Белгілі тележурналист Дина Төлепберген 13 жыл бойы жүргізген “Астарлы ақиқат” бағдарламасынан кетіп, қандай салада бақ сынайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Бағдарлама тізгінін ұстаған экс-жүргізуші орнына кім келетінін де көпшілікке көрсеткен еді. 

“Астарлы ақиқаттан кеткенімді көбісі түсінбей, түрлі ойға балап жатыр.
Шынында да, ендігі көңілімді киноиндустрияға бөлгенімді жөн көрдім.
Оның Отаны – Болливуд! Қалың орман, әсем табиғат! Нағыз кино өмірдің көрінісін көресіз. Үңіліп қарайтын үнді сериалының тұсауы 130 жыл бұрын осы бір Болливудтың төрінде кесілген. Өзімді құдды бір киножұлдыз сезініп, өзінше эйфорияға, эмоцияға бөленіп қайттым! Ал достар, менен қандай кино, қандай рөлдер көріп тұрсыздар? Үнді сериалының ең үздігі қайсы сіз үшін?”, – деп жазды экс-жүргізуші. 

  • "Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған": Әнші ДНҚ тапсыруға бетін бүркеп, түрін тұмшалап келді

  • "27 қабатты үйде бір ғана отбасы тұрады": Нұрболхан Шарапов үнді актеры Шахрук Ханның үйіне барды

Оқырман қауым сүйікті тележурналисінің қандай образда көргісі келетінін жарыса жазып жатыр. 

“Тек асханада жүретін әйелдің образы келеді”, “Сізден жақсы актриса шығады”, “Үндінің ұлттық киімі де жарасып тұр”, “Анандидің әжесіне ұқсап қалдыңыз”, – деп әзіл-шыны аралас жазып жатыр. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.