Америкалық TikToker Марселла Хилл өзінің туысына тұрмысқа шыққанын кездейсоқ білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LadBible басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Марселла Хилл Instagram парақшасынан 

Хилл күйеуімен туыстық қатынасы туралы 12 жылдық некеден кейін ғана білді. Жүкті кезінде ол құрсақтағы баласына ата-бабаларының бірінен есім алу үшін өзінің ата тегін зерттеуге шешім қабылдайды. Әйел күйеуіне атасы мен әжесінің аты кім екенін айтқан кезде, ол күтпеген жерден: ""Қызық. Біздің ата-әжелеріміздің есімдері бірдей",- деп таңқалған.

Мәселеге үңіле келе, Хиллдың атасы әжесінің немере ағасы екенін түсінген. 

"Содан кейін күйеуім әжесіне қоңырау шалды, мен атама қоңырау шалдым, біз олардан бір-бірін тани ма деп сұрадық. Олардың бірін-бірі танитыны белгілі болды. Олар тіпті балалық шағында бірге өмір сүрген", — дейді ол.  

Десе де ерлі-зайыптылар өздерінің алыс туыс екенін білген. Хилл мен оның күйеуі бір-біріне төртінші ұрпақтағы немере ағасы мен қарындасы болып келетіні анықталды. Олар бұл жаңалықты дұрыс қабылдап, тіпті жақсы жақтары барын айтып әзілдерін жеткізді. Ерлі-зайыпты енді туыстарының отырыстарына екеуі де туысқан ретінде бірге бара алатындарын жеткізді. Олардың қызы дүниеге келгенде, оған үлкен әжесі Мэри Джейн Доллар есімі берілді.
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.