Жетісу облысында Алакөл жылу кәсіпорнының бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
"Сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", – делінген прокуратураның хабарламасында.
Облыстағы прокуратураның мәліметінше, қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.
-
Сәтпаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
-
Алматының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алу ісі бойынша алты жылға сотталды
Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2024 жылы 3 ақпанда "Тиолайн" компаниясы тең иелерінің бірі Виктор Долгалев жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұсталғанын жаздық. Сонымен қатар Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.