Алматыдағы “Қонжық жекеменшік клиникасындағы ем-домның кесірінен 2,5 жасар бала көз жұмса да, жауаптылар әлі бостандықта жүр. Зардап шеккен балалардың ата-анасы араша сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Атыраулық Айымгүл Айтбаева Әйгерім Абыдынованың консультациясына жазылып, соңында сәбиінен айырылды. Оның ұлына маман 22 дәрі тағайындапты. Осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыдан кейін танымал дәрігер Instagram желісіндегі парақшасын өшіріп тастаған. Алайда “Қонжық” клиникасының парақшасы істеп тұр, бірақ бұрынғыдай белсенді емес, пікір жазылмайды.

Жекеменшік аурухананың орналасқан жерінде билбордты жарнамалар алынып тастапты, мекеме жабық. Десе де ішінде жабдықтар әлі тұр. Демек клиника уақытша ғана тоқтады. 

Алматы қалалық медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басшысы Дамир Дәулетбаевтың айтуынша, клиника осыған дейін лицензиясыз жұмыс істеген. Массаж жасау орталығы ретінде лицензия 2024 жылы 6 ақпанда алынған, педиатрия бойынша лицензиясы әлі де жоқ. Ал 2,5 жасар Мұхамметтің өлімі 2023 жылдың соңында болған еді. 

Демек онда тек массаж жасауға болады, екпе жасауға, ем тағайындауға болмайды. Дәулетбаевтың сөзінше, лицензияны сотпен қайтарып алуға болады. 

“Лицензиямыз бар. Біз сұраныс жібердік. Ол алты ай қаралады. Бірнеше жылдан кейін беріледі. Педиатрияға лицензиямыз қаралып отыр”, – деді Әйгерім Асқарқызы.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова осы жайтты мінберде көтеріпті. Ол заңнамаларға өзгеріс енгізуді талап етті. 

“Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сауалымызға жауап берді, бірақ оның жауабына қанағаттанбадым. Өйткені осы жайтқан қатысты қандай шаралар көрсетілмеген”, – деді депутат. 

Әйгерім Асқарқызы2,5 жасар бүлдіршіннің өліміне өзін кінәлі деп санамайтынын айтты.

“Бала ауруханада пневмониядан көз жұмды, ол емханада 1 ай жатқан. 3-аптада жағдайы жақсарып келе жатқан, дегенмен халі күрт нашарлады. Өтірік улану дейді, бірақ ауруханада ем жүргізілмеген. Бала өте көп диагнозбен келген еді, мұны тексермеген. Мен басқа ауруханадағы емге жауап бермеймін”, – деді ол.

Баласынан айырылған ана күдік ұялатқан тағы бір жайтты бөлісті.

“Тамырдан дәрі алатын кезде клиникаға полиция келіп, тексеріс жүргізді. Сол кезде дәрі алуды тоқтатып, массаж алатын орынға отыра тұруымызды өтінген еді. Осы кезде ойланып қалғанмын”, – деді ана. 

Әйгерім Асқарқызының 150мың теңгелік “Сау бала – сау ана” курсы бар екен. Ол қашықтан үйде емделуді үйретеді екен. Алайда 30 шақты ана курсқа алданғандарын айтып, Whatsapp желісінде чат ашқан.  к

“Баламда гипоксия еді. Сол үшін курсты сатып алдым. Бірақ айтқан кеңестері 1 айдан соң кері әсер беріп, баламның ауруы көкжөтелге ұласты. Видеолары 1 жылға қолжетімді деген. Балам талдау анализдерін көрсеткенімде, 21 күн 800 мг ацеклостат қабылдасын деді. Ол өте ауыр дәрі. “Бұло балаға ауыр емес пе?” дегенімде, “осындай мықты доза ғана ем боп қонады” деді. Бірақ кейін балам ентігіп бастады, СОЭ 69-ға жетті. Осыдан соң инфекционистке барыңыздар деп, жалтара бастады”, – деді тағы бір ана. 

Мамандар дәрігерден сертификат пен лицензия талап етуге кеңес берді. Бір ғана диплом жеткіліксіз. 

Еске салсақ, бұған дейін Атыраулық ата-ана 2,5 жасар баласының өліміне Алматыдағы танымал жеке емхананы кінәлайтынын айтқан. Өйткені “Қонжық” емханасының дәрігері балаға 22 дәрі тағайындап, салдарынан бүлдіршін уланып қалды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.