Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын заттар мен нәрселер тізбесі



жүктеу 37.83 Kb.
Дата28.03.2019
өлшемі37.83 Kb.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

жылғы


қаулысымен

бекітілген



Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын

заттар мен нәрселер тізбесі
1. Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын заттар мен нәрселер тізбесі адамдардың өмірі мен денсаулығы, көлік инфрақұрылымы объектілерінде болу немесе мүлік қауіпсіздігі үшін қатер төндіретін заттар мен нәрселерді көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуді болдырмау мақсатымен нұсқамалық материал ретінде қолдану үшін тағайындалған.

2. Көлік инфрақұрылымы объектілеріне заттар мен нәрселерді әкелуге тыйым салынады:

1) жаратын және қырғынға ұшыратын өзге құрылғылар, жарылғыш заттар мен құрамында солар бар нәрселер, соның ішінде:

саны мен орамасына қарамастан оқ-дәрінің барлық түрлері;

барлық үлгідегі гранаттар, миналар мен снарядтар;

аңшылық капсюльдер (пистондар) мен детонатор капсюльдер;

динамит, тол, аммонал, тротил және басқа жарылғыш заттар;

капсюльдер, детонаторлар, электр детонаторлар, электр тұтандырғыштар, детонациялағыш және от өткізгіш баулар;

2) радиоактивті заттар;

3) «Есірткі құралдары, психотроптық құралдар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес есірткі құралдары»;

4) сығымдалған және сұйытылған газдар, соның ішінде тұрмыстық пайдалануға арналған газдар, аэрозольдердің барлық үлгілері, мыналарды қоспағанда:

дәрі-дәрмек препараттары – жолаушылар денсаулығын қорғау үшін қажетті көлемдер шегінде медициналық мақсаттағы аэрозольдер мен оттегі бар баллондар; жасанды аяқ-қолдарды (протездерді) қозғалысқа келтіруге арналған көміртегінің қос тотығы бар баллондар;

өздігінен керілетін құтқару кеудешелеріне арналған көміртегінің қос тотығы бар баллондар;

5) тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар, соның ішінде ацетон, бензин, мұнай өнімдерінің сынамалары, метанол, метилдік эфир, тежегіш сұйықтығы, күкіртті көміртегі, эфирлер және өзге тез тұтанғыш сұйықтықтар, соның ішінде көлемі бойынша құрамындағы алкоголі 70%-дан артық (күштілігі 140%) алкогольдік ішімдіктер;

6) тұтанғыш қатты заттар – оларға судың әсер етуінен жылу мен жанғыш газдар шығаратын, бұл өздігінен тұтану мен өртке алып келуі мүмкін заттар:

калий, натрий, металды кальций және олардың қорытпалары;

ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанғыш қатты заттар санатына жататын өзге заттар;

органикалық асқан тотықтар;

коллоидті нитроцеллюлоза;

7) улы және уландырғыш заттар:

заттар сұйық немесе қатты күйдегі, кез келген ыдысқа салынған кез келген улы, қатты әсер ететін және уландырғыш заттар: бруцин, никотин, стрихнин, тетрагидрофурфурилдік спирт, антифриз, этиленгликоль, сынап, көгерткіш қышқылдың барлық тұздары және цианистік дәрілер, циклон, цианплав, мышьякті ангидрид және өзге қатты әсер ететін улы және уландырғыш заттар;

8) инфекциялық немесе биологиялық қауіпті материалдар және құрамында солар бар заттар мен нәрселер;

9) күйдіргіш және жемірлегіш заттар:

бейорганикалық қышқылдар, соның ішінде тұз, күкірт, азот қышқылдары және өзгелері;

фторлы-сутекті (плавикті) қышқыл және өзге күйдіргіш және жемірлегіш заттар;

10) оқатар қарудың барлық түрлері (жауынгерлік қолмен атқыш, азаматтық және қызметтік), қолданысы электр энергиясын, радиоактивті сәулеленулерді және биологиялық факторларды қолдануға негізделген қару; лақтыратын, электр, механикалық құрал, соның ішінде иір ойықты ұңғысы бар оқатар қару, тегіс ұңғылы, құрама, ұңғысыз, газдық, пневматикалық сигналдық және оқу қаруы, оқ-дәрімен ататын қарудың бөлшектері (телескопиялық нысаналау құрылғылары мен нысаналағыштарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен;

11) шанышқыш және кескіш қару, ұрып ұсататын заттар және үшкірленген заттар, сондай-ақ оларды имитациялайтын заттар: қылыштар, шапашоттар, наркескендер, алдаспандар, семсерлер, мачетелер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кортиктер, стилеттер, кастеттер, кистеньдер, жүзі бар өзге қару;

12) оқатар және газ қаруының оқ-дәрілері, соның ішінде соғыс, жарық-дыбыс, жарақаттайтын, бос патрондар, дайындалған аң аулау патрондары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.


10) - 12) тармақшаларға ескертпелер:

Мемлекеттік органдардың жекелеген санат қызметкерлерінің қару мен оқ-дәріні, сондай-ақ өзге адамдардың азаматтық, спорттық, аңшылық қаруды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қарудың және оған арналған патрондардың айналымы ережелерінде белгіленген.





Каталог: images -> npa
npa -> Ќазаќстан Республикасы
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет