Көлiк құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және оларды басқару құқығына арналған куәліктерді беру ережесі Жалпы ережелер



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2019
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығымен бекітілген Көлiк құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және оларды басқару құқығына арналған куәліктерді беру ережесі
Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн, сондай-ақ республика аумағында жүрген немесе тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн бiрегей әрi міндеттi болып табылады, сондай-ақ емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерін бepyдің және жүргiзушiлердi көлiк құралдарын басқаруға жiберудiң тәртiбiн белгiлейдi.

ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Барлық көлiк құралдары олардың типіне, қажеттігіне және оларды басқару ерекшелiгiне орай "А", "В", "С", "Д", "E", трамвай, троллейбус санаттарына бөлiнедi, оларды басқару құқығына тиiстi бағандарда рұқсат ету белгiсi соғылған бiрыңғай жүргiзушi куәлiгі (бұдан әрі -  санаттағы куәлiкҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)) берiледi.

3. "А", "В", "С", "Д" және "E" бағандарында рұқсат ету белгiсi бар жүргiзушi куәлігiне ие адамдар:

"А" - мотоциклдерді, мотороллерлердi және басқа да мотокөлiк құралдарын;

"В" - толық салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнің орнынан басқа отыратын орындар саны сегiзден аспайтын автомобильдердi;

"С" - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерiн;

"Д" - жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орнынан басқа сегiз орындықтан артық орны бар автомобильдердi;

"Е"- "В","С" немесе "Д" санатындағы көлiк құралдарына жататын және жүргiзушiнің оларды басқару құқығы бар тiркемелi көлiк құралдарын басқара алады.

Трамвайдың жүргiзушiсiне тек қана трамвайды, троллейбустың жүргiзушiсiне тек қана троллейбусты жүргiзуге рұқсат етiледi.

Жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдерге мыналар:

- барлық кластағы автобустар және адамдар тасымалдау үшiн қайта жабдықталған және жасаушы зауыт жағдайларында сериялық тәртiппен жасалған тиiстi сыйымдылықтағы автофургондар, сондай-ақ жүргiзушiнің орнынан басқа сегіз орындықтан артық орны бар жүк автомобильдерi жатады. "В", "С" немесе "Д" санатындағы көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне оларды толық салмағы 750 кг аспайтын тiркеме болғанда да басқару құқығы берiледi. Толық салмағы 750 кг асатын тiркемелері бар "С" және "Д" санатындағы көлiк құралдарын, сондай-ақ ұзартылған автобустарды, троллейбустарды басқару үшін жүргiзушi куәлiгiнде "E" санатына рұқсат етiлген белгi болуы қажет.

4. Емтихан қабылдауды, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерін берудi және "А", "В", С", "Д", "E" санатындағы көлiк құралдарын, сондай-ақ трамвай, троллейбусты басқаруға жiберудi Қазақстан Республикасы IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерi (бұдан әрі - ТЕБ) жүзеге acырады.

5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

жүргізуші куәлігі – уәкілетті мемлекеттік орган жүргізушіде қажетті білім мен дағдылардың бар-жоғын тексергеннен кейін берген көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат;

емтихан пункті – заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жатқызылған, көлік құралдарын басқаруға жіберу бойынша заңдық рәсімдерді жүзеге асыратын ІІО бөлімшелері;

емтихан комиссиясы – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бағдарламалары бойынша көлік құралын басқару құқығын алу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қаңтардағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін (бұдан әрі – ЖҚЕ) білуіне емтихандарды ұйымдастыру және өткізу үшін аумақтық ішкі істер органының бұйрығымен бекітілген комиссия. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

оқу ұйымы – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлаумен және қайта даярлаумен айналысатын ұйым.

6. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлауды және қайта даярлауды меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. ҚР Ішкі істер министрінің 2008.13.11 № 424 Бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) 6-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

7. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бойынша оқу курстарын бітіру туралы куәлік» жүргізушілердің даярлықтан және қайта даярлықтан өткенін растайтын құжат болып табылады.

2. Көлiк құралдарын басқару құқығын алу тәртiбi

8. Емтиханға:

1) "А", "В", "С", "Д", "E" санатындағы көлiк құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында даярлықтың толық курсынан, ал оқу басталғанға дейiн Қазақстан Pеспубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өткен адамдар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама ұсына отырып; ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 7-1-тармақпен толықтырылды

2) "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар; ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 8-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)

3) дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда «А» және «В» санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі.

9. Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда 6 айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі.

Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 10-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

10. "А", "В", "С", "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгi ТЕБ-де теориялық және практикалық емтихан, «Е» санатына – практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбусты басқару құқығына - теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі.

Теориялық емтихан кезінде ЖҚЕ-ні білуі, алғашқы медициналық көмек көрсете білуі тексерiледi. Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан теориялық емтиханды табысты тапсырғаннан кейін екі кезеңде: біріншісі - автодромда, екіншісі - елді мекеннің көше-жол торабында өткізіледі.ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

11. Көлiк құралдарын басқару құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:

- он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты);

- он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi;

рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С"санаты) жүргiзуге;

- жиырма бір жасқа толғандарға - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орындығынан басқа отыратын орны сегiзден артық автомобильдердi ("Д" санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;

- көлік құралының санатына сәйкес келетін кемінде он екі ай басқару өтілі бар болған жағдайда, "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлiк құралдарын басқару құқығы бар адамдарға тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" санаты ).ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгерді

12. "D" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы белгіленген бағдарламалар бойынша даярлықтан өткен және теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі.

13. «А» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы «В», «В,С», «С», «В,С,Д», «Д» санаттарындағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге практикалық емтихан тапсырғаннан кейін берілуі мүмкін. «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы «С», «В,С,Д», «Д» санаттарындағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге тіркеу-емтихан бөлімшелерінде практикалық емтихан тапсырғаннан кейін берілуі мүмкін. (бұр. ред. қара)

14. Бір жылдан астам мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдарға жүргізуші куәлігін қайтару теориялық және практикалық емтихандар тапсырғаннан кейін жүргізіледі, бұл ретте практикалық емтихан жүргізуші басқару құқығынан айырылған көлік санатынан жоғары көлік құралында қабылданады.

15. Жүргізуші куәлігін берудің алдында көлік иесі іздестіруде болу тұрғысынан «Іздестіру» есептері бойынша тексеріледі.

 

3. Емтихан қабылдау және жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбiҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 18-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)



16. Көлiк құралдарының барлық санаттарын басқару құқығына теориялық және практикалық емтиханды ТЕБ-тің емтихан комиссиясы қабылдайды. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 19-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

17. Теориялық емтихан қабылдау жөніндегі емтихан комиссияның құрамында кемiнде үш адам болуы тиіс. Комиссияның құрамын ТЕБ бастығы тағайындайды, оған:

ТЕБ қызметкерi (комиссия төрағасы);

жүргiзушiлердi даярлаумен айналысатын оқу орындарының, көлiктік, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi (комиссия мүшелерi) кiруі тиіс.

Емтихан комиссиясының құрамына емтихан тапсыратын топты даярлауды жүзеге асыратын оқытушыны және өндiрiстiк оқыту шеберін енгiзуге рұқсат етілмейді.

18. Емтихан комиссиясының мүшелерi ЖҚЕ-ні, емтихан қабылдаудың әдiстемесiн бiлуi тиіс және олардың:

- автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi;

- олар емтихан алатын санат бойынша жүргiзушi куәлiгi;

- кемінде үш жыл жүргiзушi өтілі болуы керек.

18. Оқу ұйымдарында оқитын адамдардан емтихан қабылдау емтихан комиссиясының орналасқан жерi бойынша алдыңғы айдың 25-iнен кешiктірмей ТЕБ-ке берiлген өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

19. Көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер жол полициясының бөлімшесіне:

1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін беруге арналған бланкіге толтырылған өтінішті;

2) жеке куәлігін;

3) курстарды бітіргені туралы куәлікті және оның көшірмесін (жеке тәртіпте даярлықтан өткен адамдарды қоспағанда);

4) медициналық анықтаманы;

5) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші карточкасын;

6) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен белгіленген мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты;

7) жеке куәлігінде тұрғылықты жерінің мекен-жайы болмаған жағдайда тіркеу әрекеттерін жасауға өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжатты (Азаматтарды тіркеу кітабын не мекен-жай бюросының анықтамасын) ұсынады.

20. Жүргiзушi куәлiгiн алу құқығына емтихан тапсырмас бұрын жүргiзушi карточкасы толтырылады, ол жеке куәлікпен бiрге емтихан комиссиясына ұсынылады. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 24-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

21. Емтихан мынадай ретпен: бірінші теориялық, содан кейін практикалық емтихан өткізіледі. Теориялық емтихан тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді.

22. Оқу ұйымдарында көлiк құралдарын басқару құқығына даярлықтан өткен және емтихан тапсыра алмаған адамдар үшiн емтихан екiншi рет кемінде 7 тәулiктен кейін, ал 8-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн кемінде 10 тәулiктен кейiн өткiзiледi.

Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға (3 айдан астам) кететiн және емтихан тапсыра алмаған адамдар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оларға емтихан екіншi рет кемінде 3 тәулiктен кейiн тағайындалуы мүмкiн.

Қалған басқа жағдайларда (жүргізуші куәлігін жоғалту, көлік құралын басқару құқығынан айырғаннан кейін) емтихан тапсыру мерзiмi реттелмейдi, бiрақ ол бiр тәулiктен кем болмауы керек.

Теориялық емтиханда алынған оң баға үш ай ішінде жарамды болып саналады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейiн көлік құралын басқару құқығын алуға үміткер қайтадан теориялық емтихан тапсырады. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 26-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

23. ЖҚЕ бойынша емтихан нәтижелері емтихан карточкаларының негізінде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған емтихан қабылдауға қатысқан комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 294 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 27-тармақ өзгертілді

24. Теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған адамдарға хаттама негiзiнде жүргiзушi куәлiктері жазылады, оның сериялары мен нөмірлері өсу тәртібімен осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес жүргізуші куәліктерін беру тізіліміне, сондай-ақ жүргiзушi карточкасына енгізіледі.

25. Жүргізуші куәлігін беру негізділігі мен оны толтыру дұрыстығы емтихан комиссиясының төрағасы тексергеннен кейін жүргізуші карточкасында қолмен және мөрмен расталады. (бұр. ред. қара)

26. Жүргiзушi куәлiгi он жылға берiледi (бұл туралы "... дейiн жарамды" немесе "Ерекше белгiлер үшiн" бағандарында тиiстi жазба жазылады), сол мерзiм аяқталған соң ол осы Ережеде белгіленген тәртiпте айырбастауға жатады.

Жүргізуші немесе медициналық қайта куәландыру мерзiмдерінде шектеуi бар адам шетелге шыққан кезде жүргізуші куәлiгiне өзге мерзiм көрсетіледі. (бұр. ред. қара)

27. Трамвайды, троллейбусты басқару құқығына рұқсат алу кезінде жүргізуші куәлiгінің "Ерекше белгiлер үшiн" бағанында көлік құралының тиісті санаты көрсетіле отырып, жазба жазылады. Осы бағанға басқа да шектеулер мен ұйғарымдар қойылуы мүмкiн. (бұр. ред. қара)

28. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 32-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Басқа санаттағы көлiк құралын басқару құқығына рұқсат алу кезінде жүргізуші куәлігі жаңа куәлiкке ауыстырылып, оған бұрынғысындағы қажетті белгiлер көшiрiліп жазылады.ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.01 ж. № 762; 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 36-тармақ өзгертілді

29. Жүргізуші куәліктері олардың иелеріне жеке куәлігін ұсынғаннан кейін жүргізуші куәліктерін беру тізіліміне қол қойып немесе сенімхат бойынша басқа адамдарға беріледі.

30. (бұр. ред. қара) (бұр. ред. қара) (бұр. ред. қара)Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және сот көлiк құралын басқару құқығынан айырмаған адамдардан алынған жүргiзушi куәлiктерiн еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшілігiнің қолдаухаты бойынша жазасын өтеп жатқан жердегi ЖП бөлiмшесi күшiне енген үкiмнің негiзiнде қайтарады.
4. Жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және жоғалғандарының

орнына бepy, сондай-ақ оларды шетел азаматтарына

ауыстыру және беру тәртiбiҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 40-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

31. Жүргiзушi куәлiгi 3-тармақшаны қоспағанда, осы Ереженің 19-тармағында санамаланған тармақшалардың негізінде ауыстырылады. (бұр. ред. қара)

32. Жүргізуші куәлiгін жаңа куәлікке ауыстырған кезде оның "Ерекше белгiлер үшiн" бағанына бұрынғы куәлiктiң сериясы, нөмірi және берiлген күнi жазылады. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 43-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

33. Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда, "Телнұсқа" белгiсi бар жаңа жүргiзушi куәлiгiн тұрғылықты жері немесе жаңадан тұратын жері бойынша тіркелген азаматтарға осы Ереженің 19-тармағында санамалаған құжаттардың негізінде ЖП бөлімшесі бередi, бұл ретте басқа облыста тұратын адамдар үшін бұрынғы жүргізуші карточкасы іске тігіледі, оның орнына жоғалған жүргізуші куәлігінің деректемелерін көрсете отырып, жаңа куәлік беріледі. Басқа мемлекеттердің азаматтары үшін жүргізуші куәліктері бұрын тұрған жері бойынша жүргізуші куәлігін бергенін растағаннан кейін сол негіздерде беріледі. Жүргізуші куәліктерінің телнұсқаларын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші куәлігін алу немесе сот шешімінің негізінде айыру тұрғысынан тексергеннен кейін ТЕБ қызметкерлері береді. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.26.04. № 249 бұйрығымен (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

34. Жүргізуші куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру кезеңінде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір айға дейінгі мерзімге уақытша жүргізуші куәлігі беріледі. Сұрау салулар жіберген және оларға жауап алған, куәлікті жоғалтуға байланысты жекелеген мән-жайларды анықтаған жағдайда уақытша жүргізуші куәлігі қосымша 30 тәулікке дейінгі мерзімге ұзартылады. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.26.04. № 249 бұйрығымен (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

35. Уақытша жүргізуші куәліктері жүргізуші куәліктері берілгеннен кейін материалдарға тігіледі.

36. Халықаралық жүргiзушi куәлiктерi Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқаруға жарамды.

1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы конвенцияның талаптарына сәйкес келетін шетел азаматтарының ұлттық жүргiзушi куәлiктерi олардың нотариалды расталған аудармасы болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында жарамды. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 294 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 47-тармақ өзгертілді

37. Егер халықаралық келiсiмдерде өзгеше түсiнiктеме берілмесе, Жол қозғалысы туралы конвенцияның талаптарына сәйкес келмейтiн ұлттық жүргiзушi куәлiктерi Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi түрде ауыстыруға жатады.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жүргізуші куәлiктерiн айырбастау жүргізуші куәлiктерінің түпнұсқалары мен олардың мемлекеттiк тілде немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасын, iшкi iстер органдарында тiркелген паспортын жол полициясының бөлiмшелерiне ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейiн және ТЕБ-де теориялық және практикалық емтиханды тапсырған соң жүзеге асырылады. Бұл ретте ұлттық жүргiзушi куәлiгiнде рұқсат етiлген және осы ережелердiң 3-тармағының талаптарына сәйкес келетiн санаттағы көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгi шығу құжаттарының әркет ету мерзіміне берiледi. Ұлттық жүргiзушi куәлiгi ТЕБ-те сақталады және оның иесi Қазақстан Республикасынан тыс жерге шыққан кезде оның өтiнiшi бойынша және бұрын берiлген Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгiн тапсырғанда қайтарылады.

38. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарда ұлттық жүргiзушi куәлiктері болмаған жағдайда егер олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмi 6 айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiктері оларға жалпы негiздерде берiледi.

39. Шетелде Жол қозғалысы туралы конвенцияның талаптарына сәйкес келетін сол елдің жүргізуші куәліктерін, сондай-ақ халықаралық жүргізуші куәліктерін алған Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық куәландырудан өткеннен кейін және ТЕБ-ке расталған аудармасы бар көрсетiлген жүргiзушi куәлiктерiн ұсынғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасының тиісті жүргізуші куәліктеріне айырбастай алады. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 51-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

40. Шетелде Жол қозғалысы туралы конвенцияның талаптарына сәйкес келмейтiн сол елдiң ұлттық жүргiзушi куәлiгiн алған Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгi медициналық куәландырудан өткеннен кейiн, расталған аудармасы бар ұлттық жүргiзушi куәлiктерiн ТЕБ-ке ұсынғаннан кейiн және теориялық және практикалық емтиханды тапсырғаннан кейiн берiледi. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 52-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

41. Мемлекеттік не орыс тілін бiлмейтiн шетел азаматтары теориялық емтихан тапсыруға білікті аудармашылардың қатысуымен жіберіледі, олар туралы мәлiметтер комиссияның хаттамасына енгiзiледi.


5. Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін

емтихан өткізу тәртібі

§ 1. Жалпы ережелер

42. Емтихан осы Ережеде көзделген тәртіппен адамға (бұдан әрі – жүргізушілікке үміткер) көлік құралын басқару құқығын алуға жүргізуші куәліктерін беру мүмкіндігін айқындау мақсатында өткізіледі.

Емтихан тапсыруға бірінші рет жіберілген, көлік құралдарының басқа да санаттарын басқару құқығын алуға ниет білдірген адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар жүргізушілікке үміткер болып есептеледі.

43. (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)Жүргізушілікке үміткердің алған бағалары осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес және теориялық емтихан тапсыру хаттамасына сәйкес емтихан парағына жазылады. (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

 

§ 2. Теориялық емтиханды өткізу



44. Емтихан теориялық білімді тексеру және көлік құралдарын басқару құқығын беру мақсатында өткізіледі.

45. Теориялық емтиханды өткізу кезінде жүргізушілікке үміткердің мыналарды:

1) ЖҚЕ-ны және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қаңтардағы № 1650 қаулысымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережені (бұдан әрі – көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер) және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі лауазымды тұлғалардың міндеттерін;

2) көлік құралдарын қауіпсіз басқарудың техникалық аспектілерін;

3) жол-көлік оқиғаларының туындауына ықпал ететін факторларды, жай-күйі жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін көлік құралы конструкциясының элементтерін;

4) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету әдістерін білуі тексеріледі.

46. Емтихан компьютерлік кешендерді пайдалану арқылы өткізіледі. Сұрақтар көлік құралдарының тиісті санаттары үшін блоктарға топтастырылған:

1) 1-блок ("А" және "В") - "А", "В" санатындағы көлік құралдарына жүргізушілікке үміткерлер үшін;

2) 2-блок ("С", "Д" және "Е") - "В-С", "С", "Д", "Е", "трамвай" және "троллейбус" санатындағы көлік құралдарына жүргізушілікке үміткерлер үшін.

47. Әрбір блок 40 сұрақтан тұрады. Әрбір сұраққа бірнеше жауаптар берілген, оның ішінде біреуі дұрыс.

48. Емтиханды өткізу нысаны - жеке. Емтихан бір ғана адамнан және жүргізушілікке бірнеше үміткерлерден бір уақытта қабылдануы мүмкін.

49. Теориялық емтихан білімді бағдарламаландырылған бақылау әдісі арқылы қабылданады.

50. Сұрақтар блогына жауап беру үшін жүргізушілікке үміткерге 40 минут беріледі. Көрсетілген уақыт аяқталған соң емтихан тоқтатылады.

51. Уақыт хронометражын емтихан басталған сәттен бастап компьютерлік кешен жүргізеді.

52. Билет сұрақтарына жауап беру ретін көлік құралын басқару құқығын алатын адамның өзі таңдайды.

53. Емтихан көлік құралын басқару құқығын алатын адам мен емтихан алушының жұмыс орны жабдықталған үй-жайда (емтихан класында) өткізіледі. Емтихан класының жабдықталуы мен орналасуы емтихан алушының жүргізушілікке үміткерлердің іс-әрекеттерін бақылап отыруға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.

54. Емтихан алушы көлік құралын басқару құқығын алатын адамды емтихан өткізудің нысанымен, әдістерімен және тәртібімен, автоматтандырылған орталықтың бағдарламасымен жұмыс істеу тәртібімен таныстырады, бағалау жүйесін түсіндіреді.

55. Емтиханды өткізу кезінде емтихан алушы жүргізушілікке үміткерге көрсетілген автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) отыруды ұсынады. Кешен жүргізушіге үміткердің АЖО қосылған емтихан алушының орталық пультінен (бұдан әрі - ОП) тұруы керек. Әрбір АЖО пернетақтамен және монитормен жабдықталады.

Емтихан басталар алдында мониторда АЖО-ның нөмірі, басқару құқығын алу үшін емтихан тапсырылатын көлік құралының санаты, сондай-ақ осы АЖО-ға белгіленген жүргізушілікке үміткердің тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Көрсетілген ақпаратты енгізу емтихан алушының ОП-сынан жүзеге асырылуы тиіс.

Емтихан қабылдау бөлімшесінде емтихан қабылдаудың және жүргізуші куәліктерін берудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеген жағдайда ақпараттарды енгізу инспектордың АЖО-сынан жүргізулікке үміткерге белгіленген құжаттарды қабылдау кезеңінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Емтихан сұрақтарының блогы жүргізушілікке үміткер АЖО пернетақтасындағы тиісті батырманы басқаннан кейін ғана қалыптасады және монитор экранына шығарылады.

Емтихан барысында жүргізушілікке үміткердің АЖО мониторының экранында блоктың бірінші сұрағы және емтихан соңына дейінгі қалған уақыт көрсетіледі.

Монитор экранындағы сұрақтардың графикалық бейнелері Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті бекіткен емтихан блоктары сұрақтарына сәйкес бейнелермен бірдей болуы керек.

Жүргізушілікке үміткерде сұрақтарға жауап берудің ретін өзі таңдау мүмкіндігі болуы тиіс.

Емтихан барысында клавиштерді байқамай басып қалумен байланысты қақтығыс жағдайларын болдырмау үшін жүргізушілікке үміткер өзі таңдаған жауапты тиісті клавишті қайта басу арқылы қайталауы керек.

Емтиханның нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат жүргізушілікке үміткердің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін ғана не болмаса белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін ғана көрінеді. Экранға бір уақытта таңдалған және дұрыс жауаптардың нөмірлері бар емтихан парағы, сондай-ақ емтиханға жұмсалған уақыт шығады.

Емтихан аяқталғаннан кейін жүргізушілікке үміткердің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтарды, сондай-ақ оның таңдаған жауаптарды шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Емтиханның нәтижесі жүргізушілікке үміткердің АЖО-сынан емтиханның хаттамасы мен емтихан парағын шығару үшін емтихан алушының ОП-сына берілуі керек.

Емтихан алушының ОП-сы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде пайдаланылатын деректер базасымен байланысу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Емтихан алу барысында автоматтандырылған кешенде ақау анықталған жағдайда, жүргізушілікке үміткерге қойылған баға жойылады және емтихан қайта өткізіледі.

56. Емтихан нәтижелері қойылған емтихан парағына емтихан алушы қол қояды.

57. "ТАПСЫРДЫ" деген баға жүргізушілікке үміткер белгіленген уақытта кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда жүргізушілікке үміткерге "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген баға қойылады.

58. Егер сұрақтарға жауап беру кезінде жүргізушілікке үміткер қандай да болмасын әдебиетті, техникалық құралдарды пайдаланса немесе басқа адамдармен сөйлессе, емтихан тоқтатылады және үміткерге "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген баға қойылады.


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd storage
mvd storage -> Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 007 жылғы қарашадағы №1061 Қаулысы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»
mvd storage -> Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының
mvd storage -> 2-ші Тарау Нормативтік құжаттар
mvd storage -> Агитбригада
mvd storage -> Игра «Брей-ринг» по Правилам дорожного движения


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет