Конкурс жариялайды



жүктеу 43.55 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі43.55 Kb.
түріКонкурс

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшысы бос лауазымына (бұдан әрі- Конкурс) орналасуға конкурс жариялайды:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры. Семей қаласы

Мекеменің негізгі қызметі: мына мамандықтар бойынша мамандар даярлау: «Метрология, стандарттау, және сертификаттау», «Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу», «Дизайн», «Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары», «Тері және жүнді химиялық өңдеу», «Аң терісі мен қой терісі бұйымдарын өндіру технологиялары», «Сәнді-қолданбалы және халықтық өнеркәсіпшілік», «Бейнелеу өнері және сызу», «Техникалық есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлеуметтік жұмыс», «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану».

2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық аулы шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры. ШҚО, Ұлан ауданы, Саратовка к.

Мекеменің негізгі қызметі: мына мамандықтар бойынша мамандар даярлау: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Агрономия», «Ветеринария», «Есеп және аудит (сала бойынша)», «Фермер шаруашылығы (бейіндері бойынша)», «Ара шаруашылығы және жібек шаруашылығы», «Зоотехния».

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

жоғары білім, білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымының кәсібіне сәйкес келетін ұйымдарда басшы қызметінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.



Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, заманауи педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, басқарудың инновациялық әдістерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелерін, құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс техникаларын.

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңнамасына және білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызмет жарғыларына сәйкес басшылық етеді. Жұмыс оқу жоспарын және бағдарламаларды, оқу үдерісінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Басқару құрылымын, штаттық кестені, білім беру ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Оқушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет және олардың жұмысына бақылау жасауды ұйымдастыру жұмыстары үшін қажетті шарттармен қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді. Иеленген мүліктерге және құралдарға билік жасайды, есептілікті, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаның қайта жабдықталуын және құрылуын ұйымдастырады. Педагогикалық кеңес жұмысына басшылық жасайды. Білім беру ұйымдарының білім беру қызмет аясын қолдау және кеңейту мақсатында инновациялық технологияларды енгізу және тартумен қамтамасыз етеді. Кадрлар таңдау және орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие үдерісіне қажетті деңгейді қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. Үздіксіз кәсіби білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша ортақ басшылықты жүзеге асырады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған органдарда, қоғамдық және басқа ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін қорғайды. Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшы) оқу, ғылыми және қаржылық қызметтер нәтижесі туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы туралы заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және еңбекке қауіпсіздік жағдайларын жасайды.

Лауазымдық ақы 66381,44-79424,13 теңге көлемінде.

Конкурс Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысы негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (тіркелген жері, тұратын нақты орны, байланыс телефоны көрсетілген);

2)мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама;     

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      8) соттылығының болмауы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттар нотариалды түрде немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

      Конкурсқа қатысушы кандидат Комиссияның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзіндік педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, мадақтаулар туралы құжаттамамен расталған кез-келген ақпараттарды ұсынады.



Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған тұлғалар;

2) бұдан бұрын сыбайластыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген тәртеппен аяқталмаған немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсты өткізу орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

Құжаттар конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 070004 Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, 700 кабинет, байланыс телефоны: (7232) 702-361, 702-364, электрондық мекенжай: A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kz.



Аталған құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтару үшін негіз болып табылады.
Каталог: assets -> images -> document
images -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы
images -> Б. И. Эллис; режиссер, сценарист М. Хэррон; сценарист Б. И. Эллис; композиторы: Д. Кейл, Т. Бэнкс, Д. Боуи; в ролях К. Бэйл [и др.]; Lion Gate Films. Электрон дан. Спб. Маркон, 006. эл опт диск
images -> Элективті пәндер каталогы студенттің өздігінен оқу траекториясын анықтауға таңдау компонентіне кіретін пәндер тізімін құрайды
images -> Кафедра: «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту»
images -> Южно-казахстанский педагогический
document -> Выделение красным цветом – ниш у-ка


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет