Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім



жүктеу 131.4 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі131.4 Kb.
түріКонкурс

Тасқала ауданы әкімінің аппараты, 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 203-бөлме, анықтама телефоны: 8 (71139) 21-4-39, эл.мекенжай: personal_taskala@mail.ru, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.
1. Аудан әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімінің жетекші маманы, Е-5 санаты, лауазым индексі №01-13, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69124 теңгеден 93276 теңгеге дейiн

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Функционалдық мiндеттерi: Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарының орындалуын бақылайды; Ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылайды; Персоналды басқарған кезде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды; "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі АҚ-сының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Іс жүргізу номенклатурасын қалыптастырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есебін жүргізеді.

2.Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалыста болуына байланысты), Е-R-4 санаты, лауазым индексі №02-02.2, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73289 теңгеден 99106 теңгеге дейiн

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласы: соның ішінде экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша

Функционалдық мiндеттерi: Бухгалтерлік есептегі барлық өтіп жатқан финанстық операцияларды уақытында, дұрыс, дәл көрсетіп, дайындау; Мақсаттағы бағыттағы және ашылған лимиттерге бөлінген қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын қадағалау; Шығындар сметасын орындау, есептер жүргізу, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есепті жасау және беру, жалақыны уақытында түсіру және төлеу, инвентаризация қорытындысын уақытында және дұрыс анықтап, есепте көрсету; Мемлекеттік сатып алу, қаржы игеру жұмыстарын жүргізу.

3.Тасқала ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалыста болуына байланысты), Е-R-4 санаты, лауазым индексі №02-08.1, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73289 теңгеден 99106 теңгеге дейiн

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласы: соның ішінде экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша

Функционалдық мiндеттерi: Ауданда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік және аумақтық бағдарламалар бағытында аудандық бағдарламаларды жасақтау және орындауын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелер бойынша қаржы және банк құрылымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстану. Бөлімде өткізілетін комиссия отырыстарын, кеңестерін және басқа да іс-шараларды өткізу және қажетті материалдарды дайындау. Бухгалтерлік есептегі барлық өтіп жатқан қаржылық операцияларды уақытында даярлау. Мақсатты бағыттағы және ашылған лимиттерге бөлінген қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын қадағалау. Шығындар сметасын орындау, есептер жүргізу, бухгалтерлік есепті жасау және инвентаризация жұмыстарын жүргізу. Жұмысты болжау, талдау және жоспарлау. Бөлімнің есептік, ақпараттық-талдау материалдарын және құжаттарды уақытында дайындауын ұйымдастыру және орындау.

4.Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалыста болуына байланысты), Е-R-4 санаты, лауазым индексі №02-11.2, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73289 теңгеден 99106 теңгеге дейiн

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласы: соның ішінде экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша

Функционалдық мiндеттерi: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының есептерін жасақтау, мониторингін жүргізу; Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму талдауы мен мониторингі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарын әзірлеу; Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды дайындау.

5.Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3 санаты, лауазым индексі №03-03.3, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейiн.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласы: соның ішінде экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлемдік экономика, статистика бойынша; жаратылыстану саласы: соның ішінде информатика, математика, экология; ауылшаруашылық ғылымдары

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; Жылдық бюджет жобасын аудандық қаржы бөліміне ұсыну; Бөлінген қаржыны мақсатына сәйкес дұрыс және тиімді жұмсау және бақылау; Бухгалтерлік есептіліктің дұрыс және белгіленген уақытында тапсыру; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу; Мүлікті дұрыс және уақытылы түгендеу /инвентаризация/ бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу; Қаржы игеру жұмыстарын жүргізу; Қызметкерлерге жалақы мен басқа да төлемдерді белгіленген мерзімінде дұрыс есептеу және төлеу; Қызметтік автокөліктің жол-сапар қағазының толтыруын қамтамасыз ету, тіркеу және қадағалау.

6.Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалыста болуына байланысты), Е-G-3 санаты, лауазым индексі №03-05.2, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейiн.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратында іс жүргізуді, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу; Кадр және мемлекеттік наградалар мәселесі бойынша жұмыс жүргізу; Құқықтық актілер жобасын рәсімдеу, соның ішінде НҚА мемлекеттік тіркеуге ұсыны, ресми жариялау, тізілімге енгізу; Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша жұмысты жүргізу; Әлеуметтік, білім, медицина, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты жұмыстарды жүргізу.

7.Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4 санаты, лауазым индексі №03-09.4, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 61161 теңгеден 84114 теңгеге дейiн.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу; Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша жұмысты жүргізу; Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу; Сайлаушылар есебін жүргізу; Халық және мал санағын жүргізу.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Е-5, Е-R-4, Е-G-3, Е-G-4 санаттары үшін:

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Е-5, Е-R-4, Е-G-3 санаттары үшін:

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны қосымша тіркелді);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (конкурсқа қатысу үшін қызметтік тізімнің нысаны қосымша тіркелді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралықстипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы олданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Тасқала ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы


Нысан

 

______________­­­­­­________________________



______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

(мемлекеттiк орган)
Өтініш
Мен ___________________________________________________________

__________________________________________________________________


__________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________                   ____________________________________
(қолы)                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__ ж.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

3-қосымшасы


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО


(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР


ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
_____________________________

тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/


фамилия, имя, отчество (при наличии)
(лауазымы/должность, санаты/ категория

болған жағдайда/ при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения




Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками






Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания (при наличии)






Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)







ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/

должность, место работы, местонахождение организации



қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения



































































________________ ______________

Кандидаттың қолы күні/дата



Подпись кандидата


Орындаушы: Т.Д. Бегалиева; Айы-күні: 06.02.2018 ж.; Құжат «Е-қызмет» жүйесінде дайындалған


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет