Кез келген мұрынға арналған тамшылардың нұсқаулығында дәріні 5-7 күннен артық қолдануға болмайтыны көрсетіледі. Ал созылмалы тұмаумен ауыратын адамдар мұрын тамшыларын айлап, жылдап қолданады. Лор хирург Константин Добрецов мұрын тамшыларына тәуелділіктің соңы неге әкеліп соғатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: healthnews.com

Барлық мұрынға арналған тамшылар ағзаның адренергиялық рецепторларын ынталандырып, гормондарды өндіру процесіне қатысады. Нәтижесінде мұрын қуысының тамырлары тарылып, тыныс алуға жауап беретін кеуілжірлер (носовая раковина) кішірейеді. Сөйтіп мұрынмен тыныс алу жеңілдейді. Дегенмен мұрынға арналған тамшыларды шектен тыс қолданудың зиян екенін ескеру керек.

“Тамшылардың шамадан тыс пайдаланғанда кезде мұрын қуысындағы ғана емес, бүкіл ағзадағы тамырлар өзгеріске ұшырайды. Бір жасқа дейінгі балаға мұрынға арналған тамшыларды тамызғанда белгіленген мөлшерден асып кетсе оның соңы жүрек ырғағының бұзылуына (брадикардия — баяу жүрек соғысы), ал жасөспірімдерде — тахикардияға (жылдам жүрек соғысы) әкелуі мүмкін. Денедегі қан тамырларының тарылуы қан қысымының жоғарылауына әкеліп соғады”, – дейді дәрігер.

  • Невропатолог чипс пен газдалған сусынның миға зиян тұсын айтты
  • Дәрігер не себепті ұйқыға жатар алдында айран ішуге болмайтынын айтты

Сонымен қатар, мұрынға арналған тамшыларды шамадан тыс қолдану бүйрек функциясының бұзылуын тудырады. Балаларға (әсіресе бір жасқа дейінгі нәрестелер) өз мөлшерімен және тек жасына сай препараттарды пайдалану керек. Маман ересектерге арналған тамшыларды балаларға қолдануға қатаң тыйым салынатынын ескертті.

“Мұрынға арналған тамшыларды 7 күннен артық қолдану тәуелділікке әкеліп соғады. Тамшыларды ұзақ әрі тұрақты түрде пайдаланған жағдайда ол мұрынның шырышты қабығын зақымдап қана қоймай, ми мен жүрек тамырларына кері әсер етеді”, – дейді Константин Добрецов.

Бұған дейін кивидің көңіл күйге жақсы әсер ететінін жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.