Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру



жүктеу 88.41 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі88.41 Kb.
түріРегламент



"Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру" мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 28 наурыздағы № 84 Бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 03 мамырда № 6934 тiркелдi

      «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса берiлiп отырған «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттiк саясат департаментi(Қ.Б. Елеусiзова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың белгiленген тәртiпте ресми жариялауын;


      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

     
Министр                              А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
министрiнiң    
2011 жылғы 28 наурызда
№ 84 бұйрығымен   
бекiтiлген     
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының

мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызмет регламенті – мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

2) орындаушы – міндетіне компьютер жүйелерінің сараптамасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу және бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру жататын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің лауазымды тұлғасы;

3) сараптамалық комиссия – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен құрылған, бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйелерінің техникалық талаптарға сәйкестігін сараптау жөніндегі комиссия;

4) тұтынушы – заңды тұлға.

3. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі Стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес қағаз тасығышта қорытынды не бас тарту себептері туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап беру болып табылады және тұтынушыға пошта арқылы жіберіледі немесе тұтынушының қолына беріледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе


8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Тұтынушы Министрлікке ілеспе хатпен келесі құжаттар пакетін ұсынады:

  1. Стандарттың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтінішті;

  2. компьютер жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының толық сипатын және еркін нысанда «Салық инспекторының жұмыс орны» режимін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

  3. компьютер жүйесінің функцоналдық көшірмесін қамтитын компакт дискіні;

  4. компьютер жүйесін орнату және қосу жөніндегі нұсқаулықты;

  5. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  6. салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  7. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

  8. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін (өтініш беруші лицензияланатын қызмет түрімен айналысқан жағдайда ұсынылады);

  9. компьютер жүйесінің құрамына кіретін және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес сәйкестігін растауға жататын техникалық және бағдарламалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін.

Құжаттар қағаз тасығышта не өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы ұсынылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  1. мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

  2. құжаттарды тапсырғанға дейін барынша рұқсат етілген күту уақыты – 15 минут;

  3. мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі Стандарттың 16-тармағына сәйкес жүргізіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Министрліктің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
14. Компьютер жүйесін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) 1 кезең – тұтынушының құжаттары қоса берілген өтінішін Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі – ҚҚҚ) тіркеу.

Тұтынушы Министрлікке мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсынады, оларды Министрліктің ҚҚҚ қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдап алады.

Талаптарға сәйкес келген құжаттар тіркеу мөртабанында нөмірі, күні мен парақтарының саны көрсетіліп, бақылау белгілері көрсетілумен ҚҚҚ-мен ресімделеді және тіркеледі. Тұтынушы Министрліктің ҚҚҚ тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.

Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, тұтынушы Министрліктің ҚҚҚ-да құжаттардың қарауға қабылданғандығы туралы 8 (7172) 74-10-03 телефоны бойынша біле алады.

2) 2 кезең – Министрлік басшысының сараптаманы өткізетін орындаушыны, орынды және уақытты белгілеуі.

Тіркелген, тиісінше ресімделген құжаттар пакеті Министрлік басшысына жіберіледі, соңынан орындаушыға тапсырылады.

3) 3 кезең – орындаушының құжаттарды сараптама үшін сараптама комиссиясына жіберуді жүзеге асыруы;

4) 4 кезең – тұтынушының компьютер жүйесі мен құжаттар пакетін олардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 330 бұйрығымен бекітілген, Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру ережесімен (бұдан әрі - Ереже) белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін айқындау мақсатында сараптамалық комиссияның сараптама жүргізуді жүзеге асыруы.

Сараптамалық комиссияның қорытындылары бойынша компьютер жүйесі Ережемен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болған жағдайда, еркін нысанда компьютер жүйесінің сәйкестігі туралы акт толтырылады. Акт екі данада құрастырылады, олардың әрқайсысына сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелерінің қолы қойылады. Ресімделген акті орындаушыға беріледі;

5) 5 кезең – қорытындыны құрастыру және тұтынушыға беру.

Актіні алғаннан кейін орындаушы екі данадағы қорытынды құрастырады, оған Министрлік басшысының қолы қойылады.

Қол қойылған қорытындының бір данасын орындаушы тұтынушыға береді. Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакеті Министрліктің мерзімсіз сақтауында қалады.

Тұтынушыға қорытынды беру берілген қорытындылар журналында тіркеледі. Қорытынды беру үдерісі Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

15. Министрліктің құрылымдық-функционалдық бірліктерінің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттері Регламентке 2-қосымшада сипатталған.

«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


Қорытынды беру бойынша үдеріс

3. ҚР БАМ Байланыс және ақпарат комитеті

(сараптамалық комиссия)

КЖ сараптамасы.

Сәйкестік туралы актілер құрастыру.







    












«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша



1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы







1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталық атқарушы органның ҚҚҚ қызметкері

Орталық атқарушы органның қызметкері

Сараптамалық комиссия

Орталық атқарушы органның басшысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, операцияның, рәсімнің)атауы және олардың сипаттамасы

Сараптама өткізу үшін КЖ иелері құжаттарын қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру және КЖ сараптамасын жүргізуді белгілеу немесе бас тарту бойынша шешімді бекіту

КЖ сараптамасы

КЖ сараптамасы қорытындыларын қарау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тиісті шешімді бекіту үшін Орталық атқарушы органға ұсыну

КЖ сараптамасын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды өткізу және сараптама қорытындысын құрастыру.

Сәйкестік актісін құрастыру және қорытындыны дайындау.

Қорытындыға қол қою

5

Орындалу мерзімі

15 минут

5 күнтізбелік күн

23 күнтізбелік күн

2 күнтізбелік күн



Каталог: images -> stories -> npa
npa -> «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы»
npa -> Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
npa -> Ќазаќстан Республикасыныѕ аќпараттандыру жјне байланыс Агенттігініѕ тґраєасыныѕ 005 жылдыѕ тамызындаєы №264 бўйрыєы
npa -> Механикалық көлік қүралдарын және олардың тіркемелерін
npa -> Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы
npa -> Ўялы байланыс ќызметтерін кґрсету ережесін бекіту туралы
npa -> Автомобиль жолдары туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет