Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстық потенциалын қалыптастыру мәселелері молдабекова А, Биназарова А. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ



жүктеу 147.8 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі147.8 Kb.

ӘОЖ 336.76
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Молдабекова А, Биназарова А.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Коммерциялық банктердің өздерінің қызметін іске асыру үшін өздерінің қол астында негізгі ресурстары болуы керек. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасында банктердегі ресурстық базаға онша көңіл бөлінбеген. Оның көолемі және құрлымы банк үшін маңаызды емес болған. Соңында өздерінің шотына еркін ақша құжаттарын тарту үшін қызығушылық жоқ болды. Бұл банктердің ресурстарға деген мемлекеттік монополиялардың әкімшілдік командалық экиономикасының болуымен түсіндіріледі және ол банктер арасындағы клиентураның қатаңк бөлінуімен нақты банктерде кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттарын сақтауда және өзінің есептерін солар арқылы жүргізеде, банктердің активті операцияларының көлемін анықтайтын несиелік салымдардың лимиддтік нақтылығымен түсіндіріледі. Нарықтық шаруашылыққа өтуде коммерциялық банктердің және кәсіпорындардың экономикалық жекелілігінің пайда болуы банктердің ресурстары нарығының пайда болуына алып келеді. Бәсекелестердің болуы банктер арасындағы тартып алынған ресурстар күресін күшейтті.

Нарықтық экономикадағы комерциялық банктердің ресурстарының бірінші деңагейлі мәні бар. Олар банктік қызметіне қажетті активті элементтепрі ретінде қызмет атқарады. Коммерциялық бір жағынан өзініңк ресурстарының базасын қалыптастыра отырып, заңды жәцне жеке тұлғалардың еркін ақша қаражаттарын тартса, екінші жағынан – оны өздерінің атынан қайтарымды, жедел және төлем шарттарты бойынша орналастырады. Осыдан кейін коммерциялық банктердің өзінің опеирацияларының өзінде боллған ресурстардың көлемімен анықталлады. Бұл операциялардың сипаттамасы банктердің ресурстарының базалық құрамының сапасына тәуелді. Коммепрциялық банктегі ресурстардың қысқа мерзімді сипатта болғандықтан олар ұзақ мерзімді несие салу мүмкіншілігінен айырлған нарықтық жағдайда коммерциялық банк арқылы орналастыратын қаражаттардың көлемі және сапалы құрамы, оның қызметінің бағыты және масштабтарын анықтайды. Осыған байланысты ресурстардың базалы қалыптастыру, оның құрлымын оптимизациялау және тұрақты қамтамасыз ету, банк жұмысында өте өзекті болып табылады.

Коммерциялық банктердің ресурстары - бұл оның жеке капиталы және заңды және жеке тұлғаларының ақша қаражаттарының қайтарымды негізінде тартылатын, активті операцияларды іске асыру үшін қолданылатын пассивті операцияларды жүргізу нәтижесінде банк арқылы қалыптастыру. Осылайша, коммерциялық банктердің ресурстарын 2 негізгі топқа бөлуге болады: жеке капитал және тартылған қаражаттар. Жеке капитал коммерциялық банктер арқылы қызметі кезеңінде оған жататын қаражаттарды көрсетеді.

Тартылған қаражаттар - банк үшін уақытша сипаттаманы көрсетеді. Банктердің жеке қаражаттары ретінде күтілмеген шығындар жағдайында сақтандыру ретінде элементтер қызмет атқарады. Бұл, біріншіден жарғылық капитал, резервтік қорлар, бөлінбейтін пайда (табыс) және 1- ші деңгейдегі капиталды немесе негізгі капиталды құратын басқа да жеке қайнар көздері, сонымен қатар 2 - ші деңгейдегі капиталдың элементтері немесе қосымша капиталдың элементтері. Олар тұрақты сипаттамада болады және күтілмеген шығындарды жабу үшін қолданылады. Тартылған қаражаттардың арасында олардың аккумуляция әдісі бойынша депозиттерді және басқа да тартылған қаражаттарды бөледі.

Депозиттер - бұл клиенттердің шоттарын ашу енгізу бойынша, салымдарды қабылдау қарыз міндеттемелер түрінде жеке құнды қағаздарды шығару (депозиттік және жинақтау сертификаттары, векселдер, облигациялар) бойынша банк арқылы жүргізілген операциялардың нәтижесінде тартылған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын қарыз түрінде жүргізіледі, өйткені банк арқылы оның жеке инциативасы бойынша қабылданғандықтан негізінен банктер арасындағы нарықта жүргізіледі, (Қазақстан Республикасының Орталық банктерінде сирек жүргізіледі). Барлық коммерциалық банктердің ресурстарының құрамында тартылған ресурстар үлкен үлесіне иемденеді. Осыдан коммерциалық банктер экономикадағы басқа субьектілерінен ерекшелінеді. Банктердің жеке капиталының үлесіне 20% - 5а дей3н болса, ал комерциалық кәсіпорындар 50-60% деңгейінде болады. Бұл айырмашылықты банктерінің бизнестерінің ерекшелігі ретінде түсіндіруге болады – қаржы делдалдары рөлі ретінде қызмет ету. Уақытша еркін ақша қаражаттарын тарту банктің жеке капиталын жоғарылату бойынша операцияға қарағанда комерциалық банкке арзанға түседі.

Нақты коммерциалық банктердің ресурстарының құрлымы өзінің сапасы және санды құрамы бойынша басқа коммерциалық банктердің ресурстарының құрамынан маңызды түрде ерекшеленеді. Бұл көптеген факторларға тәуелді, мысалға банкті қалыптастыру кезеңінде, оның жарғылық капиталының өсуінен, банктердің қызметінің ерекшелігі, операциялардың құрамы, банктердің лицензияларды қарау, клиеннтердің саны және сапасы, несиелендіру саласындағы банктердң саясаты, қаржы нарығына қатысу және банктік ресурстың нарықтың жағдайы.

Коммерциялық банкке ресурстардың базасын қалыптастыру мақсатында әр-түрлі қайнар көздерден тартылған ақша қаражаттар күніге және күнара жүргізіледі. Осыдан банк ресурстарының абсолюттілік өлшемі күн қортындысы бойынша өзгерілмейді немесе азаймайды, өйткені банктің міндеттемелерін жүргізу бір уақытта жүргізіледі. Ол төлем мерзімі келгендіктен немесе олардың иелерінің ақша – қаражаттарын қажеттілігі пайда болғандықтан, олардың төлем құжаттарын не басқа да ағымды операцияларды төлеуде шаруа субьектісінің шотынан ақша қаражаттарын алу банктің пасивінің қысқаруына әкеп соғады. Дегенмен, ресурстарының өлшеміне қарамастан ресурстар – бұл тұрақты емес, күнделікті құбылмалықтар есептік айда толығымен жабылады және соңында тұрақты деңгейге алып келеді.

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уакытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Қоммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. «Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің уйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленеді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатады. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы- материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді.

Ұлттык Банкі «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады. Демек, коммерциялык банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары- бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары қіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы- материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:



  1. Банктің меншікті капиталы.

  2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль ойнайды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат,құрал-жабдықтар, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады.Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі.Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиты бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді.. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы- банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:


  • жарғылық капитал

  • резервтік капитал

  • қосымша капиталдар

  • банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер)

  • бөлінбеген банк пайдасы

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

- акционерлік банк формасында

- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құрылып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың санының өсуі себебіненжүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі- акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы- банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын күәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнеміделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады

ә) бактік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидедтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады

б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары)

Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.

Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:


  1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу

  2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу

  3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу

  4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:

- банкті акционерлік формада құру

- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

Банктің меншікті қаражаттарының түріне резервтік қор жатады.

Резервтік қор- банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қорлардың шамасы заңдыф түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, 25 мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қор мен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар- негізгі қорлардың қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:/6/



  • банк пайдасы

  • акциялар шығару

  • құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру

  • облигациялар шығару жатады.

Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық түрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешкетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

- қорғаныс қызметі

- шұғыл қызмет

- реттегіштік қызметі

- айналым қызметі

- резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

Банк капиталының қорғаныс қызметі- банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауна жол береді.Қорғаныс қызметі- меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, құрал- жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе,банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Қейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.

Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамсыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сиықты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелкй байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктердің ресурстардың қайнар көздері және құрамы келесі 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1. Банк ресурстарының құрамы және қайнар көздері


Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуеклмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авнсылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

Сонымен, депозиттік базаны нығайту және ресурстық потенциалды кеңейту үшін банкке;



  • әр түрлі деңгейдегі халықтың табыстарын негізге ала отырып, салымдардың қатарын арттыру.

  • Жинақ сертификаттарын шығаруды игеру.

  • Халық мерзімді салымдарын мерзімінен бұрын алуынан болатын негативті ықпалды минималдау шараларын қабылдау.

  • Орналастырылған салымдар бойынша пайызды, инфляциялық шығындарды компенсациялау мақсатында алдын ала төлеу.

  • Клиенттер үшін жаңа қызметті енгізу – телемаркетинг қызметін.

  • Банктің жарнамалық қызметін жүргізу.

Әдебиеттер


  1. ”ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР Заңы. 30.08.1995 ж.

  2. 2002 жылғы 3-маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 Қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” Ереже.

  3. Банковское дело. Учебник: 4-е изд. Под ред. проф. В.И. Колесникова – М.: ФиС., 1998 –464с.

  4. Банковское дело. Учебник /Под ред. О.И.Лаврушина – М: ФиС, 2000-576 с.

  5. Батракова А.В. Экономический анализ в коммерческом банке. – М.: Инфра – М, 2008 – 365с.

  6. Б.Бекбенбетова. Менеджмент в банковской системе. Учебное пособие. Тараз:ТарГу, 2003 – 107с.

  7. Банковское дело. Учебник. / Под ред. Сейткасымова Г.С.— Алматы: Қаржы-қаражат, 2008 г.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 I
konf 2014 I -> Әож 340. 141 ДӘСТҮрлі қазақ ҚҰҚЫҚ ЖҮйесін қайта қолданудың маңызы
konf 2014 I -> Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша арал теңізінің Қоршаған ортаға келтіретін экологиялық Әсерін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жунисалиев А. Т., Махан Т. У., Қожахметова А. А
konf 2014 I -> Нєзір т¤РЕЌ¦ловтыњ Ќазаќтан шыќЌан т¦ЊЃыш елші ретінде
konf 2014 I -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 I -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 I -> Әож 903/904(574)(092) талас өҢіріндегі қалалар туралы парсы деректері шолпанқұлова Қ. А. Тармпи, Тараз қ
konf 2014 I -> ҚҰрамы рыскелдіұлы Е. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,Тараз қ
konf 2014 I -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет