Конкурс (осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері және жергілікті атқарушы органдары арасында) туралы хабарландыру



жүктеу 73.24 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі73.24 Kb.
түріКонкурс



Келісілді:

__________________ А. Сматлаев

«___» __________________ 20__ ж.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс (осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері және жергілікті атқарушы органдары арасында) туралы хабарландыру



Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ, 070019,

Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17-үй, 208-каб,

анықтама телефоны/факс: 8 (7232) 26-90-79, электрондық пошта мекен-жайы nu.umarova@akimvko.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды:
1. E-R-1 санаты – «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ бөлімінің басшысы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 142419 теңгеден 192381 теңгеге дейін - 1 бірлік

Жұмысының функционалдық бағыттары: Қала қаржысын басқару саласында Бюджет кодексіне сәйкес бірыңғай мемлекеттік қаржылық саясатты жүргізу. Өскемен қаласының экономикалық бағдарламаларын әлеуметтік-экономикалық дамыту және бос қаржылық бюджеттің стратегиялық және индикативтік жоспарларын әзірлеуге қатысады, қалалық бюджеттің жобасын құруға қатысады. Бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды орындауды ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру дефицитін (бюджет профициті) іске асыру. Қалалық бюджеттің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету, мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жергілікті бюджет қаражаттарын орындауға талдау жүргізуге басшылық жасау. Өскемен қаласында мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастыру. Қала әкімінің резервіндегі қаражаттарды пайдалануға бақылау жасау. Қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, шешімдері мен өкімдерін, қалалық әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылайды. "Айқын" электрондық бағдарламасымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» тоқсан сайынғы 1-ОЛ есебін сапалы ұсыну. Бөлімінің ұйымдастырушылық дамуы бойынша бағалау тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар қабылдау және мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары келесі бөлімдер мамандықтары бойынша «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика, менеджмент, мемлекеттік аудит), немесе «Құқық» (заңтану).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.


Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

     2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны ШҚО «Өскемен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі 17 үй № 102 кабинет, Анықтама үшін телефон: 8(7232)26-90-79, электрондық пошта мекенжайы – nu.umarova@akimvko.gov.kz. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
__________________________

(мемлекеттік орган)



Өтініш
      Мені ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                ______________________________


  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)


«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет