Конкурс жариялайды Тапсырыс беруші «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.57 Mb.
түріКонкурс
  1   2   3




№ исх: 21-02-7/64 от: 17.01.2017

2017 жылғы 13 қаңтар, Астана
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды беруге екінші конкурс жариялайды

1.Тапсырыс беруші
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Оператор).

2. Конкурс туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Оператор, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар береді.

Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған ҮЕҰ-ды қоспағанда, ол туралы деректер ҮЕҰ туралы мәліметтер базасында сақталынған, грант беруге өтініш беруші ҮЕҰ қатыса алады.

ҮЕҰ мен бейіндік мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген 2017 жылға арналған ҮЕҰ-ға гранттар беру жоспары (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 19 бұйрығы мен бұйрыған қосымшада «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2017 жылға арналған гранттар беру жоспары», төменде көрсетілген) аясында төмендегідей тақырыптар көзделген.

Жобаларды жүзеге асыру келесідей тәртіпте белгіленген:

Соммасы 10 000 000 теңге және одан аз соммадағы жобаларды жүзеге асыруға 7 ай беріледі, 2017 жылғы 1 сәуірінен бастап 31 қазан аралығы.

Соммасы 10 000 000 теңгеден жоғары жобаларды жүзеге асыруға 8 ай беріледі, 2017 жылғы 1 сәуірінен бастап 30 қараша аралығы.



Қазақстан Республикасы

Дін істері және азаматтық қоғам министрінің міндетін атқарушының

2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 19 бұйрығына қосымша



ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР БЕРУ ЖОСПАРЫ




Жоба атауы

Қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі бағыттары)

Гранттық қаржыландыру

шеңберінде бөлінген қаржы, мың теңге

1.

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу




1.

1.

Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар

Білім беру саласында қоғамға ақпараттың ашықтығы мен

қолжетімділігінің мониторингі



Білім беру саласындағы ұйымдарда қоғамға ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігінің мониторингі

Білім беру бағдарламаларын жаңартуға, қосымша білім беру ұйымдарының қызметін дамытуды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіруге ұсыныстар дайындау.

Педагогикалық және ата-аналық қоғамды шоғырландыру бойынша жобаны жүзеге асыру.

Өмірде қиын жағдайларда жүрген балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім беруге тарту жұмысын жандандыру.



10 000

ЖИЫНЫ



10 000

2.

Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау




2.

1.

Бала және денсаулық

Кешенді зерттеу жүргізу



Кешенді зерттеу жүргізу:

  • мектеп жасындағы балалар арасында психикалық денсаулықтың проблемалық мәселелерін шешу, өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау профилактикасы бойынша;

  • нәпсіқұмарлық және репродуктивті денсаулықты сақтау, қаламаған жүктілік және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру мәселелері бойынша. Ұсыныстар әзірлеу. Аналитикалық баяндама дайындау

10 000

3.

2.

Мүмкіндігі шектеулі балалар

Әлсіз санаттағы балалардың құқықтарын сақтай отырып жағдайды, кедергісіз ортаны зерттеу және мониторингтеу.



Әлсіз санаттағы балалардың құқықтарын сақтай отырып жағдайды, кедергісіз ортаны зерттеу және мониторингтеу. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мәдениет, спорт және білім беру объектілерінің қолжетімділігі саласында стандарттарды әзірлеу. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек беру үшін әлеуметтік көмек беру қызметтерін құру.

Әлеуметтік жұмысшыларды оқытуға бағытталған әдістемелік материалдарды инклюзивті білім беруді енгізу бойынша стандарттарды әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

Ресурстық орталықтар ашу.


10 000

ЖИЫНЫ



20 000

3.

Қоршаған ортаны қорғау

4.

1.

Балалар және қоршаған ортаның жағдайы

Балалардың аурушаңдығына

байланысты қоршаған ортаның жайкүйін бағалау

ҚР елді мекендері бойынша балалардың, соның ішінде туа біткен аурушаңдығына байланысты қоршаған ортаның жай-күйін бағалау.

Эко-білім беру және экологиялық қабылдау бойынша іс-шаралар өткізу: білім беру және ақпараттық тұрғыда.



10 000

ЖИЫНЫ



10 000

4.

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

5.

1.

Ауылды жерлерде жастарға арналған әлеуметтік қызметтер ұйымдастыру

Ауыл жастарының қажеттіліктерін бағалау

Әртүрлі санаттағы жастармен жұмыс жасау бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру



10 000

6.

2.

Бала көзқарасын құрметтеу

Консультативтік және білім беру орталықтарын құру

Мектеп-интернат оқушыларының ата-аналарына және жалпы білім беретін мектептердегі ата-аналар комитетінің өкілдеріне тренигтер ретін өткізетін консультативтік және білім беру орталықтарын құру: «Барлық балаларды жақсы көреміз», «Мықты және тату отбасы – баланың сәтті дамуының кепілі».

Білім беру орталығының аясында жасөспірімдерге (мектеп және колледж оқушыларына) арналған «Құқықтанушы мектебін» ұйымдастыру



10 000

7.

3.

Балалар және кәсіпкерлік



Бала еңбегі, бала еңбегімен байланысты істі дамыту және оның жай-күйі жағдайы саласында зерттеу жүргізу.

10 000







Бала еңбегі, бала еңбегімен байланысты істі дамыту және оның жай-күйі жағдайы саласында зерттеу жүргізу

Балалар мен жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша семинарлар, дәрістер, тренингтер, тақырыптық курстарды өткізу және ұйымдастыру.

Балаларға арналған өнімдерді мониторингтеу. Балаларға арналған өнім шығаратын ұйымдарды қолдау үшін ұсыныстар мен ұсынымдар, стандарттау механизмін әзірлеу.






8.

4.

Балалар мен жастарға патриоттық тәрбие беру және мәдениетін қалыптастыру

Балалардың ең маңызды деген мәселелерін анықтау үшін зерттеу жүргізу

Балалардың ең маңызды деген мәселелерін анықтау үшін зерттеу жүргізу және ұлттық және жергілікті деңгейде шешімдерді қабылдауға әсер ететін арналарды анықтау.

Балаларды толғандырып жүрген сұрақтары бойынша қоғамдық консультацияларды ұйымдастыру және өткізу.

Балалар мен жастардың мәдениетін қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде әлеуметтік, көркемделген, тоқсан сайын шығып тұратын журнал басып шығару.


10 000

ЖИЫНЫ



40 000

5.

Гендерлік мәселелерді шешу

9.

1.

Әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша қызметтердің жұмысын

ұйымдастыру

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселені және оның профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар жайында консультация беру

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша әлеуметтік роликтер түсіру арқылы алдын алу ақпараттық қызметті ұйымдастыру



2 000

10.

2.

Қазақстанда гендерлік бюджеттеуді енгізу мәселесі бойынша зерттеу жүргізу және соңынан нақты

ұсыныстар әзірлеп талдау жүргізу

Барлық салалар және ерлер мен әйелдердің әртүрлі тобына көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша мемлекеттік бюджеттеудің қолданыстағы жүйесінің әсерін бағалау.

Мемлекеттік қызметтер саласында мүмкіндіктер теңдігіне қол жеткізуге бағытталған гендерлік-бағдарлық қаржы бөлуді талдау.



8 000

ЖИЫНЫ



10 000

6.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету

11.

1.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған әлеуметтік қызметтердің жұмыстарын

жандандыру

Халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелері бойынша заңнамаға талдау жасау және жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына, сонымен қатар ауылдарда психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және құжаттауды қоса алғанда әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру.



12 000

12.

2.

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың қазіргі жай-күйін

талдауы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ заңнамалық және халықаралық тәжірибе бойынша кешенді зерттеуді ұйымдастыру.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.



7 000

ЖИЫНЫ



19 000

7.

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасы балаларына көмек. Балалар құқығын қорғау.

13.

1.

Бала және отбасы

Қорғау қызметтерін дамыту және өмірде қиын жағдайда жүрген

отбасыларына көмек көрсету

«Отбасы және бала орталығы» пилоттық моделін құру

Қазақстанда жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға арналған Тәлімгерлік және қонақжай отбасы институтын дамыту

Психологиялық қызметтер көрсету арқылы қолайсыз отбасыларға (балаларға қатыгездік таныту және әлеуметтік жетімдік тәуекелімен) алдын ала профилактика жқмыстарын жүргізу. Жетім балаларды отбасылық тәрбиелеуде балалар үйіне баламалы нысандарды кеңінен насихаттау.

Дағдарыстан болған психологиялық салдардың профилактикасы. Отбасылық құндылықтарды, отбасылық қарым-қатынас мәдениетін, жауапкершілігі мол ана мен бала жағдайын насихаттау.

Балалар үйлерін Отбасы мен балаларға қолдау орталығына айналдыру бойынша жобаларға қолдау көрсету.

Асырап алатын ата-аналарды, баламалы отбасыларды дайындаудың ұлттық стандарттарын дайындау.



10 000

14.

2.

Бала және оның құқығы:

дискриминация емес

Балаларға арналған бейімдеу және әлеуметтендіру орталықтарын құру

ҚР барлық аумақтарында оның ішінде Заңмен қайшылық жағдайда жүрген және халықтың осал топтарынан шыққан балаларға арналған бейімдеу әлеуметтендіру орталықтарын құру. Өмірде қиын жағдайда жүрген балалар мен отбасыларға аудандық қолдау көрсету қызметінің біріктірілген моделін жүргізу. Жетім балалармен жұмыс істеу, мүгедек балалармен жұмыс істеу. АИТВ-мен өмір сүріп жатқан балаларға қатысты қоғамда толеранттылықты және стигмамен кемсітушілікті қалыптастыру. Тьюторлар мектебін құру (жалпы білім беру процесінде ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды алып жүретін тұлғалар ретінде жүрген мамандарды оқыту)

10 000

15.

3.

Балалар және зорлық-зомбылықпен

күрес

Дағдарыс жағдайларымен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметті құру

Балалар мен ата-аналар арасында дағдарыс жағдайларымен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметті құру

Қиын отбасылармен жұмыс жасау және оларға практикалық көмек көрсету

Толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету


10 000

16.

4.

Бала және заң

Қазақстан Республикасында баланың құқығы мен мүдделерін қорғау

саласында кешенді зерттеу жүргізу



Қазақстан Республикасында баланың құқығы мен мүдделерін қорғауға қатысты кешенді зерттеу дайындау және жүргізу

Заңмен қайшы жағдайда жүрген кәмілеттік жасқа толмаған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын жасау

Заңмен қайшы жағдайда жүрген кәмілеттік жасқа толмаған, балалар құқығын қорғау бойынша халықаралық және ұлттық нормаларды есепке ала отырып, жасөспірімдер үшін баламалы бағдарламалар.


10 000

17.

5.

Балалар құқығын қорғау саласында жағдайды тәуелсіз мониторингтеу және талдау

Қазақстан Республикасында балалар құқығын қорғауға және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты барлық үлгідегі ұйымдар мен мекемелерде ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін мониторингтеу және талдау.

Ағымдағы кезең бойынша Қазақстанда балалар құқығын қорғау саласында баламалы баяндама дайындау.



20 000

18.

6.

Бала және сот төрелігі

Ювеналды әділеттілік саласындағы жағдайды бағалау

Ювеналды әділет саласындағы жағдайды бағалау.

Соттарға, азаматтық қоғам өкілдеріне, сарапшыларға және барлық мүдделі тараптарға арналған тақырыптық семинарлар өткізу. Зерттеулер нәтижелері негізінде осы сала бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастыру.



10 000

19.

7.

Балалар құқығы саласында мониторинг, талдау және зерттеулер жүргізу



ҚР баланың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты ҚР құқық қолданушылық практика және қолданыстағы заңнама саласындағы талдау және мониторинг, зерттеу. Балалар құқығы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысы үшін өлшемшарттар жасау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

Балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

ҚР балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бағыттары бойынша жағдайды мониторингтеуді, талдауды жүргізу, қорытынды шығару және ұсыныстар жасау.


20 000

20.

8.

Қазақстан балаларына арналған «111 сенім телефоны» ақпараттық

қызметінің жұмысын ұйымдастыру



Ақпараттық қызметтің жұмысын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында балалар құқығы бойынша ұлттық байланыс-орталығын ақпараттық және аналитикалық сүйемелдеу. Мектептерде, балалар үйлерінде және басқа да балалар мекемелерінде ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру. БАҚ, әлеуметтік желілерде ақпараттық компанияларды ұйымдастыру. Балалармен жұмыс жасайтын республикалық және жергілікті деңгейдегі Мемлекеттік орғандарға, мемлекеттік емес ұйымдарға аналитикалық ақпараттар мен мақсаттық ұсыныстарды, ұсынымдарды дайындау.



20 000

ЖИЫНЫ



110 000

8.

Азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

21.

1.

Жұмыспен қамту қызметінің жұмысын ұйымдастыру

Ауыл тұрғындары арасында оқытуды ұйымдастыру.

Бастапқы кезеңде қатысушыларды қажетті ресурстармен (тігін ательесіне қажетті материалдар, аяқ киім шеберханалары және ауыл тұрғындарына қажетті өзге мамандықтар) қамтамасыз ету.

Жұмыспен қамтудың алғашқы кезеңдерінде қолдау – практикалық көмек көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет