Коммерциялық банктің несие портфелінің сапасын арттыру мәселелері (Қр екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде) Әуелбаев С. Ш., Абубакирова Г. М



жүктеу 110.1 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі110.1 Kb.

ӘОЖ 334.012.42:340.142.22(574)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ ПОРТФЕЛІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ (ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕР МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Әуелбаев С.Ш., Абубакирова Г.М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық  негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.

Банктік несие - өндірістік күштерді ынталандырады, ғылыми – техникалық прогресстің негізінде өндірісті кеңейту үшін капитал көздерін қалыптастырады. Несие арқылы капитал мен ресурстардың ағымы жүзеге асырылады және жаңа құн қалыптасады. Несиелік қызмет банктің ең негізгі қызметі болып табылады, ал несиелік процесс – банктің жұмыс көрсеткішінің және оның менеджмент сапасының көрсеткіші.

Несие портфелінің сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруда жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қарыз операцияларын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қарыз операцияларын басқарудың жүзеге асырылған процесі жоқ.Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие портфелін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Коммерциялық банктің несие саясаты – анықталған қаржылық қорытындыларға жету үшін банкпен жүргізілетін ақша – несие шараларының жүйесін білдіреді және банктік саясаттың бір элементі болып табылады [1].

Мерзімі өткен несиелерге қоржын қалыптастыру және қарыз операцияларын басқаруды толық жүзеге асырылмауының нәтижесінде пайда болған жағымсыз сәттерге келесі факторларды жатқызуға болады: несие саясатының құжаттарының жоқ болуы, несие портфелінің толық диверсификациясының жоқ болуы, басқарма орталығының деңгейі рационалды болмауы, қарыз алушыны тексерудің жеткілікті болмауы, несиелік құжаттарды бақылаудың жеткілікті болмауы.

Қарыз операцияларын басқарудың мұндай жетіспеушіліктері несие портфелінің төменгі дәрежесіне әкеледі.Бұл жетіспеушіліктерге жетпеу үшін коммерциялық банктер қарыз операцияларын тиімді басқару қажет. Ол үшін несиенің қайтарымдылығына, мерзімділігіне, төлемділігіне көп көңіл бөлулері керек. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін, тәуекел түрлерін, оны шешу жолдарын анықтауы қажет және несие беруші банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген тәртіпте жоғалтуларды жабу үшін қор құруы керек [2].

Көптеген нарықтарда банктердегі несиелерді сапалы басқару үшін объективті қиындықтармен сипатталатын экономикалық жағдайларда әрекет етуге тура келетіні еш күмән туғызбайды, мұндай басқаруды нығайтудың маңыздылығын растайды.

Несиелік портфель банк саясатында үлкен рөл ойнайды. Несие портфелінің объектісі – несие тәуекелі, қарыз алушылардың түрлері мен несиеқабілеттілігі, несиенің қайтарымдылығы, мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі, несиелік құралдар, яғни олар зерттеу пәні болып табылады.

Сапалы несие портфелін қалыптастыру банк үшін ең негізгі мақсат болып табылады, ал банктің қарыз операцияларын басқару қызметі жетістіктерге жеткізеді.

Несиелік портфелді басқару бұл - банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін денгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады. Несиелік портфелді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар [3]:



  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Қазақстанның банктік секторының 2004-2010 жж аралығындағы коммерциялық банктердің экономика салалары бойынша берген несиелер серпіні мен құрылымынан несие портфелін басқару деңгейін көреміз (1- кесте).

Кесте 1.


ҚР-ғы ЕДБ-дің экономика салалары бойынша берген несиелер серпіні

мен құрылымы кезеңнің соңына




Көрсеткіштер

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

Барлық несиелер, млрд теңге

2 592,1

4691,0

7 227, 2

7390,9

7 644,1

8 160,3

8 295, 8

Ауыл шаруашылығы

163,9

206,7

259,0

264,4

272,3

310

327,1

үлесі,%

6,3

4,4

3,6

3,6

3,6

3,8

3,9

Өнеркәсіп

437,7

521,8

709,6

711,5

885,7

1200

1256,3

үлесі,%

16,9

11,1

9,8

9,6

11,6

14,7

15,1

Құрылыс

313,5

658,4

1 198,7

1 423,4

1614,6

2 252,2

2312,5

үлесі,%

12,1

14,0

16,6

19,3

21,1

27,6

27,9

Сауда

638,4

1087,8

1 554,7

1 643,1

1787,8

2211,3

2275,6

үлесі,%

24,6

23,2

21,5

22,3

23,4

27,1

27,4

Көлік

96,1

106,7

138,0

165, 6

197,5

220,3

254,8

үлесі,%

3,7

2,3

1,9

2,3

2,6

2,7

3,1

Байланыс

21,7

32,4

37,2

41,2

51,7

57,1

63,2

үлесі,%

0,8

0,6

0,5

0,6

0,7

0,7

0,8

Өндірістік емес сала

920,8

2077,2

3 330,0

3 141,7

2834,5

1 909,4

1806,3

үлесі,%

35,5

44,3

46,1

42,5

37,0

23,4

21,8

Ескерту – ҚР ҚҚА есептік материалдары негізінде автормен құрастырылған.

2011 жылғы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынындағы несиелер 8 895,8 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте экономикадағы несиелер үш салада шоғырланған: сауда – 27,4%, құрылыс – 27,9% және өндірістік емес сала – 21,8%.


Ескерту – ҚР ҚҚА есептік материалдары негізінде автормен құрастырылған


Сурет 1. Қазақстан Республикасының несиелік қоржы сапасының серпіні
Көріп отырғанымыздай несиелік қоржынның сапасы 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама нашарлағандығы байқалады, оны несиелік қоржында күмәнді несиелердің өсуінен байқауға болады, айталық жылдың басында күмәнді несиелердің үлесі 2005 жылы 37,2 %-дан 2010 жылы 52,6 %-ға дейін өсті, стандартты несиелердің үлесі 2005 жылы 61,7 %-дан 2010 жылы 43%-ға төмендеді, бұл жерде үмітсіз несиелердің үлесі 2005 жылы 2,1 %-дан 4,4 %-ға дейін көтеріліп отыр.(сурет 1).

Біріншіден, несиелік қоржынның сапасының нашарлауына 2005 жылдан бастап, қолданыла бастаған 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы ережесі бойынша қойылатын талаптардың күшейюі ықпал етсе, екіншіден, банктердің кепілсіз шартпен несиелеу көлемін өсіруге ынталы болуы да әсер еткен, үшіншіден, бұл аталған банктердің басында тұрған несиелік тәуекелдің деңгейін сипаттайды [4].

Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің несиелік қоржындарындағы проблемалық несиелердің үлесі 5-6% көлемінен аспайтын болса, ал біздің банктеріміздің несиелік қоржынындағы олардың үлесі бүгінгі күні 47,4% немесе 10 есе жоғары көрсеткішке ие.

Мұндай көрсеткіш тек қана қадағалаушы ұйымдарды емес, банк иелерін ойландырып, тиімді шешім қабылдауды қажет етеді.



Тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген банкілерде несиені қайтаруды қамтамасыз ету мәселесі жоғары маңыздылыққа ие болып тұрғанымен, әлі де несиелік портфелді басқару жүйесін құруға онша мән берілмейді. Мұндай жағдайда банктің несие портфелін басқару жүйесін өзгертудің негізгі бағыттары ретінде төмендегі бағыттарды алған жөн. Бұл бағыттар несиелік портфелді басқару жүйесін жетілдіре түседі . Негізгі бағыттар [5]:

  • отандық банк тәжірибесіне халықаралық несие беру тәжірибесін кіргізіп, бейімделу;

  • банктің несие тәуекелін басқару жүйесін несиенің мәнді шегін және банктің несие тәуекелінің өзгешелігін есепке ала отырып құру;

  • несие принциптерінің орындалуын қамтамасыз ету (қайтарымдылығы, еріктілігі, жеделдігі, ақылы, қаржының мақсатты бағытқа берілуін қамтамасыз ету);

  • банк қызметі рыногының сұранысына сәйкес несие берудің жаңа формаларын дамыту, сондай-ақ бұл жерде несие беруші банктің және несие алушының мүддесі есепке алынуы тиіс;

  • несие тәуекелдігі басқару құрылымын өзгеру және несие процесін ықшамдау;

  • банк несиесін пайдалануды қадағалау функциясын банк тарапынан күшейту.

Жұмыстағы осындай ғылыми тұрғыдан негізделген бағыттар автордың ойынша банктердің несиелік портфелін қазіргі заманға сай басқару қызметін жетілдіруге қажетті теориялық, әдістемелік және тәжірибелік алғышарттарын жасауға бағытталған.
Әдебиет


  1. Коммерциялық банктер операциялары (оқу құралы) – Алматы, Издат-маркет, 2004. - 272 б. -18,68 б.т.

  2. Ақша айналысы және несие (оқу құралы) – Алматы, Издат-маркет, 2004. - 248 б. -15,5 б.т.

  3. 6 Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеуі //Аграрлық нарық проблемалары. – 2008. -№1. -40-44 бб., 0,6 б.т.

  4. Қоржындық несиелік тәуекелді бағалау - банктің активін тиімді басқару құралы // Ізденістер, нәтижелер / Қазақ ұлттық аграрлық университеті. - 2010. №1.- 224-229 бб., 0,62 б.т.

  5. Банк ісі (оқулық) - Алматы, Издат-маркет, 2007. 471 б. – 29,37 б.т.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет