, тоғайлы түрлердің, келесілері:

Тораңғыл - 706 га

Талдар 6,6 га

Жиде- 77 га

Кеңөзек- 231,2 га

Шіңгіл- 316,4 га

Көксарай су реттегіші тостағаншасын судан босатқаннан соң шабынды жайлым өседі. Аймақтағы су басу территориясы өсімдік әлеміне су қоймаға жақын жерлерде белгілі бір дәрежеде әсер етіп отыр. Топырақ суларының деңгейі 1м-ге дейін көтерілетін участкілерде толық өсімдік қабатының трансформациясы жүрген, шөлді өсімдік ылғалдылықпен ауыстырылған. Аз су басатын участкілерде өсімдік қабатының түрлік құрамы негізінен өзгеріссіз қалады, бірақ оның жағдайы біраз жақсарады.

Қалай дегенмен де кез-келген табиғи жүйеге адамның іс әрекетімен жасалған өзгерістер оң немесе теріс әсер етеді. Бұл Көксарай су реттегішінің салынуымен оның жағалауындағы ксерофитті өсімдіктерінің орнынгигрофитті өсімдіктермен алмастырылған. Бұл бағыттағы зерттеулер әлі де толық жүргізілуі керек деп есептейміз.
Әдебиет
1Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері. "Ғылым" баспасы, Алматы, 1977. — 285 б.

2 Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. А.А.Иващенко. Алматы кітап, 2006ж.

3 Қалымбетов Б., Тілменбаев Ә., Матбаева Б., Жанұзақов А., Байматаева Б. Өсімдік қорғаудың орысша-қазақша анықтамалық Сөздігі. "Қайнар" баспасы, Алматы, 1977. 280 б.

4 Терехов В.И. Эндемичные и редкие растения флоры Чимкентской области // Охрана растительного мира Казахстана. Алма-Ата: Наука.1979. С. 106-109.

5 Арыстанғалиев С.А. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. Алматы, 2002. 288 б.

6 Курочкина Л.Я. Псаммофильная растительность пустынь Казахстана. Алма-Ата, 1978. — 261 с.



биологическая особенность растений территории вокруг коксарайского контррегулятора
С.Сейдуалыханкызы

Kанд.хим.наук А.Н. Жылысбаева

Магистр З. Есалиева

Региональный социально-инновационный университет, г.Шымкент


В работе приведены биологическая характеристика растений на территорий вокруг построенного Коксарайского водохранилища. Показаны значимость исследования влияния котрррегулятора на флору этого региона.
Ключевые слова: контррегулятор, растения, биологическая характеристика, антропогенное воздействие.


Biological peculiarities of plant in the area around Koksarai reservoir
S.Seydualyhankyzy

Cand. chem. sci. A.N.Zhylysbayeva

Master Z. Esalieva

Regional social-innovative university, Shymkent


The paper presents the biological characteristics of plant in the area around buildingKoksaray reservoir. There was shown the importance of studies of the effect reservoir to the flora of this region.
Keywords: policy, plants, biological characteristics, human impact.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет