«Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 Қаулысы



жүктеу 396.88 Kb.
бет1/3
Дата14.04.2018
өлшемі396.88 Kb.
  1   2   3


ЖОБА
Қарағанды облысының коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
17-бабының 1-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

2. Коммуналдық қалдықтарға елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтынудың қатты қалдықтары, сондай-ақ құрамы және пайда болу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

3. Елді мекендер үшін коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын бекітуді жергілікті өкілді органдар бес жылда кемінде бір рет не жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша, бірақ екі жылда бір реттен жиі емес жүргізеді.



2. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары есептеу тәртібі
4. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

5. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

6. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.

7. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:



1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.

8. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:



халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;

халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;

халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын қамти отырып таңдалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша коммуналдық паспорт жасайды.

10. Пайда болған және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

11. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.

12. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.

13. Егер бір учаскеде пайда болған және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.

14. Пайда болған және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.

15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін объектілердің әрқайсысы үшін алынған деректердің (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.

16. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.

17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.

18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес пайда болу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.

19. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.



20. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде пайда болған және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м3):

 

Vконт=h*S

 

мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

S - контейнер түбінің алаңы, м2;

2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

 

Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….

 

мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

mконт =m3- mп

 

мұндағы mз - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

4) объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

mтәу = mконт1+mконт2+mконт3

 

мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.

Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.

Маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7

 

 

мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7

 

мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

7) объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтм, м3):

 

Vтм = Vмаус / (a)

 

 

массасы бойынша (mтм, кг):

 

mтм = mмаус / (nхa)

 

мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны.

a - есептік бірліктің саны;

8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтом, м3):

 

Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n

 

массасы бойынша (mтом, кг):

 

mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n

 

мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» - қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vж, м3)

 

Vж = Vтож х nк

 

 

массасы бойынша (mж, кг):

 

mж = mтож х nк

 

мұндағы nк - жылдағы күннің саны.

21. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

gср =m/V,

 

мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

2) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша:

 

Kбе = Vом/Vж

 

массасы бойынша:

 

Kбе = mом/mж

 

3) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша:

 

Kмбе = Vmaxтәу./Vом

 

мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.

массасы бойынша:

kсн = mmaxтәу./mом



мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

22. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың пайда болуының есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.


______________

 

Коммуналдық қалдықтардың пайда

болу және жинақталу нормаларын

есептеудің қағидаларына

1-қосымша

 

 

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтауға арналған объектілер мен есептік бірліктер

 



Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6

Емханалар

1 адам

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 тағам

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

32

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

______________




Коммуналдық қалдықтардың пайда

болу және жинақталу нормаларын

есептеудің қағидаларына

2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет