Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/5
Дата24.12.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2014 жылғы « 30 » желтоқсандағы

№ 360


бұйрығымен бекітілген

Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде

өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде жұмыс жүргізу үшін жобалық шешімдерді, дайындаушының нұсқаулығын, өндірістік бақылау туралы ережелерді есепке алып жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша технологиялық регламенттерді (бұдан әрі – Технологиялық регламенттер) ұйым әзірлейді және ұйым басшысы бекітеді.



2. Компрессорлық қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары
2. 14 киловатт (әрі қарай – кВт) және одан жоғары қуатпен орнатылған стационарлы поршенді және ротациялық компрессорлық қондырғыларды, сондай-ақ компрессорлық қондырғылар ыдыстарын (ауа жинағыштар, газ жинағыштар, май ылғал айырғыштар және басқа да ыдыстар), 0,2-ден 40 мегапаскаль (әрі қарай – МПа) (2-ден 400 дейін килограмм күш квадрат сантиметрге (әрі қарай – кгс/см2) дейін қысыммен инертті газдармен және ауамен жұмыс істейтін осы компрессорлық қондырғылардың ауа құбырларын және газ құбырларын қауіпсіз пайдалану, монтаждау және жөндеу осы Қағидалар талаптарын сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.

3. Компрессорлық станциялардың құбыр өткізгіштерін монтаждау және жөндеу кезінде қолданылатын материалдар (құбырлар, келте құбырлар, иілген элементтер (иіндер), компенсаторлар, ернемектер, бітеуіштер, төсемдер, арматура, электродтар, дәнекерлеу сымы, бұрандар, шпилькалар, сомындар және сол сияқтылары), әдістер және дәнекерленген қосылыстарды бақылау көлемі компрессорлық станция жобасында анықталуы тиіс.

4. Құбыр өткізгіштердің элементтерін, арматураны және бөлшектерді жалғау дәнекерлеу арқылы жүргізілуі тиіс.

Ернемек арқылы қосуларды құбыр өткізгіштерді арматураға және ернемегі бар жабдық бөлшектеріне қосу үшін ғана қолдануға болады.

Бұрандалы қосылыстар бақылау-өлшеу және тіркеу құралдарын (манометрлер, термометрлер гильзалары) жалғау үшін ғана жіберіледі.

5. Бойлай тігісі бар құбырлардан дайындалатын үш тармақты қосылыстарды 1,2 МПа (12 кгс/см2) аспайтын қысыммен жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер үшін қолдануға болады; сонымен қатар дәнекерленген тігістердің сапасын барлық ұзындығы бойынша радиографиямен немесе ультрадыбысты дефектоскопиямен тексеру орындалуы тиіс.

6. Құбыр өткізгіштер және салмақ түсірілетін металл құрылымдардың коррозиядан қорғанысы болуы қажет.

7. Персоналдың қызмет көрсетуі үшін қолжетімді орындарда орналасқан, қабырғасының сыртқы бетінің температурасы 45°С жоғары құбыр өткізгіштердің барлық элементтері жылу оқшаулаумен жабылуы тиіс.

8. Жалғақтарды, дренажды және үрлеу құбырларын, және басқа да бөлшектерді құбыр өткізгіштердің дәнекерлеу тігістеріне пісіруге жол берілмейді.

9. Қисық сызықты элементтердің (иілген, құйылған, қалыпталған) құрылымы құбыр өткізгіш жобасында анықталуы тиіс.

10. Оның кез келген бөлігіндегі иілген элемент (иіндер) қабырғасының қалыңдығы өлшемі төзімділікке есептеумен белгіленген мәннен кем болмайтын мән ретінде қабылдануы тиіс.

11. Қабырғаның жіңішкеру шамасы құбыр өткізгішті иеленуші-кәсіпорын қарауы бойынша іріктелген тәртіпте жүргізілетін иіндерді кесуден кейін қабырға қалыңдығын өлшеу жолымен тексеріледі.

Құбыр жалғанған элементтің сыртқы бетінен құбырдың иілуі басталғанға дейінгі ара қашықтық құбырдың сыртқы диаметрі өлшемінен кем болмауы тиіс, алайда кемінде 50 миллиметр (әрі қарай – мм).

12. Құбыр өткізгіштердің дәнекерленген қосылыстарының орналасуы оларды жобада айқындалған әдістермен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

13. Құбырларды және қалыпқа келтірілген бөлшектерді қосу үшін толық балқытумен аралық дәнекерлеу қолданылады.

Бұрыштық дәнекерлеу қосылыстары құбыр өткізгіштерге жалғақтарды, құбырларды, тегіс ернемектерді ерітіп жабыстыру үшін жіберіледі. Бұрыштық қосылыстар толық балқытумен орындалуы тиіс.

14. Қабырғаларының қалыңдығы әр түрлі элементтердің жапсарласқан дәнекерлеу қосылыстарында қалыңдау қабырғамен элемент шетін сәйкес бір жақты немесе екі жақты механикалық өңдеу жолымен үлкен кесіктен кішкенесіне бірқалыпты ауысу бет еңістерінің бұрышы 15° аспайтындай қамтамасыз етілуі тиіс.

15. Бойлай және бұрамалы дәнекерлеу тігістері бар құбырларды және басқа элементтерді дәнекерлеу кезінде, соңғылары біреуі екіншісіне қатысты жылжытылған болуы тиіс. Сонымен қатар жылжу өлшемі кемінде 100 мм құрайды. Бұл талап сыртқы диаметрі 100 мм кем элементтерге және құбырларға таралмайды.

16. Көлденең жапсарласқан дәнекерлеу қосылыстары үшін құбыр өткізгіштің тегіс бөліктерінде көршілес дәнекерлеу тігістері осьтері арасындағы ара қашықтық мыналарды құрауы тиіс: диаметрі 219 мм және аз диаметрлі құбырлар үшін – дәнекерленетін құбырдың (элементерінің) үш еселік диаметрінен кем емес, диаметрі 219 жоғары құбырлар үшін – кемінде 500 мм. Дәнекерлеу тігісі осінен құбырдың бүгілуі басталғанға дейінгі ара қашықтық – кемінде 100 мм.

17. Қатты иілген, қалыпталған және қалыпты дәнекерленген иіндерді орнату кезінде иілген басында көлденең дәнекерлеу қосылыстарының орналасуына және бір-бірімен тегіс бөлігі жоқ қатты иілген иіндерді дәнекерлеуге жол беріледі.

18. Құбырлардың және құбыр өткізгіш элементтері бар жалғақтардың бұрыштық дәнекерленген қосылыстары үшін элементтің сыртқы бетінен құбырдың бүгілуі басталғанға дейін немесе көлденең жапсарласқан тігіс осінен ара қашықтық мынаны құрауы тиіс:

1) сыртқы диаметрі 100 мм дейін құбырлар (жалғақтар) үшін – құбырдың сыртқы диаметрінен кем емес, алайда кемінде 50 мм;

2) сыртқы диаметрі 100 мм және астам құбырлар (жалғақтар) үшін – кемінде 100 мм.

19. Құбыр өткізгіштің көлденең дәнекерлеу қосылысы осінен тіреу немесе аспа шетіне дейінгі ара қашықтық қарау және бақылауды жүргізу мүмкіндігінен шыға отырып таңдалады.

20. Ауа құбырларын және газ құбырларын (инертті газдар) жер бетіне тарту кезінде тағайындалуы әр түрлі технологиялық құбыр өткізгіштермен, басқа қауіпсіздік ережелеріне қарама-қайшы келетін жағдайлардан басқа, бірге тартуға болады.

21. Арматура қызмет көрсету және жөндеу үшін ыңғайлы орындарда орнатылуы тиіс. Арматураға қызмет көрсету үшін сатылар мен алаңдар қойылады.

22. Құбыр өткізгіштердің салмақ түсірілетін құрылымдары температуралық деформация кезінде (созылу, сығылу) туындайтын күшті есепке ала отырып, су толтырылған және оқшауланып жабылған құбыр өткізгіш салмағынан тік жүктемеге есептелуі тиіс.

Құбыр өткізгіштердің тіреулері мен аспалары гидравликалық сынаулар кезінде су салмағын есепке алмай, алайда жұмыс ортасы салмағын есепке ала отырып есептелуі тиіс. Компрессорлық станция жобасында гидравликалық сынау кезінде серіппелерді, тіреулер мен аспаларды босату үшін құрылғылардың болуы қарастырылуы тиіс.

23. Жылжымайтын тіреулер оларға жүктемелердің ең қолайсыз тіркесуі кезінде жіберілетін күштерге есептеледі.

24. Ілмекті құрылғылармен ажыратылатын құбыр өткізгіштің әр бөлігінің төменгі нүктелерінде құбыр өткізгішті босату үшін ілмекті арматурамен жарақталған ағызып жіберетін жалғақтар қарастырылады.

Ауаны бұрып жіберу үшін құбыр өткізгіштердің жоғарғы нүктелерінде ауа қуыстары орнатылады.

25. Ілмекті органдармен ажыратылған құбыр өткізгіштердің бөліктері үрлеу үшін соңғы нүктелерінде вентильмен жалғақпен жарақталуы тиіс, ал


2,2 МПа (22 кгс/см2) жоғары қысым кезінде – жалғақпен және екі кезегімен орналасқан вентильмен: ілмекті және реттейтін.

26. Дренаждар құрылғысы құбыр өткізгішті үрлеу уақытында олардың жұмысын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

27. Құбыр өткізгіштердің төменгі соңғы нүктелері және олардың иілімдерінің төменгі нүктелері үрлеуге арналған құрылғымен жарақталуы тиіс.

28. Әр құбыр өткізгіш қауіпсіз пайдалану жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмыс ортасы қысымын және температурасын өлшеуге арналған құбырлармен, ілмекті және реттейтін арматурамен, сақтық клапандарымен, дабыл, қорғаныс және автоматтандыру құралдарымен жарақталуы тиіс.

Реттеу арматурасы, өлшеу, автоматтандыру жүйесі, дабыл және қорғаныс құралдарының саны және оларды орналастыру қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау кезеңінде анықталуы тиіс.

29. Арматура корпусы таңбаланған болады, онда:

1) дайындаушы кәсіпорынның атауы немесе тауарлық белгісі;

2) шартты өтуі;

3) ортаның шартты қысымы және температурасы;

4) орта ағынының бағыты (бағдар);

5) болат таңбасы көрсетіледі.

Арматураны дайындау кезінде шартты қысым орнына жұмыс қысымын көрсетуге болады.

30. Компрессорлық станцияның электр жабдығы, электр аппаратура, басқару және электрмен қамтамасыз ету жүйесінің электр тізбегі, компрессорлық станцияның жерге қосу құрылғылары ҚР Индустрия және сауда Министрлігінің Құрылыс жөніңдегі Комитетінің 2004 жылғы 26 мамырдағы №251 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 «Электр техникалық құрылғылар» талаптарына сәйкес орындалады.

31. Компрессорлық станция аумағына және оның барлық құрылыстарына ені кемінде 3,5 метр жол төсемдері бар кіре берістер салынады.

32. Ауа газ жинағыштарды, айдау құбыр өткізгіштерді, май ылғал айырғыштарды және олардың бөлшектерін монтаждау және жөндеу үшін қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік актілері талаптарына жауап беретін материалдар мен жартылай өнімдер қолданылуы тиіс.

33. Ауа жинағыштарды, май ылғал айырғыштарды, жалпы тағайындалуы бар құбыр өткізгіштерді және газ жинағыштарды монтаждау және жөндеуді мамандандырылған сараптама ұйымдары орындауы тиіс.

34. Компрессорлық станцияларды монтаждау және жөндеу дайындаушының монтаждау, жөндеу және пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес орындалуы тиіс.

35. Айдау құбыр өткізгіштерді және ыдыстарды (ауа газ жинағыштар, май ылғал айырғылар және қысыммен жұмыс істейтін басқа да ыдыстар) дәнекерлеу, жекелеген тораптар мен бөлшектерді, дәнекерлеу материалдарын және аппаратураны дәнекерлеуге дайындау компрессорлық станция жобасына сәйкес жүргізіледі.

36. Дәнекерлеу жұмыстары өндірісіне өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрактары бойынша білімі тексеруден өткен дәнекерлеушілер жіберіледі.

37. Әрбір айдау ауа құбыры мен газ құбырының егесімен осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес, компрессор қондырғысының айдау құбыр төлқұжаты жасалады. Төлқұжат, монтаждайтын ұйым ұсынған құжаттар негзінде, құбыр элементтерін жасау куәлігі, құбырды монтаждау куәлігі, жөңдеуге акт, құбырларды ревизиялау мен сынау, агрегатты қабылдау-беру актісі, жөңдеуден шыққан ыдыс, осы Қағидалардың 2, 3, 5, 6-қосымшаларында көрсетілген нысанға сәйкес жасалады.

38. Құбыр өткізгіш паспортына:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес құбыр өткізгіш элементтерін дайындау туралы куәлік;

2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес құбыр өткізгіш монтажы туралы куәлік;

3) төмендегілер көрсетілген дәнекерлеу жапсарларының орналасуының сызбасы:

құбырлар қабырғаларының қалыңдығы және диаметрі;

құбыр өткізгіштің жалпы ұзақтығы;

дәнекерленген жапсарлар нөмірлері және олардың арасындағы ара қашықтық;

дәнекерлеушілер таңбасы;

құбыр болатының таңбасы;

салынған материал (таңбасы, электрод диаметрі, дәнекерлеу сымы);

4) ілмекті және реттейтін арматура, сақтық, ағызу, үрлеу, дренажды және басқа да құрылғылар, бақылау-өлшеу құралдары, тіреулер, аспалар, компенсаторлар және олардың жеке нөмірлері көрсетілген құбыр өткізгіштің атқарушы технологиялық сызбасы;

5) иесінің монтаждау ұйымынан құбыр өткізгішті қабылдау актісі;

6) құбыр өткізгіштің ажырамас бөлігі болып табылатын ыдыстарға паспорттар және басқа да құжаттама;

7) өткізу қабілеті есепке алынған сақтық клапандарының паспорттары.


3. Компрессорлық станция ғимаратына қойылатын талаптар
39. Компрессорлық станция құрылысын жиналатын (сорылатын) ауаға газдар, улы немесе жарылыс қауіпті қоспалар, шаң және ылғал түсетін орындарға салуға жол берілмейді.

Газдардың, шаңның, жарылыс қауіпті қоспалардың болуы компрессорлық станцияның орналасқан орнында бақылау өлшеулерін жүргізу жолымен анықталады.

40. Егер іргелес жайда жарылыс қауіпті, өрт қауіпті және құрал-жабдықтың коррозияға ұшырауына әкелетін және адам ағзасына зиянды әсер ететін химия өндірісі бар болса, компрессорлық станцияны өндірістік ғимарат ішіне немесе жалғастыра салынған құрылысқа орналастыруға жол берілмейді.

41. Компрессорлық станция жайларында технологиялық және құрылымдық жағынан компрессорлармен байланысы жоқ аппаратураны және жабдықты орналастыруға болмайды.

42. Компрессорлық станция жайының биіктігі кемінде 4 метр болуы тиіс. Жайдың жалпы өлшемі компрессорлық қондырғыға және оның жекелеген тораптарына қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеуді есепке ала отырып қабылдануы тиіс.

43. Компрессорлық қондырғыларды тұрмыстық, кеңселік және сол сияқты жайлар астынан орнатуға болмайды.

44. Машина залындағы өту жолдары компрессор және электр қозғалтқышты монтаждау және оған қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс және кемінде 1,5 метр өлшемді құрауы тиіс, ал жабдық пен ғимарат қабырғалары (олардың шығып тұрған бөліктері) арасындағы арақашықтық – кемінде 1 метр болуы тиіс.

45. Компрессорлық станция жайы едені тегіс, тайғанамайтын бетті, майға төзімді және жанбайтын тозуға төзімді материалдардан жасалуы тиіс. Технологиялық арналар мен ойықтар алынбалы плиталармен жабылады. Ашық арналар биіктігі кемінде 1 метр шарбақтармен, олардың төменгі жағында биіктігі кемінде 0,15 метр тұтас металл қоршамасымен қоршалады. Алаң едендері және баспалдақ сатылары тұтас кедір-бұдырлы болаттан дайындалуы тиіс.

46. Құбыр өткізгіштер МЕМСТ 9.032-74 «Тоттану және ескіруден қорғаудың бірынғай жүйесі. Лак және бояу жабындалары. Топтары, техникалық талаптар және тағайындалуы», МЕМСТ 9.104-79 «Тоттану және ескіруден қорғаудың бірыңғай жүйесі. Лак және бояу жабындылары. Пайдалану жағдайлары тобы» сәйкес боялуы тиіс.

47. Компрессорлық станция есіктері мен терезелері сыртқа ашылуы тиіс. Кіре берістегі есіктің сыртында қызмет көрсететін қызметкерлерді шақырту үшін дабыл бергіш орнатылады және «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» деген жазуы бар плакат ілінеді.

48. Компрессорлық станция жайында компрессор, көмекші жабдықтар және электр жабдықтарына жөндеу жүргізу үшін алаң қарастырылуы тиіс.

49. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ғимарат сәйкес жүк көтеру құрылғыларымен және механикаландыру құралдарымен жабдықталады.

50. Компрессорлық станция жайында сүртетін материалдарды, құралдарды, төсем материалдарын компрессорлық майдың апталық қорын сақтау үшін орындар қарастырылады.

51. Компресорлық станция жайы табиғи және мәжбүрлі желдетумен жабдықталады.

52. Компрессорлық станцияның машина залында керосин, бензин және басқа да оңай тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.

53. Компрессорлық станция ғимаратында ашық от шығаруға жол берілмейді. Компрессор станциясы ғимаратында, құбыр өткізгіштерде, май ылғал айырғыштарда және ауа газ жинағыштарда ашық отты және электр пісіруді пайдаланумен монтаждау және жөндеу жұмыстары өндірісі наряд-рұқсат бойынша, монтаждау немесе жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін тұлғаның бақылауымен жүзеге асырылады.

54. Компрессорлық станция ғимаратындағы температура орталықтан жылыту жүйесімен +15°С-тен +30°С дейін шекте ұсталуы тиіс.

55. Компрессорлық станцияның машина залы авариялық жарықтандырумен, шу жұтатын жабыны бар жаймен, сағатпен, оперативтік, сондай-ақ диспетчерлік байланыс құралдарымен, медициналық көмек дәрі-дәрмек қобдишасымен және ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

56. Компрессорлық станция ғимаратында шешінетін және арнайы киімді сақтау жайлары, санторап, қол жуғыш және душ, ал қажет болған жағдайда су дайындау жайлары (аралық және шекті тоңазытқыштар, компрессорларды суыту үшін келетін суды сүзгіден өткізу және жұмсарту) қарастырылады.

4. Компроссорларды орналастыруға және орнатуға қойылатын талаптар
57. Компрессор мен оның қозғалтқышы ғимарат қабырғаларымен байланыспайтын іргетастарда орнатылады.

58. Динамикалық жүктемелер түзетін компрессорлар құрылыс конструкциялары мен жерге берілетін дірілді және жайларда туатын шуды төмендету үшін дірілден оқшаулағыш іргетастарда немесе амортизаторлар құрылғысында орнатылады немесе діріл және шу деңгейін бекітілген нормалар шегінен асырмауды шектейтін басқа шаралар қолданылады.

59. Компрессордың жұмысынан туындайтын дірілдің әсерін азайту үшін мынадай шарттар орындалады:

1) компрессорлардың аралық іргетастары араларындағы алаңдар – іргетасқа еркін тірелетін алынбалы;

2) компрессорға жалғанатын құбыр өткізгіштер ғимарат құрылымына қатаң бекітілмеуі тиіс; мұндай бекітулерді қолдану қажет болған жағдайда сәйкес орнын толтыратын құрылғы қаралады;

3) компрессор цилиндрларын жабдықпен (буфер ыдыстары, аралық және шеткі тоңазытқыштар) қосатын құбыр өткізгіштерде деформацияның орнын толтыратын жеткілікті иілімділік болады.

60. Май-су айырғыштардың үрлеп тазарту шықпасы компрессорлық станция жайынан ғимарат қабырғаларын және қоршаған аумақты сығылған ауамен бірге шығарылатын маймен ластануды болдырмайтын арнайы жабдықталған құрылғыға (жинағыштарға) шығарылады.

61. Жоғарыда орналасқан бөліктері бар компрессорлар оларды тексеру үшін арнайы алаңдармен және сатылармен жабдықталады.

Ұзындығы 5 метр алаңдарда қарама-қарсы шеттерде орналасқан кемінде екі саты болады.

Өту алаңдары мен сатыларда екі жағынан да төменгі жағынан биіктігі 0,15 метр тұтас қаптамасы бар және көлденең аралық элементімен қалқандармен жарақталады.

62. Алаңдар төсемелері мен сатылар баспалдақтары:

1) ыдырай-жаймаланған табақшадан;

2) кедір-бұдырлы табақша болаттан немесе балқытумен (пісірумен) немесе басқа тәсілмен алынған беті тегіс емес табақшадан;

3) ұяшықтар елегінің алаңы 12 квадрат сантиметрден (әрі қарай – см2) жоғары емес жолақты (қабырғаға) немесе ұялы болаттан жасалады.

Тегіс алаңдар мен сатылар баспалдақтарын қолдануға, сонымен қатар оларды сым темір (дөңгелекше) болаттан жасауға жол берілмейді.

63. Сатылар көлденеңінен 50° артық емес бұрышпен орнатылады.

64. Сатылар ені кемінде 600 мм болуы тиіс, баспалдақтар араларындағы арақашықтық биіктігі бойынша – 200 мм жоғары емес, сатылар ені – кемінде 100 мм.

65. Алаңдардың еркін өту ені кемінде 600 мм-ді құрауы тиіс, ал арматураға, бақылау-өлшеу құралдарына және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету үшін – кемінде 800 мм.

66. Электр қозғалтқыштар, компрессорлар, аралық және шеткі тоңазытқыштар, сонымен қатар май ылғал айырғыштар корпустары жерге тұйықталады.

67. Өнімділігі 10 куб метр минутына (әрі қарай – м3/мин) астам ауа компрессорлары шеткі тоңазытқыштар мен май ылғал айырғыштармен жабдықталады. Өнімділігі 10 м3/мин дейін ауа қысымы 0,8 МПа-ға (8 кгс/см2) дейінгі бөлек компрессор қондырғыларын авария болған жағдайда ғимараттың қирамау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қабырғалардың есептеу беріктігі жеткілікті болған кезде көп қабатты өндірістік ғимараттың төменгі қабаттарына орнатуға рұқсат етіледі. Бұл қондырғылар өндірістік телімдерден тұтас жанбайтын қабырғалармен бөлінеді.

68. Өнімділігі 20 м3/мин жоғары барлық компрессорлар және олардың қозғалтқыштары өндірістен бөлек орналасқан отқа төзімді немесе қиын жанатын аралықтары бар шатыр жабыны жоқ бір қабатты жанбайтын ғимараттарда орнатылады.

69. Компрессорлардың, электр қозғалтқыштардың және басқа механизмдердің барлық қозғалатын және айналатын бөліктері қоршалуы тиіс.

70. Компрессорлық құрылғыларды үнемі адамдар болатын тұрмыстық, қоғамдық, кеңселік, тағы сол сияқты қызметтік бөлмелердің астына орнатуға жол берілмейді.

5. Ауаны жинауға (соруға) және тазартуға қойылатын талап
71. Компрессормен ауаны жинау (сору) компрессор станциясы ғимаратының сыртында жер деңгейінен кемінде 3 метр биіктікте газсыздандырылған және шаңсыздандырылған жақта күн радиациясы әсерінен қорғалған аймақта жүргізілуі тиіс.

72. Ауа сүзгілерімен жабдықталған өнімділігі 10 м3/мин (қоса алғанда) дейінгі ауа компрессорлары үшін ауаны соруды ғимараттан жүргізуге болады, бұл кезде сорылатын ауа құрамында шаң мен зиянды газдар болмайды.

73. Ауаны жинауды жылу шығарғыш құрылғылар маңайында жүргізуге жол берілмейді.

74. Сорылатын ауаны шаңнан тазалау үшін компрессордың соратын ауа құбыры атмосфералық шөгінділердің түсуінен қорғалған сүзгімен жабдықталады.

75. Сүзгі құрылғысының құрылымы бөлшектеу және тазалау үшін сүзгіге ыңғайлы және қауіпсіз қол жетерлікті қамтамасыз етілуі тиіс.

Компрессормен ауаны сору барысында сүзгі құрылғысының деформациялануына және дірілдеуіне жол берілмейді.

76. Бірнеше компрессор үшін жеке немесе жалпы сүзгі құрылғылары қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда әр компрессор үшін оны ортақ сору ауа құбырынан сөндіру мүмкіншілігі (жөндеу жағдайында) қаралуы тиіс.

77. Сорылатын ауаның көп мөлшерде шаңдануы бар ұйымдар үшін компрессорлық қондырғылар жобалық құжаттамаға сәйкес сүзгілермен және басқа жабдықпен жабдықталады.

78. Барлық сүзгілер 1000 сағат жұмыс істегеннен кейін, бірақ екі айда бір реттен кем емес, жиналған шаңнан және қатты бөліктерден дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес тазартылады.

79. Сүзгіні тазарту үшін бензин, керосин және басқа да жанатын сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді.

80. Сүзгі торларын тазалау және майлау кезегімен жүргізіледі, әр торды тазалау арасындағы толық кезең 1000 сағаттан аспайтын уақыт аралығымен.

81. Құрғақ ауа сүзгілері сүзгілерді дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес тазартылады.

82. Шеткі тоңазытқыштармен жарақталған компрессорлар тоңазытқыш және ауа жинағыш арасындағы құбыр өткізгіштерде май ылғал айырғыштармен жабдықталады. Шеткі тоңазытқышты және май ылғал айырғышты бір аппаратта бірге орнатуға болады.

83. Тереңнен кептірілген ауаны пайдалану кезінде, шеткі тоңазытқыштардан басқа, компрессорлар кептіру қондырғыларымен жабдықталады. Тоңазытқыш қондырғылар көмегімен ылғалды қатыру әдісімен жұмыс істейтін кептіру қондырғылары компрессорлық қондырғылардан оқшауланған жайларда орналастырылуы тиіс.

84. Ылғалды қатты сорбенттермен жұту әдісімен және уытты емес және жарылу қауіпті емес хладагенттерді пайдаланумен жұмыс істейтін кептіру қондырғыларын компрессорлық қондырғының машина залында орналастыруға болады.

85. Компрессорлық қондырғыда сығылған ауа немесе газдың қысым соққысын тегістеу үшін ауа жинағыштар немесе газ жинағыштар (буферлік ыдыстар) қарастырылады.

86. Ауа жинағыш немесе газ жинағыш компрессорлық қондырғы ғимаратынан тыс іргетаста орнатылуы және қоршалуы тиіс.

87. Ауа жинағыштар арасындағы ара қашықтық кемінде 1,5 метр, ал ауа жинағыштар мен ғимарат қабырғасы арасында кемінде 1 метр болуы тиіс.

88. Ауа жинағыш қоршауы жол немесе өткел жағына ауа жинағыштан кемінде 2 метр ара қашықтықта орналасуы тиіс.

89. Май ылғал айырғыштарды және ауа жинағыштарды үрлеп тазарту кезінде жойылатын май және су өндірістік жай мен қоршаған аумақтың ластануын болдырмайтын жабдықталған құрылғыға (жинағышқа) жіберіледі.



6. Бақылау-өлшеу құралдары және сақтандыру құрылғылары (клапандары)
1. Жалпы талаптар
90. Жұмысты басқару, қызмет көрсетудің қауіпсіз жағдайларын және пайдалануда есептік режимдерді қамтамасыз ету үшін компрессорлық қондырғылар мыналармен жабдықталады:

1) жұмыс ортасы (ауа, газ) және майдың қысымын өлшеу құралдарымен;

2) жұмыс ортасының (ауа, газ), суытқыш су мен май температурасын өлшеу құралдарымен;

3) сақтандыру құрылғыларымен (клапандар);

4) автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және сақтандыру құралдарымен;

5) ауа өлшеуіштермен, газ өлшеуіштермен.

91. Осы қағиданың 90-тармақта көрсетілгеннен басқа компрессорлық қондырғының режимдерін реттеу, параметрлерін бақылау, компрессорды сөндіру, пайдалану, қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті арматураны, өлшеу, автоматтандыру, дабыл қағу және қорғаныс құралдарын орнату қарастырылады.

92. Қорғаныс тәсілін таңдауды, арматура, бақылау-өлшеу құралдары және сақтандыру құрылғылары санын және орнату орындарын компрессорлық қондырғыны ажыратудың жобамен қарастырылған сенімділігін қамтамасыз етуден шыға отырып, жобалық ұйым анықтайды.

93. Ауа жинағыш немесе газ жинағышқа дейін (кері клапандарға дейін) айдау желілерінде компрессорды іске қосқан кезде электр қозғалтқышты жеңілдету үшін ауаны немесе газды шығару үшін тиектеулі арматурамен жекелеген тармақталулар орнатылады, немесе басқа да құрылғылар қарастырылады.

94. Компрессорлар, тоңазытқыштар және май ылғал айырғыштар корпустары жерге қосылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет