Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов жеңілмеген нокаутшымен жекпе-жекте жеңіліс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 360boxingpromotions

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің туған бауыры Дәурен   жеңілістің дәмін татпаған рландиялық Каллум Уолшпен (9-0, 7КО) жұдырықтасып, 9 раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бірінші орта салмақтағы WBC Continental Americans белбеуін сарапқа салынған сайыста отандасымыздың жолы болмады. Осылайша Дәурен екінші рет қатарынан жеңіліске ұшырап отыр.

Айта кетейік,  Дәурен Каллум Уолшпен болар жекпе-жек алдында күтпеген жерден танзаниялық Пиус Мпендадан ұтылып қалған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.