Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Конференция материалдары арнайы жинаққа басылып шығарылады. Конференцияға қатысу үшін



жүктеу 32.23 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі32.23 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз.» - деп атап өткеніндей, 2015 жылдың 21 наурызында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Бұқар жырау даланың данагөйі, бірліктің батагөйі» студенттер мен магистранттарға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференция материалдары арнайы жинаққа басылып шығарылады.

Конференцияға қатысу үшін тапсырыстарды, тезистің мәтінін наурыз айының 10-на дейін мына мекенжайға тапсыруларыңызға болады: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, №1 ғимарат, 329 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (7212) 56-59-32 (1123 ішкі байланыс) 87017532218

(Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы) немесе электронды пошта: (ktmk.karmtu@gmail.com).

Конференцияға қатысу мен жинаққа басылуды ұйымдастыру жарнасы – 1800 теңге. Жарна «ЦентрКредитБанк» АҚ Қарағанды филиалындағы ҚарМТУ-дың ИИК KZ638560000000147366, БИК KCJBKZКX, РНН 301700030344, БИН 000240004524 есеп шотына жіберіледі.

Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға тезистерді таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Мәтін редакциялауға жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Жинаққа тезистер көшірме әдіспен теру арқылы алынады, сондықтан материалдарыңызды толық рәсімдеп, жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтауды ұсынамыз.

Талаптар сақталмай жазылған немесе белгіленген мерзімнен кеш келген тезистер қабылданбайды және кері қайтарылмайды.

Ескерту: Құрметті конференцияға қатысушылар! Конференцияның өткізілетін күні мен уақыты өзгерілуі мүмкін. Тезисті көрсетілген мерзімге дейін жіберулеріңіз керек. Жинақ мерзімінде шығарылады.

«Бұқар жырау даланың данагөйі, бірліктің батагөйі» республикалық студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми-практикалық конференциясына қатысушының өтініш беру формасы:

1. Тегі, аты-жөні

2. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)

3. Мемлекет, қала

4. Лауазымы (қызметі)

5. Ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы

6. Мекенжайы (үй, пошта индексі)

6. Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен)

7. Электронды пошта e-mail.ru

8. Тезис тақырыбы (қазақ, орыс тілдерінде)

9. Қатысу формасы

10. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ).


Қолы мерзімі
Тезистің безендірілуіне қойылатын талаптар:

Тезистің көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Формат – А4. Шрифт: Microsoft WORD, Times New Roman (Times New Roman KZ), өлшемі – 14, жол аралығы – 1 интервал. Беттің төрт жағынан бөлінісі – 2,5 см, абзац аралығы – 1. Қолданылған әдебиеттер сілтемесі тік жақшада [1, б.24] беріледі, сілтемелер нөмірленуі керек. Толық әдебиеттер тізімі мәтін соңында бір интервалдан кейін қойылады.

Алдымен тезистің оң жағында ӘОЖ, сол жақ шетіне автордың аты-жөні, мекеме атауы, оқу орны, қаласы көрсетіледі. Тезис тақырыбы беттің ортасына бас әріптермен жазылады. 2 интервалдан кейін мақала мәтіні жазылады.

Тезис бір данасы жақсы сапада А4 форматта (беттер нөмірленбейді) және электронды нұсқада немесе электрондық пошта арқылы, жеке файлда, алғашқы авторының тегі, қысқартылған оқу орнының атауы және түбіртектің көшірмесі тапсырылады. Мысалы: Ахметов ҚарМТУ өтініш, Ахметов ҚарМТУ тезис, Ахметов ҚарМТУ төлемақы.

Авторлардың саны үш кісіден артық болмауы қажет.
Тезисті безендірудің үлгісі
ӘОЖ ххх.хх.ххх Ахметов А.Ш. (Қарағанды, ҚарМТУ)

Ғыл. жетекші: Ержанова Р.С. (Қарағанды, ҚарМТУ)


БҰҚАР ЖЫРАУ - ЕЛДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, БІРЛІКТІҢ ТІРЕГІ
Мәтін

...............................................................................................................................................



Қолданылған әдебиеттер тізімі


Ұйымдастырушы комитет

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет