Талдықорғанда екі адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/zhetysu.police
Жетісу облыстық полиция департаменті күдікті туралы ақпарат пен фотосуретін жариялады.
"Жетісу облысының полицейлері 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіруде. Ер адам ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) жасады деген күдікке ілінді", — делінген полиция хабарламасында.
Ерекшеліктері: мойынның сол жағында “сарышаян" түріндегі татуировкасы бар, қолдардың бірінде бір саусағы жоқ.
"Іздеудегі адамның қайда екені туралы мәлімет білетін кез келген адамнан (8-7282) 60-80-66 немесе "102” телефондары арқылы дереу полицияға хабарласуын сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.